Диалогтік оқыту
Жалпы мақсаты
| -
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы ХХІ-ғасыр мұғалімдерінің өзгеру қажеттігін мойындауға жетелеу.
-
Заман талабына сай шығармашылығы қалыптасқан тұлға дайындайтын, ізденімпаз ұстаз болуға шақыру.
|
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
| -
ХХІ-ғасыр мұғалімі өзгеруі қажет екендігін мойындауға жетелейді.
-
Жаңашашыл мұғалім сабақ беруде жаңа тәсілдер қолдану керектігін, қалай қолданатынын және ізденіп жұмыстану керектігін түсінеді.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Диалог, талдау, айналмалы бекет, ой тастау, ойлан, бірік, бөліс
|
Ресурстар
|
интербелсенді әдістеме:оқу құралы, Глоссарий
• «Әке мен бала» мультфильмhttp://www.ssyoutube.com/watch?v=wzhLz_lU2l8
мультфильмhttp://www.youtube.com/watch?v=cY0AuvZrShY
маркер, стикер, ақ қағаз
Коучинг барысы:
|
Тапсырмалар
|
1.Психологиялық ахуал: «Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар қима қағаздар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... - Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .
2. Диалог туралы бейнебаян көрсету.
«Әке мен бала» бейнебаян .
Ендеше, біздің бүгінгі коучингіміз Диалогқа арналады.
Ойтастау:Диалогтің оқу үдерісінде қандай маңызы бар?
3.«Ойлан.Бірік.Бөліс» әдісімен Диалог туралы мәліметті топ ішінде талқылайды.
4.«Айналмалы бекет» әдісі бойынша оқылған тақырыпты топтастырады. Әр топ бір бекет.
Бағалау: Құндылықтар спектрі – егер бекеттің айтылған ойы құнды, нәтижелі, негізгісін алып айта алса, жіптің «+», ал ойды нақты аша алмаса, «-» жағына келіп, ойын дәйектейді.
5. Қорытынды бейнебаян көрсетіледі: «Крот и яйцо»
Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады?
Қорытынды:
Кроттың көзі көрмесе де, балапан жұмыртқаның ішінде жатса да, жарық әлемнің кереметтігін тіл, тілдесу арқылы танып білді. Осыдан шығатын қорытынды – диалогтың маңызы зор екендігі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |