Дидактикалық материалдар



Дата23.10.2019
өлшемі17.64 Kb.
#447260
Биология 8кл.Дид.материал Саңырауқұлақ


Дидактикалық материалдар

1- қосымша

Саңырауқұлақтар – эукариотты ағзалар, олардың 100000-дай түрі кездеседі. Басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды, жасуша қабығы құрамында хитин болады Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты ағзалар. Саңырауқұлақтар біржасушалы, мысалы ашытқы саңырауқұлақтар немесе көпжасушалы болуы мүмкін. Көпжасушалы саңырауқұлақтар талломнан немесе мицелийден құралған.

Саңырауқұлақ жасушаларында қор заты ретінде гликоген жинайды. Барлық саңырауқұлақтар жасушалары жемісті денелердің әртүрлі пішіндері мен түстерін құрайтын "гифтер" деп аталатын жіп тәрізді құрылымдардан тұрады. Мицелий - гифтерден түзілген саңырауқұлақ денесі, талломы. Гиф – ұштары тілімделген, жіп тәрізді саңырауқұлақ жасушалары. Бұл жасушаларда бір немесе бірнеше ядролар болады. Гифтер мицелийлер түзеді. Жемісті дене - мицелийдің споралар түзетін бөлігі. Оның пішіндері әр түрлі болады.

Саңырауқұлақтар вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Саңырауқұлақтың түріне байланысты олар сапрофитті немесе паразитті болып келеді. Көптеген қалпақшалы саңырауқұлақтар ағfштардың тамырымен селбесіп, микориза (грекше "микос" - саңырауқұлақ, "ризос" - тамыры) түзеді. Саңырауқұлақтың жіпшелері ағаштың тамырын айнала қоршап алады. Осындай екі ағзаның пайдалы селбесуін (селбесу) дейді. Тамырында микоризасы жоқ ағаштар өте баяу дамып, түрлі аурулармен тез зақымданады. Қалпақшалы саңырауқұлақтар спора арқылы көбейеді. Споралары өте майда және ол қалпақшаларының астында жетіледі. Олар ауа толқыны, жел арқылы ұшып таралады. Саңырауқұлақтардың споралары суыққа, құрғақшылыққа өте төзімді. Топырақта бірнеше ондаған жылдар бойы өнгіштігін жоғалтпай сақталады. Қолайлы жағдайда әрбір спорадан жіпшелер өседі. Жіпшелері ұзарып, тарамдалып, жіпшумаққа айналады. Жіпшумақтардан жемісті дене жетіледі.



2- қосымша


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Саңырауқұлақтар патшалығын өсімдіктер, жануар, бактериялармен салыстырады.

Саңырауқұлақтардың бактериялармен ұқсастықтары анықталған

Саңырауқұлақтардың өсімдіктермен ұқсастықтары анықталған.

Саңырауқұлақтардың жануарлармен ұқсастықтары анықталған.


Бір жасушалы және көп жасушалы саңырауқұлақтарды сипаттайды.

Саңырауқұлақтардың ерекше белгілері дұрыс анықталған

Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтарды ажырата біледі.

Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтарды ажыратады


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет