№ 4 дəріс
Органикалық қосылыстардың реакциялық қабілеттілігі. Молекуладағы атомдардың өзара
әсері. Реакция түрлері: орынбасу (S
N
, S
E
, S
R
), қосылу (A
E
, A
N
), элиминирлеу (Е), қайта топтасу.
Дəрістің мақсаты:
- органикалық қосылыстардың реакциялық қабілеттілігін сипаттау,
-молекуланың реакциялық қабілеттілігін анықтайтын факторларды түсіндіру.
-полюстілік, поляризацияланғыштық, қосарлану және асқын қосарлануды сипаттау.
Дəрістің қысқаша мазмұны:
Байланыстың полюстілігі және поляризацияланғыштығы туралы түсініктің молекуладағы
электрондық тығыздықтың таралуы, демек, молекуланың реакциялық қабілеті туралы мәлімет
беруі.
Органикалық қосылыстардың реакцияға түсу қабілеті молекуладағы электрондардың
атомдар арасында бөлінісуімен (ығысуымен, ауысуымен) және қозғалғыштығымен анықталуы.
Молекуланың реакциялық қабілеттілігінің: байланыстың полюстілігіне; байланыстың
поляризацияланғыштығына;
қосарлануға
(сопряжение)
және
асқын
қосарлануға
(сверхсопряжение, гиперконьюгация) тәуелділігі. Электрондық эффектілер: Индуктивтік (+, -
I) және мезомерлік (қосарлану) эффектілері(+, - M).
Электростатикалық индукцияның әсерінен (атомдардың өзара әсерінен) зарядтардың
атомдар тізбегі бойынша тарау құбылысы- индукциялық эффект. Қосарланған жүйелердің
электрондық құрылысы. Мезомерлік эффект. Мезомерлік эффект
-байланыстың
электрондарының атомдар арасында ығысуы мен анықталуы. Асқын қосарланудың
органикалық химиядағы көптеген құбылыстарды түсіндіруде маңызды роль атқаруы.
Реакция түрлері: орынбасу (S
N
, S
E
, S
R
), қосылу (A
E
, A
N
), элиминирлеу (Е), қайта топтасу.
Достарыңызбен бөлісу: |