Диплом жұмысы жоспар кіріспе і-бөлім. Қазақстанның өлкетану библиографиясының жалпы мәселелері



бет1/2
Дата25.02.2016
өлшемі227 Kb.
#25425
түріДиплом
  1   2


Орта-Азиялық университет

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» каафедрасы

Диплом жұмысы

ЖОСПАР


Кіріспе
І-БӨЛІМ. Қазақстанның өлкетану библиографиясының жалпы мәселелері

1.1. Ақпаратттық технология заманындағы кітапханалық өлкетану

1.2. Қазақстан кітапханаларының өлкетану бағытындағы жұмыстары
ІІ-БӨЛІМ. Қазақстан Республикасының өлкетанулық библиографиялық ресурстары

2.1. Ағымдағы өлкетану библиографиясы

2.2. Ретроспективтік өлкетану библиографмясы

2.3. Өлкетанулық ұсыныс библиографиясы


Қорытынды
Пайдаланылған әдебиетттер тізімі

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор.

Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты.

Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру.

Тақырыптың зерттелу деңгейі:

Қазіргі ғылыми әдебиетте Қазақстан библиографиясының тарихы теориялық және әдістемелік мәселелері Е.Нығметовтың «Қазақстанда мемлекеттік библиографияның даму тарихынан», Г.П.Царевтің «Библиография библиографии Казахстана», У.К.Мауленбердинаның «К развитию краеведческой библиографии в Казахстане», З.Қасымованың «О развитии государственной библиографии Казахской ССР», К.Ш.Бекмухамедовтың «Развитие библиографии в Казахстане за годы Советской власти», М.А.Ақшалдың «Основные этапы развития и современное состояние общественно-политической библиографии в Казахстане», Т.М.Алсатовтың «Рекомендательная библиография Казахстана», А.Т.Байбосынованың «Қызықты библиография» және тағы басқа да авторлардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылады. Диплом жұмысының тақырыбына байланысты өлкетану библиографиясының кейбір өзекті мәселелері де жоғарыда аталынған еңбектерде зерттелінген.

Өз алдына жеке басылым түрінде жарық көрген еңбектердің бірі ретінде 1979 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан С.Ш.Ахметованың «Өлкетану библиографиясын» ерекше атап өтке жөн.

Сонымен қатар, диплом жұмысында тақырыпқа қатысты бүгінгі күнге дейінгі жинақталған көптеген ғылыми зерттеулер мен мақаларды жүйелі түрде қарастыру, соның нәтижесінде өлкетану библиографиясының жалпы мселелерін ашүып көрсету, қазіргі Республиканың өлкетанулық библиографиялық ресурстарын зерттеу көзделген.

Диплом жұмысының ғылыми-практикалық маңызы Өлкетану библиографиясы мәселелеріне арналған зерттеулердің әрі қарай дамуына, оқу орындарында библиографиялық пәндерді оқытуда да пайдалануға болады.

Жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, бес тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-бөлім. Қазақстанның өлкетану библиографиясының



жалпы мәселелері
1.1. Ақпараттық технология заманындағы кітапханалық өлкетану
Өлкетану – жергілікті халықтың туған өлкесі болып саналатын елдің белгілі бөлігін, қала, ауыл т.б. қоныстарды жан-жақты зерттеу. Өлкетану – табиғи және қоғамдық зерттеулердің комплексі. Өлкетану туған өлкенің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихы мен мәдениетін зерттейді. Комплекстік өлкетану осылардың бәрін бір-бірімен байланыста қарастыратын болса, салалық өлкетану, географиялық өлкетану, тарихи өлкетану, этнографиялық өлкетану, топонимикалық өлкетану сияқты жеке салаларын зерттейді. Қазіргі кезде өлкетанудың табиғатты және мәдени ерекшеліктерді қорғау міндеттеріне байланысты түрі дамып келеді. Өлкетанудың негізгі міндеті - өлке жөнінде, оның шаруашылығы мен мәдениетінің дамуы жөнінде бхілімнің артуына ықпал ететін түрлі ақпараттар, мәдениет, пайдалы қазбалардың үлгілері т.б. мәліметтер жинақтау. Өлкетанудың қоғамдық-саяси және мәдени-ағарту жұмысында да оқу тәрбие пройесінде де маңызы зор.

Кез-келген мәдениеттілік дәрежесінің өлшеуіші секілді анықтауыш сөздер бар. Мәселен, алмандар (немістер) «халықтың мәдени деңгейін су мен сабынды пайдалану мөлшерімен есептеуге болады» дейді екен. Өздерінің даму ерекшелігіне сәйкес әрбір ұлт мәдениеттілік дегеннің баламасын түрліше пайымдауы табиғи нәрсе. Ал, ғасырлар бойына білімге шөліркеген қазақ ұлтының қасиет тұтар ең үлкен қазынасы – кітап, кітапхана десек ағат кетпейміз.

Әрбір халықтың кемелдікке келегндігін, ертеден келе жатқан өзіне тән өркениеттің нышаны бар екендігін көрсететін қасиетті бір орындары болады. Қазақстан кітапханалары сондай орындардың бірі.

Кітапхананың киелі табалдырығын аттап, кітап бұлағынан сусындаған оқырман кітапханадан ешқашан сырт айналмайды. Қайта соның сиқырлы әлеміне ден қойып, қасиетіне бас иеді. Белгілі ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин өзінің «Мен» атты ғұмырбаяндық хамсасында, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар бөлімінде Шәкәрім, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз жыраулардың асыл мұраларымен қауышқан сәтіндегі «…әр кітаптың бетін ашу, әр парақты оқу, саусағыңмен сипап көру - өзгеше бір ахуал, бірақ неше мың қадым кітап тұрған көне қойманың жөні бөлек. Уақыт табалдырығынан, сиқырлы қақпадан өткен сияқтысың. Әсерлі, сырлы ғана емес, ғажайып, бірақ шерлі, мұңды әлем» деген толғанасын талай оқырман басынан кешті десек артық емес.

Республикалардағы кітапханалардың баға жетпес бай қоры көптеген ғылыми еңбектердің бастау бұлағына айналып, тәуелсіз мемлкетіміздің рухани кемелдікке жетуіне салмақты үлес қосуда.

Халқымыздың ғасырлар бойы жинап, саралап, сақтап келген рухани мирасын қайта пайымдап, өскелең қауымымыздың өскелең құндылығына, мәңгілік қазынасы – рухани нәр көзіне айналдырып, жаңа қоғамдық сананы, мәдени ортаны қалыптастыруда өзіндік қолтаңбасымен танылып келе жатқан кітапханалардың бүгінгі тыныс-тіршілігінде толымды ой туғызатын игілікті шалалар, толғақты ойлар бар.

2003 жылғы 27-29 мамырда Павлодар қаласында республикалық конференция өтті. С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері республикалық сайысты жеңе отырып, еліміздің «кітапханалық астана» құрметті атағын жеңіп алды. Олар республикада алғашқылардың бірі болып, барлық жұмыс процестерін автоматтандырды. Кітапханаға келушілер электронды каталогты пайдаланады. Көпшілік қолданысындағы компьютерлер Интернетке қосылған. Өздерінің сайты бар. Лазерлік таспаларда жүздеген оқулықтар, сөздіктер, энциклопедиялар және басқа әдебиеттер сақталған.

Конференция Қазақстандағы ауыл тұрғындарына кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді жақсарту және ұйымдастыру үшін ғылыми-теориялық және практикалық база құруға мүмкіндік береді. Балалар оқуының бағдарламасы, нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі.

Халқымыздың алтын қазығы, терең тамыры ауылда десек, сол ауылдың бүгінгі рухани ахуалы жергілікті жерлердегі мәдениет ошақтарының жұмысымен тікелей байланысты. Соңғы 4-5 жылда қысқартылған кітапханалар жаңғыртылып, кітап қорларын толықтыруға Үкімет тарапынан, жергілікті басқару органдары тарапынан қаржы бөлініп, оң нышандар белең алып келе жатқан кезде өткізіліп жатқан көптеген шаралардың танымдық тәжірибелік маңызы зор.

Оқырмандарды патриодтық рухта тәрбиелеуде ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты көрсететін қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, ал оның бір құрамды бөлігі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы зор. Кітапханалардың өлкетану библиографиясының алға қоятын басты міндеті, белгілі бір өлкенің тарихы және мәдениет ескерткіштері жайлы әдебиеттерді, фото-кино құжаттарын, қолжазбаларды, архивтерді жинау, реттеу, оларды оқырмандарға насихаттау болып табылады.

Библиография ғылымының басты бір саласы - өлкетану библиографиясының басты міндеті – халық шаруашылығына, еңбекшілерге, болашақ жастарға патриоттық тәрбие беру ісіне тікелей атсалысу.

Қызылорда облысы кітапханаларында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ішкі және срытқы саясаттың 2004 жылғы негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауын, ҚР Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын, 2003-2005 Ауыл жылдпары деп жариялануына байланысты қабылданған аймақтық «Ауыл» бағдарламасын басшылыққа ала отырып жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағдарламада ауылдағы тұрғындардың бұқаралық мәдениетін және демалысын дамыту, мәдениет ошақтары жоқ елді мекендерде кітапхана, клуб ашу, ауылдық кітапханалардың, клубтардың метариалдық-техникалық базасын нығайту, кітапхана жабдықтарымен қамтамасыз ету, кітапханалардың кітап қорларын толықтыру, білім көтеру курстарын, жаттығу сабақтары мен семинарлар ұйымдастыру, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету негізге алынған: 2003-2005 жылдары 4 ауылдық кітапхана, 12 клуб пайдалануға берілді.

Ұлттық мәдениетті өркендетудің алғы шарты ауыл мәдениетінің ошағы болып табылатын ауыл кітапханаларын қазіргі заман талабына сай қайта түлетіп, ұлттық негізге сүйеніп қайта құрып жастарға елжандылық пен имандылық тәрбиесін беруге жұмылдыру бір жүйеге түсіруді қажет етеді.

Елбасы үш жылды «Ауыл жылы» деп жариялап, халықтың тұрмыс-салтының, мәдениетіміздің дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары деп көрсетуі, Сыр жерінің, әсіресе ауылдардың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени өміріне тың серпіліс әкелетін тарихи бастама болды.

Қазіргі талапқа сай, мәдениетке деген оң көзқарас халықтың рухани азығына айналған мәдени ошағына елеулі ықпал етті. Алыс елді мекендерде жабылған ауылдық кітапханалар қайта ашылды.

Кітапханаларда балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттер аз. Жергілікті халықтың 90 пайыздан астамы жергілікті ұлт өкілдері болғандықтан қазақ тіліндегі әдебиеттерге сұраныс мол.

Заман талабына сай облыс кітапханаларында жаңа технологиялық озық үлгілер енгізілуде. 2000 жылы облыстық кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетуде жаңа деңгейге көтерілді, 6 мультимедиялы компьютермен, сканер, принтермен жабдықталған электронды оқу залы ашылды. Электронды зал әлемдік Интернет жүйесіне қосылды. Жаңа технолгияларды меңгеруге, компьютерлік сауатын ашыға ықылас білдіргендер саны көбейіп, олардың сұраныстары да күрделене түсті. 2003-2005 аулы жылдарына арналған «ауыл кітапханасы – руханият ошағы» атты аудан кітапханашыларының бас қосу жиыны өткізілді. Жиында ауыл мәдени ошақтары кітапхана, клуб, мұражай арасындағы байланысты жақсарту арқылы ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсету жұмыстарын жақсарту, ауыл кітапханаларының кітап қорын қазақ тіліндегі әдебиеттермен, балаларға арналған кітаптар, ауылшаруашылығы, техника саласындағы жаңадан шыққан әдебиеттермен толықтыру, мерзімді басылымдарға жазылу қаражатын көбейтуге ықпал жасау, кітапхана жұмысына бағыт-бағдар беретін баспа құралдары қажет екендігі сөз болды.

Ауыл алтын бесік, небір дарабоз таланттар, дүр дарындар, данышпандар мен даналар, көсемдер мен кемеңгерлер, әділдіктің қара қылын қақ жарған билер мен от тілді шешендер ауылда дүниеге келіп, қасиетті топырағына кіндік қаны тамды. Ауылда туып, ауылда өскен, бүгінде елімізге белгілі адамдарды жалпы оқырман қауымға насихаттау – кітапханашылардың міндеті. Міне, осындай мақсатты жүзеге асыру барысында кітапхана қабырғасында көптеген шаралар өтуде. Атап айтсақ, Қызылорда облысында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада Еңбек Ері Ұлбала Алтайбаева жайында «Еңбегімен ер атанған» портрет кеші, «Ауылым – ата мекенім» тұрақты кең көлемді кітап көрмесі, Арал ауданында «Ауыл – алаштың алтын бесігі», «Ауыл – береке бастауы» тақырыбымен мәдени шаралар, Қармақшы ауданында «Ақындар ауыл жылын жырлайды», «Бір ауылдан түлеп ұшқан жастар едік» сұхбат кеші, Тереңөзек ауданында ауыл кітапханалары арасында «Тарихымызды тани білейік», «Ел аузындағы елеулі есімдерә тақырыбында мәдени шарала, сценарийлер, буклеттер дайындау бағытында байқаулар өткізілді.

Туған Отанды, өлкені жан-жақты таныту ісіне лайықты үлес қосып отырған өлке зерттеуші ғалымдар қоғамының ролі зор. Өлкентану жұмысы бірнеше жолдар мен бағыттар бойынша жүргізілді. Олдардың негізгілері:

а) қоғамдық өлкетану. Бұған оқушылар мен мүғалімдер, агрономдар мен журналистер ерікті түрде, әуесқойлар негізде қатыса алады. Өлкетану ісімен шұғылданатын әуесқойлар жергілікті ескерткіштерді, табиғи маңызды объектілерді күтіп сақтау ісімен де айналысуда.

б) мемлекеттік өлкетану. Бұл әрине мемлекет тарапынан арнайы жүргізілетін жұмыстар. Олар жергілікті шаруашылық органдарына, ғылыми-зерттеу мекемелеріне, жоғары оқу орындарына жүктеледі. Жоспарда, оқу бағдарламаларында көрсетілгендей, олар табиғаттану, өлкетану тақырыптарын зерттейді, арнаулы ғылыми еңбек шығарад.

в) музейлік өлкетану. Өзкетану ісінің өзекті мәселелерінің едәуір бөлігі музейлердің жүргізетін көпшілік жұмысына байланысты. Мысалы, Орал қаласындағы тарихи өлкетану музейін, Пугачев музйін аралап көргендер Қазақстанның батысы – Орал өңірі, Жайыө бойы туралы көтеген мағлұмат алары сөзсіз. Бұл өңірге барғандар міндетті түрде осы музейлерді араламай, ондағы өте құнды және сирек кездесетін экспонаттарды мұқият көріп, таныспай кетпейді. Осы сияқты өлкетану музейлері республиканың барлық облыс орталықтарында жұмыс істейді.

г) мектептік өлкетану. Өлкетанудың бұл түрі мектеп қабырғасынан басталады. Бұл сыныптан тыс істелетін жұмыстардың ішіндегі ең маңыздысы болып саналады. Көптеген мектептерде жаратылыс, тарих, қоғам тану пәнінің мұғалімдерінің басқаруымен өлкетану үйірмелері, мүйістері жұмыс істейді. Мектептік өлкетанудың жасөспірімдерді Отанды сүюге, өз өлкесін мадақтай, бағалай білуде, патриоттық рухта тәрбиелеуде мәні зор. Өлкетану ісінде өлкенің даңқты адамдарын іздестіріп, олар жайлы деректер жинауға көп еңбек сіңіріп жүрген «Қызыл ізшілер» жорығының нәтижесінде аты-жөні бұрын белгісіз өнер қайраткерлері, жауынгерлер есімі, маңызды оқиғалар анықталып, бағалы құжаттар табылуда.

д) кітап сататын дүкендер және басқа да мәдениет орындары (баспалар, халық шығармашылығының үйлері, клубтар, кітапханашылар) өлкетану жұмыстарын насихаттауға атсалысады.

е) кітапханалық өлкетану. Бұл ғылыми жұмыстар жүргізілетін библиографиялық орталық болып табылады.

Өлкетану жұмыстарының түрлі салаларын үйлестіре жүргізетін бірден-бір орын кітапхана. Кітапхана қызметкерлері өлкетану тақырыбын меңгере отырып әр өлкенің, облыстың, республиканың экономикасының дамуы, оның тарихы, табиғи қорларын пайдалану мәселелерін еңбекшілер арасында кеңінен насихаттап отырады. Кітапханалардағы өлкетану жөніндегі барлық жұмыстар халыққа жалпы білім беру, бұқараның мәдени дәрежесін арттыру, қазіргі заманның алға қойып отырған келелі ғылыми өндірістік мәселелерін қамти отырып жүргізіледі. Өлкетану библиографиясына анықтама берерден бұрын, өлкетану әдебиеттері деген ұғымды түсіндіре кетейік. Өлкетану әдебиеті кең салалы әдебиет. Бұған белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеуге бағытталған немесе оның физикалық және экономикалық географиясына, геологиясына, тарихына, этнографиясына, топырақтануға не жаратылысына арналып жазылған кітаптар мен мақалалар жатады.

Сонымен қатар, белгілі бір қала, аудан, селолар туралы мәліметтер басылған арнаулы ғылыми монографиялар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, анықтамалық басылымдар, осы өлкеге қатысы бар тағы басқа да шығармалар өлкетану әдебиеттерінің негізгі қоры болып есептеледі.

Сөйтіп өлкетану әдебиеттеріне кіретін басылымдарды даралай бөлсек:

1. Жеке шығармалар (кітап, жалғасты басылым, кітапша, плакат, нота, баспа графикасы, бейнелеу өнерінің шығармалары, сурет, атлас, карта);

2. Жинақтар, журналдар мен газет беттерінде жарияланған материалдар;

3. Өзінің мәні мен мазмұны жағынан бағалы қолжазбалар;

4. Газет қиындыларының тақырыптық папкасы, альбомы т.б. болып табылады.

Осыншама қыруар әдебиеттердің пайдалануға оңай әрі қолайлы болуы үшін, олар бір жүйеге келтірілуі тиіс, өзінің мазмұнына сійкес топ-топқа бөлінуі қажет. Осыдан барып библиографиялық құралды жасау қажеттігі туады.

Өлкетану библиографиясы деп белгілі бір өлкеге арналған әдебиеттерді оқырмандарға жеткізуді өзіне мақсат етіп қоятын және өлке туралы жазылған бағалы кітаптар мен мақалаларды насихаттайтын библиографияны айтамыз. Өлкетану библиографиясы жалпы, салалық және тақырыптық библиография болып үш түрге бөлінеді.

Өлкетанудың жалпы библиографиясына өлке өмірінің барлық жағын қамтитын, баспадан шыққан әдебиеттер кіреді.

Қазір көпшілік, облыстық және ғылыми, балаларға қызмет көрсететін барлық кітапханалар өлкетану тақырыптарына байланысты библиографиялық құралдар шығарып тұрады. Мұндай құралды пайдалана отырып оқырман өзіне өажетті кітаптарды, мақалаларды тез тайып алады. Жалпы өлкетану библиографиясына сол өлкеге арналған арнайы тақырыптық ұсыныс құралдары да кіреді.

Өлкетанудың салалық библиографиясына белгілі бір саланың не бірнеше тектес саланы қамтитын әдебиеттер кіреді. Мұнда ғылымның белгілі бір саласымен шұғылданып жүрген оқырмандардың қажеті мен талабы ескеріледі.

Өлкетанудың тақырыптық түрі библиографияның салалық түрімен байланысты, сондықтан оларды ажырату оңай емес. Дегенмен күнбе-күн, жыл сайын болып жататын оқиғаларды салалық библиографияның ішіне толығымен енгізуге бола бермейді.

Тақырыптық библиография өлкенің халық шаруашылық және мәдени құрылыстарына арналған әдебиеттерді қамтитындықтан, оқырмандарды әдебиеттің жалпы және салалық түрлерімен, нақты түрлерімен және жеке проблемаларымен таныстырады.

Өлкетану библиографиясына сол өлкеге тікелей байланысы бар ғылым мен еңбек, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің өмірбаяндық материалдары да кіретінін ескеру қажет. Мұның өзі екі түрлі формада жүргізіледі.

Біріншісі - өлкетанудың библиографиялық сөздіктері. Мұндай библиографиялық құралға белгілі бір салада еңбек етіп жүрген адамдар: жазушылар, ғалым зерттеушілер, өлке зерттеушілер т.б. кіреді.

Екіншісі - өлкетану библиографиясы. Мұны екінші дәрежелі библиография немесе библиографияның қайнар көзі деп те атайды. Библиографияның мұндай түрлеріне көрсеткіштер, библиографиялық сөздіктер, шолулар, кітапқа қосымша тізімдер кіреді.

Жергілікті баспа библиографиясы – библиографияның бұл түрі өлкетану библиографиясына мүлде ұқсамайды. Бұл еңбек жергілікті баспадан шыққан барлық әдебиеттер библиографиясын (кітап, кітапша, журнал, газет, листовка) қамтиды. Жергілікті мерзімді баспасөз беттерінде басылатын материалдардың көлемі жыл сайын ұлғаюда, ал оның ішінде өлкетану тақырыбына арналған материалдар да аз емес.

Жергілікті баспаның библиографиясы деп сол жергілікті баспадан шыққан әдебиеттердің тізімін мазмұнына, тақырыбына қарамастан түгел жазып шығуды (описание) айтады. Қазіргі заман ағымына байланысты баспалардың шығарып жатқан прайс-лист (баспадан шыққан кітаптардың тізімі) атауға да болады.

Жергілікті баспа библиографиясының сол өлкенің өзінде істейтін ғылыми мекемелер мен оқу орындары, кітапхана қызметкерлеріне тигізетін пайдасы көп.

Сонымен бірге жергілікті баспа библиографиясы жергілікті баспасөз бен баспа жұмысының тарихын білуге де пайдалы. Жергілікті мерзімді баспасөзді өлкетану библиографиясының бір бөлігі еп қарау қажет.

Соңғы жылдары өлке тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне, Қазақстан жерін мекендеген басқа ұлт өкілдерінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне деген қызығушылық өсуде. Міне, осындай сұраныстарды қанағаттандыруда кітапханалық өлкетанудың ролі сас зор.

Өлкетану библиографиясы – ол белгілі бір тарихи немесе өмірбаяндық және библиографиялық деректерді анықтау үшін құжаттарды, кітап және баспасөз деректерін жүйелі түрде іздестіру. Осы кітаптарға ғылыми сипаттама жазу, библиографиялық көрсеткіштер құрастыру. С.Мұқанов атындағы Петропавл облыстық кітапханасының қызметіндегі ең басты бағыттардың бірі - өлкетану библиографиясы. Кітапхана қызметкерлері өлке тарихынан мәлімет беретін деректерді жүйелі түрде анықтап, жинақтап, ол жайында ретроспективті, ағымдағы және ұсыныс көрсеткіштерін, атаулы күндерге арналған күнтізбелер құрастырады, өлкетану тақырыбы бойынша мыңдаған оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандырады. Қазіргі уақытта кітапханалардың мүмкіндіктері біршама өсті. Кітапханалардың ақпарат-библиографиялық бөлімдерінде кітапхананың өлкетану қорлары (ресурстары) және де қаланың басқа да мекемелері жайында ақпараттар жинақталады. Замана ағымына байланысты көптеген облыстық кітапханалар жаңа технологиялармен (компьютерлермен) жабдықталған. Оларда «Елтану» және «Облыс» жайында жазылған кітаптар мен баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардан жазбалар енгізіп, қор құрылған. Осы жазбалардың, яғни жинақталған қорлардың арасында оқырмандар кітап және журналдар теңізінде еркін бағдар ала алады.

Өлкетануды насихаттауда сапалы жинақталған өлкетану әдебиеттерінің қоры негіз бола алады. Мысалы, С.Мұқанов атындағы Петропавл облыстық кітапханасында өлкетану әдебиетінің қоры сирек кездесетін басылымдарды қосқанда 34 мың дана кітап. Өлкетану картотекасында 29 каталог жәшігі (26 мың жазба). Кітапханада облыстық мемлекеттік архив қорының каталогы бар. Әрбір кітапханаға, оқымандарға өлкетану жайлы ақпараттарды жеткізудің ең бір тиімді жолы библиографиялық көрсеткіштер, естеліктер, ақпарат-библиографиялық материалдар, дайджестер, күнтізбелер құрастырып шығару.

1.2. ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ӨЛКЕТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ
Қазіргі әртүрлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезеңінде еліміздің егемендік, дербестік талаптарына сәйкес жастарға білім, тәрбие берудегі мақсат біреу: жастарға ұлттық игіліктер мен адамзаттық мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, оқырманды жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау. Осындай игілікті істерді жүзеге асыру мақсатында «Ғылыми ойлар адамнан адамға кітап тілі арқылы беріледі» деген қағиданы ұстана отырып оқырмандарға осыған байланысты әдебиеттер, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен мерзімді басылымдарды дер кезінде ұсыну. Кітапханаларда «Қазақ поэзиясы» атты тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, онда Бүқар жырау, Сүйінбай Аронұлы, Абай, Шәкәрімнің философиялық ойлары бар туындылары және заманымыздың ақиық ақындары Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Қадірмырза-Әлі жырлары кеңінен дәріптелуде. Кітапханаларда оқырмандарына Махамбет Өтемісұлының мерейтойына арналған жас буынды ерлік пен өрлікке жетелейтін «Ереуіл атқа ер салмай» атты кітап көрмесі, осы аттас әдеби-әуенді композиция өткізілді.

Елбасының бастауымен «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес «Елтану» картотекасында «Тарих беттері», «Түркістанға – 1500», «Хандар. Билер. Батырлар», «Ақын жыраулар», «Ескерткіштер», «Мәдениет» т.б. рубрикаларының материалдары жүйелі түрде толықтырылып электрондық ресурстар арқылы жинақталды. Қазіргі электрондық технологиялардың дамуына байланысты кітапхаға келушілер электрондық ақпарат қорын, халықаралық Интернет желісін пайдаланады.

ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапханада. Түсінген адамға кітап – баға жетпес байлық. Кітап – көпті көнекөз ақсақалдай тағылымы көп, тәрбиесі мол ақылшың, сырласың.

Кітапхана есіктен кірген оқырманға білім шуағын шашып, көңілге ұлттық рух ұялатады. Ертеңі бар елдің жастарын өркениет әлеміне бастап жол көрсету, мәдениет көшінен қалдырмай, артымызға тәрбиелі, білімді ұрпақ қалдыру ісіне жағдай жасап ықпал ету әр кітапханашының алдына қойған мақсаты мен мүддесі.

Оқырмандардың қызығушылық танытып, құмартып кітап қарайтын орны – белгіленген және арнайы тақырыптар бойынша көз тартатындай көркем безендірілген, терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелері.

Мәселен, кітапханаларда «Әлем таныған Қазақстан», «Ғасырға қанат қаққан қазақ өнері», «Ерлік толы данамыз, батыр біздің бабамыз», «Ауылым – асыл жерім, туған елім», «Кітап – ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші» т.с.с. әсем безендірілген кітап көрмелері оқырмандарды өзіне тартып, білімге бет бұрғызады.

Заман ағысына байланысты кітапханалар өз жұмыстарын «Мемлекеттік тңлмен – ХХІ ғасырға», «Экология қасіреті – халық дерті» т.б. жоба-бағдарламалар аясында жүзеге асыруда.

Соңғы кездерде біздің егеменді еліміз, тәуелсіз Қазақстанда қоғамдық қатынастар, жас оқырмандар санасы, менталитеті айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Рухани құндылықтар басқаша формаға ауысып кітапханаларда насихаттау жұмыстарына да өзгерістер еніп жатқаны мәлім. Кейбір оқырмандар романтик болса, кейбіреулері тарихқа көп үңіледі, ал енді біреулері бүгінгі күннің жаңалықтарымен қанағаттанады.

Жалпы бүгінгі оқырмандардың бойында кітап оқуға деген құлшыныс бар ма? – деген сауалға: дәл бұрынғыдай жаппай оқу негізіне ауылы алыста деуге болады. Дегенмен де уақыт талабы болып отырған кітап оқусыз, жаңалықтан хабарсыз ешкімнің де алға баса алмасы айқын. ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін атақты-ақын жазушыларымыздың шығармаларынан топтап жасалып жүрген кітап көрмелері – кітапты насихаттау жұмысының ең бір тамаша кепілі.

Жарқын болашақ көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты қалыптасатынына байланысты. Осыған орай «Сауатты өмір салты», «Денсаулық - зор байлық» айдарларымен кітап көрмелері безендіріліп, көрме жанына атақты Қазақстандық спортшыларымыздың қол жеткен жетістерінен көркемделген фотосуреттер іліп, бейнефильм көрсетіп, ән-күймен жандандырып өткізілген шаралар де оқырмандар көңілінен шығуда.

Әр саладағы кітап көрмелері арқылы оқырмандар білімін, ой-өрісін байыту, рухын көтеріп, қиялына қанат бітіретін әдебиеттермен қауыштырып, әсіресе жастарды рухани тәрбиелеу жұмысына елеулі үлес қосатындар – кітапханашылар. Кітапханаларда өткізілетін тәрбие саласын жақсарту іс-шарасына: дөңгелек үстел, сұрақ-жауап сайысы, «әдет-ғұрып, салт-дәстүрге арналған сайыстар, брэйн-ринг, тарихи тартыс, әдеби сырласу кештерін жазқызуға болады. Оқырмандармен тәрбие жайындағы іс-шаралардың өз деңгейінде ұйымдастырылып жүргізілуі үшін кітапханашылар мектеп ұстаздары, ал жоғары оқу орнында факультет декандары немесе ұстаз кураторлармен тікелей байланыста болулары керек. Бұл байланыс, бірігу оқушылардың, сол сияқты студенттердің оқу мәдениетін, көркемдік талғамын, адамгершілік болмысын бұзылудан сақтау үшін жасалатын шара. Осы шараның пікірі мен мақсаты бір арнада тоғысуы шарт.

Өмірде болып жатқан небір қиын кезеңдерді, жағдайларды жеңіп шығуға рухани және адамгершілік қасиеттерді дамытуды қамтамасыз ету үшін көптеген кітапханалар оқырмандар арасында «Достың орны бөлек», «Тамыр қияр есірткі», «Дені саудың – жаны сау» т.б. айдарлармен жүргізілетін пікірталас кештерінің пайдасы көп. Бұл кештер әрине оны ұйымдастырушы кітапханашының мәселелерді терең талдау алуы мен мол білімдарлығын талап етеді.

Тілімізді еркін меңгерген елдің азаматы болып қалыптасуына себепкер болу мақсатында да облыстық кітапханалар көптеген шаралар өткізуде. Қазақ тілін ғылыми тұрғыда үйретуде жүргізілетін «Қазақшың қалай, оқырман?» білім сайысының бағыты дұрыс, мазмұнды өтуіне мұрындық болар жан қазақ тілінің маман ұстазы. Осындай кешке байланысты ұйымдастырылған кітап көрмелері, онда қойылған кітаптар, сөздіктер, анықтамалықтар мен энциклопедияларға жасалынатын библиографиялық шолулар, оларды оқырмандарға насихаттауға жол ашады. «Сұрақ-жауап» ойыны да тілді тез меңгеру және сөздердң есінде сақтап қалуға септігін тигізеді. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, яғни этнопедагогика саласындағы әдебиеттерді оқырманға ұсына отырып, қазақ жастарының арасындағы жақсы дәстүрге арналған «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны», «Наурыз нақыштары» сияқты әдемі сайыс кештері де Қазақстан кітапхана қызметкерлері өткізіпжүрген шаралардың бірі болып саналады. Тарихи ақтаңдақтар, белгісіз жапа шеккен арыстарымыздың да еңбектері, олардың қазақ елінің болашағы үшін күресуінің мақсат-мүддесін, ақиқатын айтып дәлелдейтін, жастарға ой салатын кештердің бірі – «Тарихи тартыс». Мұндай шараларды облыстық кітапханалар өткізген кезде жергілікті жердегі көпті көрген қариялар, тарих зерттеушілері шақырылады.

Қазіргі заманнның ағымына сай, өмірге жаңа көзқараспен қарап, жастардың көңілінен шығатын, әсер қылдыратын кітапханаларда өткізілетін мәдени іс-шараның бір түрі ток-шоу. Ток-шоу дегеніміз жастар арасында белгілі бір тақырыпты талдап, көп ойдың түйінін түю. Онда әркім өз ойын ортаға салады, ашық, айқын, бүкпесіз айтады. Ал енді ой-пікірді түйіндеп, ортаны қыздырып, жігерлендіріп отыратын, кештің қызықты, тартымды, мазмұнды жүргізілуіне мұрындық болатын ең алдымен – жүргізуші.

Теледидарда әртүрлі тақырыппен жүргізілетін ток-шоу, брейн-ринг ойындарын көріп, қызығушылықпен құмартып жүрген жастар ешбір мәжбүрсіз өз ізгі ниеттерімен, аса құштарлықпен кітапханада өткізілетін шараларға араласуы кітапханашыларды сүйсіндіреді. Қазір әртүрі ойын-сауық, жаңа технолгияның дамыған кезі, сондықтан кітапхана ұжымына оқырмандардың басын бір жерге қосып, белгілі іс-шара ұйымдастырып жетістікке жету оңайға түспейді. Сондықтан кітапхана қызметкерлерді жастарды ортаға тартып «Төлеген мен Қыз жібекә клубының мүшелерімен кездесе отырып, клубтың алғашқы ашылу рәсімінде сан ғасырлар бойы мәңгілік махаббаттың қос шынарындай болған Төлеген мен Қыз Жібектің ұлы сезімдері үлгі болатынына сеніммен қарап, ойы ұшқыр, көңілі ояу ұл-қыздар арасында «Махаббат – мәңгілік әлем» айдарымен ток-шоулар өткізілді. Тақырып арасында туындаған сан-түрлі мәселелерді талқыға салды. Мәселен, «Валентин күнін» өткізу керек пе? Т.с.с. Кітапханалардағы кездесулерде «Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстел, «Сенің мақсатың тәрбиелі, білімді азамат болу», «Елдің елдігі – асқақ рухты азаматы СЕН!» деген тақырыптарда пікірталас, жыр кеші, айтыс кештері ұйымдастырылып отырады.

Кітапханаларда өткізілетін «Салт-дәстүр жалғасы», «Құлақтан кіріп бойды алар», атты кітап көрмесін ерекше түрлендіріп, мән беріп қарайтындай айдарын ашық-айқын, түрлі түсті бояулы шрифтпен жазса оқырмандар назарын өзіне аударары сөзсіз. Қабырғаларға қанатты сөздер іліп, осы тақырыпқа байланысты кітаптарды сөрелерге әсемдеп орналастырып, халқымыздың ата-дәстүрін дәріптеуге оқырмандар назарын аударсақ. Көрменің ерекшелігі – ертедегі ата-бабаларымыздың үлгісімен жасалған тәтті тағамдарды дастарханға қойып, оқырмандарға дәм таттыру және осы дәстүрден тыс ұйымдастырылған кітап көрмелері ән-күй арқылы жалғасын тауып жатса құба құп.

Кітапхана сіс мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени ағарту қызметінің негізі болып табылады. Жаңа мыңжылдықта кітапханалар қоғамның қайта жанданып, өзгеруінде басқа мәдени мекемелер арасында үлкен мүмкіндіктерге ие. Бүгінгі таңда рухани дүниетанымы кең, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіру, оны өнерге, халықтық мұраға бейімдеуде, мәдени құндылықтарды жаңғыртып, ьтаратуда сипат беретін мәдени орынның бірі – кітапхана.

Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше. Сондықтан кітапхана мәдени-ағарту және ақпарат мекемесі, баспа шығармаларын сақтайтын, оны тарату мен насихаттау жөнінде қызмет атқаратын мәдениет ошағы. Кітапханада тәлім-тәрбие жүйесінің толымдылығын қамтамасыз ету үшін тәрбиенің де, ағартушылықтың да әдістемелікжүйелерін жасап, оларды жұмыс практикасы мен қоғамдық өмірге кеңінен енгізу міндеті тұр.

Жалпы кітапхана – адамдардың басын қосу, білім беру мүмкіндігі бар бірден-бір парасатты мәдени орын болғандықтан, ұлттық мәдениеттің мәйегін насихаттау мен дамыту баршамыздың парызымыз бен міндетіміз.

Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік кітапханалары өз істерінде мемлекеттік саясатты, идеологияны, ақпараттық жетістіктерді және тұрғындарға кітапханалық қызметті дамыту мен сақтау жөніндегі бағдарламаларды үнемі іске асыруда. Кітапхана қызметінің мақсаты өз аймағы көлемінде әмбебап құжаттардың толық жинағын мүмкіндігінше қалыптастыру, сақтау оны пайдалануды ұйымдастыру болып отыр. Кітапханаларда жүйелі түрде ғылыми-практикалық конференциялар, байқаулар, семинар-тренинг, кетер, практикалық сабақтар, көмектер, дөңгелек үстел, іс-тәжірибе трибуналары және көптеген көпшілік іс-шаралардың белсенді түрлері мен әдістері қолданылуда. Сондықтан ақпарат көздерінің қоғамға пацдаланылуын ұйымдастыратын идеологиялық және ғылыми ақпараттық мекеменің бірі – облыстық кітапхана болып табылады. Көптеген облыстық кітапханаларда «Кітапханаға кітап сыйла» айтты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда. Осыған орай әр аудандық, қалалық орталық кітапханалар «Кітапхананың сенімді достары», «Кітап – жан азығы», «Кітап - ортақ қазына», «Кітап – рухани әлемнің мөлдір бастауы», «Үлкен байлық пен білім – кітапта» т.б. тақырыптарда оқырманмен жүздесу, театрландырылған әдеби монтаж, сұхбат кештері пресс-конференция сияқты іс-шаралар өткізілуде.

Соңғы кезде ел Президентінің Жарлығымен әрбір жыл ерекше маңызы бар шараларға қатысты, өзіндік сипаты бар атаулармен аталып келеді. 2002 жылдың «Денсаулық сақтау» жылы болып жариялануына байланысты Оңтүстік Қазақстан облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында көпшілік іс-шараларын ұйымдастырып өткізуге орай арнаулы бағдарлама ұйымдастырылған. Жыл басынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының кітапханаларына «Менің кітапханам – Денсаулық сақтау жылында» атты байқау шарасын ұйымдастырып, оның өткізілуі жөніндегі бағдарлама мен Ережесі таратылды. Мұндай байқау шарасы кітапханаларда салауатты өмір салтын насихаттау бойынша оқырмандармен жұмысты ынталандыру болып табылады.

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың басқаруымен ұйымдастырылған Қазығұрт ауданы Қызыл Қия елді мекеніндегі ауылдық кітапханасының «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» атты байқауы, Бәйдібек ауданының Шақпақ ауылдық кітапханасы өткізген «Тәні саудың – жаны сау» тақырыбындағы сұхбаттасу кеші, Шардара ауданы Қазақстан елді мекеніндегі ауылдық кітапханасының «Денсаулығы адамның – денсаулығы ғаламның тақырыбындағы сахналық қойылымдары көпшілік қауымға ой салар іс-шаралар бола алады.

Ел өміріндегі аса маңызды істегі басты түйін – ең алдымен отбасында, үлкенді-кішілі әрбір ұжымда, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру, көпшілікке сауатты түрде насихаттай білу де әр кітапхана қызметкерлерінің міндеті.

Қазіргі өмір талабына сай, мемлекетіміз егемендік алып елімізде қоағмдық саяси және экономикалық түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылып жатқан кезде әр азаматтан құқықтық салауаттылық талап етіледі. Осы мақсатта құқықтық ақпараттарды жүйелі тұрғыда оқырманға жеткізуде кітапхананың үлесі зор. Себебі, құқықтық ақпараттар мен басылымдар арқылы, құқықтық тұрғыда болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер жайында мемлекеттермен хабардар ететін орын ол – кітапхана.

Оқырмандар кітапханадан ақпарат құралдары арқылы керекті құқықтық ақпараттар мәліметтерін жинай алады. Оқырмандарға құқықтық ақпараттарды жүйелі түрде жеткізе білу, насихаттау тұрғысында кітапханаларда құқықтық орталық ашылуда. Оқырмандарға қызмет көрсетудегі негізгі бағытының бірін атап айтатын болсақ, кітапханалар оқырмандарына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің құруымен Қазақстан Республикасының Құқықтық ақпарат орталығының «Заңдар» атты заңнама базасы мен Юринфо компанияларының «Юрист» атты заңнамасы орналасқан базаларын пайдалану арқылы электрондық тұрғыда қызмет көрсетеді. Кітапханаларда «Заң ордасы» атты оқырмандар қызығушыларына байланысты клубтар жұмыс жасайды. Клубтардың мақсаты әр оқырманға оның құқығы туралы толық түсінік беру. Ол үшін заң орындарының адамдарымен кездесу кештерін ұйымдастырып, кешке сол тақырыпқа байланысты кітап көрмелерін қойып, балаларға олардың құқықтары туралы түсінікті етіп жеткізу. Кеш соңында көрмеге қойылған кітаптарға шолу жасалып, ол кітаптардан қандай мәлімет алуға болатындығы жайында айтылады. Оқырманға бір кеште оның барлық құқығы туралы түсінік беру мүмкін емес. Көрмедегі кітаптарды алып оқу арқылы олар өздерінің құқықтары туралы білімдерін одан әрі толықтыра алады.

Тіл – тарих, халық аманаты. Сол аманатты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу алдыңғы буын өкілдерінің борышы.

Бүгінгі таңдағы көпшілік болып қолға алынып отырған тіл мәселесі, тілдің беделін көтеру, оның салмағын арттыру жолында кітапханашылар көптеген жұмыс шараларын осы мәселеге арнап отыр. Атап айтқанда ана тілімізде ұйымдастырылып жатқан тақырыпты кітап көрмелері, әңгімелер, тарихи сабақтар, кездесу кештері т.б. Кітапханалар қазақ тілі мен әдебиетінен басқа тілде оқылатын мектеп оқушыларына арналған «Ана тхілі» консультациялық (кеңес беру) пункті де өз жұмыстарын үзбей жүргізіп келеді. Сол сияқты қазақ халқының салт-дәстүрін, бабалар тарихын насихаттауда «Инабат» клубының да үлесі зор.

Жыл сайын қыркүйек айында өткізілетін тіл апталығы кітапханада «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте атты ұранмен өткізіледі. Апталық аясында халқымыздың сүйікті газеті « Ана тілі» редакциясының ұжымымен кездесу сағатын міндетті түрде өткізу де дәстүрге айналған. Апта бойы өткізілген әдеби кештер, тілге байланысты өткізілген викториналық ойын-жарыстар, пікірталастар, ұйымдастырылған кітап көрмелері оқырмандар ойында ұзақ қалары сөзсіз.

Тіл мәселесі – адам, қоғам өміріндегі ең негізгі мәселе болғандықтан кітапхана ұжымдары оны күнделікті жұмыстың басты мәселесі ретінде қарап, өткізілген әр шараны ұлттық тілге, халық тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне, салт-дәстүріне байланыстырып өткізеді. Халқының өткенін білу, құрметтеу әр адамның санасына сіңіп өсуі қажет. Осы қағиданы ескере отырып кітапханаларда «Өткеніңді білгенің өскеніңнің белгісі», «Наурыз-думан», «Берік болсын тәуелсіздік тұғыры», «Ел тарихы – менің тарихым», «Отаным – алтын бесігім», «Ерлікпен жеткен жеңіске, тағзым ету парызың» деген атпен кездесу кештері, әдеби музыкалық композиция, дөңгелек үстел, конференция т.б. шаралар өткізілуде.

Оқырман қауымның ана тілінде әдебиетті көбірек оқуын, белгілі қаламгерлеріміздің өмірі мен шығармашылығын жете білуін мақсат тұтқан кітапхана қызметкерлері «Поэзия, менімен егіз бе едің» (М.Мақатаев шығармашылығы), «Талантқа құрмет» (Ғ.Мүсірепов туындылары жайныда), «Дыр алыбы, Жамбыл» т.б. қаламгерлеріміздің өмірі мен шығармашылығына арналған кездесу сухбаттары, поэзия кештері өткізілуде. «Асыл ана» атты мерекелік жиында ардақты ана М.Тұрлыхановамен болған кездесу кеші ойдағыдай өтті. Осы сияқты өмірі мен қызметі болашақ жастарға өнеге боларлық ел азаматтары филология ғылымының докторы, жазушы, журналист С.Қалиев, атақты композитор А.Еңсепов, Желтоқсан оқиғасының батыры, Қайрат Рысқұлбековтың мұғалімі Қожаназаров, еліміздің ән-ұранының авторларының бірі – Жадыра дәрібаева, қазақ тілінің жанашыр өкілдерінің бірі, филология ғылымының кандидаты Асылы Османова, қазақтың ақын қыздарының білі Гүлнәр Шәмшиевамен өткен кездесулер оқырмандар көңілінен шықты.

Күнделікті жұмыстағы басты мәселе балаларды кітап оқып үйрену, ой-жүйесін дамыту, саналы, тәрбиелі оқырман етіп шығару. Осы жолда түрлі кездесулер, әдеби кештер, викториналық ойындар, тарихи сабақтар т.б. жиі өткізіліп тұрады.

Соның бірі қазақтың біртуар азаматы, әлемге танымал атақты ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың мерей тойына арналып өткізілген әдеби кеш. Кешке Қ.И.Сатбаетың қызы, медицина ғылымының докторы, ғалым Қаниса Сәтбаева, ғалымның немересі және Қаныш ағаның алдын көрген, дәріс алған, қарамағында еңбек еткен шәкірттері шақырылды. Кешке қатысқан оқырмандар ғалымның еңбегі, өмір долы жайлы қабырға газеттерін шығарып, оқыған, білгендерін ортаға салды. Сатбаев ұрпағымен дидарласып, көңіліндерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұзаққа созылған кездесу оқушылар дайындаған ән-күй әуенімен аяқталады. «Ел тарихы – жер тарихы» деген айдармен жыл бойы өткізілген шаралардың қорытындысы ретінде «Өткеніңді білгенің өскеніңнің белгісі» атты мектепаралық Білгірлер мен тапқыштар сайысы (КВН) өткізілді. Кітапханада қандай жұмыстар жүргізіліп, қандай шаралар өткізілсе де кітапхананың негізгі міндеті әдебиетті насихаттау болғандықтан, әр шараға байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылып, сол көрмеге қойылған кітаптарға библиографиялық шолулар өткізіліп тұрады. Айта берсе кітапханаларда өлкетану бағытындағы жүргізілетін жұмыстар өте көп. Табиғат және оны қорғау, денсаулық, экономика, спорт жайлы да әңгімелер, викториналық ойындар, пікірсайыстар жиі өткізіліп тұрады.

Бүгінгі өскелең оқырман талабын қанағаттандыру ең басты мәселе болып табылады. Қазір оқырмандарға қызмет көрсетуде мынандай жағдайларды байқауға болады.

Ауылда да, қалада да оқырмандар саны әлдеқайда артты. Мұны жастардың білімге ден қоюымен түсіндіруге болады.

Екіншіден – оқырман талабының күшеюі. Олар небір көне және сирек кездесетін кітаптарды, сонымен қатар ең жаңа ғылыми-ақпараттық еңбектерді, соңғы болып жатқан жаңалықтар мен саяси жағдайларға көп көңіл бөліп, солар жайлы мәліметтерді сұрайды. Демек оқырмандардың саны ғана емес, сапалық деңгейі де өсті Мұны егемендік алған еліміздің тәуелсіз ұл-қыздарының рухани түлеуінің белгісі ретінде қарауға болады. Міне оқырмандардың осындай сұраныстарын қанағаттандыру бағытында біршама жұмыстар жүргізілуде. Кітапханалардың көпшілігі автоматтандыру торабы бойынша жұмыс жасайды. Кітапханааралық абоненттік жүйе кең көлемде жұмыс атқарады. Осы жүйе арқылы басқа кітапханалармен үздіксіз кітап алмасып отыру мүмкіндігі бар. Электрондық пошта жүйесінің қызметі кеңейіп, алыс-жақын мемлекеттермен хаттар, ақпараттар алмасудың сапасы артып, мерзімі жеделдеді. Көптеген кітапханалар салаға енгізілген барлық озық үлгілерді өз жұмыстарында пайдаланып отыр десек артық айтқандай емес. Көптеген кітапханалар Интернет қызметімен, кітапханада болуға тиісті техникалық құралдармен қамтылған. Кітапханалардың интернетте өз сайттары бар. Міне, сондай кітапханалардың бхірі ретінде С.Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасын атауға болады. Кітапхананың «Родник» («Балбұлақ») сайты сайттардың AWARD-2004 байқауында екі номинация бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік сайт және мемлекеттік тілде жасалған ең үздік сайт, таңдаулы деп танылып медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Демек кітапханалар іс жүзінде әлемнің барлық түкпірімен ақпарат алмасып, интернет арқылы конференцияларға қатысып, тәжірибе алмасып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет