Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары



бет87/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

2.4 Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары
Өздігінен жүргізетін жұмыстар:
1) үлгі бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыс, 2) реконструкқиялана
(қайта құрыла) жүргізілетін өздігінен жұмыс,
3) әр түрлі нұсқаулар бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыс, 4) творчестволықпен жүргізілетін өздігінен жұмыс,
5) Қайта жаңғырту жолымен де, творчестволық жолмен де аралас жүргізілетін өздігінен жұмыс болып бөлінеді.
Үлгі бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыс нұсқау іспетті берілгенүлгі негізінде орындалады.оқушыларға бірнеше сөйлем беріп, олар ол сөйлемдердің тыныс белтілерін өздігінен қойып шығады немесе белгілі бір ғрамматикалық ережеге негізделген бірнеше сөз тақтаға жазылады да, оқушылар дұрыс жазылғанын я қате екендігін айтады, немесе белгілі бір грамматикалық ережеге байланысты мысалдар айту талап етіледі.

Творчестволықпен жүргізілетін өздігінен жұмыстың түріне аяқталмаған жұмыстарды жалғастыру, реферат, баяндама, реқензиялар жазу, шағын зерттеулер жүргізу жатады. Мектеп оқушыларының творчестволык жұмыстарын археологиялық, диалектологиялық әкскурсияларға қатысуды да қосуга болады. Оқушылар әкспедиция қорытындысы туралы шағын көлемді ғылыми есеп береді. Әкспедиция материалдары негізінде шағын сюжетті әңгіме жазу, оқулықта берілген иллюстрақиялар, қосымша материалдар бойынша, жекелеген мәдени ескерткіштер бойынша шығарма жазу да творчестволық жұмыс болып саналады.
Оқушылардың өздігінен жүргізетін жұмыс түрлерін, жалпы алғанда, былайша санамалауға болады:

  1. оқушылар жан-жақты да дәлелді жауап беретіндей сұрақ қою.

  1. Оқушылар саналы түрде және салыстыра, қарама-қарсы
    материалды келтіре отырып, қорытынды жасайтындай тапсырма беру.

  2. Ережеге байланысты мысалдар ойлап тауып, оны практикада
    пайдалану қабілетін аңғарып отыру.

  3. Күрделі тақырыптарды өздігінен жүйелейтіндей тапсырмалар
    үсыну.

  4. Грамматикалық басты-басты тапсырмаларды орынды
    пайдаланатындай аралас тапсырмалар беру.

  5. Программаның белгілі тарауы бойынша алған білімдерін толық
    пайдалана отырып, өздігінен орындайтын тапсырма беру.

  1. Практикалық сипатты тапсырмалар орындату.

  2. Бір тапсырманы бірнеше нүсқада орындауды талап ету.

  3. Творчестволық жұмыстарды өздігінен орындауды тапсыру.

10) Мазмұндама және шығарма материалдарын алдын ала игеріп,
ойын еркін баяндауға төселдіру т.б.
Сонымен, оқушылардың тіл байлықтарының, сөз қорларының молайып, ана тілінде дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін жұмыстардың түрлері көп. Бүның кейбір үлгілерін

«V - VIII класс оқушыларының ана тілінен өз бетімен жұмыс жүргізуі үшін қосымша тапсырмалар» атты еңбектен қарауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет