Экономикалық және әлеуметтік салаларды қалыптастыру және дамыту жолдары



Дата01.07.2016
өлшемі62.51 Kb.
#170559
Экономикалық және әлеуметтік салаларды қалыптастыру және дамыту жолдары
Экономикалық және әлеуметік салаларды қалыптастыру және дамыту түсінігінің ерекшелігін әр түрлі дәуірдегі зерттеу еңбектеріндегі теориялық негізсіз анықтау мүмкін емес.

Басты экономикалық қарым-қатынастарды ерекшелей отыра, марксизм қоғамды бизнес және қондырма бірлігінде қарады. Экономика – бұл әлеуметтік дамытуды қамтамасыз етудің қосалқы жүйесі. Демек, экономикалық динамика қоғамдық үрдістің құралы, оның шарттары болып табылады. Ф. Энгельс жазған сияқты: «Бөлу таза экономикалық ұғымды басқарғандықтан, өндірістің мүдделерімен реттеледі, өндірістің дамуы бәрінен бұрын барлық қоғам мүшелеріне жан-жақты дамуға, өзінің қабілеттерін қолдауға және жетілдіруге мүмкіндік беретін әдіспен ынталандырады».

Халықтың өсіп келе жатқан материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру қоғамдық өндірісті үздіксіз дамыту және жетілдіру жолымен жүзеге асырылады, сондықтан әдеуметтік және экономикалық үрдістердің өзара іс-қимылының мәселелерін шешу кезінде қоғамның эконмикалық және әлеуметтік салаларын дәл анықтау маңызды болып табылады.

Еліміздің халық шаруашылық кешенінің дамуының аймақтық ерекшелігі әлеуметтік салалдағы аумақтық ұйымдасуын анағұрлым терең зерттеуді талап етті. Бұл сұраққа В. В. Пакшитевский, О. А. Евтеев, С. А. Ковалев өз зерттеулерінде қарастрыған.

Берілген зерттеулерден шығарылған гипотезаға сәйкес ауылдық аймақтық ортақтықтың құрылымдық элементтеріне келесі индекаторлар кіреді.:

1) «Табиғи жағдайлар». Бір жағынан, аймақтық табиға орта сапасын тұрғындардың әлеуметтік мүдделер саласының элементтерінің саласы ретінде бағалау керек. Екінші жағынан, табиғи жағдайлар ауылдық-аймақтық ортақтықта ерекше рөлге ие, олар ең үлкен дәрежеде ауыл халқының жұмыспен қамтудың негізгі саласы – ауылшаруашылық өндірістің нәтижелігін анықтайды. Сондықтан климаттық, ландшафттық сипаттамалар жер-су сапалары, т.б. аймақта сол ауыл аумағындағы тұратын халықты әлеуметтік қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуде мағыналы болып табылады.

2) «Халықтық ұлттық – демографиялық құрамы». Бұл – аймақтық топтардың бөлінбейтін сипаттамасы, онда оның сапалық ерекшелігі тіркеледі. Бір уақыттары ол ауыл дамуының қолайлы жағдайдан біріктірілген көрсеткіші ретінде шыға алады. Осылайша, халықтың демографиясы ұдайы өсіп-өнудің қалыпты үрдісі, аймақтық топтардың келещегі туралы көрініс береді. Және керісінше, халықтың демографиялық ұлттық құрылымының негізгі пропорцияларының бұзылуы аймақтық ортақтық аясында шешілмеген индикатор бар болуы жиі көрінеді, халықтың аймақтық топтарының дамуы мен ұдайы өсіп-өнуіне қауіп түсуі мүмкін.

3) Жұмыс орындары құрылысы мен өндіріс тиімділігі өндірістік-экономикалық ортаны сипаттайды. Аймақта тұратын халықтың еңбек саласындағы мүмкіншілігі, көптүрлілігі, сапасы туралы сөз болып отыр. Еңбектенген халықтың барлық топтарын қазіргі дамып келе жатқан шығармашылық еңбек талаптарына сәйкес жұмыс орындарымен қамтамасыз ету қоғамның әлеуметтік дамуының басты мақсаттарының бірі болып табылады, демек сол немесе басқа аймақтық топтардың әлеуметтік жағдайының маңызды индикаторы болып табылады.

4) «Аумақты меңгеру және жерге орналастыру» - басқа әлеуметтік топтармен салыстыру бойынша аймақтық ортақтықтың ерекшелік сипаттамасы. Бұлар олардың кеңістікке таралуын әр түрлі елді мекендерге орналасуын көрсетеді, орталыққа жақындығын немесе шеттегі аймақтың алыстығын көрсетеді. Ретроспективте аумақты игеру деңгейі және ауыл тұрғындарын жаңа жерге орналастыру табиғат жағдайларымен анықталатын немесе осылар ауылшаруашылығын жүргізу мүмкіндігі және ауыл халқын белгілі аумақ бөлімшелеріне орналастыруға себепші болды.

5) «Жеке қосалқы шаруашылықты дамыту» - қаламен салыстырғанда ауылдық топтардың ерекшелік сипаттамасы. Жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) мөлшері оның мамандандырылуы табиғи жағдайларда тұратын халықтың демографиялық және экономикалық сипаттарына байланысты. ЖҚШ дамытуда ауылды жаңа жерге орналастырудағы орны, орталық қора-қопсыдан алшақтық қосалқы шаруашылық жүогізу жағждайына әсерін тигізеді.

6) «Халықты жұмыспен қамту және кадрлар құрылымы» - аймақтық топтардағы жұмысшы халықтың сипаттамасы. Оған жұмыс орны құрылымымен ескерілген өндіріс саласы бойынша тарату, білімді және кәсіби білікті кадрлар құрылымы жатады. Өз кезегінде соңғы аймақтық топтардың демографиялық параметрлерімен анықталады. Мысалы, егер ауыл жұмыскерлерінің құрамында жастар көп болсаонда оның деңгейі жоғары болады. Ауыл халқының ұлттық құрамы да әр түрлі ұлттық топтардың экономикалық мәдениеті әр алуан болғандықтан кадрлардың кәсіби құрылысында маңызды болып табылады.

7) «Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым және тұрғын үй» және «Кірістер және халықтың материалдық әл-ахуалы» - ауыл-аймақтық топтардың материалдық статусқа қатынасы бойынша өзіндік әр түрлі орын алады.

Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым және тұрғын үйлер белгілі аумақтарға қатты «бекітілген» күрделі жаңа жерге орналастырумен аумаққа үйленудің деңгейімен ескерілген. Ол өз алдына аумақтың «Әлеуметтік әлеуеті» бөлігін білдіреді. Басқа материалдық игіліктердің қамтамасыз етілуі мен кірісіне не байланыста, олар қоғамдық өндірістің сол немесе ЖҚШ-тағы еңбек ұсынысының аймақтық ескерілген мүмкіндіктерімен беріледі, бірақ сонда да материалдық жағдайдың анағұрлым икемділік сипаты мен аймақтық топтардың әлеуметтік статусы болып табылады.

8) «Халықты өмір сүру жағдайымен қанағаттандыру» ауыл аймақтық топтар мүшелерінің берілген әлеуметтік мәдени жағдайларындағы өзін-өзі өткізу мүмкіндігінің қосалқы сипаттамасы.

Ауылдық жаңа жерге орналастыру және соның негізінде қалыптасатын ауыл тұрғындарын әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету жүйесінің тығыз өзара байланысты көптеген зерттеулермен дәлелденді. Оның негізінде әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық жағынан субъектілерінің құрылысының жоспарлауының елеулі тәртіптері жатыр.

Бұдан әрі, әлеуметтік орта В. В. Покишимскийдің, Ж. Т. Тощенконың, Ю. Н. Козаковтың еңбектерінде көрініс тапқан. Олар әлеуметтік инфрақұрылым - әлеуметтік ортаның аумақтық-салалық жүйесін қалыптастыру және дамытудың белгілі ғылыми әдістемелік негізін қалаған. Зерттеуді одан ары қарай жалғастыру үшін түсінік көздері ретінде келесілерді қолдану ұсынылды:

1) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің саралық аспектілерінен көрініс беретін әлеуметтік даму;

2) әлеуметтік орта - өндірістік күштердің аумақтық ұйымдастырылуының құрылымдық компоненттерінен шыққан халықтық шаруашылық салаларының кешені;

3) әлеуметтік инфрақұрылым – материалдық-техникалық база (ғимарат, құрылыс, т.б.).

Ғалымдардың айтуы бойынша, барлық аталған түсініктер өзара байланысты және негізгі мәселелер – халықтың қажеттілігін қанағаттандыру және жеке тұлғаның жан-жақты дамуын шешуге әр түрлі әдістемелік тәсілді қолдану мүмкіндігін ескереді.

Әлеуметтік ортаның салалық жүйелерін қалыптастыру мен дамыту қызмет көрсету сапасына тікелей байланысты, өткізім минималды уақытты талап етеді және сондындықтан халықты жергілікті шоғырлану орнымен байланысты. Кәсіпорныды орналастыру мен тұрпаты таңдалады, мекеменің оңтайлы желісін қалыптастыру жүзеге асырылады. Отандық қала құрылысының тәжірибесінде әлеуметтік қызмет көрсету функцияларына байланысты халықтың қажеттілігін қанағаттандыратын 3 кәсіпорын топтары бар:

1) Күнделікті сүранысқа арналған – мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі, жалпы білім беру мектептері, азық-түлік дүкендері, қабылдау пунктері, асханалар, т.б;

2) Дүркін-дүркін сұранымға арналған - әмбебап дүкендер, дәріханалар, емханалар, спорт залдар, т.б;

3) Эпизодтық сұранымға - әкімшілік және шаруашылық мекемелер, мұражайлар, жоғары оқу орындары.

Қызмет көрсету сұранымының шоғырлануына байланысты кәсіпорындарды ұйымдық формада орналастыру да әзірленеді:

Қалаларда тұрғын үй таптары, шағын аудандар, тұрғын және әкімшілік аудандар кәсіпорындарының аумақтық кешендері қалыптасады.

Ауылдық жерлерде ауыл аралық қызмет көрсеті кәсіпорныдарының кешендері ұжымшарлар мен кеңшорлардың, аудандық және облыстық жілікшілік орталықтардың жеке оралық қоныстардың қызмет көрсету кешендері құрылады.

Инфрақұрылым салаларын және аумақтық жүйені дамыту кеңейтілген мақсаттары мен қажеттіліктеріне сәйкес қалыптасудың бірнеше деңгейімен сипатталатынын ескере сақтау маңызды. Казаков пен Мовчан көзқарастары бойынша бірнеше деңгейді қарастыруға болады.

Жалпы мемлекеттік мәнді инфрақұрылымдық табиғи қорларды игеру және оңтайлы қолдану, көліктік тасымалдарды орталық энергиямен жабдықтау және уақытылы қамтамасыз етуді, елді мемлекеттік және ауылшаруашылық басқарудың барлық жүйелерін жетілдіруді қарастырады. Осындай бағдарламалар бойынша мелиорацияны дамыту, магистральді газқұбырлары мен мұңай құбырлары және т.б. жалпы мемлекеттік және аймақаралық масштабтағы құрылыстырының дамуын жүзеге асырады.

Аймақтық мәнді инфрақұрылым. Еліміздің ірі экономикалық аудан шекараларында инфрақұрылым жүйелерінің аймақтық деңгейі ірі энергетикалық ғимараттар, көлік тараптары және су құбырлары, гидротараптар негізінде қалыптасалды және дамиды. Шаруашылықты жоспармен жүргізу жағдайында ірі экономикалық аудандар инфрақұрылымның негізгі элементтер бөлігі, әрине жалпы мемлекеттік инфрақұрылымдық жүйелер құрамына кіреді. Бірақ аймақтық деңгейде инфрақұрылым объектілерінің бірлескен құрылыстың көптеген мәселелерін шешетін салалық министрліктер және ведомстволардың рөлі күшейеді.


Әдебиеттер
1 Назарбаев Н. А. Проблема реформирования села – вопрос не производственно-экономический, а прежде всего социально-политический // Казахстансая правда. – 2002г.

2 Нұрғалиева А. А. Әлеуметтік инфрақұрылыдмды дамытудағы инвестициялық үрдіс // халық. ғыл.-практ. Конф. Матер, - Алматы,, 2010 – б 89-91.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет