Тақырыбы: 10 көлеміндегі сандарды қосу, азайту. Мақсаты: Білімділік



Дата31.01.2024
өлшемі15.98 Kb.
#490340
түріСабақ
Документ Microsoft Office Word (5)


Тақырыбы: 10 көлеміндегі сандарды қосу, азайту.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушы өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау, қосу мен алу амалдары туралы білім мен білігін жүйелеу. Есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру және өздігінен жұмыс істеуге баулу.
Дамытушылық:Оқушының ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой-өрісін, пәнге қызығушылығын және ауызша есептеу дағдысын және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Алғырлыққа, тиянақтылыққа және бауырмашылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сандар, карточкалар және математикалық құрастырғыштар.
Сабақ түрі: Аралас.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушымен сәлемдесіу.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қазір қай ай?
— Бүгін аптаның қай күні?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

5 санының көбейту кестесін еске түсіріп, қайталату.
III. Кіріспе.
Жаңа сабақ:
— Бүгінгі жаңа сабақта 10 көлеміндегі сандарды қосып, алу амалдарын пайдалана отырып, есептер шығарамыз. Ол үшін алдымен 1-ден 10-ға дейінгі сандарды және 1-ден 20-ға дейінгі сандарды тура, кері санайықшы.
Мына таңбаларды айтады?( + ; — ; = )
Дұрыс айтасың, қосу, азайту және тең. Осы амалдарды пайдалана отырып есептер шығарайық.
1.Тапсырма: Есептер: (ауызша айтып отырамын)
2+7= 15-8= 4+7=
10-8= 20-10= 16-6=
4-1= 7+5= 8+3=
3+6= 6+4= 13-7=
Сергіту сәті(мұғалім айтқанын қайталайды.)
Қостық біз, алдық біз,
Қатты шаршап кеттік біз.
Қане, тұра қалайық,
Қимылдасын қол-аяқ,
Кірпікті де қағайық, терең демді алайық,
Орнымызға отырып,
Сабаққа назар салайық.
IV.Сабақты бекіту: Математикалық жұмбақ:
А) Мықты санмын орақпын,
Ең жақсы бағамын. (5)
Б) Оң қолымда 2 алма, сол қолымда 3 алма. Қане, бәрін қосқанда болады екен неше алма? (5)
V.Сабақты қорыту: Логикалық есептер:
А) 2 қоянда неше құлақ?
Б) 2 тауықта неше аяқ?
В) 1 қойда неше аяқ бар?
VI .Сабақты бағалау: Оқушының сабаққа қатысуына және жауаптарына қарай мадақтап, марапаттап бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет