Жедел миокардиттің аз симптомды формасы арнайы емді қажет етпейді. Бұл кезде физикалық жүктемені азайту, дезинтоксикациялық терапия қажет. Қажет болса антигистаминды дәрілік заттар қолданылады.
Жедел миокардиттың ауыр түрінің емінде, кардиомегалия, тоқыраулы жүрек жеткіліксіздігі, айқын аутоиммунды бұзылыстар кезінде үлкен қиындық туады. Бұл кезде ем гемодинамикалық бұзылыстардың алдын алуға, басты ауруды емдеуге, иммунды статусты қалпына келтіруге бағытталады. Жүрек жеткіліксіздігінің емі кезінде физикалық жүктемені азайту, ауыр жағдайда төсектік режим, тұзды тағамдарды 2-3 г тәулігіне дейін, суды 1-1,2 л дейін тәулігіне шектеу, калий-магнилық диета тағайындалады. Терапия құрамына диуретик, АПФ ингибиторы, жүрек гликозидтері кіреді. Өкпелік тоқырау болса, перифериялық вазодилататорлар қолданылады, оған изосорбид-динитрат немесе изосорбид-5-мононитрат қолданылады. Жедел сол қарыншалық жеткіліксіздіктің алдын алу үшін натрий нитропруссид, нитроглицерин немесе изокет тағайындалады. Бұдан басқа, қабынуға қарсы, десенсибилизирлеуші қасиетке ие дәрілік заттар қолданылады. Олар тамыр қабырғасының өткізгіштігін азайтады, лизосомальды мембрана стабилизациясына, кардиальды антиденелердің титрының төмендеуіне, аллергиялық реакцияның азаюына әкеледі. Жиі аминохинолинды қатарлы препараттар (делагил, резохин, хлорохин) қолданылады. Оларды тәуліктік дозада 0,25-0,5 г тағайындайды. Плаквинил (0,4 г тәулігіне) қолданылады. Бұл дәрілік заттар миокардиттың емінде 6-9 ай бойы қолданылады, ал рецидив кезінде - 1 жылға дейін. Ацетилсалицил қышқылын 3 г тәулігіне дейін, 4-5 апта бойы қолданылады. Индометацин тәулігіне 75-100 мг дозада 4-6 апта бойы, кейде хинолин туындыларымен бірге қолданылады. Антибактериалды терапия бактериальды инфекция тараған кезде қолданылады, вирусты миокардит кезінде вирусқа қарсы дәрілік заттар қолдану әлі де зерттелуде. Глюкокортикоидтар ақырғы 10-15 жыл ішінде кең қолданылуда, ол созылмалы және рецедивті миокардит формасында, ауру генезінде аутоиммунды механизм болса қолданылады. Бұл жағдайларда преднизолон тәулігіне 0,4-0,75 мг/кг дене салмағына қабылданады. Қабылдау ұзақтығы 1,5-2 ай.
Гепаринды миокардиттың ауыр түрлерінде тағайындайды. Бұл кезде гепарин тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алады, лизосомалды фермент белсендігін төмендетеді, тамыр өткізгіштігін азайтады, иммунитетты жақсартады. Гепаринды 5000-10 000 ЕД күніне 4 рет тері астына 7 күн бойы тағайындайды. Кейіннен тікелей емес антикоагулянт немесе антиагрегант тағайындалады.
Метаболикалық препараттардан тамыр ішілік глюкозо-инсулинды-калий қоспасын қабылдайды. Кейіннен триметазидин (предуктал) қолданылады.
Жедел миокардиттың ауыр жағдайларында жүрек трансплантациясы қолданылады.
Созылмалы миокардиттың емі: Емдеу жоспарына этиотропты (антибиотиктер және вирусқа қарсы препараттар), қабынуға қарсы, антигистаминды, антиаритмиялық, метаболикалық заттар, антикоагулянттар, (b-адреноблокатор, АПФ ингибиторы, диуретик) қолданылады.
Бірінші емдеу сатысында этиотропты, антикоагулянтты және метаболикалық терапияға мән беріледі. Метаболикалық терапия антибактериалды және вирусқа қарсы терапияның алдында жүргізілуі қажет.
Этиотропты емнен соң, қабынуға қарсы, антиоксидантты терапия және вакцинопрофилактика жүргізіледі. Курсты емнен басқа, науқас үнемі пайдаланылатын препараттар тағайындалады, оларға АПФ ингибиторы, b-адреноблокатор, альдостерон антагонисты жатады. Қатаң көрсеткіш бойынша аритмияға қарсы заттар, диуретик және стероидты қабынуға қарсы препараттар қолданылады (преднизолон тобы). 5-6 айдан соң емнің қорытындысын бағалау қажет, ол үшін динамикада кардиоселективты фермент концентрациясын, биохимиялық қабыну маркерын, кардиальды антиген, миокардқа антиденелер, жүрек камераларының өлшемін анықтау қажет.
Болжам:Көп жағдайларда миокардит симптомсыз өтіп толық жазылумен аяқталады. Егер клиникалық көрінісі болса болжам қолайсыз: жазылу барлық жағдайларда емес, қалғандарында ДКМП дамиды.Жүректің ырғақ бұзылыстары кенеттен өлімге соқтыруы мүмкін.Миокардиттің рефрактерлі жүрек жетіспеушілігінің жедел үдеуімен жүретін аса ауыр ағымы танымал және ол өліммен аяқталуы мүмкін. Абрамов – Фидлер типті алып клеткалы миокардит болжамы қолайсыз.
Миокардиттің алып клеткалы және лимфоцитарлы формалары жүрек транплантациясын қажет етеді. Онсыз алып клеткалы миокардиті бар 11 % науқастар 4 жылдан артық өмір сүре алады.
Достарыңызбен бөлісу: |