Дидактикалық материалдар



бет1/3
Дата27.03.2024
өлшемі321.38 Kb.
#496646
  1   2   3
Биология 8 дидактикалық материал Бездердің негізгі қызметтері


Дидактикалық материалдар

  1. қосымша

1. Берілген сызбадан 5 безді атаңыз.
1............................................2...............................................
3.............................................4...............................................
5............................................6...........................................
7...........................................8...............................................
2. Бездерді топтастырыңыз
Эндокриндік бездер..............................................
Экзокриндік бездер:..............................................
Аралас бездер........................................................



2-қосымша
Қалқанша безі барлық омыртқалы жануарлардағы ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан. Бездің шырышты затында тироксин гормоны, ал онда йод болады.
Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады.
Ұйқы безінің құрылысы: ұйқы безі бозғылдау қызғылт түсті, қарынның астына таман орналасады. Ұйқы безінің экзокриндік қызметі асқорыту ферментін бөлу болса, эндокриндік қызметі инсулин, глюкагон гормондарын бөлумен байланысты.
Сәби және жас кезде ағзаның өсуіне әсер ететін инсулин гормоны көбірек бөлінеді. Қартайғанда глюкагон гормоны көбірек бөлінеді.
Қызметі: инсулин – қарапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозаның өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады. Гликоген бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады. Дені сау адамның қанында глюкозаның мөлшері 4,6–6,7 миллимоль/л. Май мен нәруыз алмасуына да әсер етеді. Нәруыз түзілу кезінде жасуша жарғақшасынан аминқышқылдарының тасымалдануын күшейтеді. Инсулин зат алмасудың көптеген реакциясына қатысады.
Ұйқы безінен бөлінетін екінші гормон – глюкагон. Бұл гормонның қызметі инсулин гормонына керісінше. Егер қанда глюкоза жетіспесе, глюкагон гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді. Қанда глюкозаның мөлшері көбейеді.

3-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет