Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы


Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің емі



бет147/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің емі
Адекватты емдеу әдістерін дұрыс таңдау үшін СБЖ жіктелуін ескеру өте маңызды:
1. Консервативті саты шумақшалық фильтрацияның 40-15 мл/мин дейін төмендеумен және консервативті емнің үлкен мүмкіндіктері.
2. Терминалды саты шумақшалық фильтрация шамамен 15 мл/мин,бұл кезде бүйректен тыс тазарту (гемодиализ, перитонеалды диализ) немесе бүйректі ауыстыру туралы сүрақ шешілуі қажет.
žСозылмалы бүйрек жетіспеушілігінің консервативті сатысындағы емі:
1. Уремияға әкелген негізгі ауруды емдеу.
2. Тәртіп.
3. Емдік тамақтану.
4. Сұйықтықты адекватты қолдану (су балансының бұзылуын коррекциялау ).
5. Электролитті алмасу бұзылуларын коррекциялау.
6. Белок алмасуының соңғы өнімдерінің жиналуын азайту (азотемиямен күрес).
7. Ацидоздыкоррекциялау.
8. Артериалды гипертензияны емдеу.
9. Анемияны емдеу.
10. Уремиялықостеодистрофияны емдеу.
11. Инфекциялық асқынуларды емдеу.
žНегізгі ауруды емдеу 
Консервативті сатысында СБЖ ға әкелген негізгі ауруды емдеу оң әсер етуі мүмкін,тіпті СБЖ айқындылығын азайтуы мүмкін.Бұл әсіресе СБЖ бастапқы немесе айқын емес көріністермен болатын созылмалы пиелонефритке қатысты..
Бүйректегі қабыну үрдістерін басу бүйрек жетіспеушілігінің көріністердің айқындылығын азайтады.
Тәртіп
Науқасқа суық тиюден,көп физикалық және эмоционалды күш түсулерден сақтанғаны жөн. Науқасқа жұмыс және түрмыстағы оптималды жағдайлар қажет. Науқасқа күтім және көңіл аудару қажет, оған жұмыс уақытында қосымша демалыс мүмкіндігін туғызу, сонымен қатар ақылы демалу уақытын ұзартқан жөн.
Белок алмасуының соңғы өнімдерінің жиналуын азайту (азотемиямен күрес).
Диета: СБЖ де аз мөлшерлі ақуызды емдәм қолданылады.
Сорбенттер: Емдәммен бірге қолданылатын сорбенттер аммиак және басқа ішектегі басқа токсикалық заттарды өзіне абсорбциялайды.Сорбент ретінде жиі энтеродез немесе карболен 5 г 100 мл суға күніне 3 рет тамақтан екі сағат кейін.Энтеродез – төмен молекулалы поливинилпиролидон препараты,дезинтоксикациялық қасиеті бар, асқорыту жолдарына түскен немесе ағзада түзілген токсиндерді байланыстырып, және оларды ішек арқылы шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет