2. Матаса байланысқан сөз тіркестері
1. зат есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері.
а) Жалқы есім мен жалқы есімнің тіркесі. Ол тек - Еменалының Еменалы екенін, Мүсірептің түбі қүл түрікпен екенін тал түсте танытса ғана айтпақ (Ғ.Мүсірепов). Бұл Сұлтанның Сұлтан болгалы, ең бірінші ең бірінші алған ақысы еді, ең бірінші жеген таяғы еді (І.Есенберлин).
ә) Жалпы есім мен жалпы есімнің тіркесі. Әжейлердіқ әжесінен бері тартып келе жатқан әйел зарын естімеген, әйел зары азабын
көрмеген, алмаған қүдайды меңіреу деп, құрғыр деп қарғайды. (Ғ.Мүсірепов). Достармыздың достары - біздің достар («Маржан сөз»).
2. Сын есім мен сын есімнің тіркесі.
Алақан соғуға қарап арқасы қозып үйренген қазақ өнерпаздарына бр қиынның қиыны, қияметтің қыл көі ірі («Қазак әдебиеті»). - Ойбай, ол бір сөзбен бітпейтін қияметтің қияметі ғой (С.Жүнісов). Нанды күлге көміп пісіру, балгының балгысынан келе жатса да, көшпелі қазақтың ауызынан әлі дәмі кетпеген асы (Ғ.Мүсірепов).
3. Есімдік пен есімдіктің тіркесі.
Сірә менің мен екенімді біліп кетті, ұмытпайын дегені (Ш.Жандарбекова).
4. Етістік пен етістіктің тіркесі.
Бағудың да бағуы бар көрінеді. («Беласқан»).
3. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері
1. Барыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. Сазга саз, сөзге сөз («Маржан сөз»).
ә) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Өзіме өзім қожа, өзіме өзім би болсам, рет келсе, басқаларға да үстемдік жүргізсем деген мүраты іске асар ма деген үміті бар («Жүлдыз»).
2. Табыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. мырзаны «мырза» десең
желденеді, малайды «малай» десең тірі өледі («Маржан сөз»).
Терезесінде зырылдауығы жоқ үйді «үй» деп керегі жоқ, - дейтін болды
(Ғ.Мүсірепов).
б) Етістік пен етістіктің тіркесі. Аулауын ауларсың, аузыңмен не
қармарсың ?. («Маржан сөз»). Бұлар үйге кіргенде Құрмысы би не
айтарын айтып болып, қоштасар сөзге таяп қалған еді (Ғ.Мүсірепов).
Абзал соңғы сөзін айтарын айтсада отыра кеткен Сәулеге ойлы көзімен
қарап қалды (Ә.Әбішев).
3. Шығыс септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. - Ой, көсегің көгерсін, Ақан
балам, малдан мал, жаннан жан қоймай, берекемізді кетіріп еді
(С.Жүнісов). Сол жерде сөзден сөз туды, бұл жігіт өз тағдыры жайында
бір сыр шерткен еді (О.Сағынаев).
б) Етістік пен етістіктің тіркесі. Өйтіп езу тартқанын көрсеткенінен
көрсетпегені жақсы да (Ғ.Мүсірепов). ҚУМ-ның бір қабатын түгел
ақтардық, алғанымыздан алмағанымыз көп сияқты (Ш.Жандарбекова)
4. Көмектес септікті сөз тіркестері.
а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. «...Шіркін-ай досыңмен дос бол, қасыңмен қас бол. Досыңмен қастаспа, қасыңмен достаспа деп, Үлақшыға айта алмай қалдым-ау» (І.Есенберлин). - Әй, кемпір ішер шайыңды іштің ғой. Енді жаспен жас болмай, жаңа казандық жаққа барсаңшы (С.Жүнісов).
ә) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Ағайыңға зәбірің жоқ, өзімен өзі болып отыратын ырыс иесі бір момын адам едің, күндердің күнінде көре тү_ра айтпапсың деген өкпеңе қалармын деп әдейі бүрылдым...- деді (Ғ.Мүсірепов).
4. Қабыса байланысқан сөз тіркесі
-
Сын есім мен сын есімнің тіркесі. демек, қоңыр дер қоңыр емес,
күлгін деп күлгін емес («Беласқан»).
-
Етістік пен етістіктің тіркесі. Тәрбиелеудей-ақ тәрбиеледім, бірақ
болмады (Д.Досжанов).
Жалпы алғанда бір ғана сөздің сол сөз бен сөз тіркесін құрауы әдеттегі сөз тіркестеріне қарағанда біріншіден, сөз етілмей отыр, екіншіден, бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестерінің тұрақты тіркестері мен жігін айқындау да негізгі мәселе. Әрине бұл жерде сөздің қайталану арқылы құралған сөз тіркестерінің көптегензаңдылықтарының басы ашылмаған.. Ол туралы әді де көптеген жұмыс істеуді қажет ететін сөздердің тіркесінің үлкен тобын құрады.
IV Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары
Синтаксисті, соның ішінде сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне үқсас тілдік құбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсіу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты. Аталған тілдік құбылысты игерту оқушының логикалық ойлау қабілетін, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Қазак тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматикаын, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны чөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында колдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар мен ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді. Содан соң коммуникативтік, яғни адамдардың қарым-қатынастық тілінде қолдануға машықтанады. Осы Тұрғыда проф. Ф.Ш.Оразбаева «Сөйлеу ерекшеліктерін меңгерген оқушы өз ойын ауызша және жазбаша Тұрде іске асырады. Бұл - тілді қолданудың тәжірбиелік көрінісі. Сол себепті оқушы тілі адамдармен қарым-қатынас құралы ретінде үйренгені дұрыс,» - дейді.
Сонымен, сөз тіркесін меңгерту үшін жүргізілетін жұмыстарды төмендегідей жүйелеуге болады:
I. Жаттығулар жүйесі. Сөз тіркесі меңгертуде жаттығу жұмыстарының алатын орны ерекше. Зерттеу тақырыбына сәйкес жүргізілетін грамматикалық жаттығу жұмысын орындау сипатына қарай мынадай екі топқа топталады:
Ауызша Жазбаша
Бұлардың өзі іштей мынадай түрлерден тұрады.
Ауызша
Аналитикалық Синтетикалық Шығармашылық сипаттағы
жаттығулар жаттығулар жаттығулар
Жазбаша
Аналитикалық жаттығулар
Синтетикалық жаттығулар
Шығармашылық
сипаттағы жаттығулар
II. Көрнекіліктер жүйесі. Көрнекіліктердің сабақ мақсатына сай тандалып, әстетикалық сапасының жоғары болуы, білімдік, танымдық мазмұнының мұғалім сөзімен ыңғайлас келуі ескеріледі. Көрнекіліктің мәні оқушының білімі мен біліктілігін жетілдіруге тигізетін үлесімен өлшенеді.
тер
Грамматикалық кесте қағазы
Үлестірмелі
доскоп
III. Сөз тіркесін оқытуда оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың дамуы осыларды келешекте басқаратын жаңа ұрпақты даярлауды қажет етіп отыр. Қазіргі заман талап етіп отырғандай, әр жеке тұлғаның иниқиативасын дамыта, білімді бойына дарыта отырып оқыту - бірінші орындағы мәселе. Сөз тіркесін оқыту барысында колданылған оқытудың интерактивті әдістері осы жағдаятты шешуге көмектесті.
Оқытудың интерактивті әдістері
Пікірсайыс
Рөлдік ойындар
IV. Тест аркылы оқушы білімін тексеру. Оқушының білім дәрежесін бағалайтын педогогикалық өлшем, шама. Оқушының сөз тіркесі синтаксисінен алған білімін тексеру, бақылау проқестері тәрбиелік, жүйелік, жан-жақтылық үстанымдарына негізделді.
Жалпы әдістеме ілімінде жаттығулар жүйесін жасау мәселесі -оқыту жүйесіндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оқулықтар мен оқу құралдарына талдау жұмыстарын жүргізгенде 60-жылдарға дейінгі тілдік, яғни, грамматикалық жаттығуларға көп мән беріліп, оқыту
үрдісінде оның үлес салмағының басым болғаын байқадық. Бұл сөйлеу әрекеті грамматиканы игеру негізінде ғана жүзеге асады деген сыңар жақты пікірдің басым болқына байланысты.
Қазақ тілін игерумен байланысты жүргізілетін жұмыс -оқушылардың алған білімін әртүрлі жағдайда қолдана білуі мақсат тұтатын оқу әрекетінің түрі. Жаттығуларды даярлау арқылы ғана оқушы ізденеді. Алдына қойған мақсатын шешуге тырысады.
Жаттығулар әдісінің негізгі қызметі - оқушының алған білімі мен іскерлегінің тез дағдыға айналуы және практикалық жағдайда орындай алуға мүмкіндік жасау. Жаттығу жұмысын жүргізу әр пәннің міндетті бөлігі. Теориялық материалдарды берік меңгерту жаттығулар жұмысының тиімді де жүйелі құрылуына байланысты. Жаттығу жұмыстары жеңілден басталып, бірте-бірте күрделене түсіп, шығармашылық деңгейдегі жаттығуға дейін көтерілуі тиіс.
Әдістемелік еңбектерде жаттығу жұмыстарын әртүрлі топтау жүйесі бар:
Әдіскер ғалым А.Әбілқаев: «Жаттығу тілді оқыту процесінің қажетті құрамды бөлігі болып табылады. Жаттығуларсыз қазақ тілі сабағын өткізу мүмкін емес», - дей келе, қазақ тілін оқытумен байланысты жаттығуларды орындай Тұріне қарай ауызша, жазбаша, қиындық дәрежесіне қарай оңайдан қиынға қарай деп бөлінеді де, жаттығулардың түрін көрсетеді.
Хасен Арғынов сөз тіркестерін меңгертуге байланысты төмендегідей жұмыстарды атап көрсетеді:
-
берілген сөйлемдердегі сөз тіркестерін тапқызу, олардың
бағыныңқы, басыңқы компоненттерін атату, қай сөз табынан
болғанын дәлелдету;
-
сөздер бері, солардан сөз тіркестерін жасату, олардың қайсысы
есімді сөз тіркесі, қайсысы етістік сөз тіркесі деп аталатынын
айтқызу;
-
есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы компоненттерінің қай сөз
табынан жасалғанын сұрау;
-
етістікті тіркестерінің бағыныңқы компоненттерінің қайдай
тұлғада, қай сөз табынан жасалғанын сұрау;
-
өлеңді сөйлемдердегі сөз тіркестерін атау,, олардың сөз
тіркесінің қай түрі болып тұрғанын айтқызу және дәлелдету.
Проф. С.Рахметова граматиканы оқыту барысында оқушылардың тілін дамытуда жаттығулардың грамматикалық жаттығулар деп, ішінара бөледі.: «Грамматикалық жаттығулар оқушылардың қандай тілдік материалдармен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді,» - дейді.
З.Бейсембаева: «Сабақтың дидактикалық мақсатына өарай жаттығулардың Тұрі де (дайындық жаттығу, байқау-сынау жаттығулары, машықтану жаттығулары т.б) өткізу формасы да (ауызша, жазбаша) әр түрлі,» - дейді.
Н. Құрманова өз еңбектерінде жаттығуларды аналитикалық (теориялық материалдарды игеруде оны дағдыға айналдыру мақсатында), синтетикалық (грамматикалық ішкі заңдылықтарын тілде қолдана білуге), аналитика- синтетикалық (стильді ажырата білу, редакқиялау, шығармашылығын арттыру мақсатында жаттығулар ) деп бөлінеді.
Сонымен зерттеу тақырыбына сәйкес жүргізілетін грамматикалық жаттығу жұмыстарын орындау сипатына қарай екі топқа топтадық: ауызша, жазбаша.
Жаттығулардың ішкі мақсаты мен мазмұнына қарай ішінара талдау сипаты басым (аналитикалық) және жинақтау, біріктіру сипаты басым (синтетикалық) жаттығу, шығармашылық сипаттағы жаттығу (сөз тіркестерінен сөйлем құрау, оны мәтінде пайдалана білу, мәтіндегі ойды білдіруге тірек болып тұрған сөз тіркестерін таба білу ) деп бөліп қарастырдық.
І.Аналитикалық жаттығуларды орындаудың негізгі мақсаты оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, тілдің грамматикалық құбылыстарын анықтау, грамматикалық талдау.
Аналитикалық жаттығулар сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін таба білу , сөз тіркестерін салыстыру, сыңарларына сұрақ қою, басыңқы, бағыныңқы гыңарларды таба білу, олардың морфологиялық белгілерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жаттығулар сөз тіркестерінің басты негізгі фекшеліктерін тани білуге дағдыландырады. Жаттығулар бірте - бірте сүрделене түседі.
Сөз тіркесін оқытумен байланысты машықтану жаттығулары т.б) өткізу формасы да (ауызша, үргізілетін аналитикалық жаттығулар жүйесі:
1-жаттығу. Мәтпіннен сөз тіркестерін табыңдар. Бағыныңқы басыңқы юмпоненттерінің қай сөз табында екенін ауызша айтыңдар. Есімді сөз піркестерін табыңдар.
Төрт жердеи албыраған аспалы шамдар жақын үйдің жайын айтқызбай- ақ баяндап тұр. Бәрі де қазақ даласына бұрын келмеген карығы мол, үлкен шамдар. Қара барқытпен оюланған туырлықтың иығын шығара керней тұрған алтын бояулы уықтай шам жарығында түрын бір көрмеген салтанат сияқтанады. Бірімен - бірі араласқан ояулар, қызыл - жасылды терме бояулар, түкті кілемдер, күміс «аптырған адалбақандар бұл үйдің жасалуына бірталай - ақ ой :еткендігін айтып тұр. Біріне - бірі сай, асыл нәрселерді жарасымын ауып жымыңдысып тұрғандай.(Ғ. Мүсірепов ).
іүл жаттығудың мақсаты - мәтіннен сөз тіркесін табу.
Міндеті - сөз тіркесінің бағыныңқы компонентінің, басыңқы компонентінің кай сөз табында жасалғанын анықтау. Есімді сөз тіркестерін таба білу. Жұмысты орындау арқылы оқушы мынадай нәтижеге жетті:
-
тексті мәнерлеп оқып, мазмұнына мән береді;
-
мәтіннен сөз тіркестерін тауып үйренеді;
-
сөз тіркесінің түрін, яғни бағыныңқы, басыңқы компонентерден
тұратындығын, олардың белгілі бір сөз табынан
жасалатындығын меңгерді, білді;
-
есімді сөз тіркесі мен етістікті сөз тіркесінің айырмашылығын
білді;
-
морофологиядан алған білім-дағдыларын сипаттап
байланыстыра алады.
2-жаттығу. Мына өлеңнен етістікті сөз тіркесін табыңдар. Етістікті сөз тіркестерінің багыныңқы сықарлары қызметіңде қай сөз табы қолданылып тұрганына жазбаша талдау жасаңдар.
Мен қуансам, жас баладай қуанам, Көрген адам талай деген «Есалаң» Мен қарғырсам, орнатамын қиямет, Жас баламын: тағы да тез жұбанам.
Күлсем егер, есім шығып күлемін, Жылағанда қап-қара қан төгемін. Қасым болса, қанын ішкім келеді, Досым болса, жолында оның өлемін.
(М.Жұмабаев).
Жаттығудың мақсаты — етістікті сөз теркестерін табу.
Міндеті - поәзиялық шығармалардан сөз тіркесін табу, қай сөз табына
жасалғанын анықтау.
Нәтижесі:
-
поәзиялық шығармалардан сөз тіркесін тауып үйренеді;
-
түсініксіз сөздерге талдау жасап, мағынасын ашуға тырысты;
-
өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықты.
3-жаттығу. Мәтінен сөз тіркестерін тауып, онық басыңқы сыңарларын ауызша атаңдар.
Түн шайдай ашық еді. Аспанда бұлт жоқ. Хамит жалғыз, ескілеу жолмен келеді. Ағаштардың жапырақтары салғырт тартып, сарғая бастаған. Кей жерлерде қыстаулар көрінеді. Қыстау маңында жайылып жүрген мал. Қүбақан ат басын шұлғып келеді. Аттың пысқырғаны Хамитке жақпай келеді (С.Сейфуллин).
Мақсаты - сөз тіркесінің басыңқы компоненттерінің жасалуына назар аудару, пысықтау.
Міндеті - басыңқы компоненттерінің қай сөз табына жататына байланысты етістік, есімді, ортақ басыңқылы болып бөлінетінін нақтылау, назар аударту.
Нәтижесі:
-
сөз тіркестерін мағыналық жоқтан топтастырып, бөліп алады;
-
оларға талдау жасап үйренді;
- кез-келген тіркестік сөз тіркесі бола алмайтынына тағы да көздерін
жеткізді.
4-жаттығу. Өлеңнен матаса байланысқан сөз тіркесін тауып жазыңдар.
Бұл дүниенің қарты едің, Әулиенің арты едің, Батырлардың мәрті едің Айналайын, Қабанбай; Қайда болар тұрағың?
(Бүхар жырау).
Мақсаты - сөз тіркесінің байланысу формаларын табу.
Міндеті - матаса байланысқан сөз тіркесін тауып, қалай жасалғанын
көңіл аудару.
Нәтижесі:
-
септік жалғауларының байланысу формасын ажыратуда ерекше
рөл атқаратынын ақытады;
-
мәтінді мәнерлеп оқуға жаттьщты;
-
тирихи тулға есімдерімен танысты (Қабанбай батыр, Бұхар
жырау);
-
көмекші есімдер арқылы жасалған тіркестердің сөз тіркесі бола
алмайтынын меңгерді.
5-жаттығу. Сөз тіркестерін анықтап, тірекесу ерекшеліктерінауызша айтыңдар.
Қырқада, айда, бөктерде Оттығып өріс, күн жылып. Мал төлдеп жатыр көктемде, Ауылдың маңы қым-қуат.
Бұлақтың көзі ашылып,
Бұлдырап келді жылғаға.
Құнанның жалына асылып,
Қуанып күліп Тұр бала.
(М.Мақатаев).
Мақсаты - сөз тіркестерін табу, оларды анықтау. Міндеті - сөз тіркестерінің тіркесу ерекшеліктерін меңгеру. Нәтижесі:
-
сөз тіркесінің байланысу тәсілін меңгерді;
-
олардың Тұрін ажыратады, қандай қосымшалар негізінде
жасалғанына назар аудару арқылы іскерлік дағдыларын
қалыптастырды.
Бұл аналитикалық жаттығулардың көздейтін мақсаты - оқушының сөз тіркесі туралы жалпы түсінігін қалыптастыру, сөйлемде, мәтінде сөз тіркесін тани білу, рның Тұрлерін бір - бірінен грамматикалық ерекшеліктері арқылы ажырата білуге үйрету.
2. Синтетикалық жаттығулардың аналитикалық жаттығулардан мазмұны, орындау шамасы күрделірек. Мү_нда орындалатын жаттығулар, негізінде, сөз тіркестерін құрау, бір-бірімен салыстыру, ү_қсас тілдік тұлғалардан ажырату бағытын көздейді.
1-жаттығу. Төмендегі сөздерден сөз тіркесін қүрап, олардың багыныңқы, басыңкы сыңараларын ауызша атақдар.
Үлгі: алып түлга: алып — багыныңқы сыңары (қандай түлга?), түлга (не? )- басыңқы сынары.
Тұлға, тарих, алып, халық, жас, жасыл, үрпақ, бақ, еңбек, өткен, адал, шатыр, бала, жылы, жаңбыр, қарт, адам, жақсы. Бұл жұмыстың мақсаты - сөз тіркестерінің басыңқы, бағыныңқы сыңарларын бір-бірінен ажырату.
Міндеті - екі сөзді байланыстыру аркылы сөз тіркесін құрау. Нәтижесі:
-
мағыналық байланыстың болуы шарт екеніне көздерін жеткізді;
-
екі сөз тіркестіру арқылы сөз тіркесін жасады;
-
ойлау қабілеттерін дамытты;
-
басыңқы, бағыныңқы компонетке сұрақ қоюды үйренді.
2-жаттығу. Сөз тіркестері, тұрақты тіркестерді және күрделі сөздерді бөлек-бөлек топтап жазыңдар.
Туған жер, ардақты кісі, қой ауызынан шөп алмас, жылқы мінезді, көркем дүние, мәдениет сарайы, мектепке арнау, ауыл
жастары, ит тұмсығы өтпейтін, қара торы, қабырғаңмен кеңес, озат
оқушы, таза үй, кілем, бозторғай.
Мақсаты - сөз тіркестерін өзіне ұқсас тілдік тұлғалардан ажырата білу.
Міндеті - лексика және морфология салалрынан алған білімдерін
пайдалана білу, оны жүзеге асыру.
Нәтижесі:
-
сөз тіркесінің басты, негізгі қасиеттерінің нақтылыды,
анықтады;
-
оған іс жүзінде көздерін жеткізді;
-
тіл білімінің басты салаларынан алған білім білік дағдыларын
пайдалануға тырысты;
-
күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің сөз тіркесінің бір
компонентінің қызметін ғана атқаратына көздерін жеткізді;
-
таным деңгейі өсті.
3-жаттығу. Мына кестедегі сөз тіркесі мен тіркесті салыстырып, олардың айырмашылыгын айтыңдар. сөз тіркесіне 3 сөйлем, Тұрақты тіркесіне 3 сөйлем ойлап жазыңдар.
Сөз тіркесі
|
Тұрақты тіркес
|
Таза дәптер, таза киім, әдемі киім, әдепті кісі, баланың ісі
|
Жүрек жүтқан (батыр), қоян жүрек (қорқақ), тіс жармау (үндемеу)
|
Мақсаты - сөз тіркесі мен тұрақты тіркесті салыстыра отырып бір-
бірінен ажырату.
Міндеті - сөз тіркесі жөнінде алған білімдерін практикалық жүзінде
пайдалану, оның негізгі қасиеттеріне баса назар аударту.
Нәтижесі:
-
сөздерді орынды қолданып, сөйлемді дұрыс құрастыру. Ойын
жеткізе білу іскерлігін дамытты;
-
алған білімдерін практикалық іскерлік дағдыға айналдырды;
-
пәнге қызығуын арттырды.
4-жаттығу. Мына сөз тіркестерінің магынасын сұрақ қою арқылы ауызша түсіндіріңдер.
Алма ағаш, ағаш ат, алтын жұлдыз, киіз үй, қой қора, көз әйнек, түлкі тымақ, қол сағат, биік үй. Мақсаты - сөз тіркестерінің мағынасын анықтау. Міндеті - сөз тіркестерінің әлбір сыңарына сұрақ қоя білуге үйрету. Нәтижесі:
- басыңқы және бағыныңқы сыңарларына сұрақ қоя білді;
-
таным белсенділігі күшейді;
-
байланысудың түрлері арқылы сөз тіркестері жасадлатынын,
олар сөйлем құрауға негіз болатынын түсінді.
5-жатттығу. Сөз жүптарын оқыңдар. Сөз тіркесінің басыңқы сыңарының қай етістікте тұрганын ауызша айтыңдар, сұрақ қойыңдар. Жұмысқа бару, үйге келу, үйірмеге жазылу, кезекке тұру, беске оқу, суға шолылу, лексияға дайындалу, тәуелсіздікке жету, сабақтан келу, жол сілтеу, секіріе-секіріп өту, мақтана салу, көзге күлімдеу, үйге келіп түсу, салт барып қайту, үйге келіп түсу. Мақсаты - оқушыларды алған білімді жаңа жағдайда қолдана білуге үйрету.
Міндеті - түйық етістік сөз тіркесінің басыңқы сыңарының қызметін атқарып тұрғанына назар аударту. Нәтижесі:
-
салааралық байланысытың әдістері қамтылды;
-
тілдік құбылыстарды талдау және олардың практикалық
қажілеттікке айналдыру шеберліктері жетілді.
Бұл синтетикалық жаттығулардың мақсаты - сөз тіркесіне тән басты қасиеттерді үйрету, осы қасиеттер арқылы оларды өзіне ұқсас тұлғалардан ажырата білуге дағдаландыру, оқушылардың логикалық қабілетін дамыту. Кез-келген тіркестің сөз тіркесі бола алмайтынын саналы түрде меңгерту бағытын да көздеді.
3. Шығармашылық сипаттағы жаттығулар негізінен оқушының шығармашылық ойлау қабілетін артыруға арналды. Мұндағы жаттығулардағы тапсырмалар білгелі тұлғада тұрған сөз тіркестерін құрау, сөз тіркестерінің сөйлем, мәтін құрауда алытын орнын көрсетуге бағытталды.
1-жаттығу. Сөз жұптарын оқыңдар. Олардық бірінші сыңары көмектес септігінде тұрган сөз тіркестеріне 6 сөйлем ойлап жазықдар. Үлгі: Оқушыларга отпен ойнамауга кеңес берілді.
Отпен ойнаумау, үйге келу, көзбен көру, қолмен ұстау, қолымнан тапсыру, сызғышпен сызу, бергі түбіне жету, қағазбен орау, бормен жазу, минутпен есептеу, жолмен жүру, бірінші кезекте көтеру, күрекпен қазу.
Достарыңызбен бөлісу: |