Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің теориялары және технологиялары»


-дәріс. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері



бет7/14
Дата29.09.2023
өлшемі409.83 Kb.
#479158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Дәрістер ДОК

8-дәріс. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері

8.1 Зерттеу әдістері және әдістемесі туралы жалпы түсінік.


“Әдіс” грек тілінен аударғанда “методос” – таным амалы, тәсілі деген мағынаны білдіреді. Субъектінің кез келген формадағы әркетінің амалы. “Әдіс” белгілі ереже, амал, тетігі, таным және әрекет нормаларының жиынтығы. Сонда әдіс ақиқатты зерттеуді жеңілдетіп, уақытты үнемдейді, мақсатқа жетуді көздейді. Мақсат көздеген нәтиже алуға бағытталған әрекет. Сонда әдіс ақиқатты игерудің практикалық және теориялық тәсілдерінің жиынтығы, адамды мақсатқа жету жолында ұстанымдар жүйесімен, қойылатын талаптармен, ережелермен қаруландырады. Осы әдістерді зерттеумен арнайы шұғылданатын біртұтас білім аймағы - әдіснама. Әдіснаманың маңызды міндеттерінің бірі – таным әдістерінің шығуын, мәнін, тиімділігін зерттейді. Зерттелетін пәннің сипатына қарай қолданатын әдістер түрлі-түрлі болып келеді. Ғылыми танымның әдістерін ғылыми зерттеу үдерісінде қолдану аймағына байланысты: диалектикалық және метафизикалық деп бөлінеді. Соның ішінде диалектикалық әдістер эмпирикалық және теориялық деп бөлінеді. Педагогикалық зерттеу әдістері – оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын тану тәсілдері мен құралдары. Педагогикалық зерттеулердің әдістері: педагогикалық құбылыстарды тану процессі логикалық танымдық әдістерді қолдануды қажет етеді.
Педагогикалық зерттеу әдістерін үш топқа бөлуге болады:
Мазмұнды әдістер: Фактілерге, бақылау нәтижелеріне, тәжірибеге абстракция, анализ, синтез арқылы жүгіну. Бұл педагогикадағы мазмұнды әдіс. Педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің қатарында педагогикалық бақылау, педагогикалық тәжірибелік жұмыс, пікірлесу, анкета жүргізу, оқушылардың жазба жұмыстарын талдау, мектеп құжаттарын зерттеу, педагогикалық эксперимент, педагогикалық әдебиеттерге талдау жүргізіледі.
Формальді, қарапайым әдістер: құбылыстар мен процестер абстрактіленіп қолданылады. Олар мазмұнды әдістердің негізінде іске асады. Мысалы, педагогикалық құбылыстарды, процестерді сандық жағынан модельдеу, кибернетикалық жағынан моделдеу.
Теориялық талдау мен жинақтау әдісі: Зерттеу міндеттерін, пәнін, қисынын, әдістерін, нәтижелерін теориялық жағынан қарастыру.
Педагогикалық зерттеулердің әдістері: педагогикалық құбылыстарды тану процессі логикалық танымдық әдістерді қолдануды қажет етеді.
Педагогикалық зерттеу әдістерін үш топқа бөлуге болады:
Мазмұнды әдістер: Фактілерге, бақылау нәтижелеріне, тәжірибеге абстракция, анализ, синтез арқылы жүгіну. Бұл педагогикадағы мазмұнды әдіс. Педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің қатарында педагогикалық бақылау, педагогикалық тәжірибелік жұмыс, пікірлесу, анкета жүргізу, оқушылардың жазба жұмыстарын талдау, мектеп құжаттарын зерттеу, педагогикалық эксперимент, педагогикалық әдебиеттерге талдау жүргізіледі.
Формальді, қарапайым әдістер: құбылыстар мен процестер абстрактіленіп қолданылады. Олар мазмұнды әдістердің негізінде іске асады. Мысалы, педагогикалық құбылыстарды, процестерді сандық жағынан модельдеу, кибернетикалық жағынан моделдеу.
Теориялық талдау мен жинақтау әдісі: Зерттеу міндеттерін, пәнін, қисынын, әдістерін, нәтижелерін теориялық жағынан қарастыру.
Басқа ғылымдар тәрізді педагогика ғылымында бірнеше жалпы ғылыми зерттеу әдістері қалыптасқан:
1. Жалпы теориялық – талдау, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракция, нақтылау, жіктеу.
2. Әлеуметтік – сауалнама, сұхбаттасу, рейтинг.
3. Әлеуметтік-психологиялық – социометрия, тест, тренинг.
4. Математикалық– ранжирлеу, шәккілеу (шкалалау)
Педагогикалық ізденісте зерттеу әдістерін шартты түрде теориялық және эмпирикалық деп бөлуге болады.
Теориялық зерттеу әдістеріне: формализациялық, аксиоматикалық, гипотетико-дедуктивтік әдістер жатады. Логикалық-теориялық зерттеу әдістері: талдау, жинақтау, индукция, дедукция, абстрактілі әдіс, аналогтік әдіс, жалпылау әдісі, жүйелеу, үлгілеу, салыстырмалы тарихи талдау, әдебиеттерге талдау, архивтік материалдарға негіздеу, зерттеудің базалық ұғымдарына талдау, зерттеліп отырған құбылысты себептік-салдарлық талдау, алдын ала болжау. Бұл зерттеу әдістері теориялық ережелерді және эмпирикалық мәліметтерді жалпылау және талдау, интерпретациялау (түсіндіру) үшін қолданылады.
Эмпирикалық әдістер: бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест, сұхбаттасу, іс-құжаттарды талдау, тәрбиешілердің тәжірибесін жинақтау.
Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, талдау мен жинақтау, өлшеу, эксперимент, абстрактылықтан нақтылыққа алмасу, индукция мен дидукция. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
Зерттеу әдісі - күрделі таным сатыларының реті, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуыныңбелгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуыныңбасты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімніңдамуы педагогикалық зерттеу әдістерініңдаму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы, алғашқы ақпаратарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеуді білдірмейді, ол – жаңа білімді түзу процесі. Ол адамныңзерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетініңбір түрі.
Ғылыми таным әдісі тарихи-педагогикалық зерттеулер әдіснамасының маңызды компоненті болып табылады. Мәселенің құрылуына және «ғылыми зерттеу әдісі» ұғымына берілген көптеген анықтамаларға қарамастан, оған белгілі бір анықтама беру өте қиын. Нақты тақырыптарды зерттеу әдістерін, олардың компонентті құрамын (процедуралар жиынтығы), әдістемеде біріктірілген әдістер жүйесін зерттеуді авторлар мен ғалымдар құрастырады.
Тарихи-педагогикалық зерттеулерді жүргізуде әдістердің келесі топтары қолданылады:
Жалпығылыми – олар көптеген ғылым саласында қолданылады. Олардың номенклатурасы мен көлемі, саны, жиынтығы, зерттеудің типіне - эмпирикалық, теориялық және т.б. байланысты болады. Осы топтағы әдістер тобының қатарына: логикалық, тарихи, жүйелі-құрылымдық және функционалды талдау әдістері жатады.
Тарихи зерттеу әдістері – тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық, тарихи-жүйелі, ретроспективті және т.б.
Педагогикалық зерттеу әдістері – архив құжаттарын талдау, мектеп құжаттарын талдау, модельдеу, жүйелі талдау, көпжақты статистикалық талдау әдістері және т.б.
Бұдан басқа, педагогикалық және тарихи-педагогикалық зерттеулерде қажет болған жағдайда, әлеуметтану, психология және басқа ғылым әдістері кең қолданылады. Тарихи зерттеудер әдістеріне жеке тоқталайық, себебі олар тарихи-педагогикалық зерттеулерде кең қолданылады және нәтижелі болып саналады.
Контент-анализ әдісі.
Контент анализ арқылы сандық – сапалық талдау жүргізуге болады. Бұл әдіс алғашқы рет АШҚ-та 20-30 жылдары жуналистика мен әдибеттану саласында кино, радио, телидардың өсуіне байланысты көп қолданыла бастады. Мысалы: газет бетіндегі мәтіндер бойынша тақырыпқа қызыққан адамдар саны саналып, саяси мәселенің дамуын талдау, жинақтау жасалды. Кеңес дәуірі кезінде яғни, 60-70 жылдары контек анализ әдісі өте көп қолданылды. Алексевтің пікірінше бұл әдістің ерекшелігі:
1) Өлшенетін нәрсені өлше.
2) Сізді тексеретіндей өлше.
В.Н.Семенов контент-анализді ғылыми әдіс ретінде психологиялық-педагогикалық тұрғыда қолданудың әлеуметтік комуникатциялық моделін жасап оның мүмкіншілігін анықтап береді. 1-ден, бұл әдіс өз бетімен ақпараттық мазмұнын анықтау үшін қолданылады. 2-ден, басқа әдістермен бірге нәтиже алу үшін қолданылады. 3-ден, көмекші ретінде қолданылатын әдіс.
Контент анализді педагогикалық зерттеулерде пайдалану үшін бастапқы бағыттары. 1 – Ең басты зерттеуші пәні мен обектісі мақсаты көрсетіп отыру керек.2- сұқбаттасу анықтамасы және эмперикалық әлуметтік зеттеулерде.3 – теориялық жағдайға байланысты. 4-зерттейтін проблеманың класификасиясына (ерекшелігіне) байланысты қолдануды.
Контент анализді қолданған кезде мына жағдайларды анықтау керек 1 зеттеуші нақты мақсатты арқылы нені білгісі келеді.2.болжам таңдап алынған материал мазмұнын талдау арқылы болжау.3 бастапқы ақпараты арқылыамалын білу.4 талдаудың бірліктерін байқау.5 мақсатқа сәйкес деңгейлерін анықтау,жіктеу.7.жинақталған ақпараттарды сандық жағынан талдау жасау.8 жинақталған мәлиметтердің мазмұнын реттеу. Мысалы: Л.М.Ахмедиязвой зерттеулері бойынша табиғатпен педагогикалық атағын контет анализ бойынша 30 биография атақты педагогтардың Зерттеу барысында Я.А.Коменский,И.Пестолотсий, А.Дистерверг.К.Д.Ушинский Л.Толстой.Н.К Крупская А.С Макарко және басқалары қаралды.Талдау әр тұрлі болды (монаграфия,күнделік,араласу қағазы,еске алу дәптері)Зерттеу қортындысы бойынша 18/ балалық шақтан бастап мұғалім болғысы келген 82/ әр түрлі жағдайлармен педагог атағына ие болған.
Теориялық әдістерге сипаттама.
Теориялық зерттеудің ғылыми әдістері. 1. Формализация – белгілік-символдық түрде мазмұнды білімнің көрінісі. Формализация табиғи және жасанды тілдерді бөлуге негізделеді. Табиғи тілдегі ойлаудың көрінісін формализацияның бірінші қадамы деп атауға болады. Табиғи тілдер қарым-қатынас құралы ретінде көп мәнділікпен, көп жақтылықпен, дәлсіздікпен, бейнелікпен және т.б. сипатталады. Бұл үнемі жаңа мәндер мен мағыналарға ие болатын, ашық, үздіксіз өзгеретін жүйе болып саналады. Формализацияны әрі қарай тереңдету білімді дәл және қатаң көрсетуге арналған, жасанды тілдерді құрумен байланысты болады. Математиканың символдық тілдерінің мақсаты – жазбаларды қысқарту ғана емес, оны стенография арқылы жасауға болады. Жасанды тілдің формулалар тілі танымның құралы бола алады. Ол теориялық танымды эмпирикалық танымдағы микроскоп сияқты рөл атқарады. Арнайы символиканы қолдану қарапайым тілдегі сөздердің көп мағыналылығын жоюға мүмкіндік береді. Формальданған ой-тұжырымдарында әрбір символ қатаң бір мағына береді.
Коммуникация және пікір, ақпарат алмасудың әмбебап құралы ретінде тіл көптеген функцияларды атқарады. Математика мен логиканың маңызды міндеті - бар ақпаратты дәл беру және қайта құру, табиғи тілдің бірқатар кемшіліктерін жою болып табылады. Бұл үшін жасанды формальданған тілдер құрылады. Бұндай тілдер ең алдымен, ғылыми танымда, ал соңғы жылдары компютер көмегімен әртүрлі процестерді бағдарламалау және алгоритмдеуде кең қолданыс тапты.
Жасанды тілдердің жетістігі ретінде, ең алдымен, оның дәлдігін, бірмағыналылығын, ең бастысы – санау арқылы қарапайым ой-тұжырымының мазмұнын көрсету мүмкіндігін атауға болады. Ғылыми танымдағы формализацияның мәні келесіден тұрады:
ол ұғымдарды талдауға, нақтылауға, анықтауға, түсіндіруге мүмкіндік береді. Қарапайым ауызекі тілдегі ой-пікірлер анық болып көрінгенмен, ғылыми таным үшін өздерінің белгісіздігімен, дәлсіздігімен сәйкес келе бермейді.
ол дәлелдерді талдауда ерекше рөльге ие болады. Формулалардың бірізділігі түріндегі дәлелдерді көрсету оған қатаң дәлдікті береді.
есептеу құрылғыларындағы алгоритмизация және бағдарламалау процестері үшін негіз бола алады.
Формализацияда объектілер туралы ой-тұжырымдар белгілер арқылы операциялау кеңістігіне өтеді. Белгілердің орнын заттардың қасиеттері мен қатынастары туралы ой-пікірлер алады. Осындай жолмен әртүрлі құбылыстар мен процестердің құрылымын анықтауға мүмкіндік беретін, кейбір пәндік саланың белгілік моделін жалпылау құрылады. Формализация процесіндегі басты нәрсе – жасанды тілдердің формуласында операция жасауға болады, одан жаңа формулалар мен қатынастарды алуға болады. Осылайша, ой-пікірлер бар операциялар белгілер мен символдары бар әрекеттермен ауыстырылады.
Бұл мағынадағы формализация өзінше ой-пікірдің логикалық формасын нақтылау арқылы, оның мазмұнын нақтылаудың логикалық әдісін айқындайды. Формализация, осылайша, - мазмұны бойынша әртүрлі процесс формаларын жалпылау, осы формаларды оның мазмұнынан абстракциялау болып табылады. Ол мазмұнды оның формаларын анықтау арқылы нақтылайды және әртүрлі дәрежеде жүзеге асырылады.
2. Аксиомалық әдіс - ғылыми теорияларды дедуктивті құрудың бір тәсілі, онда:
А) ғылымның негізгі терминдер жүйесі құрылады (мысалы, Эвклид геометриясындағы – бұл нүкте, тік бұрыш, жазықтық және т.б. ұғымдары);
Б) осы терминдерден бастапқы болып саналатын және дәлелдеуді қажет етпейтін, көптеген аксиомалар (постулаттар)-ережелер құрылады. Белгілі ереже бойынша, аталған теорияның басқа ой-тұжырымдары пайда болады (мысалы, Эвклид геометриясындағы «екі нүкте арқылы бір ғана сызық жүргізуге болады», «тұтас бөліктен үлкен»);
С) бастапқы ережелер құруға және бір ережеден екіншісіне өтуге, сонымен бірге теорияға жаңа терминдер енгізуге мүмкіндік беретін ережелер тұжырымдарының жүйесі құрылады;
Д) шектелген аксиомалардан көптеген дәлелденген ережелерді – теоремаларды алуға мүмкіндік беретін, ереже бойынша постулаттарды қайта құру жүзеге асырылады.
Осылайша, аксиомалардан теореманы тұжырымдау үшін, тұжырымның арнайы ережелері құрылады. Теорияның барлық ұғымдары (әдетте, дедуктивті) бастапқыдан басқа, енгізілген ұғымдарды білдіретін, анықтамалар арқылы енгізіледі. Аксиомалық әдістегі дәлел – бұл формулалардың бірқатар бірізділігі, олардың әрқайсысы аксиома болып саналады немесе тұжырымның белгілі бір ережесі бойынша алдыңғы формулалардан алынады.
3. Жүйелі тәсіл – объектілерді жүйе ретінде қарастыру негізінде, жалпығылыми әдіснамалық принциптердің жиынтығы. Жүйе (система, грек тілінен аударғанда – біртұтас деген мағынаны білдіреді) – белгілі тұтастық, бірлікті құрайтын, бір-бірімен, ортамен өзара қатынаста және байланыста болатын, элементтердің жиынтығын көрсететін жалпығылыми ұғым.
Жүйелердің типтері көпқырлы: материалды және рухани, органикалық емес және тірі, механикалық және органикалық, биологиялық және әлеуметтік, статикалық және динамикалық, ашық және тұйық және т.б. Кез келген жүйе құрылымы мен ұйымдасуы бар көптеген әртүрлі элементтерден тұрады. Құрылым – а) тұтастығы мен өзіне ұқсастығын қамтамасыз ететін, объектілердің тұрақты байланыстарының жиынтығы; б) күрделі біртұтастың элементтер байланысы арақатынасындағы тұрақты тәсілі (заңы). Жүйелі тәсілдің спецификасы, зерттеуді объектінің тұтастығын ашуға және оның механизмдерін қамтамасыз етуге, күрделі объектінің байланысының көптеген типтерін анықтауға, оларды бірыңғай теориялық картинаға жинақтауға бағыттайды.
Жүйелі тәсілге қойылатын негізгі талаптар қатарына мыналар жатады:
А) әрбір элементтің жүйедегі орны мен функциясы бойынша, тәуелділігін анықтау, тұтастың қасиеттері оның элементтерінің қасиеттер санына сәйкес келмеуін ескеру;
Б) жүйенің жеке элементтері мен оның құрылымының қасиеттерінің ерекшеліктерімен негізделгенін талдау;
В) жүйе мен ортаның өзара іс-әрекетін, өзара тәуелділігі механизмдерін зерттеу;
Г) аталған жүйеге тән, иерархиялық сипатын зерттеу;
С) жүйені көпаспектілі қамту мақсатымен сипаттамалардың көптігін қамтамасыз ету;
Д) жүйенің динамизмін оның дамуы тұтастық ретінде қарастыру.
Жүйелі тәсілдегі маңызды ұғымдардың бірі ретінде «өзіндік ұйымдасу» ұғым алынады. Аталған ұғым күрделі, ашық, динамикалық, өзіндік дамушы жүйені құру, қайта құру және жетілдіру процесін сипаттайды, элементтер арасында қатаң емес, мүмкін боларлық сипаттағы байланыс болады.
Қазіргі заманғы ғылымда өзіндік ұйымдасушы жүйелер синергетиканың зерттеуінің арнайы пәні болып табылады. Жүйелі тәсілдің құрылымға, байланысқа және қатынастарға бағдарлануы оның тарихилық принциптеріне сәйкес келмеуді дегенді білдірмейді. Керісінше – ол онымен тығыз байланысты.
4. Идеализация – көп жағдайда абстракциялаудың өзгеше түрі ретінде қарастырылады. Идеализация – бұл шынайы өмірде болмаған және жүзеге асырылмайтын, бірақ шынайы өмірде олардың бейнелері бар объектілер туралы ұғымдарды ойша конструкциялау. Идеализация процесінде заттардың шынайы қасиеттерінен ауытқу, құрылатын ұғымдардң мазмұнына бір уақытта енгізілетін белгілерді құру жүзеге асады. Нәтижесінде идеалданған объект пайда болады, онымен шынайы объектілерді бейнелеуде теориялық ойлауды операциялауға болады. Идеализация нәтижесінде танылатын объектінің сипаттамасы мен жақтары шынайы эмпирикалық материалдан оқшауланған, теориялық модель құрылады.
Идеализацияның нәтижесі бойынша ұғымдардың үлгісі ретінде, «нүкте» - шынайы өмірде өлшеуі жоқ нүкте ретінде берілетін объектіні табу мүмкін емес; «түзу сызық», «абсолютті қара дене», «идеалды газ» сияқты ұғымдар алынады. Идеалданған объект шынайы заттар мен процестердің көрінісі ретінде болады. Идеализация көмегі арқылы теориялық конструкт объектілерін құра отырып, әрі қарай оларды ой-тұжырымдарды операциялауда қолдануға болады және шынайы процестердің абстрактілі сызбасын құруға болады.
Осылайша, идеалданған объектілер таза фикция болып саналмайды, олар күрделі және оның негізделген көрінісінің нәтижесі болып саналады. Идеалданған объект танымда белгілері бойынша шынайы заттарды көрсетеді. Ол шынайы заттың қысқартылған және сызбалы бейнесі болып табылады. Теориялық ой-тұжырымдары шынайы объектілерге тікелей жатпайды, олар идеалданған объектілерге жатады, танымдық іс-әрекет арқылы мәнді байланыстар мен заңдылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Идеалданған объектілер – шынайы өмірде жүзеге асырылмайтын оқиғаны жүзеге асыруға бағытталған әртүрлі ойлау эксперименттерінің нәтижесі. Дамыған ғылыми теорияларда әдетте, жеке идеалданған объектілер мен олардың қасиеттері қарастырылмайды, идеалданған объектілер мен олардың құрылымының біртұтас жүйесі қарастырылады.
Қазіргі заманғы ғылымда ойлау эксперименті – идеалданған объектілерге жүргізілетін ойлау процедураларының жүйесі – кең тарала бастады. Ойлау эксперименті – бұл шынайы эксперименталды ситуациялардың теориялық моделі. Бұнда ғалым шынайы заттар мен олардың өмір сүру жағдайларын емес, олардың концептуалды бейнелерін операциялайды.
Педагогикадағы математкалық әдістер сауалнама әдісі және эксперимент арқылы алынған мәліметтерді өңдеуге қолданылады, сонымен бірге зерттелетін құбылыстар арасындағы сандық тәуелділіктерді қалыптастыруға қолданылады. Бұдан басқа тіркеу, ранжирлеу, шкалалау әдістері қолданылады.
Статистикалық әдіс көпшілік материалды өңдеуде қолданылады, яғни көрсеткіштердің орташа шамасын анықтауда қолданылады: орта арифметикалық шама, медиана – қатардың ортасының көрсеткіші, басқа әдістердің құрамды бөлігі. Осы әдістер арқылы өңделген нәтижелер графиктер, диаграммалар, кестелер түріндегі сандық тәуелділікті көрсетуге мүмкіндік береді.
Абстрактіліден нақтылыға өрлеу – бұл шектелген білімнен, нақтылыдан абстрактіліден толық, нақты теориялық білімге өрлеуге мүмкіндік беретін таным әдісі. Осындай өрлеу нәтижесінде алынған білім, зерттелетін шындықтың құбылыстармен бірлігінде мәнін сипаттайтын, ғылыми ұғымдар, заңдар мен теориялар формасында болады. Абстрактіліден нақтылыға өрлеу – теориялық танымның аса жоғары деңгейі. Қазіргі заманғы ғылымның салалары ондай деңгейге жеткен жоқ. Оның жетістіктері ғылыми танымның маңызды мақсаты болып табылады. Абстрактіліден нақтылыға өрлеу әдісі – бұл өзінше дедуктивті әдіс, ал нақтылыдан абстрактіліге өрлеу – индуктивті әдіс болып саналады.
Ғылыми-зерттеу іс-әрекетінде нақтылыдан абстрактіліге өрлеу және абстрактіліден нақтылыға өрлеу әдістеріне ерекше мән беріледі. «Нақты» категориясы объективті шындықты өзіне тән белгілері, қасиеттері, өзара байланыстары мен заңдылықтарын тарихшының тануын білдіреді. Нақты-теориялық білім объектіні мәні мен құбылыстың бірлігі арқлы сипаттайды.
Абстрактіліге өрлеу немесе абстракциялау – бұл нақтының бірқатар қасиеттерінен ойша ауытқу, зерттелетін объектіде жеке, ерекше қызығушылық тудыратын белгілерді анықтау. Ғылыми танымдағы «абстрактілі» - бұл танылатын шынайылық туралы толық емес білім. Бірақ объективті-нақтылыдан ауытқуда абстракция қарастырылатын құбылыстар мен процестердің мәнді қасиеттерін көрсетуі қажет.
Тарихи және логикалық әдістердің әрекеті, абстрактіліден нақтылыға және керісінше өрлеу, қоғамдық құбылыстарды теориялық тану процесінде ғана мүмкін, бұл олардың теориялық зерттеу процесінде жетекші рөлін негіздейді. Жалпығылыми әдістер тарихи объектілердің кеңістіктегі қозғалысын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұнда синхронды, бір уақтта жүретін процестерді талдау басым болады. Объектілердің құрылымы мен функциялары статикада, тарихи дамуға қатыссыз қарастырылады. Көп жағдайда жалпығылыми әдістер осы объектілердің жүйелі-құрылымдық талдауында қолданылады.
Тарихи әдістер керісінше, уақыт бойынша объектілерде жүретін өзгерістерді зерттеуде қолданылады. Сирек жағдайда жалпығылыми және тарихи әдістер біріктіріледі, онда қоғамдық жүйелер кешенді түрде зерттеледі, яғни жүйенің құрылымы мен функциялары олардың тарихи дамуы арқылы түсіндіріледі, ал тарих тарихи объектілерді немесе топтарды, олардың құрылымы мен функциялары зерттейді.
Танымдық іс-әрекеттегі жалпығылыми маңызды әдістердің бірі ретінде тарихи және логикалық әдістер алынады, олар бір-бірімен диалектикалық бірлікте болады. Тарихи – бұл объектінің қалыптасу және даму процесі. Бірақ тарихи әдіс объектінің дамуындағы уақытша бірізділікті қарапайым қайта жаңғырту емес, ол объектінің генезисінің объективті диалектикасын және оның дамуының нәтижесін қарастырады. Логикалық-теориялық – мәнді, заңды байланыстар мен қатынастарда дамыған және дамушы объектіні қайта жаңғырту. Соған сәйкес, логикалық әдіс белгілі процестің нәтижесі ретінде, тарихи дамушы объектіні қайта жаңғырту тәсілі болып саналады, оның барысында оның әрі қарай, тұрақты жүйелі білім беру ретінде жүзеге асуы үшін, қажетті жағдайлар қалыптасады.
Тарихтағы уақытша бірізділік логикалық әдіс арқылы ашылуы мүмкін. Бірақ ол теориялық талдау үшін бағдар болып табылмайды. Бұл сәйкессіздік жүйе генезисінің факторлары ретінде болатын, құбылыстармен негізделмейді, даму кезеңінде оны қайта жаңғырту үшін қажетті жағдайлар жасайды. Олардың көпшілігі тарихи процесс барысында жойылады. Тарихи құбылыстардың уақытша бірізділігі барлық уақытта белгілі бір тарихи қайта құрылымдарды қалыптастыру процесімен анықталмайды.
Қоғамдық процестердің дамуы тарихи және логикалық әдістердің бірлігін қолдану арқылы танылады. Жаратылыстану ғылымының объектілері дамуда зерттелмеуі мүмкін. Сондықтан, оларды тануда тек логикалық әдісті қолдануға болады.
Тарихи әдістің маңыздылығын тану әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде байқалады, бұл бірқатар зерттеушілерді тарихи жазбадағы логикалық әдістің аз мәнді болуы туралы көзқарастарын білдіруге әкеледі. Бірақ, табиғатты немесе тарихи шындықтың басқа объектілерін терең тану белгілі уақыт арасында олардың құрылымы мен функцияларын алдын ала талдау негізінде ғана жүзеге асырылады. Сондықтан, тарихты зерттеу, күрделі процестер мен құбылыстарға қатысты, тарихи тәсіл арқылы жеткіліксіз болып саналады. Аталған жағдайдағы ғылыми зерттеудің қажетті шарты ретінде логикалық әдісті қолдануды атауға болады.
Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері
Танымның екінші деңгейі-теориялық деңгейде зерттелетін нысанаға, құбылысқа тиесілі жақтары, байланыстары және заңдылықтары неғұрлым тереңдетілген мәнді сатыда іске асады. Өйткені теориялық деңгей- ғылыми танымдағы ең жоғры саты. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арсындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден педагогикалық зандылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық танымның нәтижелері – болжам, теория, заңдар.
Кез келген зерттеу жұмысы өзекті мәселені анықтаудан басталады. Проблеманың пайда болу сипатына қарамастан, оған талдау, нақты түрдеу негіздеу теориялық зерттеуден басталады.
1.Салыстырмалы тарихи талдау әдісі зерттеушіні өзінің тақырыбы бойынша әдебиетпен танысу, тарихи зерттеулер, ғылыми монографиялар және публикациялармен танысуға мүмкіндік береді. Зерттеуші оның дамуын, проблемаға әртүрлі тұғырмен келу жодарын салыстырып, талдап, қолданған зерттеулердегі ғылыми ұғымдармен танысып, оның мәніне көзқарасын білдіріп, қорытынды жасайды.
2. Үлгілеу (моделирование) әдісі – зерттелетін үдеріс және құбылыс сурет, сызба, қысқаша сөздік, сипаттама түрінде берілетін көрнекі-бейнелі сипатта болады. Үлгіні дайындау үдерісін сипаттайтын негізгі ұғым үлгілеу болып табылады. Кей жағдайда педагогикалық құбылыс матрица, символ, математикалық формула түрінде де беріледі. Модель зерттелетін құбылысты толық бейнелеп көрсетпейді, тек оның идеализациясы, оңтайланған түрі. Моделде зерттеушінің шартты белгілері мен шығармашылық жорамалы көрінеді. Бұл бірақ (моделирование) үлгілеудің ғылыми құндылығын түсірмейді, негізгісін іріктеп, жүйелі және өзін-өзі анықтайтын байланысты және факторларды көрсетеді.Үлгі құру кезінде оның зерттеу нысанасының түпнұсқаға сай келуін қадағалау қажет. Үлгі үнемі түсіндіру, анықтау құралы бола отырып, танымдық рөл атқарады.
3.Себепті-тергеулік талдау. Себеп бұл құбылыс, яғни басқа құбылысты өзгертеді немесе пайда болуына себеп болады. Себепті тудыратын және өзгертетін құбылысты тергеу деп аталынады. Себеп-салдар –себеп құбылысы тергеу құбылысын шығарады. Себеп пен тергеу күрделі өзара байланысты құбылыс. Тергеу тек себепті шығарып қоймай, себеп болған фактілерді анықтап, тауып, талдап, түсіндіріп зерттелетін мәселеге тереңнен еніп, дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі.
2.Логикалық-теориялық зерттеу әдістері
Формализация– білім мазмұнын белгілермен беру, нақты ойды формула, ереже, символмен беру. Кез келген формалды жүйені құру үшін: 1) әріптерді беру қажет, яғни нақты белгілеулерді енгізу қажет; 2) осы альфавиттердің белгілеулерін «сөз» және «формула» шығатын ережелерді беру қажет; 3) берілген жүйенің бір сөзінен немесе формуласынан екінші сөзді немесе формулаға көшуге болатын ережелерді беру қажет.
Идеализация – зерттеу мақсатына сәйкес зерттеуші нысанаға нақты бір өзгерісті ойша енгізуді айтады. Таным әдісі ретінде идеализацияның жағымды мәні теориялық құрылымды жан-жақты зерттей отырып, реалды нысаналар мен құбылыстарды тиімді зерттеуге септігін тигізеді.
Аксиоматикалық әдіс – ғылыми теорияның құрылу амалы, оның негізінде бастапқы аксиома болады. Логикалық жолмен дәлелденеді.
Гипотетикалық-дедуктивті әдіс – болжамдардың бір-бірімен дедуктивті байланысын құрайтын жүйе құру.
Әдебиет көздерін зерттеу – зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады.
Талдау әдісі – зерттеліп отырған объектіні бөлек зерттеу үшін құрамды бөліктерге бөліп қарау.
Жинақтау (синтез) әдісі – біріктіру, біртұтас етіп қарау үшін зерттеу объектісінің бөліктерін біріктіру. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасын формаларын анықтау; білім құрылымын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар.
Абстракциялаудың екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Дәріптеушілік-дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады.
Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері– бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады
Ұқсастыру әдісі – заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
Болжау әдісі – зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады.
Математикалық және статистикалық әдіс – педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.
Тіркеу әдісі – педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Теориялық әдістердің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы зандылықтарды ашуға, сыртқы факторларды түсіндіруге бағытталған.
Қазір қоғамға өзінің жеке басын және іс-әрекетін ұдайы жетілдіріп отыруға ұмтылатын бастамашыл және талапты мамандар қажет. Солар ғана жоғары түйсігімен, әлеуметтік-кәсіптік ұтқырлығымен, білімін жаңартып отыруға ұмтылысымен, біліктілік пен дағдыларын ұштап отыруымен, жаңа қызмет салаларын меңгеруімен ерекшеленіп, өз қызметін жақсы атқара алады Жалпы логикалық әдістер және таным тәсілдері.
1. Талдау (грек тілінен аударғанда – бөлу, талдау) – объектінің құрамдас бөліктерін өз бетінше зерттеу мақсатында бөлу, талдау. Шынайы іс-тәжірибеде және ойлау іс-әрекетінде қолданылады.
Талдаудың түрлері: механикалық бөлу; динамикалық құрамды анықтау; тұтастың элементтерінің өзара әрекет формаларын анықтау; құбылыстардың себептерін табу; білім және оның құрылымы деңгейлерін анықтау және т.б.
Талдауда заттың сапасын қадағалау керек. Білімнің кез келген саласында объектіні бөлудің белгілі бер шекарасы бар, одан кейін біз қасиеттер мен заңдылықтар әлеміне енеміз (атом, молекула және т.б.). Талдаудың бір түрі ретінде заттарды кластарға бөлуді атауға болады.
2. Жинақтау (грек тілінен аударғанда – біріктіру – шынайы немесе ойша заттың бөліктерін және жақтарын біртұтасқа біріктіру). Синтез – бұл тұтастың бөліктерін ырықсыз, эклектикалық біріктіру емес, ол мәнді анықтауға қарай диалектикалық тұтастық болып саналады. Қазіргі заманғы ғылым үшін тек қана ішкі емес, сонымен бірге пәнаралық синтез және ғылым синтезі тән.
Синтездің нәтижесі ретінде компоненттердің қасиеттерін сырттай біріктіру, олардың ішкі өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің нәтижесі болып табылатын жаңа құрылым болып саналады. Анализ және синтез диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өзара байланысты, бірақ іс-әрекеттің кейбір түрлері аналитикалық (мысалы, аналитикалық химия) немесе синтетикалық (мысалы, синергетика) болып табылады.
3. Абстракциялау (латын тілінен аударғанда – бір жақты көрініс):
а) біртұтастың бір жағы, сәті, бөлігі, шындықтың бір бөлігі, дамымаған, біржақты, фрагментарлы (абстрактілі);
ә) қасиеттің белгілі сәтінде танушы субъектінің бір уақытта қызығушылығын анықтайтын, бірқатар қасиеттер мен зерттелетін құбылыстан ойша қозғалу процесі (абстракциялау);
б) ойлаудың абстракциялау әрекетінің нәтижесі (абстракция тар мағынасында).
Бұл «абстрактілі заттар», жеке алынған ұғымдар мен категориялар ретінде («аппақ», «даму», «ойлау» және т.б.) олардың жүйесі алынады (олардың ішінде ерекше дамығандары - математика, логика және философия саналады).
Абстракциялаудың негізгі сұрағы – қарастырылатын қасиеттердің қайсысы мәнді, қайсысы қосалқы болуында. Объективті шындықта ойлаудың абстракциялаушы жұмысы ретінде, әрбір нақты жағдайда зерттелетін заттың табиғатынан, сонымен бірге танымның міндеттерінен ойлаудың біржақты болуы алынады. Өзінің тарихи даму барысында ғылым абстрактілінің бір деңгейінен екінші бір жоғары деңгейіне өрлейді. Абстракцияның бірнеше түрлері бар:
А) Теңестіру абстракциясы, оның нәтижесінде зерттелетін заттардың жалпы қасиеттері мен қатынастары анықталады. Бұнда аталған қасиеттер мен қатынастарда заттардың тепе-теңдігін қалыптастыру негізінде, оларға сәйкес кластар құрылады.
Б) Изоляцияланған абстракция – «таза біржақты болу» актілері, бұнда өзбетінше дара заттар ретінде қарастырыла бастайтын қасиеттер мен қатынастар анықталады («абстрактілі заттар» - «жақсылық», «ақтық» және т.б.).
В) Математикадағы өзекті шексіздік абстракциясы – бұнда шексіздік көпшіліктер соңғы ретінде қарастырылады. Бұнда зерттеуші шексіздік көпшіліктің әрбір элементін сипаттау және тіркеудің мүмкін болмауын біржақты қарастырады, осындай міндетті шешілген деп қабылдайды.
Г) Потенциалды жүзеге асыру абстракциясы – бұл математикалық іс-әрекет процесінде операциялардың соңғы саны жүзеге асырылады.
Абстракциялар деңгейлері бойынша бөлінеді (рет бойынша). Шынайы заттар бойынша абстракциялар бірінші ретті абстракция деп аталады. Бірінші деңгейдегі абстракциялар екінші реттегі абстракция деп аталады. Абстракцияның ең жоғары деңгейімен философиялық категориялар сипатталады.
4. Салыстыру – объектілердің ұқсастығы немее айырмашылығы туралы пайымдаулар негізіндегі танымдық операция. Салыстыру көмегімен заттардың сандық және сапалық сипаттамалары анықталады. Салыстыру – бұл олардың арақатынасын анықтау мақсатында бір затты екіншісімен салыстыру. Салыстыру арқылы анықталатын қатынастардың қарапайым және маңызды типі – бұл ұқсастық және айырмашылық қатынастары. Салыстырудың класс құрайтын «біртекті» заттардың жиынтығы арқылы маңызы болады. Класс бойынща заттарды салыстыруды қарастыру үшін, мәнді белгілер бойынша жүзеге асырылады.
5. Жалпылау - заттардың жалпы қасиеттері мен белгілерін қалыптастыру процесі. Абстракциямен тығыз байланысты. Жалпылаудың гносеологиялық негізі ретінде ортақ және бірлік категориясы алынады.
Жалпы – бірлікті бірнеше құбылыстарға немесе аталған кластың барлық заттарына жататын, ұқсас, қайталанатын белгілерді айқындайтын философиялық категория. Жалпының екі түрін бөліп қарастыру қажет:
А) абстрактілі-жалпы, бірқатар бірлікті заттардың жеңіл ұқсастығын білдіретін сыртқы ұқсастық . Жалпының аталған түрі салыстыру жолымен анықталады, танымда шектелген, бірақ маңызды рөл атқарады.
Б) нақты-жалпы, өзара іс-әрекеттегі бірқатар бірлікті құбылыстардың болуы мен дамуының заңы. Жалпының аталған түрі топтағы ұқсас, ішкі, қайталанатын, терең құбылыстардың негізін, оның дамыған формасындағы мәнін айқандайды, яғни заңды айқындайды. Жалпының екі түріне сәйкес, ғылыми жалпылаудың екі түрін бөліп қарастырады: кез келген белгілерді анықтау және мәнді белгілерді анықтау.
Басқа негізі бойынша, жалпылауды анықтауға болады:
А) жеке деректер мен оқиғалардан олардың ойлаудағы көрінісіне (индуктивті жалпылау);
Б) бір ойдан екіншісіне, жалпы ойға өту (логикалық жалпылау). Жалпылау шексіз болуы мүмкін емес. Оның шекарасы ретінде текті ұғымдары жоқ және жалпылауға келмейтін, философиялық категорияларды атауға болады.
6. Индукция – бақылау мен эксперимент нәтижелерін жалпылаумен және жекеден жалпыға қарай жүретін ой қозғалысымен байланысты, зерттеудің логикалық тәсілі. Индукцияда аталған тәжірибелер жалпыға қарай жүреді. Тәжірибе шексіз және толық болмағандықтан, индуктивті тұжырымдардың мәселелі (мүмкін боларлық) сипаты болады. Индуктивті жалпылаулар әдетте, тәжірибелі шындықты немесе эмпирикалық заңдарды қарастырады.
7. Дедукция – таным процесінде жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы; логикалық тұжырым процесінде логиканың белгілі ережелерінен олардың қорытындысына қарай өту. Ғылыми танымның бір тәсілі ретінде, индукциямен тығыз байланысты, олар диалектикалық өзара байланысты ой қозғалысының тәсілдері. Аналогия шынайы білім бермейді: егер аналогия бойынша ой қорытындылары шынайы болса, қорытынды да шынайы болады деген сөз емес. Аналогия бойынша тұжырымдардың мүмкін боларлығын арттыру үшін, төмендегілерге ұмтылу қажет:
А) салыстырылатын объектілердің сыртқы емес, ішкі қасиеттеріне;
Б) бұл объектілер маңызды және мәнді белгілері бойынша ұқсас болады;
В) сәйкес келетін белгілердің шеңберінің кең болуы;
Г) ұқсастық ғана емес, айырмашылықтар да ескеріледі.
. Модельдеу әдісі
Бұл әдістің мәні схемалардың, чертеждердің, қысқаша сөздік сипаттамалардың, кейде матрицалардың, символдардың математикалық формулалардың т.с.с. көмегімен зерттеліп отырған процестер мен құбылыстарға көркем бейнелі сипаттама беру болып табылады.
8. Модельдеу. Аналогия бойынша ой қорытындылары кеңірек түсіндіріледі, бұл бір объекті туралы ақпаратты ауыстыру модельдеудің гносеологиялық негізін құрайды – объектілерді модель бойынша зерттеу әдістері.
Модель (латын тілінен аударғанда – шама, үлгі, норма) – логикада және ғылым әдіснамасында – шынайылықтың белгілі фрагментінің аналогы, адамзат мәдениетінің ой пікірі, және т.б. – модельдің түпнұсқасы. Ол түпнұсқа туралы ақпаратты сақтау және кеңейту үшін қызмет етеді. Модель мен түпнұсқа арасында ұқсастық болуы керек: дене сипаттамасы, функциялар; зерттелетін объектінің және оның математикалық сипаттамасының қалпы; құрылымы және т.б. Осы ұқсастық модельді түпнұсқаға ауыстыруды зерттеу нәтижесінде ақпаратты ауыстыруға мүмкндік береді.
Модельдеудің формалары әртүрлі және қолданылған модельдер мен модельдеу ауқымын қолдануға байланысты болады. Материалды модельдер жаратылыстану заңдарына бағынатын табиғи объектілер болып табылады. Нақты объектіні физикалық модельдеу кезінде, оны зерттеу бірқатар модельді зерттеумен ауыстырылады. Идеалды модельдеуде модельдер сызба, график, чертеж, формула, көбейту жүйесі, табиғи және жасанды тілдің ұсыныстары және т.б. ретінде болады. Қазіргі кезде математикалық (компьютерлік) модельдеу кең тараған. Теориялық деңгей әдістері:
1. Әдебиет көздерін зертеу зерделеу бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зертттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет. Зерттеу мәселесінен ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық тұжырымдар, көзқарастар, ғылыми мектептер, білім беру үрдісіндегі заманға сай тенденцияларды анықтауы қажет. Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау жұмыстары жүргізіледі. Зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттары мен міндеттерімен анықталады.
2. Талдау мен жинақтау. Талдау арқылы эмпирикалық материалдыжүйелеу, түтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау. Талдау қарапайым болуы мүмкін, зерттеу барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады. Талдау мен жинақтау диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, "талдау" термині көбінесе зерттеу үрдісін тұтастай қарастыру кезінде қолданады. Сондай-ақ белгілі нәтижелері бар деректерге, жүйеге кірерде және оларды қорытуда талдау жасап, салыстыруға болады.
3. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту - көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу-бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу үрдісі. Дәріптелген (дерексіздендірудің бір түрі) - объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.
4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға және керісінше, жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Моделдеу - зерттеу обьектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Моделдің түпнұсқадан айырмашылығы бар, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады. Моделдеу ауызша, логикалық, физикалық, заттық, белгілілік болады. Моделдің түрін таңдау таным зерттеу обьектісінің күрделілігіне байланысты.
7. Болжау әдісін зерттеуші педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің даму бағытын табу үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүгінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең талдау жасалуда.
8. Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.
Теориялық деңгей әдістерінің бұл түрі, тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторларды және олардың ішкі мазмұнының факторларын түсіндіруге бағытталған. Эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категория ретінде "құбылыс" деңгейінде зерттесе, теориялық әдістер "мәні" деңгейінде зерттейді.

Әдебиет


1. Андреев В.И. Педагогика высшей школы. Инновационно-прогностический курс:учебное пособие. –Казань: Центр инновационных технологий, 2008. – 500 с.
2. Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с.
3. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования. М.: Академический Проект, 2010.-382 с.
4. Волков Б.С. Волкова Н.В. Методы исследований в психологии. М.: Пед общество Росcии, 1999.-146 с.
5. Қаңтарбай С.Е. Ғылыми-педагогикалық эерттеу әдістемесі: оқулық: ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен / С.Е. Қаңтарбай, Ж.А. Жүсіпова; ҚР Білім және ғылым министрлігі. – Алматы, 2012. - 272 б.
6. Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического исследования: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений. - М.: Изд. Центр "Академия", 2001.-208с.
7. Агапов Е.П. Методика исследований в социальной работе: Учебное пособие.- М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К»; Ростов на - Дону: Наука-Спектр, 2011. - 224 с.
8. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований: (Дидактический аспект). М.: Педагогика, 1982. - 192 с.
9. Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістемесі.- Алматы, 2010. 125 бет.
10. Колесникова И.А., Горчакова-Сибирская М.П. Педагогическое проектирование. – М.:
11. Мардахаев Л.В. Социальная педагогика. Полный курс: учебник.- М.: Издательство «Юрайт», 20117- 797 с.
12. Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике/ В.М. Полонский. – М.: Высшая школа, 2004. – 512 с.
13. Тотанова А.С. Методика научно-педагогического исследования. Учебно-методическое пособие.- Алматы, 2006. – 119 с.

9-дәріс. Қазақстан Республикасында білім беру ұйымдарындағы педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары. Іргелі және қолданбалы зерттеулер жобалары және зерттеудің ғылыми бағдарламасы (проблемалық дәріс).

Ғылым деген инемен құдық қазғандай ұшы қиыры көзге шалдырмас терең еңбек дүниесі ғой. Маркс пен Энгельс социализмді утопиядан ғылымға айналдырған.


Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғары пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамның дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызы әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Ғылым дамуының негізгі бағыттары:
Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары қалыптасты.
Ғылымның “өсу нүктесі” оның ішкі даму логикасы мен қазіргі замандағы адамзат қоғамының көпқырлы әлеуметтік қажеттілігінің ұштасуына байланысты. 20- шы ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты.
20 – ғасырда ғылымның даму қарқыны оның түрлі салаларының ұштасып, қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа бағдарды шешуге бағытталған мәселелерде ерекше байқалды. 3 – мыңжылдықтағы ғылымның дамуының басым бағыты біздің бүкіл әлемді, оның ішінде, адамның ішкі әлемін жан-жақты, түтас қалыптастыру болмақ.
Ғылымның өз заңдарын ашуға бағытталған қызметі – түсіндіру мен болжау болып табылады. Ғылым деректен басталып, дерекпен аяқталады, бірақ бұл екі дерек бір нәрсе емес, бастапқы дерек – теориялық мазмұнмен “қиындатылмаған”, ал қорытындылаушы дерек – тәжірибеден туған теориялық тұжырымдардың жемісі ( заңдардың ашылуы) болып табылады.
Ғылымның белгілі бір саласында дәстүрлі зерттеулер жүргізумен қатар, пәнаралық, кешенді зерттеулер жүргізу қазіргі ғылымның ерекше даму бағыты болып табылады. Ғылымды іргелі және қолданбалы деп бөлу дәстүрі қалыптасқан.
Іргелі – ғылым саласының міндеті қоғамды, дүниені, табиғатты түсіндіретін заңдарды тану. Бұл заңдар мен құрылымдар “таза күйінде” зерттеледі, оларды тікелей пайдалану мүмкіншілігі шартты емес.
Қолданбалы – ғылымның ашқан жаңалықтарын танымдық әлеуметтік – практикалық мәселелерді шешуге қолдану болып табылады. Яғни оның міндеті – ақиқатты тану ғана емес, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыру.
Ғылыми – педагогикалық зерттеулердің құрылымы
Ғылыми жұмыс мақсаты

Іргелі Қолданбалы

Табиғат пен қоршаған Іргелі ғылыми


әлемнің дүние жүзілік жетістіктеріне сүйене
мәселелерін қарастырады. отырып, өмір - тіршіліктегі
Әлем мен жаратылыс міндеттерді қарастырады.
құрылымының жалпы
және ортақ заңдылықтары
сипатталады.
Зерттеу бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады:
Алғашқы кезең – зерттеу мәселесімен танысу, өзектілігін, зерттеу деңгейін анықтау. Мақсат, міндет, объекті, пәні анықталады.
Екінші кезең - әдіснама, таңдау кезеңі. Алдыңғы тұжырымдамалар, теориялық ілімдер, таным әдістері, тәжірибенің болжамдық нәтижесі.
Қолданылатын әдістер: жүйелілік, кешендік, тұтастық, жекелік, іс-әрекеттілік.
Үшінші кезең - болжам жасау. Зерттеудің болжамы болашақта теориялық, тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеуді қажет етіп, ғылыми тұрғыдан негізделген болжам жасаушылық.
Төртінші кезең – зерттеу әдістерін таңдаумен сипатталады.
Бесінші кезең – тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу.
Алтыншы кезең – зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау, безендірумен ерекшеленеді.
Жетінші кезең – практикалық ұсыныстар жасау.

Педагогикалық зерттеулерді олардың бағыттары бойынша методологиялық, іргелі және қолданбалы деп бөлуге болады.


Педагогика саласындағы методологиялық зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыру принциптерін табу және олардың практикаға тигізер әсерлерін күшейту болып табылады. Мұндай зерттеулер педагогика саласындағы ғылыми қызметке бағдар береді.
Іргелі зерттеулердің мақсаты педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу, педагогикалық ақиқаттың терең де, тасада жатқан құпияларын, негіздерін табу, оған, ғылыми түсінік беру болып табылады. Осындай зерттеулердің нәтижесінде оқыту мен тәрбие теориясы, әдістер мен ұйымдастыру нысандарының теориясы және т.с.с. құрылады.
Іргелі зерттеулердің нәтижелері практикамен тікелей байланысты мәселелерді шешетін қолданбалы зерттеулер үшін теориялық негіздемелер құрады. Көбіне олар іргелі зерттеулермен бір кешенде жүргізіледі және олардың нәтижелері іргелі еңбектерде олардың қолданбалы бөлігі ретінде беріледі. Қолданбалы зерттеулер практиканың нақты кемшіліктерін жоюға бағытталған. Әрине, мұндай зерттеулердің мәні іргелі зерттеулерден кем болмайды.
Іргелі зерттеулер әдетте абстрактылы сипатқа ие гепотетикалық теориялық схема құрудан басталады. Жекеленген теориялық ережелер тәжірибе арқылы тексеріледі. Осы негізде зерттеу объектісінің мәні туралы, ондағы қарым-қатынастар туралы теориялық түсінік алынады.
Бірақ та зерттеудің түпкі мақсаты-нақты білім алу. Келесі кезең- бастапқы абстракцияны шынайы өмірге аудару және мәнмен мағынаның осы шынайы өмірден мән мен мағынаның нақты көрінісін аңғару. Бұл мәннен мазмұннан құбылысқа, абстрактылықтан нақтылыққа барар жол. Мысалы, “сабақ беру”, “оқыту” деген абстрактылы ұғымдарды бірдей ала отырып, біз педагогикалық шындықтағы оқу мен оқыту арасындағы қатынастардың өмір сүруінің нақты нысандарын тауып, сол арқылы нақты білім аламыз.
Қолданбалы зерттеулердің барысы бұдан өзгеше болады. Қолданбалы зерттеудің іргелі зерттеуден айырмашылығы сол, мұнда теориялық негіздемелер зерттеушіге беріліп қойылған. Ол зерттеушіні қолда бар теориялар арқылы педагогикалық практикадағы жоюға тиісті кемшіліктерді (мысалы, белгілі бір мақсаттарды орындау үшін оқытудың қолда әдістерінің тиімділігінің жеткіліксіздігі) табуға және сипаттауға еліктіреді. Бұл зерттеудің басы. Бұдан кейін байқалған кемшіліктерді қалай жою керектігі жөнінде түсінік қалыптасады. Осы түсініктің қандай теориялық дәрежеде екендігіне байланысты оның жекеленген элементтерін тексеруге бағытталған эксперимент, екінші жағынан тәжірибе жұмысы арасында айырмашылықтар болуы мүмкін, оны зерттеу жұмысының барысында ескеру қажет.
Ғылыми педагогикалық зерттеулер тәжірибелік эксперименттік және теориялық сипатта болуы мүмкін.
Тәжірибе жұмысы ғылыми ұсынымдарды пайдаланудың неғұрлым тиімді жағдайларын табуға бағытталған. Ғылыми-педагогикалық эксперимент өмірлік, тәрбиелік қарама-қайшылықтарды, қалыптасқан проблемаларды шешуге қатысты ғылыми ұғымдар мен болжамдарды тексеруден тұрады.
Педагогикада теориялық зерттеулер мен оның әдістері ерекше орын алады. Теориялық зерттеулердің мәні белгілі бір дүниетаным тұрғысынан алып қарағанда, эмпирикалық және қорытылған материалды жүйеге келтіруде, талдауда және бағалауда болып табылады Ғылыми жұмысқа қойылатын мңызды талаптар- бұл қолданылатын терминологияның қатаңдығы, нақтылығы, бір мәнділігі.
Кез-келген педагогикалық зерттеу жалпы қабылданған методологиялық өлшемдерді анықтауды көздейді. Оларға зерттеудің проблемасы, тақырыбы, объектісі және мәні, мақсат, міндеттері, болжам және қорғалатын ережелер жатады. Педагогикалық зерттеу сапасының негізгі өлшемдері объектінің өзектілігі, жаңашылдығы, теориялық және практикалық маңыздылығы болып табылады.
Зерттеу бағдарламасы, әдетте екі бөлімнен: методологиялық және рәсімдік бөлімнен тұрады. Бірінші тақырыптың өзектілігін негіздеуді, проблеманы қоя білуді, зерттеудің объектісін және мәнін, мақсаттары мен міндеттерін анықтауды, негізгі түсініктерді (категориялық аппаратты) негіздеуді, зерттеу объектісін алдын ала жүйелі талдаудан өткізуді және жұмыс гипотезасын ұсынуды қамтиды. Екінші бөлімдезерттеудің стратегиялық жоспары, сондай-ақ бастапқы деректерді жинау және талдаудың негізгі рәсімдері мен жоспары қамтылады.
Зерттеушілік ізденістің логикасы мен динамикасы эмпирикалық, гипотезалық, эксперименттік-теориялық (немесе теориялық), болжамдық кезеңдерді іске асыруды көздейді.
Эмпирикалық кезеңде зерттеу объектісі туралы функционалдық түсінік алынады, нақты білім беру практикасының, ғылыми білімдердің деңгейі мен құбылыстың мәнін ашуға деген қажеттіліктің арасындағы қарама-қайшылықтар айқындалады, ғылыми проблема негізделеді. Эмпирикалық талдаудың негізгі нәтижесі, заңдылығы зерттеудің күнбұрынғы тұжырымдамасын тексеру мен растауға мұқтаж болып отырған басты болжамдар мен рұқсат етулердің жүйесі ретіндегі зерттеу гипотезасы болып табылады.
Гипотезалық кезең зерттеу объектісітуралы шынайы түсініктер мен оның мәнін ашу қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған. Ол зерттеудің эмпирикалық деңгейінен теориялық (немесе эксперименттік-теориялық) деңгейіне көшуге жағдай жасайды.
Теориялық кезең зерттеу объектісі туралы функционалдық және гипотезалық түсініктер мен ол туралы жүйелі түсініктер қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықты жоюға арналады.
Теория құру болжам жасау кезеңіне өтуге мүмкіндік береді, ол зерттеу объектісінің тұтас білім беру объектісі екендігі және оның жаңа жағдайларда дамуын алдын ала болжап айтып берудің қажеттілігі туралы алынған түсініктердің арасындағы қарама-қайшылықты шешуді талап етеді.
Қазақстанда педагогика ғылымының дамып, қалыптасуына және педагогикалық ой- пікірдің теориялық еңбектердің Қазақстан топырағында тұнғыш пайда болуына Қазан төңкерісінен кейін 1918 жылы Семей қаласында шыға бастаған «Абай» журналы мен 1919 жылы Орал қаласында шыққан «Мұғалім» журналдары елеулі үлес қосты. Осы журналдарда А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Қарашевтардың ғылыми-әдістемелік, теориялық мақалалары жиі –жиі жарияланып отырды. Мәселен, Ғ. Қарашевтің «Педагогика» атты еңбегінде қазақ халқының ұлттық тәлім – тәрбиесімен бірге ертегі философтері Аристотель, Сократ, XVIII – XIX ғасырлардағы орыс, француз ағартушы- демократтары Ж.Ж.Руссо, Л.Н.Толстой. К.Д.Ушинкий, А.Пироговтардың еңбектері де сөз болады. Ал, Ж.Аймауытов өзінің «Тәрбиеге жетекші» мақаласында ұлтық тәрбиенің мәселелерің ғылыми тұрғыда сөз етеді.
1920 – 1930 жылдары қазақ зиялылары оқу – ағарту , денсаулық сақтау, әйел тендігі, сауатсыздықпен күресу, ауыл мәдениетін көтеру сияқты мәселелерге де арнап құнды мақалалар жазады. әсіресе бұл жылдары оқулық жазумен, оқу – ағарту мәселелерімен тікелей айналысқан. Ә. Бөкенханов, А.Байтұрсынов, Н.Төреқұлов, С.Сейфуллин, М.Жолдыбаев, БМайлин, Ж.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов, О.Жандосов, Т.Шонанов, М. Әуезов сияқты қайраткерлер болады.
1920 – 1930 жылдары ұлт мектептеріне керекті оқулықтар мен оқу - әдістемелік құралдар Қазан, Орынбор, Ташкент, Қызылорда, Алматы қалаларында кітап болып басылып шықты. Оқу – ағарту істерін жандандыру, мектептерді керекті оқулықтармен, оқу - әдістемелік құралдармен жабдықтау ісімен Қазақ АКСР Оқу халық комиссариаты жанынан құралған Академиялық Орталық айналысып отырған. Оның басында көрнекті тіл ғылымы А.Байтұрсынов тұрды. Сондай – ақ Орталық құрамына көрнекті қоғам қайраткерлеріміз М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, С.Сәдуақасов, О.Жандосов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Т.Шонанов, С.Асфендияров, Т.Жолдыбаев, Ш.Әлжанов, Ә.Ермеков, Б.Майлиндер енді. Орталық, негізінен, жаңа жазылған оқулықтар қолжазбаларының сапасын тексеру ісімен айналысты.
1929 жылы республика жұртшылығы сан ғасырлар бойы қолданып келген араб алфавитінен латын графикасына көшті. Латынға көшу жаңа сауаттанып келе жатқан қазақ халқының мәдени даму ісіне үлкен соққы болып тиді. Бұл мәселе 1926 жылы 26 – ақпанда баку қаласында өткен Бүкілодақтық түркологтердің бірінші құрылтайында талқыланды. Қазақстан делагаттарын бастап барған көрнекті түрколог – ғылым А.Байтұрсынов съезде баяндама жасап,араб әріпін пайдаланудын тиімділігін жан – жақты дәлелдеп берген еді. Оның пікірі бойынша араб алфавиті тез оқуға, жылдам жазуға қолайлы. Ал ол жастарды тез сауаттандыруға мүмкіндік туғызады. Баспахана техникасы мен өнімнің құнын төмендетуге де араб әріпін қолдану арзанға түседі және әріпінің құрамы қазақ тілінің орфологиялық қажетін толық қанағаттандырады. Ең бастысы, ежелден бүкіл Орта Азия елдері пайдаланып келген мәдени мұрадан көз жазып қалмау үшін араб әріпін сақтау пайдалы. Ғылымның мүндай дәйекті пікірлері «Халық жауы» деп айыпталғанда көпе – көрнеу бұрмаланып, ұлтшыл, пантуркист кеңестік саясатқа қарсы деген кінәлар тағылдып, оның көзін жоюға себепші болды.
Отызыншы жылдардың басында «Жалпыға бірдей бастауыш білім беру» туралы Заң қабылданды. Осыған байланысты «Бастауыш және орта мектеп туралы» (1931 жылы қыркүйек) және «Бастауыш және орта мектептердегі оқу бағдарламалары мен режимі» (1932 жыл, тамыз) атты екі тарихи қаулы қабылданып, Қазақстан оқу – ағарту істеріне түбірлі өзгерістер енгізілді. Оқытудың сыныптық – сабақтық жүйесі берік орнады. Барлық пәндердің бағдарламаларын қайта қарау, сонымен бірге жаңа идеядағы оқулықтар жасау істері қолға алынды. Бұл істерді ұйымдастыру үшін ғылыми – педагогикалық кабинеттің негізінде (бұрынғы Академорталық) Педагогикалық ғылыми – зерттеу институты (1933 жыл, қаңтар) құрылды. Алғаш оның құрамында бағдарламалық - әдістемелік, педагогикалық және политехникалық 3 сектор болды. Институтының директорлығына Мәскеудің Ұлттар ағарту институтының аспирантурасын бітіріп келген жас ғалым Ш.Әлжанов тағайындалды. Ол 1933 – 1936 жылдары ҚазПИ- дің педагогика кафедрасы меңгерушісі және профессорлық қызметтерін қоса атқарады. Институттың тұңғыш ғылыми қызметкерлері С.Балаубаев(психолог), Қ.Жұбанов (түрколог), Ә.Сыдықов (педагок), Е.Бекмаханов (тарихшы), Б.М.Хамутов (әдіскер), С.Логинов, С.Жиенбаев, Ш.Кәрібаев (тілші- әдіскерлері), Ә. Қоңыратбаев (әдебиетші), Ә.Шәмиева (ұйғыр тілінің маманы), т.б. болды. Олардың тікелей басшылығымен кеңестік Қазақcтан мектептерінің жаңа оқулықтары, оқу - әдістемелік құралдары жарық көрді. Ұлт мектептеріне қажетті оқулық жазу ісіне С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұханов, Ә.Сыдықов, Х..Досмұханбетов, Ә.Ермеков, С.Боқаев сияқты ғылымдар да тартылды.
1935 жылы профессор Ш.Әлжановтың басшылығымен екі бөлімді «Әлемдік педагогикалық хрестоматия» басылып шықты. Онда дүниежүзілік педагогикалық классиктері Я.А.Каменский, И.Г.Песталоции, И.Ф.Гербарт, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, еңбектері қазақшаға аударылып берілді. Сондай – ақ мектептер тарихын зерттеу істері қолға алынды.
Өкінішке орай, 1937 жылы сталиндік репрессияның кесірінен Қазақстанның бір топ педагог-ғалымдары жазықсыз халық жауы атанып қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды, жер аударылды. Олардың сатында бұрынғы институт директоры Ш.Әлжанов, педагог- ғалымдар Қ. Жұбанов, Ш.Қоқымбаев, Ш.Кәрібаев, Ә.Қоңыратбаев, Ә. Сыдықов, Е.Бекмаханов, С.Қожахметов, т.б. бар еді. Осы орынсыз қуғын-сүргіннің кесірінен 1937-1947 жылдар арасында Қазақстанда ұлттық педагогика ғылымы біршама тоқырап қалды.
1946 жылы екінші дүниежүзілік соғысы аяқталысымен, КСРО Ғылымы академиясының қазақстандық бөлімшесі дербес Ғылым академиясына айналдырады. Осыған байланысты Мәскеу,Ленинград, Киев,Одесса, Новосібір қалаларынан әр ғылым саласынан көрнекті ғалымдар Қазақстанға қызметке жіберілді. Олар- С.Е.Малов, А. Н.Бернштам, А.М.Панкратова, Е.П.Брусиловский, А.П.Нечаев, С.Н.Покровский,У.М.Ахметсафин, М.П.Русаков, И.Г.Галузо, А.П.Полосухин, Н.С.Смирнова, т.б. Сөйтіп, орталықтан келген академик, түрколог, педагог, психолог ғалымдардың басшылығымен қазақстандық төл ғалымдар шығып, ғылым докторлары, профессорлар атанды (І.Кеңесбаев,Н.Сауранбаев,М.Мұқанов, С.Қожахметов, Ә.Сыдықов, Қ.Бержанов, Қ.Жарықбаев, Т.Сабиров, т.б.)
1943-1952 жылдары институттың директоры болып істеген Ә.Сыдықовтың «Ы.Алтынсарин педагогикалық ойлары мен ағартушылық қызметі» деген ірі монографиялық еңбегі 1949 жылы жарық қөрді.Онда ұлы ағартушының педагогикалық озат идеяларынан бастап, қазақ даласындағы орыс- қазақ мектептерін ашу жолындағы күресі, жалпы қазақ халқының мәдениетінің дамытудағы аса қажырлы еңбегі көрсетілген. Бұл еңбек – Ы.Алтынсаринды педагог-ғалым ретінде тұнғыш танытқан іргелі зерттеулердің бірі әрі бірегейі.
1950 жылдардың басты мәселесі ретінде толық емес білімді, яғни алғашқы жеті жылдық, кейін сегіз жылдық білім беруді жүзеге асыру күн тәртібіне қойылады. Бұл кезде институт директоры филогогия ғылымының кандидаты Ә.Ермеков (1952 – 1954) еді. Сөйтіп, 1958 жылы бұрынғы КСРО- да жалпыға бірдей сегіз жылдық білім беру енгізілді. Институтта сегіз жылдық және жалпы білім беретін политехникалық орта мектептердің оқу жоспары, жасалып, жаңа оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды даярлау бағытында жұмыс жүргізіліп, қарқыны артты. Осы кезде қазақ тілімен әдебитінен оқулықтар даярлау мен оларды оқыту әдістемесін жасау ісіне Қазақ КСРО – ға корреспондент мүшесі,филология ғылымының докторы, 1953 – 1962 жылдар аралығындағы институт директоры А. Ысқақов, ғылым кандидаттары И. Ұйықбаев, Ә.Хасенов, профессорлар С.Аманжолов, М. Балақбаев, К. Аханов, М. Ғабдуллин, Қ. Жұмалиев, С. Қирабаев, Ә.Шәріпов, т.б. үлкен үлес қосты. 1959 – 1960 жылдары белгілі қазақ тарихшысы Қазақ КСРО – ға корреспондент мүшесі, тарих ғылымының докторы Е. Бекмаханов(1937 – 1939 жж. Институт директоры) мектептің 8 -10 сыныптарына арнап Қазақстан тарихы бойынша оқу құралын жазды.
1950 жылдардың соңында институт Педагогика ғылымдары ғылыми-
зерттеу институты атанды.
1962 – 1974 жылдары иститут директоры болып қызмет атқарған КСРОП – ға корреспондент мүшесі, педагогика ғылымының докторы, професоры Ә. Сембаевтың « Қазақстан мектептерінің тарихы туралы очеретер » (1958), Г. Храпченковтың «Қазақстанда халыққа білім берудің ғылыми – педагогикалық мәселелері » (1976) еңбектерінде ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап 1970 жылдарға дейінгі оқытудың мазмұны мен әдістерінің даму мәселелері баяндалды.
1966 жылы институтқа Ы. Алтынсарин аты берілді.
1960 – 1970 жылдарда институттың барлық бөлімдері мен секторларының басты жұмысы қолданылып жүрген оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жаңарту, қайтадан жасау, жалпы білім мазмұнын жетілдіруге бағытталады.
1965 – 1970 жылдары институт қызметкерлері; аспиранттары мен ізденушілері 1 докторлық, 31 кандидаттық диссертация қорғады. 1970 жылдардың соңына қарай республикада жалпыға бірдей міндетті орта білім алу жүйесі жасалғанымен, мектеп өмірінде кемшіліктер аз емес еді. Сондықтан оқу бағдарламаларын күрделі әрі қажетсіз қосалқы материалдардан арылту мәселесі алға қойылды. Ұлт мектептерінде орыс тілін үйретуге қосымша сағаттар бөлініп, оның оңтайлы шешілуіне институт ұжымы өз үлесін қосты. Сондай – ақ институт жұмысын да алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді қортындылау мен тарату үлкен орын алды. Баспадан мұалімдердің озат тәжірибелерін жинақтаған «Бастауыш мектеп мұғалімдерін тәжірибесінен » (1972,1974), « Қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті мұалімдерінің тәжірибесінен » (1972,1975) және басқа да көптеген жинақтар шықты.
1970 – 1980 жылдар арасында тарихи – педагогикалық , дидактикалық - әдістемелік жұмыстар бойынша оңдаған зерттеу еңбектері жарық көрді. Сонымен қатар осы жылдары пәндерді оқытудың әдістемесі саласында да оңдаған диссертациялар қорғалды. Бұл салада жемісті еңбек еткен ғалымдардан Ө. Хаймолдин, Р. Әміров, Б. Баймұратова, Б. Катенбайева, Б. Құлмағанбетова, И. Ұйықбайев, Р. Есенжолва, С. Мазғұтова, Ж. Адамбаева, Қ. Аймағанбетова, Т. Ақшолақов, Ә. Дайырова, С. Тілешова, Ғ. Құтқожина, т.б. ерекше атап өтуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет