Диатоникалық секвенциялар
Секвенция (лат.- жүру,ізінен жүру)-кез келген әуенді немесе гармониялық айналымды басқа биіктікке ауыстыру. Секвенция негізінде жатқан айналымды мотив деп атайды. Мотивті жылжыту кезінде секвенция дыбысы пайда болады.
Музыкалық формада секвенцияны әртүрлі даму бөлімдерінде кездестіруге болады: шарықтау, дамыту бөлімдерінде.
Секвенцияның анықталуы:
1. бағыт бойынша-өсу, төмендеу (восходящая, нисходящая)
2. орын ауыстыру интервалы бойынша (қадам) - б2, б3, 4-5 бойынша. Қадам айнымалы болуы мүмкін.
3. тональды белгісі бойынша - 2 түрге бөлінеді: а) диатоникалық (тоналды), б) хроматикалық (модульдеуші))
Секвенция түріне қарамастан қатаң немесе еркін болуы мүмкін.
Диатоникалық секвенция дегеніміз оның барлық буындары бір тональностте жүреді және сол тональносттен тыс шықпайды. Диатоникалық секвенцияны тональді деп те атайды. Диатоникалық секвенцияда жаңа буын бастапқы мотивтің орналасуы мен дыбысталуын ғана көшіріп, бастапқы тональносттің дыбыс шеңберінде қалады.
Осындай қозғалыстарда сапалы түрде аккордтардын ішкі құрылымы және дыбысталуы ғана өзгереді. Сол себепті, диатоникалық секвенцияда мажорлы үшдыбыстылықтар минорға немесе керісінше өзгереді. Қозғалыс барысында өзіндік гармония ретінде пайдаланылмайтын кішірейтілген үшдыбыстылық кездесуі мүмкін; септаккордтардың дыбыстық құрылымы мен бояуы айтарлықтай өзгереді.
Дауыс жүргізу (голосоведение)
Бастапқы мотив әдетте айқын функционалдық қатынаста (D-T, II-D) және таза, дұрыс дауыс жүргізудегі аккордтарды қамтиды.
Барлық секвенциялардың ерекшелігі, әсіресе диатоникалықта, буындар арасындағы дауыс жүргізу еркіндігі болып табылады. Бұл жерде кейде барлық дауыстардың бір жақты қозғалысы да пайда болады, үлкейтілген квартаға бару, қиылысу (перекрещивание), консонанстардың параллелизмдері де пайда болады. Мұның бәрі – ережені растайтын ерекшеліктер; ол классикалық гармонияның заңдылықтарын бұзбайды. Кез-келген секвенцияда буындардың қозғалу логикасы негіз болып табылады.
Диатониялық секвенциялар төмен (жиі) (нисходящий) немесе жоғары (восходящий) қарай бағытталады. Әдетте секвенциялар (секундамен) немесе терция арқылы жүреді.
Минордың ерекшеліктері
Гармониялық минордың VII сатысы ладта бірнеше ұлғайтылған интервалдарды құрайды: ұлғ.2, ұлғ.4, ұлғ.5. Ұлғайтылған жүрістерді болдырмас үшін табиғи минор түрін қолданамыз. Диатоникалық секвенцияның тек бірінші және соңғы буын гармониялық минорда естіліп, секвенцияны алдыңғы және кейінгі материалмен бірқалыпты байланыстырады.
Диатоникалық секвенцияны қолдану
Диатоникалық секвенция тақырыптық материалды дамыту құралы болып табылады, сондықтан, көбіне форманың даму бөлімдерінде кездеседі. Периодта диатоникалық секвенциялар музыкалық сөйлемнің екінші бөлімінде, кейде бірінші сөйлемінде кездеседі. Көбіне периодты кеңейту тәсілі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |