Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ерболат Досаев бюджеттің табысы мен шығынына, ЖҰӨ мен инфляцияға девальвацияның қалай әсер ететіндігі жөнінде мәлімдеді
Девальвацияны ескере отырып, Жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі қосымша 6,5 пайыздық тармаққа ұлғаяды және Жалпы ішкі өнімнің номиналды өсуі 2014 жылы 119,4%-ды құрайды.Жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 2014 жылы бұрын болжамдалған 38,6 трлн. теңгемен салыстырғанда 41,1 трлн. теңгені құрайды.Экспорттан түсетін теңгемен есептегендегі пайданың 8,8 пайыздық тармаққа ұлғаюы Жалпы ішкі өнімнің номиналды өсуіне ықпал ететін болады. Сонымен бірге, импорттың қымбаттауы есебінен Жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 2,3 пайыздық тармаққа төмендейді.
Жалпы теңгенің девальвациясы жүргізіліп отырған индустрияландыру саясатын ескере отырып, қазақстандық өндірушілер мен экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етуі тиіс.
Девальвация нәтижесінде отандық тауар өндірушілер өнімдерінің өсуі және неғұрлым қымбат импорттық тауарлардың азаюы күтілуде.
Бұл Қазақстанның сауда теңгерімін ұстап тұрады және еліміздің сыртқы саудадағы позициясын жақсартады.
Мұнайға экспорттық кедендік баждың түсімі бойынша (125,7 млрд. тенге), «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы (3,7 млрд. теңге) бойынша, әскери полигондарды пайдаланғаны үшін жалдау ақысы (0,8 млрд. теңге) бойынша бағамдық айырма есебінен бағалау бойынша 2014 жылы Республикалық бюджеттің кірісі 130,2 млрд. теңгеге ұлғаяды.
Республикалық бюджет шығыстары бағамдық айырма есебінен 85,2 млрд. теңгеге (СІМ шығыстары, борышқа қызмет ету және басқару) ұлғаяды.
Осылайша, бюджет шығыстарының өсуі бюджет кірістерінің өсуі есебінен нивелирленетін болады.
Бағалау бойынша теңгенің 20%-ға девальвациясы инфляцияны 3,3 пайыздық тармаққа ұлғайтады.
Инфляция деңгейінің 2013 жылғы 4,8% деңгейін есепке ала отырып, инфляцияның 6-8% дәлізде қалатыны күтіледі.
Коммуналдық қызметтер тарифтерінің қосымша өсуі көзделмейді. Инфляцияға ақылы қызметтердің салымы бұрын бекітілген 1,2% деңгейінде қалады.
Бұл ретте, биылғы жылы инфляцияның орташа деңгейін 2%-ға өсіру арқылы зейнетақыны 9%-ға, әлеуметтік жәрдемақыларды 7%-ға арттыру көзделеді.
Тамақ өнімдеріне инфляцияның өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қорларының және шекті баға белгілеудің тетігін пайдалана отырып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу бойынша шаралар қабылданатын болады.
ҚР ЭБЖМ Баспсөз-қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |