Моноклонды антиденелер. Гибридомды технология. Моноклонды антиденелерді иммунологияда негізгі қолдану аймағы



бет1/4
Дата13.10.2022
өлшемі4.69 Mb.
#462572
  1   2   3   4
иммунология бож 1

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Орындаған: Камчибек А
  • Тобы: ЖМ-003
  • Тексерген: Азимова Ф
  • Түркістан 2022

ЖОСПАР

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • 2.1.Гибридомды технология,этаптары.
  • 2.2.Қолданылатын құрал-жабдықтар.
  • 2.3.МКАД қолданылуы.
  • 2.4.Гибридома.Гибридома неге шексіз пролиферацияланады?
  • Қорытынды.
  • Қолданылған әдебиеттер.
  • Антигендерді ағзаға енгізу,олардың детерминанттарға қарсы антиденелердің қалыптасуына ықпал етеді.1975 жылы Г.Келлер және К.Мильштейн моноклонды антиденелерді гибридомды технология көмегімен алды.Бұл уақытқа дейін 10-12 жыл бойы тек қана ісік жасушаларын клондау жүзеге асқан.
  • Моноклонды антиденелер-бір жасуша клонынан синтезделетін иммуноглобулиндер.
  • МКАД-антиген молекуласындағы бір ғана антигендік детерминанттармен байланысады.
  • Гибридомды технология-тоқтаусыз пролиферацияға қабілетті,алдын ала миеломдық антигендермен иммунизацияланған организм көкбауыры лимфоциттерінің полиэтиленгликоль көмегімен байланысуы.

Гибридомды жасушалар мен МКАД-і алу.

  • Жануарды (көбінесе тышқанды) қажетті антигендік материалдармен иммунизациялайды.Антиденелердің продукциясы басталғаннан соң,көкбауырды жеке алып,одан антиденелерді өндіруші В-лимфоциттерді бөліп алады да,барлық жасушаларды В-миеломды жасуша культурасымен араластырады.Бұл культураға жасушаның сыртқы қабықшасының еруіне әсер етіп,оларды біріктіретін зат қосады.(полиэтиленгликоль,лизомцитин,Сендай вирусы)
  • Нәтижесінде,әртүрлі гибридті жасушалар алынады да,ал тағы бір бөлігі гибридтелмеген күйде қалады.Енді тек қана гибридті жасушаларды бөліп алу үшін арнайы ГАТ орталарына себеді.ГАТ ортасының құрамында гипоксантин,аминоптерин,тимидин болады.Бұл орталарда аналық клеткалар өмір сүрмейді,тек қана гибридті жасушалар тірі қалады.
  • Бірақ,олардың қасиеттері әртүрлі болады,себебі иммунизацияланған жануар көкбауырында антидене түзуші жасушалардан басқа да әртүрлі лимфоциттер болады.Сондықтан,қажетті антиденелерді өндіруге қабілетті гибридомды клеткаларды бөліп алу қажет.Ол үшін алынған жасушаларды қоректік ортамен араластырып,арнайы планшет лункаларына орналастырады және әрбір лункаға бір-бір жасушадан түсуін қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет