Дәрістер жиынтығы пәннің\модульдің атауы



бет216/239
Дата27.09.2024
өлшемі1.92 Mb.
#504078
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   239
дәріс жиынтығы ішкі аурулар 3курс

Базистік дәрмектер. Базистік дәрмектер ревматоидтық артриттің өрістеуін бөгейді. Базистік дәрмектердің қатарына жататындар:

  1. алтын дәрмектері.

  2. цитостатиктер.

  3. Д-пеницилламин.

  4. аминохинолин туындылары.

  5. сульфаниламидтер.

  6. циклоспорин және тенидап, цитокиндерге және лимфоциттік антигендерге моноклондық антиденелер.

  7. метациклин.

Базистік дәрмектер әсерінің жалпы ерекшеліктері:

  • баяу, 2-4 айдан кейін емдік әсер етуі.

  • кеселдің иммундық, лабораториялық, клиникалық көріністерін едәуір қайтаруы.

  • буынның деструкциясын баяулатуы.

  • организмде қордалануынан, емді тоқтатқаннан кейін де, әсері бірнеше ай сақталуы.

Базистік дәрмектердің емдік қуаты шамамен теңдес, бірақ кесел өрістей келе олардың әсері біртіндеп төмендейді.
Базистік дәрмектер, активті ревматоидтық артрит нақты анықталысымен, уақыт оздырмастан қолданылуы тиіс. Емнің базистік дәрінің организмде жиналып, емдік әсері әбден білінгенше оны СҚҚД–мен немесе глюкокортикоидпен қосып қолданады. Дәрмектің әсер етуі не етпеуі тек 3-4 айдан кейін білінеді. Базистік ем стационарда басталып, одан әрі емханада жалғастырылады. Дәрмек әсер етпесе немесе жақпаса оны басқасына ауыстырады. Базистік дәрмектерден болатын ремиссияның уақытшалығынан, оларды тұрақты қабылдау қажет.
Иммундық жүйені реттейтін дәрмектер мен ем шаралары.
Бұларды шартты түрде екі топқа бөледі:
А. Иммундыдепрессиялық әсері басым дәрмектер мен шаралар:

  1. Антилимфоциттік глобулин.

  2. Кеуделік лимфа түтігінің дренажы.

  3. Лимфоцитоферез.

  4. Лимфа тінін сәулелеу.

Б. Иммундымодуляциялық әсері басым дәрмектер мен шаралар:

  1. Гемосорбция.

  2. Плазмаферез.

  3. Каскадты плазмафильтрация.

  4. Криоферез.

  5. Иммундық стимуляторлар.

  6. Қанды тамыр ішінен лазер сәулесімен сәулелеу.

  7. Гипербариялық оксигенация.

Бұл ем әдістерін базистік ем әсер етпегенде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   239




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет