ПІКІР
Еліміз егемендік алғалы бері ұлттық салт-дәстүрімізге, сана-есімізге, ұлттық мектептерімізге лайық оқулық түзу мәселесі-қазіргі таңның аса күрделі де өзекті мәселесінің бірі. Осыған байланысты бірден айта кететін нәрсе - студенттің батылдығы, ізденімпаздығы, ғылым құмарлығы. Бұл бізді қуантты.
Қазіргі таңда оқулық түзудің бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Студент соларға шолу жасай келіп, оқулық лингвостатистикалық тәсілін қалады. Бұнысы - құптарлық. Себебі оқулыққа қанша аз, қанша мәтін, сол мәтіннің көлемі қандай болу керек. бұнда қандай сөздер қамтылуы керек деген мәселені шешіп алмай тұрып, оқулық түзуге кірісу алғырттық болар еді. Осы тұрғыдан алғанда дипломанттың жұмысы оқулық түзу мәселесіне кіріспе десек те болады.
Дипломды жазу барысында студент алдына қойған мақсатын толық орындаған, оларға жатық та көркем ғылыми тілімен жеткізе білген.
Диплом жұмысына қойылатын талаптар толық орындалып, жүмыс соларға сәйкес жазылған. Дипломдық жұмыс " өте жақсы" деген бағаға лайық деп білеміз.
ПІКІР
Дипломант тақырыпқа орай көптеген ғылыми - теориялық, ғылыми -әдістемелік әдебиеттерді қарастырды. Облыс, қала мектептерінде болып бастауыш сынып мұғалімдерінен пікірлесті.
Жұмыстың басты ерекшелігі - оқулық түзу мәселесін лингвостатистикалық тұрғыдан зерттеуі және тың әдіс, қатысымдық әдістен пайдаланды.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Әрбір бөлімдегі тақырыпшалар алдына қойған мақсат пен міндетке сай жазылып тиісті пікірлермен толықтырылды.
Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті.
Жұмысты қорғауға жіберуге болады.
ПІКІР
Дипломант тақырып бойынша көп ізденді. Көптеген ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден, тақырыпқа байланысты жекелеген мақалалардан, облыс және қала мектептері бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибелерінен кеңінен пайдаланды.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер ретінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, теориялық, практикалық маңыздылығы мен қолданылымы, ғылыми болжамы т.б. сөз болса, I тарауда бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастыруға дағдыландырудың әдіс-тәсілдері қарастырылса, II тарауда бастауыш мектепте тікелей мәтінмен жұмыс істеудің әдістемесі сөз етілді.
Диплом жұмысына қойылатын талаптар толық орындалды.
Жұмыс қорғауға жіберілді.
ПІКІР
Қазақ тілі білімінде соңғы жылдары мәтін, оның теориясы мен әдістемесі, мәтін кұрастыру мәселесі айрықша колға алынып зерттелуде. Бұл салада ф.ғ.к., профессор А. Жұбановтан басқа ғалым жоқ. Сондықтан студенттің мұндай таңда қиын салаға баруы – қуанарлық жәйт.
Мәтін құрастыру мәселесі - бастауыш мектепте сөйлеу мен жазуды дұрыс ұйымдастырудың негізі. Себебі ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс түзілген әрі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылған мәтін - сауаттылыққа бастайтын алғашқы саты. Біздің ойымызша, дипломант осы мәселені дұрыс түсінген және жұмысында шама-шарқынша, диплом жұмысына қойылатын талап деңгейінде, шеше білген.
Диплом жұмысын жазуда дипломанттың көп ізденгендігі көрініп тұр. Ғылыми-теориялык және ғылыми-әдістемелік әдебиеттер орынды пайдаланылған, сілтемелер дұрыс жасалған. Өзіндік пікірлері бар.
Студент диплом жұмысына қойылатын талапты толық орындаған және соған орай жұмысты сәтті жазып шыққан.
Дипломанттың еңбегі атап өтуге тұрарлық. Ал оның авторына «өте жақсы» деген баға қоюға болады деп ойлаймыз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университеті
Педагогикальщ мәдениет және өнер институты
«Бастауыш мектепте филология пәндерін оңытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
Достарыңызбен бөлісу: |