Философия пәні бойынша БӨЖ қабылдау
БӨЖ 1 Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе дайындау.
Дедлайн: 05.02.2024 00:00-17.02.2024 20:00
Макс. балл. - 15
Эcce жазу барысында ұсынылатын талаптар:
* Көлемі - 5 бет (Шрифт Times New Roman, 14 кегль)
* Жеке көзқарастың көрінісі;
* Фактілі дәлелдер (аргументтер);
* Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
* Цитаталарды келтіру;
* Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
* Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
* Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
* Жазу сауаттылығы (пункт., орфогр.);
* Қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2. Негізгі бөлім. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация);
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтердің логикалық қорытындысы;
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Жиі кездесетін қателіктер:
1. Проблема ашылмайды;
2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг сөздер;
7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. Логиканың болмауы.
10. Сілтемелердің болмауы;
11. Қаріптерді ауыстыру (крил.латын графикасын қолдану).
БАҒАЛАУ РУБРИКАТОРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |