Диплом жұмысы тақырыбы: «Негізгі құралдардың есебі мен аудиті» «Қаржы және есеп»



бет5/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#141417
түріДиплом
1   2   3   4   5




алынды










.

Негізгі құралдар бір цехтан екіншісіне берілді

300000

2410

2410

Негізгі құралдарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға келіп түседі, және ол талдамалы есеп тізімдемесіне жазу үшін негіз болады, ал ол «Негізгі құралдар» бөлімшесіндегі шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын өздерінің пайдалаунындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын істен немесе есптен басқа субъектілерге, заңды тұлғаларға, адамдарға тегін бергенде, сатқанда, ү-рланғанда, табиғи апат, зіл-зала жағдайында бұліегенде шығарады. Сонымен қатар өздеріндегі меншігіндегі негізгі құралдары басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де шаруашылық субъектілері өздерінің балансынан негізгі құралдарды есептен шығара алады.

Негізгі құралдарды есептен шығару № 6 БЕС-да қаралған тәртіп бойынша жүрізіледі. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ -3 «Негізгі құралдарды есептен шығару актісі» және үлгілі түрі НҚ-4 «Көлік құралдарын есептен шығару актісі» толтырылады.

Бұл жоғары да айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:



  • объектінің салынып біткен уақыты;

  • шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріске алынған уақыты;

  • пайдалануға берілген уақыты;

  • объектіні бастапқы құны;

  • бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептеген тозу сомасы;

  • жөндеулердің жүргізілген уақыты;

көлік құралын есептен шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген жолы көрсетіледі;

  • негізгі құралдардың істен шығару себебі және оның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;

  • аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі құралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;

  • сондай-ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданатын шараларды іс актіге жазады.

Кәсіпорында негізгі негізгі құралдарды сатқаннан, бұзғаннан алған материалдарын сатқаннан алған сомасынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы субъектінің өзінде қалады.

Кәсіпорында есептен шығарылған негізгі құралдардың құны 7410 -«Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар» шотының дебетіне, 2410-«Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдарын есептен шығарылған күнге дейінгі жинақталған тозу сомасына 2420-«Негізгі құралдардың тозуы» бас шотының тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, 2410-«Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.

Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған іске жарайтын материалдар мен басқа бөлшектердің құны: 1330-«Материалдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 6210-«Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады.

Кәсіпорында негізгі құралдарды сатқаннан алынатын табыс «Дебиторлық борыштар және де басқа да активтер» - деп аталалын 3 - бөлім және «Ақшалай қаржылар» - деп аталатын 4 - бөлім шоттары тиістілерінің дебетіне, «Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс» шотының кредитіне жазылады. Негізгі құралдарды есептен шығару операциясының соңында одан алынған табыстар мен шыққан шығындар -«Жиынтық табыс» шотына апарылады.

Басқа кәсіпорында, заңды тұлғаларға тегін берілетін негізгі құралдарға үлгілі түрі НҚ - 1 «Қабылдау табыс ету актісі» екі дана етіліп толтырылады.

Оның беруеі негізгі құралдарды берушіде қалдырылып, ал екінші данасы негізгі құралдарды алушыға табыс етіледі. Осы актінің негізінде басқа шаруашылық субъектісіне немесе заңды тұлғаларға берілген негізгі құралдардың инвентарлық карточкасына тиісті мәліметтер толтырылып, ол карточка актімен бірге негізгі құралды алушыға беріледі. Негізгі құралды және оның инвентарлық карточасының басқа субъектіге немесе заңды тұлғаға берілуі жайлы негізгі құралдардың жұмыс істеп тұрған жері бойынша жасалған инвентарлық карточкаларының тізіміне тиісті мәліметтер жазылады.

Негізгі құралдарды беруші шаруашылық субъектісі оны тегін алушыға берілген негізгі құралдарын бастапқы құны мен тозу сомасын көрсетіп, хат жолдауы керек. Бұл хат, яғни авизо төрт дана етіліп толтырылады. Негізгі құралдарды алған субъектінің немесе заңды тұлғанын бухгалтериясы негізгі құралды алғандығын білдіріп, авизоның екі данасына қол қойып және оларға мөр басып, негізгі құралды берушіге қайтарып береді.

Сонымен басқа шаруашылық субъектілерге, заңды тұлғаларға тегін берілген негізгі құралдар баланстан қабылдау - табыс ету актісімен оны алушының дәлелдейтін хатына негізделініп шығарылады.

КәсіпорАндарда негізгі куралдарды басқаларға тегін беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептен шығаруға жазылатын жазулар мен бірдей жазылады.



III Бөлім. НЕГІЗГІ Қ¥РАЛДАРДЫҢ АУДИТІ

3.1. Негізгі құралдардың есебінің ішкі бақылауын ұйымдастыру

Негізгі құралдардың нақты бар жоғын анықтау және олардың сақталуына ішкі бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқада актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.

Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартына сәйкес әрбір шаруашылық жүргізіші субъект өз бетінше жұйелі түрде түгелдеу жұмысын жүргізіп отыруды белгілейді.

Негізгі құралдарды мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде бір рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда бір рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында түгелдеу жүргізіледі.

Мүліктік түгелдеу міндетіне негізгі құралдардың нақты барлығы техника жағдайы туралы дәл, толық мәліметтерді алу мен қатар бухгалтерлік есепке алу мәліметтер мен салыстыру шаралары да жатады. Негізгі құралдардың нақты бар жоғы және техникалық жағдайы туралы мәліметтер «Негізгі құрал жабдықтарды мүліктік түгелдеу тізіміне» жазылып, мүліктік түгелдеу біткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізеді. Тізімдемеде объектілердің толық аты көрсетіліп, олардың техникалық сипаттамалары беріліуі тиіс. Жалға берілген немесе алынған, сақталған немесе уақытша пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша келісімдердің, басқа қүжаттардың нақты бар жоғы және заңдылығы тексеріледі. Мүліктік түгелдеу төменде көрсетілген.

Мүліктік түгелдеу тізімдерін жасамастан бүрын мүліктік карточкалардың мүліктік түгендеу бар жоғын және олардың қандай күйде екенін; техникалық паспорттарымен басқа техникалық құжаттарың бар




жоғын және олардың қандай күйде екендігін; жалға немесе сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың құжаттардың тексеру қажет. Егерде құжаттары жоқ болса, оларды алдыртудв және дайындауды қолға алған жөн. Бухгалтерлік есепке алу үшін регистрлердің және техникалық құжаттардың бір-бірімен сәйкестігі тексереді.

Негізгі құралдарды мүлікткі түгелдеу кезінде комиссия міндетті түрде объектілерді тексеріп, олардың толық атын, міндетін, мүліктік түгелдеу тізімін, ретін және негізгі техникалық және пайдалану көрсеткішерін мүліктік тізімдерінде енгізуі тиіс. Үйлерді, ғимараттарды және басқа да жылжымайтын мүлікті мүліктік түгелдеу кезінде, көрсетілген объектілердің субъектіге тиісті екендігін растайтын бар-жоғын тексереді.

Сондай-ақ, субъектінің жер телімдерін, су тоғандарын және басқа табиғи ресурстарды иелену құқын растайтын құжаттардың да бар-жоғы тексеріледі.

Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ бухгалтерлік есептің регистрлеріне алынған мәліметтердің дұрыс еместігі айқындалса, комиссия мүліктік түгелдеу тізіміне және мүліктік түгелдеу карточкаларына осы объектілер жөніндегі жеткіліксіз болған, сондай-ақ дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштерді енгізуі тиіс. Мысалы, үйлер бойынша - олардың қандай материалдардан салынғанын және сол материалдардың көлемін, көлемі, қабаттар саны салынған жылы; каналдардың ұзындығы, тереңдігі және ені, жасанды құрылыстар, түбі мен еңісін бекіту материалдарды; көпірдің тұрған жерін, негізгі материалдардың түрі мен мөлшері; жолдар бойынша - жолдардың түрлері, қашықтығы, төселген материалдар, жолдың ені т.б. көрсетіледі.

Есепке алынбаған объектілерді мүліктік түгелдеу кезінде бағалау әрекет етіп түрған баға мен ұдайы өндіріс жағдайларын ескеріп есепке алынуы тиіс.

Есепке алынбаған объектілердің қашан салынғанын немесе алынған, жасалған шығындардың қажыландырылған көзін мүліктік түгелдеу комиссиясы белгілеп, оны хаттамада көрсетуі керек.

Негізгі құралдар өзінің негізгі мақсатына сай мүліктік түгелдеу
тізімдеріне тіркеледі. Егер объект қайта жаңғыртылып, өзгертілсе, кеңейтілсе немесе қайта жарақтандырылып, өз қолдану мқсатын өзгертсе, онда ол жаңадан белгіленген мақсатына сай тізімге тіркеледі.Өнім беретін ірі малдар мен жұмыс көліктері мүліктік түгелдеу тізімдеріне тіркелгенде,олардың: малдың нөмірі тұқымы, қондылығы, тірідей салмағы және алғашқы құны көрсетіледі.Мал тұкымың сапасы туралы мәліметтеріне қарап анықтайды. Ірі қара мал, жұмыс көлігі, шошқа және асыл тұқымды қой мен басқа мал түрлері тізімге бөлек жазылады. Негізгі табындағы мал топтық ретімен есепке алынып, тізімге жасы мен жанысына қарай бөлініп, әр топ бойынша тіріндей салмағы мен мал басы көрсетіліп тіркелді.

Егер де комиссия күрделі сипаттағы жұмыстар немесе ішінара құрылыстар мен құрылымдардың жойылуы бухгалтерлік есепте көрсетілмеген байқаса, онда оларды арнайы құжаттар арқылы объектінің баланстық құнының өсу немесе кему сомасын анықтап, тізімге өзгерістерді енгізуі тиіс. Сонымен қатар, комиссия кейбір объектілердің күрделі өзгертілген анықтап, олардың себептері мен кінәлі тұлғаларын тауып және бухгалтерлік есептің регистрлеріне көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

Машиналар, құрал-жабдықтар мен көлік құралдары мүліктік түгелдеу тізімінде заводтардың, дайындаушы кәсіпорындардың мүліктік мерзімі, арналымы, қуатты және т.б. көрсеткіштерді жеке көрсетіледі.

Бір тектес шаруашылық заттарының, саймандардың, станоктардың құндары бірдей болса, бір цехқа немесе кәсіпорынның құрылымдық бөліміне бір уақытта түссе, мүліктік түгелдеу тізімдеріне осы заттардың атауы мен саны бойынша көрсетіледі.

Негізгі құралдардың мүліктік объектілеріне берілген реттік сандары ешқашан өзгермеуге тиіс. Нөмірлерді өзгерту объектілерді байАрай негізі құралдардың басқа тобына, яғни техникалық-өндірістік мақсатына сай емес топқа жазғанда немесе дұрыс болмаған анықталғанда ғана жүзеге асырылады.

Мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорыннан тыс жерде тұрған немесе негізгі

құралдар кәсіпорыннан уақытша сырт жерге шығар алдында мүліктік тізімдеуден өтеді.

Пайдалануға жарамайтын және жөндеуге келемейтін негізгі құрал-жабдықтар мүліктік түгелдеу тізімдерінде еңзілмейді. Мүліктік түгелдеу комиссиясы бұл объектілердің пайдалануға қосылған мерзімі мен мардымсыз болып қалуынын себептерін көрсетіп, арнайы тізім жасайды.

Өз меншігіндегі құралдарды мүліктік түгелдеу кезінде жалға немесе жауапты сақтауға алынған негізгі құралдар да тексеріледі. Бұл объектілердің жалға немесе жауапты сақтауға алынғандығын растайтын құжаттарға сілтеме жасалады. Ол тізімдерде расталған мәліметтерден басқа кәсіпорынның аты; жалдау немесе сақтау мерзімдері көрсетіледі. Мүлікткі тізімнің бір данасы кәсіпорындарға жіберіледі.

Мүліктік түгелдеу кезінде есепке алынбаған объектілердің бағасы сараптау жолымен анықталады. Бұл объектілердің тозуын нақта техникалық жағдайына қарап белгілейді.

Негізгі құралдардың есепке алынбаған объектілерінің баланстық құнына 2400 «Негізгі құралдар» бөлімінің шоттары дебеттеледі де, 6210 «активтердің шығуынан түсетін табыс» шоты кредиттеледі; тозу сомасына 2410 шоттары дебеттеледі және «Негізі құралдардың амортизациясы» бөлімінедегі 2420 шоттары кредиттеледі.

Негізгі құралдардың кем болып шығуына байланысты операциялар жоғарыда көрсетілген.

Мүліктік түгелдеу нәтижелері сол мүліктік түгелдеу аяқталған айдың есебіне жазылуы тиіс. Есепке алынбаған негізгі құралдарға жаңа мүліктік түгелдеу карточкалары толтырылады; кем шыққан негізгі құралдарбаланстан есептен шығарылады, ал оның карточкасы «Мұражай» бөліміне орналастырылады. Мүліктік түгелдеудің мәліметтері «Негізгі құралдарың мүліктік түгелдеу нәтижелерінің салыстыру тізімдемелеріне» енгізіледі, бірақ тек есепке алынған мәлеметтерде алшақтықтар болған кезде. Салыстыру ведомосы төменлде келтірілген.

Кем немесе артық шыққандардың кінәлілері және себептері туралы мәліметтері жан-жақты келтірілген, сондай-ақ болашақта жағымсыз құбылыстардың алдын алу және кінәлілерге қатысты қолданатын шаралар бойынша көрсетілген мүліктік түгелдеу комиссиясының жасаған хаттамасы - ең басты құжат болып табылады.

Қазіргі номативті актілер мен кәсіпорын есеп саясатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар нақтылы қолда бар негізгі құралдарды анықтау және оның дұрыс сақталуын бақылау мақсатында мерзім сайын түгендеу жүргізіп отырады.

«Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» (БЕС-24) бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес түгендеу жүргізу мерзімін кәсіпорын өзі белгілейді.

Бухгалтерлік есеп пен есеп беру деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктер мен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді. НҚ түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар:

-Есепте тіркелмеген объектілерді қоса алғанда, НҚ нақты қолда барын анықтау;

-Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы НҚ сақталуын бақылау;

-Жиынтығы бұзылған және күйреудің, тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалану жарамсыз НҚ объектілерін анықтау;

-НҚ артық немесе пайдаланылмайтын объектілері қайтадан бөлінуге немесе сатылуға тиіс;

-Машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды, көлік құралдарын және НҚ басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін пайдалануды тексеру.

Есепті жылдағы түтендеудің санын, оларды жүргізу күндерін, олардың әрқайсысында тексерілген мүліктердің тізілімін, түгендеу жүргізу міндетті болған жағдайларды қоспағанда, шаруашылық субъектісі белгілейді.

Түгендеуді:


-жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын, бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктірместен;

-кәсіпорын мүлкін жалға бергенде, өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі өзгергенде жүргізу міндетті.

Есепке қабылданбаған объектілер, оларды сипаттайтын деректер бухгалтерлік есептің тіркелімінде жоқ немесе дұрыс көрсетілмеген объектілер анықталмаған жағдайда, комиссия жетіспейтін, сондай-ақ осы объектілер бойынша дұрыс мәліметтер мен техникалық көрсеткіштердің инвентарлық тізімдемеге және инвентарлық карточкаға қосады.

Ескерілмеген объектілерді түгендеу кезінде анықталған бағалау қолданыстағы бағалар мен өндіріс жағдайлары ескеріліп, жүргізілуге тиіс.Түгендеу комиссиясы осы объектілердің қашан салынғанын немесе сатып алынғанын, өндірістік шығындардың қаржылану көздерін анықтап, оны хаттамада көрсетуге тиіс. Негізгі құралдар объектінің негізгі мақсатына сәйкес атаулары бойынша инвентарлық тізімдемеге көшіріледі.

Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға түгендеу жұмысы жүргізілетін уақытта басқа жақта болатын объектілерге басқа жаққа жібермей тұрып, алдын ала тексеріп түгендеу тізіміне енгізу керек. Машиналар мен жабдықтар және күш беру қондырғылары түгендеу тізіміне инвентарлық номері, зауыттық номері тағы басқа көрсеткіштері көрсетіліп тіркеледі.

Түгендеу комиссиясы отырысының хаттамасының шаруашылық субъектісінің басшысы түгендеу аяқталғаннан кейінгі 10 күннен кешіктірместен бекітеді. Нәтижесі есепте түгендеу аяқталган айда ескерілуге тиіс. Түгендеу нәтижесі 12 кестеде көрсетілген.



кесте12 Түгендеу кезіндегі негізгі құралдар корреспонденциясы



Шаруашылық операцияның мазмұны

Шоттар корреспонденция сы










дебет

кредит

1.

Ескерілмегені белгілі болған НҚ объектілерінің құны:







а)

тозу сомасына;

2400

2420

ә)

баланстық құнына;

2400

6160

б)

бұрын есептелген тозудың сомасына;

2420

2400

в)

баланстық құнына (кемшілік болғанда);

3520

2400

г)

егер кінәлі адам анықталмаса немесе сот өтеп беруден бас тартса;

7210

3520

2.

Егер кінәлі адам анықталса немесе сот шешімі бойынша кінәлі болып танылса:







ә)

жетіспейтін НҚ объектілерінің нарықтық және баланстық құндарының арасында айырмашылыққа;

2400

3520

Негізгі құралдарды жоғарыда көрсетіліп жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  • негізгі құралдарға жауапты адам қызметінен ауысқанда;

  • негізгі құралдар ұрланған, жоғалған жағдайда;

  • өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жағдайларына байланысты;

  • шаруашылық субъектісі бір бағынышты органнан екінші орган
    құрамына ауыстырылғанда,т. б. жағдайларда.

Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға түгендеу жұмысын жүргізу үшін тағайындалған комиссия жұмыс жүргізуден бұрын мыналарды толық тексеріп алулары қажет:

  • инвентарлық каточкалардың, инвентарлық

кітапшалардың, инвентарлық тізімнің бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын;

- негізгі құралдардың төлқұжаттарыныңнемесе техникалық құжаттарының бар немесе жоқтығын және олардың жағдайын;

- жалға алынған немесе берілген, уақытша пайдалануға және сақтауға берілген немесе алынған негізгі құралдардың тиісті құжаттарының бар немесе жоқтығын.

Егер ондай тиісті құжаттар болмаса негізгі құралдарға жауапты адамдардан ол құжаттарды табуын талап ету қажет. Егер бухгалтерлік есептің регисторларында немесе техникалық құжаттарда қателіктер жіберілсе, онда ол қателерді анықтап құжаттарға тиісті өзгерістер енгізу керек. Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде ьобъектілерді мұқият қарап шығып түгендеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, инвентарлық номері мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын, тағы да бақа керекті мәліметтерді енгізіп жазулары керек. Түгендеу барысында шаруашылық субъектісінің балансына бұрын есепке алынбаған, сондай-ақ есеп регисторларында сипаттайтын мәліметтері дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті көрсетілмеген негізгі құралдар табылған жағдайда түгендеу тізіміне олар жайлы жетіспейтін мәліметтер дұрыс және толықтырылып толтырылуы керек. Бұрын есепке алынбаған объектілер ағымдағы баға бойынша, ал олардың тозу құны ол негізгі құралдың сол күнгі техникалық жағдайын қарап анықталып, субъектінің балансына кіріске алынады. Бұл объектіге қойылған нарықтық бағасы мен тозу құны тиісті түгендеу актісінде көрсетілуі қажет. Егер құрылыстың, үйдің, ғимараттың жарым жартылай бұзылуы немесе оларға қосымша істелген қосымша жұмыстар түгендеуге дейін есепке алынбаған жағдайда комиссия тиісті қүжаттар бойынша объектінің бастапқы құнының өсуінің немесе кемуінің нақты сомасын анықтап оларды түгендеу тізіміне енгізу керек. Түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте былай жазылады: артық шыққан, яғни бұрын есепке алынбаған негізгі құралдардың кіріске алынуына 2400 «Негізгі құралдар» бас шотының тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, 6160 «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай


табыстар» шоты кредиттелінеді. Оларға анықталған тозу құны 2400бас шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.

Түгендеу барысында, жоғалған, бұлінген негізгі құралдарға жауапты адам табылып және ол адам төлейтін болған жағдайда төлейтін сома 2150 «Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың борышы» шотының дебетіне, 2400 бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады.



3.2 Негізгі құралдар есебінің аудиті

Негізгі құралдар аудитінің мақсаты- негізгі құралдың сақталу орындары бойынша ішкі және сырытқы қозғлыстрының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне негізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есепті мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.

Негізгі құралдардың сақтау, есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:


  • негізі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін:

  • еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншікті қатынасы және өндіріс үрдісін қатысу сипаты бойынша топталандығын;

- есепте негізгі құралдардың дұрыс болғандығын;

  • есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс опрацияларның
    дұрыс көрсетліп құжатталғандығын;

  • есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есптеліп
    қ үжаттал ған дығын:

  • негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланғанын;

1. бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негізі құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің
дұрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.

Аудитордың тексеру бағыдарламасы бухгалтерлік есеп жүргізуге, оның күшіндегі нормативтік - құқықтық актілерге сәйкестігін анықтауға анықтауға сондай - ақ қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің ақиқаттығын растауға бағытталған. Аудитор бағыдарламада құралған әрбір тармақтардың ауқымың кеңейтіп, қаралатын мәселелерді толық қамтитын және ішкі бақылаудың ұйымдастырылу дәрежесін тексеру үшін өзінің іс-тәжирбиесіне сүйене отырып тест жасауы керек. Тесттің мақсаты шаруашылықтың басшыларынан, мамандарынан және басқа да мүдделі жақтарнан қойылған сұрақтарға анық түсінікті жауап алу үшін сауатты және түсінікті жасалу тиіс. Тест жүйесі ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы қажетті ақпараттар алу үшін өте тиімді әдіс қана емес, сонымен қатар шаруашылықтың басшысының алынып, техникалық турып талдап, бухгалтерлік есеп және қортындылар қаржылық есеп мәліметтерінің тест жүргізудің нәтижесінде алынған жауаптардың дұрыстығын анықтап, ішкі бақылау жүйесіне баға беру болып таблады.

Кесте 13

Негізгі құралдардың аудиті ең бірінші бағдарлама құрудан басталады



Аудит бағдарламасы

№.

Аудитордың іс-әрекетті

Ақпараттар көзі

Орын дау мерзі мі

1

Баланс көрсеткіштерінің бас кітап деректерімен сәйкестігін тексеру

Баланс, бас кітап




2

Негізгі құралдардың синтезі және аналитикалық есептердің жүргізудін дұрыстығын тексеру

Бас кітап, №12 және №10 журнал ордерлер,негізгі құралдардың тозуы және қайта бағалау сомалары есептеу жөніндегі жасалған













кестелер, бастапқы құжаттар




3

Негізгі құралдардың сақталу және пайдалану орындарындағы барын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексеру

Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу коммисиясын және материалға материалды жауапты тұлғаны тағайындау жөніндегі және басшысының бұйрығы. Материалды жауапты тұлғамен жасаған шарт, түгендеу тізімдері және салыстыру ведомстары түгендеу актілері, қабылдап тапсыру актілері негізгі құралдардың есебінің түгендеу карточкалары. Негізгі құралдардың түгендеу тізімі, түрған орны пайдалану бойынша карточкалары т.б.




4

Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша бастапқы құжаттардың рәсімдеудің дұрыстығын тексеру.

Қабылдау, тапсыру актісі (ОС 1) жөнделген, реконструкцияланған және жетілдірілген объектілер қабылдау тапсыру актісі (ОС 2), негізгі құралдардың тізімнен шығару актісі (ОС 3), автокөлік құралдардың шығару актісі. (ОС 4) негізгі құралдардың есебінің түгендеу карточкасы. Негізгі құралдардың есебі бойынша










түгендеу карточкаларының тізімге алу (ОС 10), негізгі құралдардың қозғалысы есебінің карточкасы (ОС 12) жалдаған ұзақ мерзімге негізгі құралдардың есебінің карточкасы (ОС 12-а) негізгі құралдардың түгендеу тізімі, тұрған орны, пайдалануы бойынша(ОС 13)




5

Негізгі құралдарды жіктеуді жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру

Техникалық құжаттамалар, ерекшеліктер, жинақтаушы ведомость т.б.




6

Негізгі құралдардың бағалаудың және қайта бағалаудың дұрыстығын тексеру



Келісім бағалаудың хаттамасы, сатып алу, сату шарттары, жалдау, негізгі құралдарды қайта бағалауды жасау кестелері, ОСІ, ОС2, ОС6 т.б.




7

Негізгі құралдарды кіріске енгізулуінің дұрыстығын тексеру.

Техникалық құжаттамалар ОСІ, ОС2, ОС6 т.б. №12 журнал ордерлер, бас кітап




8

Негізгі құралдардың тозу есебін есептеудің және көрсетудің дұрыстығын тексеру

Есеп саясаты жөніндегі бұйрық, негізгі құралдардың тозуын есептеу жөніндегі жасалған кестелер нормативтік құжаттар №10 журнал ордерлер, бас кітап.




9

Негізгі құралдарды жөндеу шығындарының негізділігін және

Есеп саясаты жөніндегі бұйрық жобалық сметалық









оларда бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетудің дұрыстығын тексеру.

қркаттамалар (ақаулық ведомосі, сметалар т.б.) орындалған жұмыстың қабылдау тапсыру актілерін, мердігерлер мен шарттар, басқа да бастапқы құжаттар, "басқа да белгіленген шығындар" 686 шот аналитика есебінің деректері "негізгі құралдарды жөңдеу" атауы бірдей 934 және 945 шоттар шығынының деректері.




10

Есептеудің және жалдау төлемі шоттарында көрсетілуін негізгі құралдардың жөніндегі операцияның дұрыстығын тексеру

Жалдау шарттары, жалданған "Ұзақ мерзімге жалданған" негізгі құралдардың есебінің карточкасы ОС 12-а




11

Негізгі құралдардың шығарылу есебін көрсетудің дұрыстығын тексеру

ОС 1, ОС 3, ОС 4, ОС 6, шарттар ағымдағы түгендеу нәтижелері №12 журнал -ордерлер, бас кітап.




12

Негізгі құралдарға қатысты салықтар есебінің және есептелуінің дұрыстығын тексеру.

Есептеу, төменгі ведомостары, салық жөніндегі есептеулер №5 және №8 журналдар, 331, 633 шоттар бойынша бас кітап




Аудитор шаруашылықтың басшысының негізгі құралдар қабылдап, кіріске алуды жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру
туралы бұйрығымен және қабылдау комиссиясы құрамымен танысқаннан кейін, негізгі құралдардың кіріске алыну көздерін анықтау тиіс. Сондай- ақ, аудитор шаруашылықтың пайдалануына кіріске алынған негізгі құралдарды жаңартып және толықтырып отыру көздеріне аудит жүргізгенде мынандай мәселелерге ерекше назар аударуы тиіс:

- күрделі қаржы салымына (жаңа ғимараттар, құрылымдар жен


беріліс өткізгіш құрылғыларды салу, жаңа жабдықтарды сатып алу және
оны орнату);

заңды және жеке тұлғалардан жаңа және бұрын пайдалануда болған негізгі құралдар нысандарының сатып алу ерекшеліктерінің сақталғандығына;



  • тауарлы - материалды құндылықтарға айырбастау (бартерлік
    жолымен алынған негізгі құралдарға;

  • занды және жеке тұлғалардан төлем ақысыз тегін алынған жаңа
    және бұрын пайдалануда болған негізгі құралдарға;

  • құрылтайшыларының жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде
    алынған негізгі құралдарға;

  • түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ (артық) негізгі құралдарға;

- ұзақ мерзімге жалға алу жолымен алынған негізгі құралдарға.
Аудитор негізгі құралдардың келіп түсу кездеріне қарай дер кезінде

кіріске алу құжаттары толтырылып тіркелгендігіне көз жеткізу керек.

Негізгі құралдарды кіріске алуды жүзеге асыратын шаруашылықтың басшысының бұйрығымен немесе өкімімен тағайындалған тұрақты жұмыс істейтін комиссияның құрамының түгелдей қатысып, оның құрамына әр түрлі саланың бас мамандары мен механиктердің, құрылыс мамандарының, техникалық бөлімнің өкілдерінің, техникалық қауіпсіздендіру мамандарының бухгалтерлердің ж.б. мамандық иелерінің қатыстырылғандығын анықтау қажет.

Негізгі құралдарды аудиторлық тексеруді негізгі құралдар-қозғалыстарын және техникалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерін


(тозу, жарамдылық, шығысқа шығару, жаңарту коэффициенттерін) және олардың тиімді пайдаланылғандығын тындаумен аяқтау қажет.

Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылғандығын қорытындайтын көрсеткіш қор қайтымдылығы болып табылады. Аудитор бұл көрсеткіштердің зерттелгендігін, қор қайтымдылығы-жоғарылатуға бағытталған кешенді шаралар жасалып және оның жүзеге асырылғандығын тексеруі тиіс. Сондай-ақ, аудитор негізгі құралдарды пайдаланудың тәртібін бұзушылыққа және сыздыққа жол берілгендігін, өндірістік мақсат үшін сатып алынған шаруашылық мүліктерін және басқа да мүліктерді шаруашылықтың жұмыскерлеріне заңсыз жеке басына пайдалануға берілген жағдайдың орын алмағандығын анықтауға тиіс. Бұндай фактілер кездескен жағдайда мүліктерді пайдаланған тұлғалардан төлем ақы алынғандығын анықтау керек.

Аудитор негізгі құралдардың белсенді бөлігін пайдаланудын, тиімділігін әкстенсивті жолмен де, интенсивті (екпінді) жолмен де көтеру арқылы жететін талдауға ерекше назар аударуға міндетті.
ҚОРЫТЫНДЫ

Дипломдық жұмысты қорыта келгенде, еліміздің экономикасында болып жатқан түбегейлі өзгерістер қатарына бухгалтерлік есепке алу жүйесінің халықаралық стандартқа көшуі де жатады. Оның ішінде еліміздің бухгалтерлік есепке алу жүйесі - халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуі. Сондықтан қоғамымыздың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Нарықтық әкономика жүйесінде бухгалтерлік есепке қойылатын талаптар мен міндеттер күрделірек болып отыр. Өйткені бухгалтерлік есеп қазіргі экономиканы ұйымдастыру мен басқару, іскерлік, экономикадағы саясат пен шешім, стратегия мен тактиканы қабылдау ісіне мәліметтерді таңдауға ақпараттар дайындау болып табылады.

Осыған байланысты біз ең алдымен бухгалтерлік есеп жүргізу тәсілдерімен танысып, оны үйренуімізге мүмкіндік аламыз. Жалпы бухгалтерлік мамандықты игеру үшін алдымен бухгалтерлік есепте қолданылатын әдістерді білуіміз керек. Оның ішінде бухгалтерлік есептің шоттар жүйесін, екі жақты жазуды, бухгалтерлік балансты тағы басқаларды жақсы білуіміз керек. Сонымен қатар негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін де білуіміз керек.

Негізінен негізгі құралдар айналымнан тыс активтерден құралады. Шаруашылық операциялар субъектілердің өмірінде болған фактілерді, кәсіпорын мүліктерінің, меншікті және сырт капиталдарының қозғалысына байланысты экономикалық оқиғаларды білдіреді. Бұл қозғалыста шаруашылық процестерін жүзеге асыру барысында кәсіпорынның жұмыс істеу негізін құрайды.

Шаруашылық процесті жалпы бір-бірімен тығыз байланысты еңбек құралдары (машина, жабдықтар) түрінде көруге болады.


Мұндағы еңбек құралдары үйлер мен құрылыстар, жүк тартатын және жұмыс машиналары, көлік және басқа да құралдар, бұлардың көмегімен өнім дайындалады, белгілі бір жұмыс атқарылады. Олар өндіріс процесінде өзінің бастапқы түрлерін өзгертпейді. Жаңадан жасалынған өнімге немесе атқарылған жұмысқа өз күндарын біртіндеп-біртіндеп (амортизация) түрінде сіңіріп отырады. Шаруашылықта олар өндірітің көптеген циклдары бойына, яғни бірнеше жыл бойы пайдаланылады.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымың анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

Кәсіпорында дипломдық жұмыс келесі сұрақтармен көрінеді:


  • кәсіпорынның есеп саясаты;

  • методикалық және мекемелік бухгалтерлік есепте негізгі құралдарды
    есепте шығару есебі мен аудитін ұйымдастыру;

  • негізгі құралдар есебі;

- кәсіпорындағы негізгі құралдарды есептен шығару есебі мен аудитін
ұйымдастыру көрінеді.

Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы -кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, обьективті және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып есептеледі.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" 2007-
    жылдың 28-ші ақпанындағы № 234-ІП Қазақстан Республикасының
    Заңы,

  2. "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" Заңы
    1998- жылғы 20-қараша (2006 ж. 5-мамырдағы өзгертулер мен
    толықтырулармен № 139-1),

  3. Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынымдар
    Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ¥лттық
    комиссиясы бекіткен 13.11.1996 №3 (өзгерістер мен толықтырулармен)

  4. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін
    басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық Кодексі 12.06.2001 жыл
    №209-11 (өзгерістер мен толықтырулармен),

  5. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары 18.09.2002 ж. №438
    (№372 21.10.2003 ж. өзгертулермен),

  6. "Аудит", под редакцией доктора экономических наук , профессора М. Юнити,ВИ.Подольского 2000г-560с,

  7. Андреев В.Д. Практически аудит, М. Экономика 1994г-500с.

  8. З.Н.Ажибаев , Аудит.Учебник, Алматы, Экономика, 2005.

  9. Әбдіқалықов Т.Ә, Сәтмурзаев А.А Шағын кәсіпорындарда
    бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, А.,ҚазМБА. 1996.

  10. З.Н. Әжібаева, Н.Ә. Байболтаева, Ж.Ғ. Жұмағалиева Аудит, Оқулық,
    А. 2006.

  11. Байдәулетов М, Байдәулетов С.М. Аудит, А., Қазақ
    университеті.2004-226 бет.

  12. Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп, Маркет, А. 2005,

  13. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления
    финансами,А., Экономика. 2000ж-320 бет.

77

  1. Дюсембаев К.Ш ,Егембердиев С.К, Дюсембаев З.К, Аудит и анализ
    финансовой Отчетности, А, Каржы - каражат. 1998ж.

  2. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Ә.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның
    қаржылық жағдайын талдау, А., Экономика. 200ІЖ-378 бет.

  3. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Жантаева
    Қаржылық есеп, А., Экономика. 200ІЖ-400 бет.

  4. Ержанов М.С., Аудит-1. (Базовый учебник). Алматы, Бастау. 2005г.

  5. Коволев В.В, Волкова О.Н, Анализ хозяиственной деятельности
    предпрятия, М., Сервис. 2000г-450с.

  6. Козлова Г.Н, Бухгалтерский учет в организациях, М., Дело. 1999г-
    520

  7. Кондраков Н. П, Краснова Л.П, Принципы бухгалтерского
    учета,ФБК-Пресс.1997г-450 с.

21. Кутер М.П, Краснова Л.П, Принципы бухгалтерского учета , М.,
Финансы и статистика. 2000г-543 с.

  1. Назарова В.Л, Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі
    бухгалтерлік есеп. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж.

  2. Родостовец В.К, Ғабдулин Т.Ғ, Родостовец В.В, Шмидт О.И,
    Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Қазақстан- орталық аудиті тәуелсіз
    аудиторлық компаниясы А., 2003ж-410 б.

  3. Родостовец В.К, Шмидт О.Н, Теория и отраслевые особенности
    бухгалтерского учета А., Центр аудит Казахстан. 2000г-310 с.

  4. Сатмурзаев А.А, Укашев Б.Е, Аудиттің теориясы, А., ¥лағат
    университеті. 1998ж

26. Төлегенов Ә.Т, Бухгалтерлік ақпарат жүйелері, А., Экономика.
2001ж-200б.

27. Тасмағамбетов Т.А, Омаров А.Ш, Әлібеков Б.А, Рабатов О. Ж,


Байболтаев Н.Ә, Родостовец В. К, Қаржы есебі, А., Дәуір 1998ж-390 б.

28. Укашев Б.Е, Әжібаев З.Ы, Бухгалтерлік есеп теориясы А., ¥лағат


университеті 1999ж-220 б.


  1. Хорнгрен Ч.Т, Фостер Дж.Бухгалтерский учет: управленческий
    аспект: Пер. с англ. Под. Ред. Я.В. Соколова, М.,Финансы и
    статистика. 2000г-416 с.

  2. Бюллетень бухгалтера.№18(196), 2006 ж.

31. Библиотека бухгалтера и предпринимаетеля № 14 (139), январь
2006г.

  1. Бухгалтер бюллетені, №10,12,15, қаңтар, 2006 ж. БИКО.

  2. Әкономика и жизнь №12,14,15- 2006 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет