Дәрістер конспектісі пән туралы ақпарат



бет8/19
Дата23.05.2022
өлшемі131.8 Kb.
#458534
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Д рістер конспектісі п н туралы а парат

Ұлы Карл
Қортық Пипин франктер мемлекетіндегі жаңа әулеттің негізін қалады. Бірақ ол Пипиннің емес, оның әкесі Карл Мартелдің атымен Каролингтер (Карлдың латынша аты Каролус болатын) әулеті деп аталды. Ол әулеттің ең атақты королі Ұлы Карл болды. Ол 768-814 жылдары билік кұрды. Карл ұзын бойлы, алып денелі, батыл адам болған. Оның ерліктері мен тапқырлығы жөнінде көп аңыздар мен өлеңдер жазылды. Тіпті «король» деген сөздің өзі соның атынан шыққан.
Ұлы Карлдың билік кұрған жылдарының бәрі соғыспен өтті. 53 әскери жорықтың 27-сін Карлдың өзі басқарды. Оның жорықтары Испанияға, герман тайпаларына және Италияға бағытталды. Франктер Рим папасына көмектесу үшін Италияға екі рет жорық жасап, лангобардтарды талқандады, Италияның көпшілік бөлігін өз иелігіне қосып алды.
778 жылы Карлдың Испанияға жасаған жорығы сәтсіздікке ұшырады. Тек 801 жылы арабтарға қарсы соғыста жеңіске жетіп, Испанияның шағын аймағын жаулап алды. 772-804 жылдары Карл сакстарға қарсы сегіз рет қанды жорық жасап, әрең дегенде олардың аксүйектерін өз дегеніне көндірді. Саксония бірнеше графтықтарға бөлінді.Графтықтар басшылығына король ақсүйек франктер мен сакстарды тағайындады. Сакстар Карлдың күштеуімен христиан дінін қабылдады. 788-803 жылдары франктерславян тайпаларымен одақтаса отырып, VI ғасырда қалыптасқан аварлар қағанатын Паннонияда (қазіргі Венгрия аумағы) талқандады.
Ұлы Карл билігінің соңына қарай Франк королдығы өзінің жер көлемі жағынан бұрынғы Батыс Рим империясына жақындады. Карл империясының астанасы Аахен қаласы болды. Қиын кезде өзіне көрсеткен көмегіне алғыс ретінде папа 800 жылы Римде Карлға тәж кигізіп, император деп жариялады. Сөйтіп Батыста жаңа империя өмірге келді.
Қарудың күшімен және Ұлы Карлың беделімен ғана құрылған Франк империясы ұзақ өмір сүре алмады. Ұлы карл 814 жылы 72 жасында дүниеден өтеді. Ахен қаласы маңына жерленді. Ұлы карл өлгеннен кейін-ақ оның империясы ыдырай бастады.
843 жылы Карлдың немерелері Лотарь, Людовиг Немецкий және Карл Лысый Верден қаласында империяны бөлісу жөнінде келісім жасады. Немерелерінің үлкені Лотарь Италияны (Шығыс Византияға қарады) алды, ортаншысы Людовиг Немецкий империяның шығыс бөлігі Шығыс Франкті алды, кейін ол жерлер Немецкий деп аталды. Нмерелерінің кішісі Карл Лысыйға империяның батысы Батыс Франк королдығының жері, болашақтағы Франция территориясы тиді.
Сөйтіп Ұлы Карлдың империясы үшке бөлініп, үш корольдік пайда болды. Кейіннен олардың орнында Франция, Германия және Италия мемлекеттері дүниеге келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет