Дәрістің тақырыбы: «Қимыл дағдылары қалыптасуының физиологиялық механизмдері»
Құрастырушы: Р.Б. Лесбекова
Дәрістің мақсаты: Дәрістің тақырыбы: Қимыл дағдылары қалыптасуының физиологиялық механизмдері зерттеу.
Дәріс жоспары
1. Қимыл мүмкіндіктері, дағдылары және оларды зерттеу әдістері.
2. Қимыл дағдысы - қимылды, талдағышты және вегетативті рефлекстердің жиынтығы ретінде.
3. Спортты қимыл дағдыларындағы динамикалық стереотип және экстраполяция.
4. Қимыл дағдылары қалыптасуының кезеңдері.
5. Қимыл дағдыларын жетілдірудің физиологиялық негіздері.
1. Спортшылардың техникалық шеберлігінің негізін қиымл мүмкіндіктері және қимыл дағдылары құрайды, олар шынығу процесі нәтижесінде қалыптасып, спорттық нәтижеге әсер етеді.
Қимыл мүмкіндіктері – спортшының қимылды деңгейде қимыл әрекеттердің жаңа міндеттерін меңгере алу қабілеті. Мақсаттылығымен және тиімділігімен сипатталады. Қимыл ммүмкіндіктері негізінен спорттық ойындарда және жекпе-жек спорт түрлерінде айқындалады. Бұл кезде уақыт жетіспеуі жағдайында нәтижелі іс-әрекеттер қалыптастыру қажет.
Қимыл дағдысы – Сананың қатысынсыз (автоматты) орындала алатын меңгерілген және бекітілген қимыл мүмкіндіктері және олар қимыл міндеттерінің тиімді шешілуін қамтамасыз етеді. Олар шынықтыру және жарыс кездерінде өзгеріссіз, бір тәртіппен қайталанып отыратын бір қимылдардың бірнеше рет қайталануы нәтижесінде бекітіледі (әсіресе сатндартты және стереотипті спорт түрлерінде).
Қимыл дағдыларын зерттеу әдістерін екі топқа бөлуге болады: а) қимылдардың сытрқы; ә) ішкі құрылымын айқындайтын. Сыртқы құрылымын айқындайтын әдістерге – кино, сурет, қимылдардың видеоға, киноға түсірілуі, динамомтерия, ганиометрия, циклография және т.б. жатады. Қимыл дағдыларын зерттеудің ішік құрылымын зерттеу әдістері – электроэнцефалография, электромиография, Н рефлекстер жазбасы және қимыл бірліктерінің белсенділігі.
2.3. Қимыл дағдысы - қимылды, талдағышты және вегетативті рефлекстердің жиынтығы ретінде. Ағзадағы әртүрлі қимыл дағдыларының қоры бір жағынан, туа біткен қимылдардан; екінші жағынан, жеке тіршілік барысында арнайы оқыту нәтижесінде қалыптасатын қимылдардан тұрады. Адам қимыл белсенділігінің дайын айқындалуының шектеулі қорымен (жұту, ему, аяқ-қолдардың бүгіліп-жазылуы) туылады. Бұлшық еттердің жиырылуы шартсыз қимы рефлекстерінің есебінен жүзеге асады. Бұларға – қарапайым созылу, тіректен тепсіну, бүгілу рефлекстері жатады. Бұл рефлектстердің ОЖЖ-гі түйісу деңгейі – жұлында. Ырғақты қимыл рефлекстері де (адымдау және қасыну) осы жұлында қалыптасады.
Күрделі қимыл дағдылары туа біткен қимылдарға жатпайды. Олар жекелей даму барысында қалыптасқан.Қимыл дағдылары жүйке орталықтарының арнайы функционалді жүйесімен жүзеге асады. Бұл жүйенің қызметіне бірқатар процестер жатады: афферентті тітіркендулердің талдануы (сыртқы немесе ішкі орта хабаралры); басым мотивацияны есепке алу; есте сақтау ізділігін қолдану (қимылдар жиынтығы және меңгерілген тактикалық қимылдар үйлесімділігі); қимыл бағдарының және қимыл нәтижесі туралы түсініктің қалыптасуы; егер нәтиже болмаса, бағдарламаға талдағышты өзгерістер енгізу. Осы процестерді қамтамсыз етеін нейрондар жиынтығы жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінде орналасады. Нәтижесінде қимылдар біршама үнемді орындалады, бұл кезде тек қана қажетті деген бұлшық ет топтары қатысады.
Жүйке орталықтарын қоздыру тәртібі шартты және шартсыз рефлекстердің, соларды қамтамасыз ететін вегетативті реакциялардың нақты жүйесі ретінде қимылды динамикалық стереотип түзе отырып бекітіледі.
Қимыл дағдылары, негізінен екінші қатарлы – оперантты және құралды шартты рефлекстерден құралатын шартты рефлекстер болып табылады. Олардағы рефлекторлық доғаның жаңа бөлімі – оның эффекторлы бөлімі, ол деген сөз – бұрын меңгерілген әрекеттерден жаңа қимылдар немесе қимылдар жиынтығы қалыптасуы.
Жаңа қимыл дағдыларын бұрыннан бар элементтер негізінде қалыптастыру экстраполяция құбылысына (алдыңғы жауапты қолдану) жатады.
.
Достарыңызбен бөлісу: |