Девальвация және оның артықшылықтары мен кемшіліктері



Дата20.06.2016
өлшемі44 Kb.
#149023
ДЕВАЛЬВАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
Әбілда Сымбат

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭжБ ЖМ

Экономика, 3 курс студенті
Ғылыми жетекші

Иляшова Гулия Кенжебековна 

аға оқытушы, экономика магистрі
Девальвация (лат. de - күшін жою; valeo — мәнді, құны бар) - ұлттық ақша бірлігінің басқа шетелдік валютаға қатысты тұрақты құндылығының заңды дәрежеде төмендеуі, құнсыздануы.

Девальвация көрінуіне байланысты түрлері. Ашық девальвация заңды тұрғыда танылған девальвация, алтын қорынан өтелмейтін көлемде қағаз ақшаларды айналыстан алу немесе айырбастау есебінен валютаның ресми бағамын төмендету.

Жaсырын девальвация — ресми жария етілмеген девальвация, мемлекеттің құнсызданған ақша купюраларын айналымнан алмай-ақ ақша өлшемінің алтын қорына байланысты нақты алтын баламын төмендетуі. Девальвация Қазақстанда Ұлттық Банкпен жүргізіледі.

Девальвациялық қауіп негізінде валютаның басқа валюталарға қатысты күрт төмендеу қаупі түсіндіріледі. Девальвациялық қауіпті бағалау оның қандай формада болып жатқандығына байланысты болады. Мемлекет басшыларының тұрақты курсты төмендету алдын ала болжануы мүмкін; реттеу органдарының валюта курсын ұстап тұра алмауынан пайда болған стихиялық девальвацияны бағалау қиын болып келеді. Инвесторлар валютаның курсының күрт төмендеуі күтілетін жағдайда өз қаражаттарын материалдық тасымалдаушыларға сала бастайды.

1999 жылдан бері қарай біз үш де­вальвацияны бастан өткіздік. Мысалы, 1999 жылы азиялық дағ­дарыс басталып, «жолбарыстар ел­де­рінің» ұлттық валюталары құл­ды­рап, құнсызданды. Бұл біздің көршіміз – Ресейдің рублін де шайқалтып кетті. Жұрттың бәрі АҚШ доллары мен марка сатып алуға жаппай кірісті. Әрине қаражаты барлар. Дәл осы жылы бізде бір доллар 88 теңге болғанын да жұрт ұмыта қойған жоқ. Сол жылдың екінші жартысында еліміздің сауда балансының тапшылығы сезіле басталып, Қазақстанға арзан, сапасыз импорт ағыла бастады. Дол­лар­дың тегеурініне теңге шыдап тұра алмай, 1999 жылдың 5 сәуірінде 150-160 теңге бір-ақ АҚШ доллары болып қалды. Бұл бірінші девальвация.

Екінші девальвация 2009-да орын алған. 2007 жылы әлемдік экономикалық дағдарыстың бі­рінші толқыны ұрып өтті. 2008 жыл­дың желтоқсан айында Ресейдің Орталық банкі рубльді девалвациялады. Одан кейін барып, юань құнсызданды. Барлық дамушы ел ұлттық валюталарын девальвациялауға мәжбүр болды. 2009 жылы біздің теңгеміздің долларға шақ­қандағы бағамы 170 теңге деңгейіне жетті. Кейіннен бір доллар 150 теңгеге тұрақтанды. 2014 жылдың 11 ақпанын­дағы де­валь­вация шынында да есең­гі­ретіп кетті. Себебі адамдар мұндай жағ­дайды әзір күтпеген, бейқам еді. Әйтсе де үкімет пен ҰБ осындай қадамға баруға мәжбүр болды. Қазақстанда им­порт жедел өсуде, Ресейде де солай. 2011 жылы импорт елімізде 21 пайызға, 2012 жылы – 15, 2013 жылдың 11 айында 5 пайызға өскен.

Девальвация экспорттаушылар үшін сауда-саттық жасау жағдайларын жақсарта түседі. Дамушы қатардағы елдердің тауар экспорттау көлемі көбінесе, тауар-шикізат нарығындағы әлемдік баға деңгейінің ауытқуына тәуелді болады.

Теңгенің девальвациялануы сыртқы қарызы бастан асып отырған банк секторы үшін, айтарлықтай кері әсер ететінін де ұмытпаған абзал. Дегенмен, девальвацияны жария етуден санаулы күндер бұрын жүйе қалыптастырушы банктерді қайта қаржыландыру және қаржы жүйесінің тұрақтылығын күшейту жөніндегі ҚР Үкіметі қабылдаған шаралар, жоғарыда аталған тәуекелді төмендетеді деп ойлаймыз. Теңгені девальвациялануының ең басты пайдалы жағы мемлекеттік валютаның алтын қорының сақталуы – еліміздің бұдан арғы даму әлеуеті мен тұрақтылығының кепілі болып табылады.

Алтын валюта қоры көлемін кемітуді ұзаққа соза беруге болмайды, өйткені, Қазақстанның қосалқы қоры жеткілікті. Егер, алтын валюта қорының классикалық белдемі импорттың 3 айлық көрсеткішін жабуға тиісті болса, Қазақстандағы жағдай бөлекше, мұндағы алтын-валюта қоры мүмкіндігі бұдан да ұзақ мерзімді жабуды қамтамасыз ете алады.

Теңгенiң айырбастау бағамы сыртқы саудадан түсетiн валюталық табысқа тiкелей байланысты екенi түсiнiктi. Сондықтансыртқысаудадағыжағымсызқұбылыссақталаберсе, мұның арты теңгенiңқұнсыздануынаәкепсоқтыруыәбденықтимал. Оның үстiне Қазақстанның Ке­ден­дiк одаққа мүше елдер мен арада ғысауда-саттық көрсеткiштерi де мәз емес. Мәселен, бiзденелденРесейжәнеБеларуськеағылатын экспорт соңғы айда не бәрi бiр па­йызғағана артып, 504 миллион долларға жеткен. Ал осы елдерден Қазақстанға келетiн импорт керiсiн­ше 10,8 пайызға артып, 1 миллиард 168 миллионға көтерiлген. Ендi бұдан туатын терi ссальдоны есептей берiңiз. Ол минус 664,6 мил­лион долларға тең.

Девальвацияның жағымды жақтарымен қатар терi сәсерi де ескерiлуi тиiс. Сондықтан теңгенi құнсыздандыру мәселесi экономикалық шарадан гөрi саяси деңгейде қабылданатын шешiм десек те болады. Бiр жағынан өнеркәсiптi қолдау үшiн теңгенi құнсыздандыру керек. Себебi отандық өндiрушiлер ресейлiктермен бәсекеге түседi. Алайда екiншi жағынан оның терiс салдарын да түсiну керек. Әрі екiншi қаржылық дағдарыс банк дағдарысымен қатар жүредi. Несие портфельдерiн еендi ғана жан бiте бастады. Ал теңге құнсызданса, бұл тежелуi ықтимал. Тағы бiр жайт – соңғы кездерi қазақстандық компаниялар шетелден тiкелей көп қарыз алды. Трансшекаралық қарыздар көлемi 50 миллиард доллар­ға жуықтады. Девальвация осы компанияларға ауыр тиетiнi сөзсiз. Дегенмен қоғамдағы әлеуметтiк шиенелiстi естен шығармаған жөн. 10 мың адамға келетiн қылмыс саны бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткiшке жеттi. Сондықтан экономиканы жаңдандыру қажет.

Девальвация валюталық сферада күрделі көрініс болып табылады. Мемлекеттер девальвацияны жүргізбеу үшін мүмкін болатын шаралардың барлығын қолданады: тауарды экспортынын таландырады, импортты шектейді, орталық банктің процентін жоғарылатады, алтын қорларын қолданады. Девальвация әлемдік нарықтық бәсекелестікте күшті шабуыл құралы ретінде қолданылады. Ол үнемі тауарды елден экспорттауға ынталандырады, ал ол өз кезегінде мемлекет үшін тиімді болып табылады. Сонымен қатар девальвация елдің сауда және төлем балансының жағдайын жақсартады.

Қорыта келгенде девальвация дегеніміз – ұлттық валюта бағамын шетелдік валютаға қатысты төмендету. Яғни, әлемдік тәжірибеде кез-келген мемлекет төлемдік теңгермесінің тапшылығын қысқарту, жаһандық нарықта тауарлардың бәсекегеқабілеттілігін арттыру және ішкі өндірісті ынталандыру үшін девальвацияны қолданады.

Сонымен қатар, ғаламдық дағдарыспен күрес шеңберінде Үкімет экспортқа бағытталған салаларды өркендетуді, аграрлық сектордың белсенділігін арттыруды ойлап отыр. Бұл жердебізге девальвация қажет! Өйткені теңгенің бағамын төмендету саудалық сальдоны жақсартып, бізге капиталдың ағылуына мүмкіндік береді.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Валютное регулирование и валютный контроль: Учебник /Под ред. В.М.Крашенникова. М.: Экономист. 2005.

  2. Меньшиков С.М. Доллар сегодня и завтра //Банковское дело №1, 2008

  3. Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми интернет-ресурсы

  4. www.wikipedia.com


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет