Жоспар Кіріспе Желінсау туралы жалпы мәлімет Фибринозды желінсау 2 Ауру белгілері 3 Ауруды бақылау және өтуі 4 Ауруды емдеу және экономикалық шығын Емдеу схемасы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе



Дата22.10.2019
өлшемі314.5 Kb.
#447258
Желінсау-1



Жоспар

1. Кіріспе

2. Желінсау туралы жалпы мәлімет

3. Фибринозды желінсау

3.2 Ауру белгілері

3.3 Ауруды бақылау және өтуі

3.4 Ауруды емдеу және экономикалық шығын

4. Емдеу схемасы

5. Қорытынды

6. Пайдаланылған әдебиеттер



Кіріспе

Ауыл шаруашылық саласы – ел экономикасының негізгі буыны, ежелден келе жатқан бар байлығымыздың бастауы. Мал басының тиімді өсуі ветеринарлық саулыққа тәуелді. Қазіргі техникалық прогресс дамыған заманда мал шаруашылығының тиімділігін арттырудың бір басты көзі – сүт не болмаса ет өндірудегі өндірістік прогрестердің жекелеген кезеңдерін түбегейлі маманданған дербес шаруашылықтарда атқару болып табылады. Ауыл шаруашылық жалпы өнімі алдыңғы жылмен салыстырғанда бінеше есе көп. Қазіргі кезде жануарларға асылдандыру жүргізілуде, ауырған болса емдеу, алдын алу шаралары жақсы дамыған.

Сүт фермаларында жүргізілетін сақтандыру шаралары.


  • Белгілі бір уақытта малға азық беру кезінде күнделікті клиникалық тексеру жүргізу.

  • Малды егу оларды өлшеу кезеңімен сәйкес болуы шарт.

  • Мал қораларын тазалау, залалсыздандыру оларды бір қорадан екінші қораға ауыстыру мезгілдерімен дәл келуі керек.

  • Қорадағы микроклимат үнемі тексеріліп отыру шарт.

  • Азықтардың құрамын оның сапалылығына және тазалығына тексеріп отыру шарт.

Ең бастысы осы айтылған шараларды орындайтын мамандардың болуы. Мал дәрігерлері мен әр саладағы шаруашылық қызметкерлерінің алдында тұрған негізгі мақсат – малдың денсаулығы мен өнімділігіне жағымсыз әсер ететін факторларды дер кезінде жоюға әрекет жасап, олардың өнімділік мүмкіндігін толық пайдалану.

Желінсау - сүт безінің қабынуы, әр түрлі механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, ішкі және сыртқы факторлардың, организмнің қорғаныш қасиетінің төмендеу салдарынан пайда болады.

Сүт безінде әр түрлі қабыну процесстері жүреді, олар организмнің жауап беру қабілетіне байланысты өтеді.

Малға рацион дұрыс құрмау, азықтың жеткіліксіздігінен малдың иммунитеті төмендеп әр түрлі аурулардың пайда болуына, соның ішінде желінсаудың пайда болуына әкеп соғады.

Желінсау сүт өндіру автоматтандырылған және механикаландырылған өндірістері бар аймақтарда кездеседі. В.Г.Васильевтің мәліметтері бойынша – сиырды машинамен сауғанда түсетін жарақаттардың көбі сүттің ағуы тоқтап, біткенде сауу машинасының бос соруынан пайда болады. Үрпі мен желіннің аурулары пайда болуының себебінің көбі сиырларды машинамен сауу ережесін бұзғандықтан пайда болады. Бұл шаруашылыққа үлкен шығын келтіреді. Сондықтан желін мен үрпі ауруларына машинамен сауғанда аса көп көңіл бөлу керек.

Д. Д. Мартюгиннің зерттеулері бойынша екі тактылы жұмыс істейтін сауу аппараттары сауу кезінде желіннің аздап қан айналымын бұзып, қысу тактысында желін терісін жарақаттауы жиі кездеседі.

Желін мен үрпінің жарақаттары сиыр аяғымен үрпіні еденге қысып алғанда жиі пайда болады. Бұған сонымен қоса малдың астына сабанды салмау, тұяғының тым ұзын болып өсіп кетуі және малды тар жерде ұстау, бұнда жатқан малдың желінін басқа малдардың таптауы кездеседі. Сонымен бірге сымдарға ілініп тілінгенде, малдың қоршаулардан секіріп өтпек болғандағы жарақаттар және тағы да басқа жағдайлар.

Бұл жағдайларда малдың желінін тексергенде ісіну, ауырсыну, терісінің жарақаттануы, қансырау болады. Бұндай жарақаттарда үрпі ұшының ісінуі бірге жүреді. Бұндай сиырларды сауғанда сүт әрең шығады, ал ісіну одан да үлкен болса сүт мүлдем шықпайды.

Желінсаудың пайда болуының негізгі себебі организациялық-экономикалық, технологиялық, селекция-генетикалық және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың дұрыс жүргізілмеуінен болады.



Желінсаудың жіктелуі (А. П. Студенцов):

1. Серозды

2. Катаральды

3. Фибринозды

4. Іріңді

5. Геморрагиялық

6. Спецификалық

Желінсаудың жіктелуі клиникалық белгілерге, ұлпалардың өзгеруіне, жануардың жалпы организмінің жауап беруіне, сүттің көлемінің және сапасының өзгеруіне байланысты жүргізіледі. Жіктелуі малдың желінсауының қай түрі екенін анықтап, дұрыс нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді.Соның ішінде фибртнозды желінсауға тоқтайтын болсам.



Фибринозды желінсау (Mastitis fibrinosa)–деп желіннің қабынуын, оның ұлпа аралық альвеолаларында және сүт жолдарында фибрин шөгуін айтады.

Фибринозды желінсау көбінесе топырақтан пайда болатын серозды, катаральды немесе іріңді –катаральды желінсау, сондай-ақ асқынған жарақатты ретикулды-перитонитте, жіті туудан кейінгі эндометритте, некрозды метритте және басқа да жалпы улану белгілерімен байқалатын ауруларда өтеді. Желінсауды туғызатын стафилококтар, стрептококтар, ішек таяқшалары және жиі микробтың басқа да түрлері.

Маститтің бұл формасының ерекшке сипаты-кілегейлі қабықтың бетіне фибриннің жабысуы немесе оның қалың ұлпаға шөгуі. Сиырларда көбінесе желіннің іріңді-фибринозды қабынуы байқалады.

Фибрин сүт пакеттерінде жиналуы мүмкін, бірақ әдетте бездің ұлпаларын сіңіріп, зақымдалған аймақта қан айналым бұзылып және паренхиманың некрозды және іріңді ұлпаның болбырауы байқалады. Патолдогиялық процесс әр түрлі микробтардың әсерінен жүреді: Bact. coli, Bact. pyogenes, Bact. pyocyaneus, Staphylococcus et Streptococcus pyogenes және т.б.

Қабыну фибринозды желінсауда желіннің төрттен бірінде немесе жартысында және жиі барлық желінде өтеді. Желінсау- тамыр қабырғасынан өтіп, фибриноген және жасуша элементтеріне бай жиналған экссудатпен байқалады. Фибриноген экссудаты ферменттердің әсерінен бүлінген жасушада фибринге айналады. Қалдықтар ұлпа аралық қуыстарда, кеңістіктерде қою фибринозды қабық немесе көптеген фибринозды сұйық шөгеді. Фибрин сондай-ақ альвеоланың кілегейлі қабығының бет жағында шөгіп, жолақтарын толтырады. Фибринге толған альвеола өз құрылымын бұзады. Альвеолдың безді эпителиі бөлшектеніп немесе толығымен бүлінеді. Альвеолдарда шөккен фибриндерден басқа көптеген қабынған жасуша инфильтраттары және бүлінген эпители жасуша бөліктері байқалады.

Фибринозды шөгінді және қабынған инфильтрат желін ұлпасын қатты тығыздайды. Қан тамырларында және лимфа тамырларында қысым пайда болады да, қабынған ұлпа ошағында қан айналымы және зат алмасу процессі бұзылады. Әсіресе, жекелеген ұсақ қан тамырларында тромбоз және облитерация болады. Желіннің қабынған ұлпа ошақтарында қан айналымы тоқтайды. Бұндай қабынған ұлпа ошағында қан айналымы ұзақ уақыт қалыпқа келмесе некрозды және іріңді еруге ұшырайды.



3.2. Аурудың белгілері.

Фибринозды желінсауда келесі клиникалық белгілер көрінеді: дене қызуының жоғарлауы (40-41* С дейін), қажу, ақсау, тәбеттің азаюы немесе тоқтауы және күйіс қайырудың бұзылуы. Сонымен қатар алдыңғы қарынның атониясы, мес қарынның керілуі және басқада ас қорыту ағзаларының қызметінің бұзылуы байқалады. Ірі қараның сүт беру көрсеткіші жылдам төмендейді немесе мүлдем тоқталады. Бас кезінде сүтте өзгеріс аз байқалу мүмкін, бірақ 2-3-ші күндері желінді тартқанда сүттің құрамында сарғыш-сұр немесе іріңді-фибринозды фибрин жіпшелері аралас сұйықтық шығады.

Зақымданған желін аймағының көлемі үлкейіп, тығыздалады, ауырсынады және қызуы жоғарлайды. Желіннің зақымданған аймағын нұқыған кезде сықырлау сезіліп, фибрин шөгіндісі бұзылысына әкеледі. Желіннің жоғарғы лимфа түйіндері үлкейеді. Емшектің төрт зақымданған аймағын сауғанда аз мөлшерде лайланған сарғыш түсті немесе шафран түсті, қоқым және фибрин қабыршағы аралас сұйық бөлінеді, казеиннен сарғыш түсімен және беріктігімен ерекшеленеді.

3.3. Ауруды бақылау және өтуі.

Фибринозды желінсау көбінесе жіті және іріңді –фибринозды түрде өтеді. Ол көлемді паренхиманың бүлінуімен, байланыстырушы ұлпалардың бұзылуымен, сондай –ақ жеке немесе барлық желіндердің сүт жолдарында өсінділер өседі. Сондықтан ірі қараның сүт беру көрсеткіші жазылғаннан кейінде толығымен қалыпына келмейді. Кейде фибринозды желінсау ішкі ағзаларда желін гангренасын, сондай-ақ іріңді метастаз тудыруы мүмкін.



3.4. Ауруды емдеу және экономикалық шығын.

Жазғы жайылым кезінде өрістен қайтқан сиырлар желіні ісіп немесе жарақаттанып келіп жататыны аз кездеспейді. Бұл жағдайларға көп көңіл бөлмейді, алайда бұндай аурулар шаруа қожалықтарды біршама экономикалық шығындарға ұшыратады. Экономикалық шығын сүт өнімділігінің төмендеуінен, сүт алу көрсеткішінің төмендеуінен, жарақатқа микрофлора еніп асқынып қабынған жағдайда малдың қонымдылығы төмендеп, жүдеуінен, сиырлардың бракка жіберілуінен, асқынған ауруды емдеуге ветеринариялық маманның көмегіне жүгінгенге, дәрі-дәрмекке кететін шығындардың себебінен болады.

Шаруа қожалықтарында бұндай шығындарды болдырмас үшін сауын сиырларда желінсау пайда болған жағдайда бірден емдік жұмыстарды жүргізу керек.

Жануарға тыныштық жағдайын жасайды. Рационнан ылғалды азықтар алынады және концентрленген азық нормасын азайтып, жақсы пішенмен ауыстырылады.

Сүт пакеттерінде және емшекке жиналғанда көлемді мөлшердегі экссудатты ақырындап әр 4-8 сағат сайын сауады. Желіннің сүт беру рефлексін қоздыру үшін сауар алдында және сауу уақытында ақырындап малдың ауырсынуын сезімдерін тудырмай уқалайды.

Желінді уқалауды әсіресе аурудың алғашқы қабыну сатысында жүргізбеу керек. Уқалауды жүргізу, көбінесе қабынудың сау ұлпаларға таралуына әкеледі.

А.Г.Миляновтың айтуынша кейінгі кезде емдеп алдын алу шаралары үшін дезинфекциялық және антисептикалық құралдарды пайдаланып санитарлық-гигиеналық шаралардың маңызы зор. Бұндай заттарға мысалы: биоцидті сүртпе майлар, желінді жууға арналған антимикробты заттар жатады.

Антибиотик және новокаин блокадасы қолданылады. Бүлінген желіннің төрт бөліміне 3-5 %-ды ихтиол немесе йод мазьдарын жағады. Сүт пакеттерінің ішіне этакридин лактаты 1:1000, стрептоцид 1:100, ихтиол 2-5 %-ды, поливалентті сарысу, аутогемотерапия, серо- және лактотерапия қолданады.

Желінсаудың алғашқы сатысында капилляр қан тамырлардың өткізгіштігін төмендету үшін тамыр ішіне 100-150 мл 10 %-ды кальций глюконат немесе кальций хлорид. Осы мақсатта 0,5 %-ды прогестерон ертіндісі-5-6 мл тері астына жіберіледі.

Фибринозды желінсауда бүлінген емшектің төрт бөліміне, сүт пакеттерінің ішіне мастисан, мастикур, мастицид, сондай-ақ пенициллин ертіндісі, неомицин немесе басқа антибиотиктер енгізеді. Таңдаулы антибиотик 100-300 мың ӘБ, 50-100 мл 0,5 %-ды новокаин ертіндісі немесе натрий хлоридтің изотоникалық ертіндісін күніне 2 рет желіннің төрт бүлінген аймағына сауудан кейін енгізеді және сүт пакеттерінің ішіне басқада антимикробтық ертінділер қолданылады. Өте қатты желін ұлпалардың тығыздалуына байланысты, сүт пакетіне антимикробтық дәрілерді сүт жолы арқылы жібереміз, оның әсері төмендейді.Сондықтан, фибринозды желінсауда сүт пакеттеріне антимикробтық дәрілердің әсерін жақсарту үшін, бұлшық етке антибиотиктер қоса жіберіледі.

Желінсауды емдеуде ескерілетін жағдай антибиотиктерді сүт пакеттеріне және вена ішіне 10 %-ды норсульфазол натрий ертіндісі дозасы 100-150 мл, күніне 1 рет. Сонымен қатар вена ішіне 10 %-ды этазол ертіндісі осы дозада қолданылады.

Желінсауды емдеуде артерия ішіне және аорта ішіне пенициллин және стрептомицин 800 мың ӘБ, 2-3 тәулік сайын тәулігіне 4 рет, 80-100 мл 0,5 %-ды новокаин ертіндісі (И. П. Липовцев), 1 %-ды новокаин ертіндісі дозасы 100 мл (Д. Д. Логвинов), 200-300 мың ӘБ, пенициллин 50-100 мл натрий хлоридтің изотоникалық ертіндісі, ішке ерімейтін стрептоцид күніне 3 рет; бірінші күні-15 г, екінші күні-12 г, үшінші күні-9 г, 10 %-ды норсульфазол натрий ертіндісі дозасы 150-200 мл, 150-200 мл 40%-ды глюкоза ерітіндісі қолданылады. Бүлінген төрт бөлімін қайталап сауғаннан кейін, желін үрпісі жолы арқылы 100-150 мл фурацилин 1:5000 немесе риванол 1:2000-3000; ақ стрептоцид 2-3 %-ды ерітіндісі-150 мл; пенициллин немесе стрептомицин 50 000 ӘБ 150 мл 0,5 %-ды новокаин ертіндісінде; мастисан А, В, Е; мастикур, мастаэрозоль, ногкайод. Жалпы терапияда антимикробтық дәрілерден басқа, аурудың ауыр кезінде жануарға вена ішіне глюкоза, кофеин және басқада симптоматикалық терапияның дәрілерін қолданады. Экссудат және инфильтраттардың сорылуы мақсатында жылулықпен емдеу тағайындалады (парафинотерапия, озокеритотерапия М. А. Кирилов), ал тұрып қалған инфильтраттарға ионтофорез қолданады.

Ионтофорезді күніне 1 рет немесе күн ара 30-60 мин қабылдау жүргізеді. Дәрі ретінде 3 %-ды калий йод ертіндісі, 1-2%-ды новокаин ертіндісі, сондай-ақ пенициллин және стрептомицин ертінділері, дайындалған натрий хлордың изотоникалық ертіндісі (200-300 мың ӘБ, 25-50 мл натрий хлордың изотоникалық ертіндісі) қолданылады. Калий йод және пенициллин ертіндісін теріс полюске, стрептомицин және новокаинді оң полюске жібереді.



Дәрі аты

Енгізу

Жолы

Мөлшері

Енгізу күні

1

2

3

4

5

6

7

1.

Новокаин ертіндісі

Құрсақ қуысына медиальды және латеральды

8-10 см (Д.Д. Логвинов)



0,5 %

150-200 мл



+

-

+

-

-

-

-

2.

Бицилин-3

Бұлшық етке

150-200 мл

+

-

+

-

+

-

+

3.

Мастисан-А

Емшек ішіне

10-20 мл

+

+

+

+

+

-

-

4.

40% глюкоза мен 10% кальций хлорид

Күре тамырға

100-150 мл

+

-

+

-

+

-

-

Емдеу схемасы.

Курстық жұмысымның тапсырмасында берілген дәрілік препараттарды және әр түрлі емдік мақсатта қосымша дәрілерді пайдалана отырып, 7 күнге емдеу кестесін даярладым.



1. Новокаин ертіндісі- жергілікті ауырсындырмауды тудыру мақсатында.

2. Бицилин-3-бактерицидтік әсері етеді, грам оң бактерияларға.

3. Мастисан-А-антибактериялық әсер етеді: стрептокок, стафилококтардың және басқада патогенді микроорганизмдің өсуін тоқтатады.

4. Глюкоза-осмостық қан қысымы жоғарлайды, бауырдың антитоксикалық қызметі және жүрек жұмысы жақсарады, қан тамырлары кеңейеді. Сондай-ақ мал организмінде гормондар мен ферменттердің түзілуі жылдамдатады, организмнің жалпы қорғаныш қасиетін жоғарлату мақсатында қолдандым.

5. Кальций хлорид-лейкоциттердің фагоцитарлық қызметін белсендіреді, адреналиннің бөлінуін жоғарлатады, көптеген ферменттердің түзілуін жылдамдатады. Қабынуға қарсы және қан ағуын бәсеңдету мақсатында қолдандым.

Майлы суспензия “Мастилекс”



5. Қорытынды.

“Желін қабыну аурулары” тақырыбына арналған курстық жұмысымды қортындылайтын болсам.

Фибринозды желінсау көбінесе топырақтан пайда болатын серозды, катаральды немесе іріңді –катаральды желінсау, сондай-ақ асқынған жарақатты ретикулды-перитонитте, жіті туудан кейінгі эндометритте, некрозды метритте және басқа да жалпы улану белгілерімен байқалатын ауруларда өтеді.

Басқа желінсау ауруларына қарағанда фибринозды желінсауда келесі клиникалық белгілер көрінеді: дене қызуының жоғарлауы (40-41* С дейін), қажу, ақсау, тәбеттің азаюы немесе тоқтауы және күйіс қайырудың бұзылуы. Сонымен қатар алдыңғы қарынның атониясы, мес қарынның керілуі және басқада ас қорыту ағзаларының қызметінің бұзылуы байқалады. Ірі қараның сүт беру көрсеткіші жылдам төмендейді немесе мүлдем тоқталады.

Желінді тартқанда сүттің құрамында сарғыш-сұр немесе іріңді-фибринозды фибрин жіпшелері аралас сұйықтық шығады. Зақымданған желін аймағының көлемі үлкейіп, тығыздалады, ауырсынады және қызуы жоғарлайды.

Сиыр желінінің және үрпінің аурулары мен механикалық жарақаттанулары шаруашылықтарда көптеген себептерге байланысты көптеп кездеседі. Сауын сиырларда желін мен үрпінің жарақаттануы кемінде 30% құрайды.

Мал қораларының антисанитарлық жағдайында желін ауруының пайда болуы, аурудың асқынуы болуы мүмкін. Ал желіннің жарақаттары болған жағдайда сиырдың желіні бірден ауруға шалдығады, себебі патогенді микрофлораның енуі жеңілденеді, желін қабынып желінсауға ұшырайды.

Курстық жұмыс тапсырмасындағы дәрілерді пайдалана отырып, әр түрлі емдік мақсатта 7 күнге емдеу кестесін даярладым. Жануардың жалпы жағдайы жақсарды: азыққа тәбеті жақсарып, дене қызуы төмендеді, сүт беруі қалыпты жағдайда, емшектің ауырсыну сезімі толығымен жойылды, қабыну белгісі жоқ.

Ауру малды емдегеннен, аурудың алдын алған жөн. Жарақаттың себебінен қабыну процесі басталмас бұрын дұрыс әрі нәтижелі ем көрсеткен жөн.

Көптеген аурулардың алғашқы сатысында жеңіл әрі жылдам емдеп жазуға болады. Асқынып ауыр формаға ауысқан ауруды емдеу үшін көптеген шығын, күш және ұзақ уақыт қажет.




6.пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. А.П. Студенцов, В.С. Шипилов, Л.Г. Субботина, О.Н. Преображенский “Ветеринарное акушерство и гинекология” Москва. Агропромиздат, с-351. 1986 г.

  2. В.А. Акатов, Г.А. Кононов, А.И. Поспелов, И.В. Смирнов “ Ветеринарное акушерство и гинекология ” Ленинград. “Колос” с-459. 1977 г.

  3. В.П. Гончаров, Д.А. Черепахин “Акушерство гинекология и биотехника размножения животных” Москва. “КолосС” с-159. 2004 г.

  4. Л.П. Маланин, А.П. Морозов, А.С. Селиванова, “Ветеринарные препараты” Москва. Агропромиздат. 1988 г.

  5. Карташова В.М., ИвашураА.И. «Маститы коров» Москва. Агропромиздат, 1988 г.

  6. Кемпишова А.Р. «Ірі қара шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттыру негіздері» Жаршы, 1.2007ж. 34 б.

  7. Слободяник В.И., Нежданов А.Г., Зинькевич В.Г. “Мастит и акушерская патология у коров” с-36. 9.1999 г.

8. Климов Н.Т., Париков В.А., Слободяник В.И., Шевелева Е.Е., Зимников В.И., Модин А.Н., Чурсин А.В., Понеткин Д.М. «Роль микробного фактора в возникновении и развитии мастита у коров» Ветеринария, 2008 г.

9. «Орысша-қазақша мал дәрігерлік сөздігі». Алматы. Қайнар 1993ж.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет