Мұғалімнің аты-жөні:
|
Ержаханова Г З
|
Пән/Сынып:
|
қазақ тілі, 5-сынып
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
7-бөлім: Аспан әлемінің құпиялары
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Шоқжұлдыздар
|
Оқу мақсаттары:
|
5.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.
5.3.6.1 .Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып,мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасың білдіру
|
Сабақ мақсаты:
|
Берілген тірек сөздер негізінде шағын диалог құрастыру;
Жазба жұмыстарында етістікке тиісті қосымшаларды жалғап,болымды етістікке айналдыру;
|
Бағалау критериі:
|
тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды;
қазақтіліндешоқжұлдыздартуралы айтады, қосымша мәліметтербереді.
диалог құрастырады
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
5 мин
|
Ұйым
дастыру
|
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Қазақ тілі мен әдебиет сабағына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• Аспан әлеміндегі Шоқжұлдыздар туралы, оларды зерттеген ғалымдар туралы.
Сенің меңгеретінің:
Жазба жұмыстарында етістікке тиісті қосымшаларды жалғап,болымды етістікке айналдырасың;
Аспан денелері туралы диалог құрастырасың .
Үй тапсырмасын тексеру.шоқжұлдыздардың қазақша атауларын жаттау
|
Оқушылардың сабаққа назарын аударту
Сабақта не меңгеретіні туралы айту
Үй тапсырмасын
айтады
|
«шапалақ» әдісі
|
|
3мин
|
Жаңа сабақ
|
«Шоқжұлдыздар» туралы мәлімет
|
|
|
Презентация
|
12
мин
|
І. Кіріспе
|
Шоқжұлдыздардың қазақша атауларын ата:
Айтылым.
Диалогты толықтырыңдар.
- Аспан әлемі керемет пе?
- Иә,...
- Ерте заманда адамдар не деп жорамалдаған ?
- Ерте заманда адамдар "Жұлдыздар ..." деп жорамалдаған.
- Қазір аспанда неше шоқжұлдыз бар?
- Қазір аспанда ... шоқжұлдыз бар.
- Әлемдегі бірінші астроном кім?
- Ол - ....
Бағалаукритерийі:
Берілгендиалогты толықтыру.
Дескрипторы:
Берілгендиалогтықатесіз, мәтінгесәйкес толықтырады.
Өзіңді тексер!
- Аспан әлемі керемет пе?
- Иә, аспан әлемі керемет!
- Ерте заманда адамдар не деп жорамалдаған ?
- Ерте заманда адамдар "Жұлдыздар орнынан қозғалмайды" деп жорамалдаған.
- Қазір аспанда неше шоқжұлдыз бар?
- Қазір аспанда сексен сегіз шоқжұлдыз бар.
- Әлемдегі бірінші астроном кім?
- Ол – неміс ғалымы Бессель.
|
Дескриптор:
Аспан денелерінің қазақша атауларын дауыстап, дұрыс айту
Суретке қарап, шоқжұлдыздар атауларын еске түсіріп, атайды
Диалогті толықтырып, жауап береді.
|
Жұлдызша
лар
Смайлик
|
Презентация
Аспан әлемі
шоқжұлдыздар
|
20
Мин
|
Жазылым.5-тапсырма'>ІІ. Негізгі бөлім
Тапсырмалар :
|
Жазылым.5-тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша көп нүктенің орнына керекті қосымшаларды қойып жазыңдар.
Ерте заманнан адамдар жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөл... . Қазіргі кезде 88 шоқжұлдыз бар. Көп уақытқа дейін "жұлдыздар орнынан қозғалмайды" деп жорамалда... . Аристотель заманынан бастап ғасырлар бойы "жұлдызды аспан мәңгілік өзгермейді" деп ойла... . Аспанның сыртанда Құдайлар өмір сүреді деп жорамалда... . Джордано Бруно "жұлдыздар - Күн сияқты аспан денелері" деген пікір айт... .
Бағалау критерийі: Етістік түбірін анықтап, болымды етістікке айналдыру
Дескриптор: Етістік түбірін анықтап, болымды етістікке айналдырады
Өзіңді тексер!
Ерте заманнан адамдар жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлген. Көп уақытқа дейін “жұлдыздар орнынан қозғалмайды” деп жорамалдаған. Аристотель заманынан бастап ғасырлар бойы “жұлдызды аспан мәңгілік өзгермейді” деп ойлаған. Аспанның сыртында Құдайлар өмір сүреді деп жорамалдаған.Джордано Бруно “жұлдыздар – Күн сияқты аспан денелері” деген пікір айтқан.
Жазылым.Айтылым.
Мәтін бойынша диалог құрастырындар.
Неміс ғалымы Бессель аспан әлемін зерттеген. Бессель жаңа аспан денелерін ашқан. Ғалым - әлемдегі бірінші астроном. Ол 75 мың жұлдыздың орнын анықтаған. Ол Коперниктің ілімін дәлелдеген. Коперник бірінші рет Жердің дөңгелек екенін айтқан. Бессель Кенигсберг расытханасында жұмыс істеген. Бессель ХІХ ғасырда ғылымды дамытуға көп еңбек еткен.
Бағалау критерийі: Диалогты ережеге сәйкес дұрыс құру
Дескриптор: Мәтін мазмұнына сәйкес диалог құрастырады
Өзіңді тексер!
- Неміс ғалымы Бессель нені зерттеген?
Неміс ғалымы Бессель аспан әлемін зерттеген.
Ол - әлемдегі нешінші астроном?
Ол –әлемдегі бірінші астроном.
Ол неше мың жұлдыздың орнын анықтаған?
Ол 75 мың жұлдыздың орнын анықтаған.
Жердің дөнгелек екенін айтқан кім?
- Жердің дөнгелек екенін айтқан – Коперник.
- Бессель нешінші ғасырда еңбек еткен?
- Бессель ХІХ ғасырда еңбек еткен.
Жазылым
Жаңа сөздерді қайталап, сөйлем құрастырыңдар.
Шоқжұлдыз, жорамалдаған, мәңгілік өзгермейді , ілім , дәлелдеу, дөнгелек, ғылымды дамыту
Айтылым
Сұрақтарға жауап бер
1. Астроном болғың келе ме?
2. Ғалым болсаң, нені зерттер едің?
3. Достарыңа не айтар едің?
|
Етістік түбірін дұрыс анықтап, болымсыз етістіктің қосымшаларын дұрыс қолдануын бақылау
Берілген мәтін бойынша дұрыс диалог құрастыруларын бақылайды
Сөйлем құрастыруларын кадағалайды
Берілген сұрақтарға өз сөздерімен жауап бергендерін қадағалайды
|
Мадақтау
,
Бірін –бірі бағалау
|
Оқулық 57 бет ,
5-тапсырма
Оқулық 57 бет
7-тапсырма
Оқулық 58 бет,
8-тапсырма
|
1мин
|
3 мин
ІІІ. Қорытынды бөлім
|
Кері байланыс
Жақсы меңгердім
Орташа меңгердім
Түсінбедім
|
Смайликке белгі қояды
|
|
|
2 мин
|
Үй тапсыр
масы
|
Өз жұлдыз жорамалы туралы мәлімет жинау.
|
|
|
|