Кірпінің пайдасы
Кірпі – аштыққа шыдамады жануарлардың бірі. Ол 236 тәуліктей азықтанбай ұйықтай алады. Оның ұйқысы да қызықты:тікен терісін едірейтіп жіберіп, соған оранып жатады. Ол ұйықтағанда тіпті қорылдайды екен. Осы тікенекті жануардың адам үшін пайдасы көп, ол улы жыланды, тышқанды жейді.
Тікенді «тоны» болса да, кірпінің де жауы бар. Ол қарақұс. Кірпіні көрген қарақұс бірден соған қарай төмен ұшады да, оны іліп алып, аспаннан тастап жібереді.(72 сөз)
Тапсырма: Сын есімдердің астын сызыңдар.
Қазақ тілі сабағында.
Біз биыл сегізінші сыныпта оқимыз.Оқу жылы мамыр айында бітеді.Біздің мектептің оқушылары орыс тілінен басқа үш тілде оқиды.Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі.Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз:бір-бірімізге сұрақ қойып жауап береміз, қазақ мәтінін оқып,орыс тіліне аударамыз,сөйлемдерге грамматиқалық,фонетиқалық талдаулар жасаймыз, диктант,шағын шығарма жазамыз. Біз қазақ тілінде еркін сөйлеуге тырысамыз,өйткені қазақ халқының тілін,әдебиетін,тарихын,мәдениетін білгіміз келеді.(71сөз)
Тапсырма: Бірінші сөйлемде синтаксистіқ талдау жасаңдар.
Қазақша ай аттары.
Бір жылда он екі ай бар. Олар: қантар, ақпан,наурыз,сәур, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан.Қаңтар – жылдың алғашқы айы. Желтоқсан – жылдың соңғы айы. Қазақша жыл басы – наурыз. Қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, тамыз, қазан, желтоқсан айларында отыз бір күн бар. Сәуір, маусым, қыркүйек, қазан айларында отыз күннен болады. Ал ақпан айында жиырма сегіз не жиырма тоғыз күн бар. Бір жылда үш жүз алпыс бес күн болады. (69 сөз)
Уақыттың пайдасы
Адам өз уақытын үнемдей білуі керек.Өзгелердің де уақытын бағалауы қажет.Уақыттың босқа өтуі-үлкен шығын.Мұны дәлелдеудің қажеті жоқ.Пайда келетін іспен шұғылдануды ойластырған дұрыс. Бір қарағанда,ондай пайдалы іспен айналысу оңай сияқты. Бірақ олай емес. Себебі күн тәртібін жоспарлап үйрену қажет. Ол қасиетті бойыңа жас кезіңнен қалыптастыру керек.Әрбір минутыңды үнемдеп,пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табысқа қол жеткізіп,өз қабілет-күшіңді толық жұмсай аласың.
Уақыт алтыннан қымбат екенін естен шығармау қажет.(73 сөз)
Тапсырма: «Уақыт»деген сөзді септеп жазыңдар.
Бата.
Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің ішінде бата беру ерекше орын алды.Халықтың тілек-бата сөздері жас ұрпақты әдепті,сабырлы,зерделі,арлы болып өсуге баулиды. Дәулетті,бақытты,кешірінді болуын тілейді. Тілек-бата сөздер-халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы. Бұлар –оның рухани өмірінде тұтастығын,бірлігін,салт-дәстүрін,адамгершілік өсиеттерін сақтауға ерекше қызмет атқарады.
Болашақтың иесі-ұрпағына амандық, парасаттық,өнер-білім,құт-береке,ұзақ өмір,үлкен табыс тілеу-ежелден азаматтың асылмұраты болса керек.(72сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |