КІРІСПЕ
Биотехнология дегеніміз өте бағалы өнімдерді ендіру үшін барлық тірі организмдер мен биологиялық процестерді пайдалану тәсілдерінің ғылыми негізделген жүйесі. Оның нәтижесі адамзат баласын толғандырып отырған өзекті проблемаларға бағытталған. Мысалы, азық-түлік, әсіресе белокты заттар өндіру, табиғаттағы энергетикалық тепе-теңдікті сақтау, экологиялық проблемаларды табиғатқа зиян тигізбей шешу. Биотехнология ғылымның барлық саласымен одақтаса дамитын ғылым.
Осы заманғы ғылыми-техникалық прогрестің дамуын биотехнологиясыз көз алдыңа елестетудің өзі өте қиын. Өйткені биотехнология адамзат прогресінің дамуына, оның үздіксіз алға жылжуына қызмет етеді. Биотехнология келешек экономиканың бағдарламасы құрамына кіреді, сондықтан оның дамуына дүние жүзінде ерекше көңіл бвлінеді. Мысалы, батыс елдерінде және басқа дамыған елдерде нағыз биотехнологиялық жедел даму жүріп жатыр. Бұл елдердің коммерциялық ұйымдары мен компаниялары биотехнология ғылымын дамыту жолына аямай қаржы жұмсауда. Олардың мақсаттары, жаңа препараттарды, гендік модификацияланған өнімдерді жасаудың озық тәсілдерін, принциптерін игеруден кешігіп қалмау. Ол үшін көптеген қаржыларды биотехнологияның ғылыми зерттеу мәселелеріне, өнеркәсіп өндірістеріне жұмсауда.
Қазіргі кезде биотехнологияның бірнеше саласы өркендеп келеді. Клеткалық биотехнология, жануарлар биотехнологиясы, өсімдіктер биотехнологиясы, молекулалық биотехнология, тағам биотехнологиясы және т.б.
Тағам биотехнологиясы микробиологиялық үдерістер негізінде дамитын ғылым саласы. Микробиологиялық синтез арқылы ферменттер, амин қышқылдар, жемдік белоктар, тағамдық қоспалар өндірілуде. Биотехнология өнімдеріне сұраныстың артуына байланысты тағам биотехнологиясының алдына қойылған міндеттері бар, олар:
1. Биологиялық активті заттар, ферменттер, витаминдер алу;
2. Ашыту өндірістерінде микроорганизмдерді практикалық бағалы өнім
алуға пайдалану;
3. Биологиялық әсері бар жаңа құнды заттар алу;
4. Тамақ өнеркәсіптерінің салаларында пайдаланылатын құнды өнімдердің
жаңа технологиясын игеру;
5. Тағам өнімдерінің кауіпсіздігін бақылау;
Тағам және жеңіл өнеркәсіпте биотехнологияның өзіндік бағыттары бар: нан пісіру, ірімшік дайындау, сыра қайнату, шараптар мен шырындар дайындау, жүн өнімдерін тазалау, тері илеу және т.б.
Тағам биотехнологиясының міндеттері мен бағыттары, микроб синтезі негізіндегі тағам биотехнологиясы, белок, витамин, фермент өндіру және ашыту үдерістері осы оқу құралында қарастырылды.
I. ТАҒАМ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |