57
тастайды, содан кейін кірпіштерді оның бекітіліп тұрған орнынан ұрып шығарады.
Бұл жұмыстар терезенің үстіңгі бөлігінен басталады. Терезені аша алмаған жағдайда
әйнекті сындыру керек, рамада қалған сынықтарды алып тастап ғимаратқа кіру қажет.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушыларға металдан, жұқа тақтайдан,
черепицадан, шифердан, руберойдтан жасалған
шатырды ашуға тура келеді.
Металл шатырларды сүйменнің, балтаның, араның, металдан
жасалған тістеуікпен
және қол араның көмегімен ашады. Черепицалы және шиферлі шатырлар торға
арамен кесіп саңылау жасап черепицаларды және шиферлерді ашу жолымен
жүргізіледі; руберойдты шатырға саңылау (ойық) балтамен, сүйменмен, арамен,
электр ажарлайтын машинамен жасалады. Жұқа тақтайлы шатыр төбені ашып және
сүйменнің, балтаның, көмегімен тақтайларды жұлып алады. Оған ойық 2-3 тақтайды
алып тастағаннан кейін арамен жасалады. Сабан
және қамыс төбелерді төбені
жабатын
материалдарды
багроммен
және
вилламен
алып
тастайды.
Құтқарушылар ғимараттың ішіне кіргеннен кейін олар
зардап шеккендерді
іздеуге кіріседі. Бұл жұмысқа бір уақытта бірнеше адам қатысуы керек, оның үстіне
олар бір – бірімен үнемі радио, дауыс, ым, жарық дабылдар арқылы байланыста
болулары тиіс. Іздеу кезінде
барлық ғимарат қаралып шығады, дауыспен және
тарсылмен дабыл беріледі, жауап, ыңырсу, айқай белгілері болуы мүмкін.
Құтқарушылар ереже бойынша үлкен адамдар жанып жатқан үйден есікке, терезеге,
балкондарға жиналып өз беттерінше
шығуға тырысатынын білу керек; балалар
бұрышқа, төсектің, үстелдің астына, шкафтардың артына немесе шкафтардың ішіне
тығылады, қоймаларға, дәретхана және ванна бөлмелеріне жасырынады. Шақырған
дауыстарға олар мүлде жауап бермейді десе де болады.
Іздеу тек бар-
Достарыңызбен бөлісу: