Сабақтың мақсаты: а) білімділік; сөз тіркестерінен алған білімдерін тереңдету.
ә) өз беттерінше салыстыру,қорытынды жасауға үйрету,оқушылардың дағды-машығын,таным белсенділігін арттыру.
б) сөз құдіретін терең түсініп,орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: танымдық әрі жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,жарыс,әр түрлі ойын түрлері,суретпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық төрт түлік малдың,адамның бейнесі.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру
ІІ Қайталау үшін қойылатын сұрақтар
1.Лексика нені зерттейді?
2. Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не?
3. Тұрақты сөз тіркестерінің негізгі белгілерін ата.
ІІІ Сызбаны үлгі бойынша толтыру
Р.с
|
Еркін сөз тіркестері
|
Тұрақты тіркестер
|
1
2
3
4
|
Тайға таңба басты.
Ол көзін ашып,қайта жұмды.
... ... ...
... ... ...
|
Оның жазуы тайға таңба басқандай анық еді
Концерт көзді ашып- жұмғанша аяқталды.
... ... ...
... ... ...
|
ІҮ Мына сөздердің фразеологиялық синонимдерін жаз.
1. Бақытты - маңдайы ашылған,қыдыр дарыған,бақ қонған.
2. Анық – тайға таңба басқандай,қолмен қойғандай
3. Алыс – ит өлген жер,ит арқасы қиянда
4. Қуану – төбесі көкке жету,қуанышы қойнына сыймау
Ү Мына фразеологизмдердің мағынасын білдіретін сөздерді жаз
1. Жүрегі алып ұшты – қобалжыды
2. Төбесі көкке жетті – қуанды
3. Бармағын тістеді - өкінді
4. Жермен-жексен ету – ұялту,ұтылу
5. Қол ұшын берді – көмектесті
ҮІ Мына тұрақты тіркестердің антонимдерін жаз
1.Жүрек жұтқан – су жүрек
2. Жүрегі қарс айырылды -
3. Қой аузынан шөп алмас –
4. Ит терісін басына қаптады –
ҮІІ Өзара синонимдес тұрақты тіркестер ойлап жаз
1.Көз ілмеді.Түн ұйқысын төрт бөлді.Кірпігі айқаспады.Көрер таңды көзімен атырды – ұйықтамады.
2. Жұмған аузын ашпады.Ләм-мим демеді.Аузына құм құйып қойғандай.Тіл қатпады – үндемеді.
3. Төбе шашы тік тұрды. Зәресі кету.
ҮІІІ Сурет бойынша жұмыс
Адамның портреті ілінеді.Адамның бет-әлпеті,мұрны аузы,маңдайы,тілі,тісі,жағы т.б.қатысына қарай тілімізде қалыптасқан тұрақты тіркестер ойлау.
1-қатар.'>1-қатар.Бет,жақ қатысына қарай айтады.Мысалы; бетің бар,жүзің бар демейді – тура айтады,бетінен оты шықты – ұялды.
2-қатар.Көздің қатысына қарай айтады.Мысалы;көздің жауын алады -әдемі,керемет;көзінің жасы көл болды – жылады.
3-қатар.Мұрын,езу қатысына қарай айтады.Мысалы; танауы тасқа тиді-жолы болмады;мұрнына су жетпеу-уақыты болмады, екі езуі екі құлағына жетті –қуанды.
4-қатар.Тіл мен тістің қатысына қарай айтады.Мысалы, тілі мірдің оғындай -өткір,шешен;тісінен шығармады.
Төрт түлік малдың суреті ілінеді.Төрт түлік мал,олардың жеке түрлерімен байланысты толып жатқан тұрақты тіркестер бар.
1-қатар.Түйенің суреті бойынша айтады.Түйені түгімен жұтқан,түйе үстіне сирақ үиту.
2-қатар.Қойдың суреті бойынша айтады.Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған,қой аузынан шөп алмас, қой мінезді.
3-қатар. Сиыр малы мен ешкінің суреті бойынша айтады. Сиыр құйымшақтату,өгіздей өкіреді, бұзау жалағандай,сиыр сілекейленді.
4-қатар.Жылқының суреті бойынша айтады.Ат құйрығығын кесісті,ат шаптырым жер,жылқы мінезді,тайлы-таяғымен келді.
Жыл мезгілдерінің суреті ілінеді.
Қыс – қабағынан қар жауып,ақ қар ,көк мұзда.
Көктем – жапырағын жайды.
ІХ Дәптермен жұмыс."Менің досым" тақырыбына партада отырған екі оқушы бір-біріне мінездеме жазады.Ішінде тұрақты тіркестері болуы керек.Осы үлгідегі төрт қатардан ең үздік оқушыларға ішінде тұрақты тіркестері бар мәтін құрастыру тапсырылған,сол әңгімелер оқылады:"Менің анам","Асыл әжем","Саяхат","Ана мен бала" .
ХІ Пәнаралық байланыс.Орыс тілімен байланыстыру
1.Рано- ни свет,ни заря.Мой дед просыпался ни свет,ни заря.
2.Недалеко-в двух шагах.Я живу в двух шагах от школы.
3.Быстро-сломя голову.Мальчик бежал сломя голову.
4.Исчез-как в сквозь землю провалился.Мой друг как в сквозь землю провалился.
ХІІ Тақтамен жұмыс
1 .......тай ұшты,......нан күлу,..............ыңды балта кеспейді.
2 .......жұтқан,.......нің түгі бар,..........айну.
3 .......ге ілмеу,....іне шөп салмау,........і тоймау, ....іне көк ала шыбын үймелету.
4 .......ын шүйіру,....ын көкке көтеру,......ына су жетпеу, .......ындық болу.
Х Венн диаграммасы
Тұрақты тіркестер мен еркін тіркестердің айырмашылығы, ортақ белгілері табылады.
Оқушы білімін бағалау.Сабақты қорыта отырып,оқушыларды білімдеріне қарай бағалау.
Үйге тапсырма.Тұрақты тіркестерді қайталау. "Менің колледжім" тақырыбында тұрақты тіркестері бар шағын мәтін құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |