Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


 ТАҚЫРЫП. САЯСИ ПАРТИЯЛАР



Pdf көрінісі
бет22/62
Дата28.03.2024
өлшемі0.62 Mb.
#496772
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62
Саясаттану

7 ТАҚЫРЫП. САЯСИ ПАРТИЯЛАР
7.1 Қызығушылықтар топтары: түсінігі, қызметтері, жіктелуі
7.2 Саяси партиялар жəне партиялық жүйелер
7.3 Саяси партиялардың жіктелуі
7.1 Қызығушылықтар топтары: түсінігі, қызметтері, жіктелуі
«Қызығушылықтар топтары» ұғымы саясаттану мен саяси əлеуметтануда,
ең алдымен, топтардың теориясында талданады. «Топтар теориясының» негізін
А. Бентлидің, Д. Трумэннің, В.О. Кидің жəне т.б. қызығушылық танытқан
топтар теориясы құрайды. Жекелеп қарастырсақ, олардың ішіндегі ең
маңыздысы - қысым көрсетуші топтар тұжырымдамасы.
Түрлі топтарда саяси процестердің қалыптасуының мəнін білдіретін
мазмұнды категория болып қызығушылықтар плюрализмімен байланысты
қызығушылық табылады. А. Бентли зерттеулерін билік құрылымдарына
қызығушылықтар топтарының əлеуметтік ықпалының призмасы арқылы
бастады («Басқару процесі», 1908 ж.). Ол топтық қызығушылық пен қысым
жайлы көзқарасын қалыптастырды.
«Топтық қызығушылық» ұғымы қоғамдық құрылымдардың көптүрлілігі
мен күрделілігін, олардың саяси процестегі бағытының көпжақтылығын,
олардың көрінуінің көпнұсқалылығын сипаттайды.
Қызығушылықтар топтары əр түрлі:
1) бірлестіктің қызығушылықтарына неғұрлым жауап беретін əдістермен
үкіметке ықпал етуді өздеріне мақсат етіп қоятын индивидтер ассоциациясы;
2) оны құрайтын азаматтардың қызығушылықтары мен пайдасын
көздейтін ерекше байланыспен біріккен адамдардың топтары;
3) өздерінің мемлекет жəне басқа да саяси институттарға қатысты
биліктік мəні бар қызығушылықтарын білдіру мен оған қол жеткізу мақсатында
құрылған ерікті бірлестіктер;
Қызығушылық танытып отырған топтың мүшелерінің ұжымдық
мүдделерін жүзеге асыру биліктік шешімдерді қабылдауды талап еткен
жағдайда, бұл топ қысым тобына айналады. Қысым топтары айқын ұйымдасқан
құрылымға, тұрақты қызметтер мен кадрлық аппаратқа ие. Қоғамның саяси
өміріне ықпал ету күші бойынша олар көп жағдайда саяси партиялардың
ықпалынан асып түседі.
Қысым топтарының мемлекеттік билік құрылымдарына ықпал ету
əдістері:
а) өзінің мүшелерін биліктің атқарушы жəне өкілдік органдарының
құрамына, сонымен қатар басқару аппаратының қызметкері ретінде тікелей
ұсыну;
б) топ 
мүшелерінің 
парламенттік 
комиссия 
жұмыстарына,
ведомствоаралық комитеттердегі жəне қызметтердегі жұмыстарға қатысуы;


67
в) парламент, үкімет мүшелерімен жеке байланыс пен қатынасты ұстану.
Негізгі қызметтері:
а) əлеуметтік эмоциялар мен күтулердің (қанағаттанбау немесе
ынтымақтастық сезімі) саяси талаптарға (артикуляция) айналуы;
б) жеке қызығушылықтармен келісу жəне жалпытоптық мақсаттарды
дайындау (aggregation);
в) билік құрылымдарын сол немесе басқа қоғамдық мəселелердің
жағдайлары туралы хабардар ету (қоғамдық пікірдің таратылуы);
г) саяси элиталардың, қоғамның биліктік құрылымдарының қалыптасуы.
Қазақстандағы қысым топтары. Заманауи саяси тəжірибе көрсетіп
отырғандай, бұрынғы КСРО кейбір елдерінде, оның ішінде Қазақстанда
жекелеген қызығушылық топтарының əрекеті (атқарушы билік саласында
қызмет ететін қысым топтары) басқарудың көлеңкелі түрлерінің, мемлекеттік
шенеуніктердің жемқорлығының, шешім қабылдау саласындағы қылмыстың
артуына ықпал етуде.
Ұлттық лоббизмнің ерекшеліктері, қысым топтарының əдістемесі:
1) Қазақстанда терең тамыр жайған трайбализм, жершілдік, аймаққа
бөлінушілдік, рушылдық институттарының ресми емес қызмет етуі;
2) батыстық қысым топтарынан айырмашылығы, қазақстандық топтар
негізінен, заң шығару құрылымында емес, атқару билігі саласында əрекет етеді;
3) олар өздерінің лоббистік əрекеттерінде, негізінен, біздің жағдайда
тиімді əдістерді, яғни сатып алу, пара алу, ықпалды адамдармен жеке (туыстық)
байланыстарды қолданады.
Осылайша, азаматтық қоғам, құқықтық демократиялық мемлекет
қалыптасып келе жатқан жағдайда пайда болған жəне қызмет етуші қысым
топтары басқару мен мəселені шешудің басым түрі əкімшіліктік-командалық
əдістер болған бұрынғы саяси жүйелердің ізімен келеді. Бұл жағынан
Қазақстандағы демократиялық процестердің дамуы қысым топтарының күші
мен əлсіз жағына тікелей тəуелді болады.
Қызығушылықтар топтарының жіктелуі ұйымдастыру дəрежесі мен шығу
тегі бойынша қызығушылықтар топтарын аномиялық жəне институционалдық
деп бөледі. Аномиялық топтар қандай да бір жағдайға аяқ астынан болған
реакция тəрізді ойламаған жерден болатын бірлестіктерді білдіреді.
Институционалдық қызығушылықтар топтарына ұйымдасқан құрылымға,
қызметке, мамандар аппаратына ие формальді бірлестіктер жатады.
Іс-əрекетінің əдістемесі бойынша ассоциативті жəне ассоциативті емес
топтарға бөледі. Бірінші топтар адамдардың туыстық, діни, əлеуметтік-мəдени
негізде формальді емес жəне еріксіз бірлігі ретінде пайда болады (ғылыми жəне
студенттік қоғамдар, діни секталар). Ассоциативті қызығушылық топтары
белгілі бір міндеттерді шешуді мақсат еткен жəне қызығушылықтарды
білдіруге маманданған ерікті бірлестіктер (кəсіби одақтар, кəсіпкерлік
ассоциациялары, азаматтық қозғалыстар).
Əрекет сипаты бойынша қызығушылықтарды бірмақсатты жəне
көпмақсатты топтар деп бөледі. Олар туралы аттарының өзі айтып тұр.
Қоғамды 
басқару 
саласы 
бойынша 
мəдениет 
саласындағы


68
шығармашылық одақтары, экономикалық саладағы тұтынушылар одағы жəне
т.б. сияқты қызығушылықтар топтарына бөледі. Территориялық белгілері
бойынша аймақтық, аудандық жəне т.б. деп жіктеледі.
Қызығушылықтар топтарының алуан түрлілігі түрлі əлеуметтік
қабаттардың,түрлі қажеттіліктері бар қауымдастықтардың, оларға жету
жолдары туралы қызығушылықтар мен көзқарастар бар екендігін дəлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет