Диплом жұмысы тақырыбы: «Негізгі құралдардың есебі мен аудиті» «Қаржы және есеп»



бет1/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#141417
түріДиплом
  1   2   3   4   5
Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИҚАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

диплом жұмысы

тақырыбы: «Негізгі құралдардың есебі мен аудиті»

«Қаржы және есеп» факультеті «Бухгалтерлік есеп және аудит»

кафедрасы «Есеп және аудит» мамандығы

бойынша 5 курс студенті

Шарахунов Қанат

Ғылыми жетекшісі:

аты-жөні Алайдарқызы Қ.



Рецензент:

аты-жөні


Жұмыс қорғауға жіберілді: «23 » сәуір 2008ж.

Кафедра меңгерушісі,

э.ғ.к..доцент Міржақыпова С.Т.



Алматы, 2008 жыл.

Мазмұны


КІРІСПЕ 4

I Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ

СИПАТТАМАСЫ

1.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы 6



  1. Кәсіпорынның есеп саясаты 18

  2. Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның

маңыздылығы 26

II Бөлім. НЕГІЗГІ Қ¥РАЛДАР ЕСЕБІ

2.1. Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау 32

2.2 Негізгі құралдардың түсу есебі 46

2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі 52

III Бөлім.НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІ

3.1. Негізгі құралдардың есебінің ішкі бақылауын ұйымдастыру 59

3.2 Негізгі құралдар есебінің аудиті 67

ҚОРЫТЫНДЫ 74

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 76



КІРІСПЕ

Қазіргі танда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен кәсіпорынның және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму зандылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдалынады.

Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, кәсіпорын қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін, қатаң сақтаулары керек.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты — негізгі құралдар түсінігі, кәсіпорындағы оның маңыздылығы, есебі, аудит жүргізу және есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.

Қарастырылып отырған жұмыстың негізгі обьектісі ЖШС "Арай" ұйымы болып табылады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты сипатталады; екінші бөлімде - негізгі құралдардың есебінің ерекшеліктері көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынның негізгі құралдарын түгендеу есебі мен бағалау есебі, оған аудит жүргізу тәсілдері және жетілдіру жолдары қарастырылады.

I Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА- ЭКОНОМИКАЛЫҚ

СИПАТТАМАСЫ

1.1 Кәсіпорынның жалпы экономикалық сипаттамасы

ЖШС «Арай» Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына ағымдағы жылдың аяғына қарай көшуді жоспарлап отыр. Кәсіпорында жүргізіліп келе жатқан бухгалтерлік есеп жүйесі автоматтандырылған түрде 1С:Бухгалтерия 7.7-ші бағдарламасы арқылы жүргізілуде. Ал осы жылы бухгалтерлік бағдарламаның 8.8-не көшу жоспарлануда. Жаңа бағдарламамен бірге жаңа стандарттарға өту қолайлы болып келетіні сөзсіз. Дегенмен, Қаржылық есептеменің халықаралық; стандарттарына көшу кәсіпорын үшін тиімді болатынына күмәнім жоқ. Оның қыр-сырына теріңірек тоқталып кетейін.

Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттары халықаралық стандарттардан артта қалған. Кәсіпорынның таза активтерінің нақты түрдегі бағалануын қамтамасыз етуге бағытталған Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына кіру қазақстандық кәсіпорындарға деген инвесторлардың сенімділігінің деңгейін жоғарлату үшін бірден-бір қажетті қадам. Бұл стандарттар кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпаратты

оның мүліктері мен міндеттемелерінің нақты бейнесін алуға мүмкіндік береді. Ал бұл, өз кезегінде, қазақстандық бизнестің тұрпатына оңды әсерін тигізеді.

Инвестор, бірінші кезекте, белгілі бір кәсіпорынға салған салымдарының мүмкін болатын тәуекелі туралы толық түрде көрініс беретін ақпаратты алуға қызығушылық танытады. Көптеген кәсіпорындардың басқарушыларының пікірі бойынша Қаржылық Есептеменің халықаралық стандарттарына көшу инвесторлардың-сенімділігін арттырады.

Бірақ бұл мәселені талқылау барысында келесідей сауал туылады: қандай кәсіпорындар бірінші кезекте Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына өтулері керек. Қаржылық есептеменің

халықаралық стандарттарына қазақстандық немесе халықаралық қаржы нарығында қаражат алуды көздеп отырған немесе сол нарық арқылы қазіргі уақытта өз қызметін жүзеге асырып отырған кәсіпорындар көшу керек.

Капиталдың шетелдік нарығына шығуға бел буған қазақстандық кәсіпорындар тартылатын қарыздар бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемеге ұшырауда. Бұл түсінікті, өйткені шетелдік қарыз берушілер қазақстандық қарызгерлердің қаржылық есептемесінің сенімді еместігімен байланысты туындайтын қосымша тәуекелдерден аулақ болуды қалайды. Ал Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған есептеме кәсіпорынның жағдайы туралы сенімдірек және объективтірек ақпарат береді. Сонымен, бұл шығындардың азаюы мен бәсеке қабілеттілікті күшейтуге алып келетін тартылатын капиталдың құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына шетелдік инвесторы бар немесе акциялары Қазақстаннан шеткей жатқан елдерде айналымда жүрген кәсіпорындар ғана қолданады.

Есептемені Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құру керек деп шешкен кәсіпорындарға біркатар ең тартымды факторлар әсер етті:

о іскерлік белсенділікті жақсартуға деген талпыныс (24%);

о нарықтың жаңа талаптарына сәйкес келу қажеттігі (18%);

о капиталдың халыкаралық нарығына шығудың мүмкіндігі (18%).

Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған есептеменің аудитін жүргізудің қызметінің құны орташа есеппен алғанда қазақстандық стандарттар бойынша құрылғанынан 15-20%-ға жоғары болып келеді. Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттары бойынша аудиторлық-консультациялық қызмет көрсетіп жүрген компаниялардың саны санаулы. Кәсіпорындардағы есептемені жаңа стандарттарға сәйкес құра алатын қызметкерлердің саны да санаулы.


Бұл стандарттарға көшу барысында есептің электронды түрде жүргізіліп келе жатқан жүйесін түгелдей қайта құрудың қажеттігі туындайды. Халықаралық есептеме ақпараттың үлкен көлемін иемденеді әрі оны ашудың нақтылығын айғақтайды. Өзінің қаржылық есептемесін Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес құратын кәсіпорындар өзінің бюджетіне трансформациялық шығындарды (қаржылық және кезең шығындарын) кіргізуі қажет. Әрбір кәсіпорын Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына көшу барысында ең басты мәселеге арнайы мамандандырылған қызметкерлердің жоқтығына келіп тіреледі. Сондықтан бухгалтер тек бухгалтерлік есеп ережелерін ғана емес, сонымен қатар арнайы қағидаларды меңгеруі қажет.

Халықаралық стандарттарға көшу нормативтік-құқықтық қүжаттардың, әдістемелік материалдардың жоғарғы кәсібилік деңгейімен қамтамасыз етілуі керек. Осыған байланысты Қазақстанның білікті бухгалтерлерінің палатасы Қаржылық есептеме бойынша комитет құрды. Комитеттің негізгі мақсаты кәсіпорындарға халықаралық стандарттарға жауап беретін қаржылық есептемені дайындауға көмек көрсету.

Енді Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттары бойынша құрылған жұмысшы шоттар жоспарын айғақтауға бет бұрайын:

о жұмысшы шоттар жоспарындағы бухгалтерлік есептің топтамалық шоттары өтімділіктің төмендеуіне қарай орналасқан;

о жұмысшы шоттар жоспарындағы шоттардың нөмірі төрт таңбалы болып келеді.

Бірінші сан бөлімдерге қатысын білдірсе, екінші сан өтімділіктің төмендеуіне байланысты орналасқан бөлімшелерге қатысын білдіреді.

Үшінші сан топтамалық шоттардың тобына қатысын білдіреді. Ал төртінші санды топтамалық шоттардың өтімділік бойынша орналасу тәртібін орнату арқылы кәсіпорын өзі белгілейді.

Менің пікірімше, ЖШС «Арай» Қаржылық есептеменің

халықаралық стандарттарына көшуі оның қаржылық-шаруашылық кызметін, жалпы қаржылық жағдайын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына бойынша құрылған жұмысшы шоттар жоспарын қолдану қолайлы болып келетіні сөзсіз.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - кәсіпорын «Арай» Қазақстан Республикасының нарығында 1995 жылдан бері фармацевтикалық қызметпен айналысып келе жатқан ірі дистрибьюторлық кәсіпорын болып табылады. Негізгі қызметі дәрі-дәрмектердің көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыру. Бұл кәсіпорын дәрі-дәрмектердің 114 шетелдік және 100 отандық өндірушілерімен және жабдықтаушыларымен іскерлік қарым-қатынас орнатып үлгерді.

ЖШС «Арай» занды тұлға ретінде 13.09.1994жылы Қазақстан Республикасының Заң министрлігі берген №28465-1910-ЖШС занды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткенін көздейтін куәлік арқылы тіркелген.

ЖШС «Арай» міндетті лицензиялаудан өткен. Сол себептен ЖШС 2002 жылы Денсаулықты сақтау істері бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігі фармацевтикалық қызметпен айналысуға берген мерзімі белгіленбеген лицензияға ие болып отыр. Кәсіпорынның Басшысы әрі Бас директоры Құлмаханова Шолпан Ковкенқызы.

ЖШС «Арай» занды тұлға болып табылатындықтан өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің, «Шаруашылық серіктестіктер туралы» зандық күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығының, басқа да заңнамалық және нормативтік актілердің, Жарғының және үлестік келісім-шарттың негізінде іске асырады. ЖШС «Арай» өзінің жеке меншігін, балансын, «Тұран Әлем», «Центр, Кредит» банкілерінде есеп айырысу шоттары мен валюталық шоттарын, кәсіпорынның атауы жазылған мөрі мен басқа да деректемелерді иемденуге құқығы бар.

ЖШС «Арай» өзінің қызметін толық шаруашылық есептің негізінде

жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында келісім-шарттарды өз атынан бекітеді.

ЖШС «Арай» іргесі 13.03.1995 жылы қаланып, оның жарғылық капиталы 600 мың теңге көлемінде бекітілді. Үлес қосушылар өз үлестерін үлестік келісім-шартта белгіленген мөлшерде қосқан:

о ЖШС «Арай» Бас директоры Құлмаханова Ш.К. үлесі: кәсіпорынның жарғылық капиталының 90% құрайтын 500 мың теңгенің мүлкі және ақша қаражаттары;

о ГФР-ның азаматы Герберт Д. үлесі: жарғылық капиталдың 10% құрайтын 100 мың теңге.

Кәсіпорының қызметін ашып көрсететін негізгі үлестік құжат болып Шетелден дәрі-дәрмектерді сатып алу жарғысы (жалпы тауар көлемінің 10% құрайды) табылады.

ЖШС «Арай» қызметі Алматы, Астана қалаларын және Қазақстанның облыстық орталықтары мен аймақтарын қамтиды. Кәсіпорынның Астана, Ақтөбе, Атырау, Петропавл, Семей, Павлодар, Қарағанды, Шымкент, Өскемен қалаларында орналасқан 9 филиалдары бар. Филиалдармен және аймақтармен бірге орнатылған тығыз байланыс қысқа мерзім ішінде Қазақстанның барлық қалаларына тауарларды жеткізуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның қызметінің басты мақсаты болып пайда табу табылады. Негізгі қызметі — дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды импорттау және оларды Қазақстанның ішкі нарығында өткізу. Сонымен, жарғыға сәйкес ЖШС «Арай» қызметі төмендегідей сипатқа ие:


  • фармацевтикалық қызмет;

  • сыртқы экономикалық қызмет;

  • дәріханалар желісін құру;

  • сауда-саттық, делдалдық қызмет;

  • маркетингтік және жарнамалық қызмет;

  • көтерме-бөлшек сауда желісін ұйымдастыру;




  • көліктік қызмет көрсету;

  • заңмен шек қойылмаған қызметтің басқа да түрлері.

ЖШС «Арай» өндірістік емес фармацевтикалық сектордың барлық саласын қамтиды:

  • кеден қоймалары мен уақытша сақтау коймаларын;

  • Республиканың барлық облыстары бойынша дәрі-дәрмектің ірі
    және ұсақ көтерме саудасын;

  • өзінің бөлшек саудасын, оның құрамына Алматы қаласында
    орналасқан 9 дәріхана кіреді.

Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпорынның 2001 жылы Алматы қаласында кұрылған ауданы 5000 шаршы метр болып келетін қоймасы, жоғарыда көзделіп кеткен Қазақстанның 9 қалаларында орналасқан филиалдары, маркетинг бөлімі, сертификаттау бөлімі, әкімшілік-басқарушылық және тағы да басқа бөлімдері бар.

Фармөнімдердің негізгі жабдықтаушылары - импорттық өндіруші елдер: Швейцария, Германия Федеративтік Республикасы, Франция, Үндістан, Түркия, Литва, Белоруссия, Ресей және тағы да басқалары. Қазақстан Республикасынан жабдықтаушылар болып табылатын өндіруші кәсіпорындар; «Химфарм» АҚ, ЖШС «Эйкос-фарм», ЖШС «Елдос-фарм» және тағы да басқалары. Сатып алынатын өнімдердің жалпы көлемінің 75%-ын импортталған дәрі-дәрмектер және тек 25%-ын ғана ішкі нарықтан сатып алынған дәрі-дәрмектер құрайды.

Бұл, біріншіден, Қазақстандағы фармацевтикалық өнеркәсіптің дамымағанына байланысты. Сонда да, дәрі-дәрмектерге деген сұраныс өте жоғарғы деңгейде тұр. Дәрі-дәрмектерді, негізінен, Қазақстанның аумағында орналасқан дәріханалар, ауруханалар және жеке кәсіпкерлер сатып алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметінің нәтижелілігін жоғарлатудың басты мәселесі болып кәсіби біліктілігі жоғары қызметкерлер табылады. Яғни, кәсіпорынның жеңісі оның қызметкерлерінің кәсібилігіне негізделген. Сондықтан кәсіпорынның


басқармасы дұрыс кадрлық саясатты жүргізуге бел буған. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері әкімшілік-басқарушылық, шаруа жөнінен қызмет көрсетушілік, фармацевтикалық және көмекші топтарға бөлінеді.

Дәріханалардың фармацевтикалық және көмекші қызметкерлерінің саны провизорлық қызметкерлер, орта фармацевтикалық және көмекші қызметкерлер үшін жеке түрде бекітілген штаттық нормативтер арқылы бекітілген.

1. Провизорлық қызметкерлер құрамына провизор-технологтар,
провизор-талдамашылар, аға провизорлар, бөлімдердің жетекшілерінің
орынбасарлары кіреді.

2. Орта фармацевтикалық қызметкерлердің құрамына провизорлар,


провизор-талдамашылар, дәріханалар желісінің фармацевттері,
бөлімдердің жетекшілері кіреді.

3. Көмекші қызметкерлер: жүк таситын, тазалық сақтайтын


жұмыскерлер, көлік жүргізушілер.

Жұмысшы күшінің ресурстарының құрылымы мен ұйымдастырылуын жете түсіну үшін 1 -кестені қарастырайық.

Жұмысшы күшінің ресурстарының құрылымыңда 2006 жылы үлесі жағынан ең көп көлемді әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер (50%) алған. Бұл кәсіпорынның фармацевтикалық қызмет көрсету нарығының мүмкіндігінше басым бөлігін алуға талпынуымен байланысты.

Кесте 1


ЖШС «Арайдың» еңбек ресурстарының құрылымың талдау (адам).

Еңбек ресурстары

2006 ж.

2007 ж.

Еңбек ресурстарының жалпы көлеміндегі үлес салмағы (%)

2006 ж.

2007 ж.

Әкімшілік-басқарушылық қызметкерлер: Бас директор

1

1







Атқарушы директор

1

1







Аймақтық директор

1

4







Бас бухгалтер

1

1







Бухгалтер

3

3







Менеджер

7

12







Сауда бөлімінің бастығы

1

2







Бағдарламашы

1

1







Кассир

6

6







Өкіл

11

15







Экспедитор

2

5







Барлығы:__34__51__50,0'>Барлығы:

34

51

50,0

36,7

Фармацевтикалық қызметкерлер: Бөлім жетекшісінің орынбасары

1

1







Қойма жетекшісі-провизор

3

6







Провизор-талдамашы

1

4







Аға провизор

1

17







Провизор

6

4







Дәріхана желісінің фармацевті

2

6







Барлығы:

14

38

20,6

27,3

Шаруа жағынан қызмет көрсететін қызметкерлер: Тазалық сақтайтын жұмыскер

2

15







Кір жуатын жұмыскер

2

4







Еден жуатын жұмыскер

5

8







Жүк таситын жұмыскер

6

14








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет