Протерозой тобы. Жоғары протерозой.
Жоғары протерозой шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 2600 м.
Кейінгі протерозой шөгінділері Үлкен Қаратау жотасының солтүстік-шығыс баурайында байқалады және қайнар мен бақырлы қабаттары болып бөлінеді. Қайнар қабатының құрамына қышқыл құрамды (кварц порфирлері альбитофиралар кератофиралар), орта және негізгі құрамды эффузивтер (диабаздар, спиллиттер, порфириттер), олардың туфтары жылу туфтары туфогендік конгломераттар, сланецтер кіреді.
Палеозой тобы. Палеозой тобының шөгінділері кембрийге дейінгімен салыстырғанда кеңірек таралған әрі үлкен қалыңдығымен көзге түседі.
Кембрий жүйесінің шөгінділері Үлкен және Кіші Қаратауда кең таралған. Кембрий 3 бөлімге бөлінеді.
Төменгі Кембрийдің негізіндегі базальттық конгломераттары Үлкен Қаратауда жатыр олар жоғары қарай құмды сазды кремнийлі сланецпен алмасады. Үлкен Қаратаудағы төменгі кембрий қабатының қалыңдығы 1000м жетеді.
Үлкен Қаратаудағы орта және жоғарғы кембрий шөгінділері конгломераттар мен сортталмаған құмдақтардан басталады (қалыңдығы 20-35 м.), ол жоғары қарай құрамында ванадий мен фосфор болған, сланецтер, алевролиттер бар көмірлі - кремнийлі сланецтер қабатымен алмасады. Қабатты филлит тәріздес сланецтер, алевролиттер, ізбест тастар мен доломиттер және кремнийлі жыныстар аяқтайды.
Ордовик жүйесінің шөгінділері Үлкен және Кіші Қаратауда кең тараған.
Төменгі және орта бөлімдер.
Үлкен Қаратауда төменгі-орта ордовик құрылымдары литологиялық жағынан кварцтық-хлориттік-филлиттік сланецтер түрінде (ізбеспен алмасып отырады) берілген. Одан жоғарьіда қоңыр яшмалар мен яшма тәріздес ала-қүла түсті сланецтер, алевролиттер, алевролитті сланецтер жатыр, олар филлиттік, кварц-серициттік сланецтермен алмасады. Қабаттың қалыңдығы 1000м жетеді.
Орта-жоғары ордовик құрылымдары Үлкен Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігінен байқалады. Қалың алевролитті - құмдақ қабатпен, кварц -шпатты жасыл-сүр құмдақ түрінде берілген. Қалыңдығы 1000м
Девон жүйесі. Орта және кейінгі девон шөгінділері Қаратаудың орталық бөлігінде кең тараған және туфогендік материалды конгломераттар мен аргиллиттермен берілген. Шөгінділердің жалпы қабаты 2000м жетеді.
Тас көмір жүйесі. Төменгі бөлім шөгінділері Қаратаудың оңтүстік-батысында, Боралдай және Өгем жоталарында көрінеді. Шөгінділер ізбестті тастар, доломит, мергель, құмдақ және алевролиттер түрінде кездеседі. Қалыңдығы 825-2825м шамасында.
Орта бөлім шөгінділері Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде кездеседі. Жыныстары құмдақтан, конгломераттан және қызыл гипсті саздан тұрады. Шөгінділердің қалыңдығы 500м дейін.
Пермь жүйесі. Бұл жүйенің шөгінділері Қаржантау жотасындағы Ленгір көмір кенішінен оңтүстікке қарай таралған. Шөгінділер ізбесті конгломераттардан, құмдақтардан, алибитофирлердің қабатшасы бар порфиттерден тұрады. Қалыңдығы 650 м. дейін жетеді.
Мезозой тобы. Юра жүйесі. Юра шөгінділері тек юра дәуіріне дейінгі дойпатты жерлердетолтырған, сол себепті өте аз таралған арасында таралған және сүр, жақсы жылтыраған ізбестен, кварц тастары мен малта тастарынан тұрады. Шөгінділердің қалыңдығы 700-3000м
Бөлінбеген юра шөгінділері. Келтемашат және Ленгір көмір кеніштерінің маңында жер бетіне шығып жатады. Конгломераттармен, көмірлі сланецтермен, құмдақты саздармен құралған. Қалыңдығы 200 м. жуық.
Бор жүйесі. Шөгінділер Үлкен Қаратау жотасында, Үлкен және Кіші Қаратау жоталарының арасындағы депрессияда кездеседі. Ізбес пен мергель қабатшалары бар қызыл және қызыл-жасыл саздан қалыптасқан. Қалыңдығы 25-130 м. аралығында.
Жоғары бор шөгінділері Қаратаудың оңтүстік-батыс бөктерінде, Ташкент маңындағы Чульде кең тараған.
Пайдалы қазбалар. Оңтүстік Қазақстан облысы полиметаллдық кендердің, фосфаттардың қоймасы болып табылады. Облыс территориясындағы полиметаллдық кендердің құрамында қорғасын, мырыш сонымен қатар сирек жер элементтері (мыс, алтын, күміс, германий, индий және т.б.) болады. 110 кен орындары белгілі ( үлкендеріне Ащысай, Мырғалымсай, Қарасай, Байжансай және т.б.). Оңтүстік Қазақстан облысы республикада қорғасын өндіру бойынша үшінші орын, мырыш төртінші, ал полиметаллдық кендерді өндіру мөлшері бойынша Шығыс Қазақстан облысынан кейін екінші орынды иеленеді.
Қаратау тауындағы таукен өндірісі ертеден белгілі. Қаратау тауы жүздеген километрге, ал оның оңтүстік-батыс етегінде қорғасынды-мырыш кен орындары созылып жатыр.
Қаратау тау жотасының кен орындары мен кен іздері карбонаттық жыныстардың арасында орналасқан, Ащысай кен орны Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде Түркістан қаласынан 110 км жерде орналасқан. Оны 1873 жылы белгілі орыс табиғат зерттеушісі НА. Северцев ашқан.
Мырғалымсай кен орнын 1930 жылы Қарасай таукен барлау партиясының аға коллекторы Мырғалым Фахрезетдов ашты. Ащысай кендерінен ерекшелігі Мырғалымсай кенінің құрамыңда бөліп алуға болатын күміс, барий және т.б. пайдалы компоненттері бар.
Байжансайдың қорғасын және мырыш кендері жер бетіне жақын орналасқан. Оны жергілікті тұрғындар тапқан қорғасынмен цинктік қоры бойынша орташа кен орнына жатады. Өндірісі 1954 жылы басталған.
Қаратаудың қорғасын-мырыш кен орындарының кендерінде индий элементі бар» Ол 1963 жылы ашылды.
Ленгір мен Келте машатта қоңыр көмір кен орны бар, бірақ қоры үлкен емес. Облыс керамзитті сазға бай. Одан өндірілетін керамзит құрылыс материалы ретінде қолданылады.
Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс материалдарының қоры көп, Карбонаттың жыныстар құрылыстың тас, қиыршақ тас, тау тас түрінде пайдаланады. Белгілі кен орындарына Бадам (гранит), Қаратас, Түлкібас, Тұздықұдық және т.б. жатады.
Сайрам, Төлеби, Түркістан, Алғабас және Отырар аудандарында кірпіш өндірісіне қажетті сазды балшықтар бар.
Қазығұрт, Түлкібас аудандарында минералдық бояулар қоры барланған.
Созақ және Отырар аудандарында уран кендері өндіріледі. Кіші Қаратау тау жотасының бассейнінде жалиы қоры 26 млрд, т болатын фосфориттердің 45 кен орны барланған, оның ішінде Үшбас, Көксу кен орындары ОҚО территориясында орналасқан / 13,16 /.
1.4. оқо территориясының климаты және
агроклиматологиялық жағдайлары
Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай — қаңтардың орташа температурасы —2 — 9°С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (-41°С).
Жазы ыстық: шілде айының орташа температурасы 19 — 29°С. Ең ыстық кезең Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230 — 320 тәулікке созылады.
Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 — 170 мм, тау етектерінде 300 — 450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20 — 40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.
Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін артады. Жылына 150-ден 260 күнге дейін күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15 — 20 күнге дейін азаяды. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік және солтүстік батыс желі көбірек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1,9 — 3,9 м/с. Желдің қатты тұратын аймағы — Ақсораң, онда желдің жылдамдығы 5,1 м/с-қа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды-Қарабас желдері өте күшті соғады.
Облыстың қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т.б. метеорологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем аралығын құрайды. Ерекшелігі — жауын-шашынның негізгі мөлшері (62 — 67%) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды, бірақ та көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 245 — 260 тәулік, 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлшері 4300 — 4600°С.
Жыл маусымдарына айқын ажыратылады. Қысы қысқа — 90 күндей. Жазы ұзақ — 160 — 170 күнге дейін созылады.
Агроклиматтық аймақтары. Облыс аумағы агроклиматтық жағдайына байланысты мынадай аймақтарға бөлінеді.
1. Шөлдің құрғақ, ыстық аймағы облыс аумағының көп бөлігін — Бетпақ дала, Мойынқұм, Қызылқұм шөлдері мен облыстың орталық бөлігін қамтиды.
2. Өте құрғақ, ыстықтау аймағы. Бұл бөлікке Түркістан, Бәйдібек, Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт аудандары, Созақ ауданының оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді.
3. Таулы аймақтар Тянь-Шань тауының батыс бөлігі мен Қаратау жотасын қамтиды. Бұл аймақта Түркістан, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт және Төле би аудандары орналасқан.
Облыс табиғи-шаруашылық жағдайына қарай мынадай аймақтарға, топтарға бөлінеді:
1) Шөлдің мал шаруашылық аймағы — қаракөл қойларын өсірумен айналысады: Қаратау маңы аймағы, Қызылқұм аймағы.
2) Суармалы жер және мақталы аймақ: Мақтаарал — Сарыағаш аймағы, Арыс — Түркістан аймағы.
3) Таулы — далалы суармалы аймақ: Тұрақты, суармалы, орташа тұрақты суармалы.
4) Ашық далалы аймақ — Шардара су қоймасы.
1) Шөлдің мал шаруашылығы аймағын облыстың жазық бөлігі — Қызылқұм шөлі, Сырдария өзенінің аңғарындағы тақыр жазықтар, Қаратау таулы аймағы, Мойын-құм шөлі, Шу өзенінің аңғары, Бетпақда-ла шөлді даласы алып жатыр.
Бұл аймаққа Созақ, Отырар және Шар-дара аудандары кіреді. Климаты шүғыл өз-геріп отыратын температурамен, жауын-шашынның өте аз түсуімен, құрғақ ауа, булану дәрежесінің жоғары болуымен, күн сәулесінің мол түсуімен ерекшеленеді.
Аймақ Қаратау маңы және Қызылқұм болып екіге бөлінеді. Қаратау маңы бөлігіне Қаратау жотасының солтүстігі және Бетпақдала мен Мойынқұм шөлдері қарайды.
Қызылқұм аймағы — құмды шөл, облысқа оның батыс бөлігі енеді. Сырдария маңында суармалы жерлер бар.
2) Суармалы жер және мақталы алқап облыстың көп бөлігін қамтиды. Сарыағаш, Мақтаарал, Ордабасы, Түркістан қалалық әкімдігіне қарасты аумақ кіреді.
Судың мол қоры және ауа райының жылы болуы егін шаруашылығымен айналысуға көмектеседі.
3) Таулы аймақ облыстың оңтүстік-шығысында суармалы жерлерде орналасқан.
Тянь-Шань тауының батыс таулы тізбектері оңтүстік-батысқа қарай созылады. Тау қыраттарында тауаралық аңғарлар мен қазаншұңқырлар кездеседі. Жер бедері өте күрделі, тау қыраттарын мәңгі мұз жамылған жайылымдар, суармалы жерлер алып жатыр. Теңіз деңгейінен биікте болуы және жер бедерінің күрделілігі топырағының әр түрлілігіне әсер етеді. Бұл аймаққа Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек және Ордабасы, Қазығұрт аудандарының бөлігі қарайды. Аймақтың климаты жазының ыстық, қысының қысқа болуымен ерекшеленеді.
4) Ашық дала аймағына Мақтарал, Шардара аудандары кіреді. Жазы өте ыстық, жауын-шашын аз түседі. Жерінің кейбір аймақтары тұзды. Топырағының тұздануы уақыт өткен сайын қайталанып отырады / 6,9 /.
Оңтүстік Қазақстан облысының климаты
4-сурет
1.5. ОҚО территориясының ішкі сулары, топырағы өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі.
Оңтүстік Қазақстан облысының гидрографиялық жүйесі оның бүкіл аумағында әрқалай орналасқан.
Мұнда барлығы су кадастры арқылы 297 өзен тіркелген. Олардың жалпы ұзындығы 8045 км. Құрайды. Оның ішінде 42-сі сел қаупіне жақын саналады: 16 өзенде құм-тас аралас лайлы ағымы болуы мүмкін, ал 26 өзенде айналасын шайып кететін сел жүруі мүмкін. Бұл өзендерден басқа көптеген есепке алынбаған ұсақ су арналары да (жыралар, жылғалар) бар. Олар арқылы көктем айларында су тасуы байқалады. Сел қаупін тудыратын өзендер санының көптігіне қарамастан аудандағы төтенше жағдай қауіптілігі онша үлкен емес.
Аймақтағы барлық өзендер Арал теңізі алабына жатады. Олар бастауларын Қаратау, Қаржантау, Өгем жоталарының баурайларынан алады. Тау өңірлерінен шыға берісте өзен сулары егістік суаруға алынады. Бұл сулардың бір бөлігі өзендерге қайта құяды, бірақ азғана бөлігі булануға және су қоймаларында, каналдарда және суарылатын жерлерде сүзілу есебінен жоғалады.
Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған: көпшілігі орталық және оңтүстігімен ағады. Ірі өзендері — Сырдария. Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгі ағысы тартылып қалады. Сырдария мен Келес салаларында Шардара бөгені орналасқан.
Сырдария өзенінің ұзындығы - 2190 шақырым. Бұл өзен Нарын мен Қарадария өзендерінен басталады. Нарын өзенінің ұзындығы - 700 шақырым. Осы өзенді қоса есептегенде Сырдария өзенінің қоры Тянь-Шаньнан, Талас Алатауынан, Қырғыз даласынан, Теріскей Алатауынан басталады. Ауданы - 422 мың шақырым. Қазақстан территориясында Сырдарияның оң жағында өзінің үлкен саласы Шыршық өзенінің оң жағында Келес өзенін, төменгі ағысында шөлді жерлермен ағады да, 400-500 шақырым қашықтықта, сол жақ саласы жоқ. Оң жағында тек бір ғана саласы бар. Арыс өзені мен Сырдария өзенінің Өзбекстан мен Қазақстан үшін үлкен маңызы бар. Қызылорда облысы Сырдарияның суын күрішке пайдаланады.
Сырдария алабы Орта Азиядағы төрт мемлекеттің (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан) аумағында орын тепкен. Дарияның ұзындығы 3019 км. Алаптың ең басты ерекшелігі - оның аумағының екі айқын зонаға: ағынды қалыптасу және пайдалану зоналарына бөлінуі. Ал, Қазақстан аумағы екінші су пайдалану зонасында жатыр.
Сырдария алабының көп жылдық орташа су ресурстары 30,4 км3/жыл, суы мол жылдарда 45,0 - 50 км3/жыл, қуаң жылдарда 25,5 км3/жыл аралығында ауытқиды. Негізінен мұздықтар мен еріген қар суымен қоректенуіне байланысты табиғи жағдайда Сырдария көктем-жаз айларында тасиды. Су тасу кезінде су өтімінің мөлшері Көкбұлақ бекетінің түсында секундына 1000-3700 текше метр аралығында ауытқиды. Қазақстан аумағында Сырдарияға сол жағынан Келес, Арыс өзендері құяды. Сырдың су жинау алабының ауданы 462000 км2 тең.
Сырдария алабы көне суармалы егіншілік аудандардан өтетіндіктен кезінде ТМД-ның негізгі мақта өсіретін базаларға пайдаланылды. 1913 жылдары Қазақстан шекарасына дейін 1073 мың га, оның 743 мың га-сы
Ферғана аңғарында, Шыршық-Ангрен-Келес ирригациялық ауданында (Ташкент оазисі) - 219 мың га, Мырзашөлде - 50 мың га, Дальверзин даласында - 7 мың га жер суарылатын. (13)
Арыс өзені - Сырдарияның оң жақ саласы болып табылады. Өзеннің ұзындығы 332 шақырым. Арыс өзені алғашқы да Көкбастау өзенінен басталады. Көлбастау өзені Талас Алатауы мен Қаратаудың аралығында орналасқан. Бұл жерлерде бұлақтар көп. Алатау мен Қаратаудан ағып шығатын осы бұлақтар Арыс өзенін құрайды. Өзеннің суы көп айы - наурыз, сәуір, ал азаятын кезі қазан-ақпан аралығы.
Арыс өзені 3500м биіктіктегі Талас Алатауы мен Қаратаудың арасындағы ойпатта орналасқан Шақпақ жотасынан бастау алады. Бассейнінің ауданы — 14530 км, оның 50 %-ы таулы бөлікке кіреді. Бастаудың жоғарғы жағындағы өзен арнасы кең, аңғардың баурайлары тегіс. Ары қарай төменгі ағыста баурайы тік болып келеді, аңғардың ені 1 км және оданда үлкен болады. Балықшы ауылының төменгі жағында өзенге Боралдай (оң жақ), Машат, Ақсу және Бадам (сол жақ) сияқты ірі салалары қосылады.
Ақсу өзені - Арыс өзенінің ең ірі саласы. Мұның бассейні Талас Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 км2 ұзындығы 120 шақырым.
Бадам өзені - Арыс өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұның бассейні Бадам тауының солтүстік, солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бассейннің ауданы – 4300 км2 ұзындығы -137 шақырым.
Боралдай өзені — Арыс өзенінің Оңтүстік - шығыс ірі саласы. Бассейні Қаратау жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым, ұзындығы -130 км2. Боралдай өзені - кіші Боралдай, үлкен Боралдай өзендерінің қосылуымен құралады. Негізінен қар суымен және жерасты қоректенеді. Арыс өзені өзінің барлық салаларымен Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шаруашылығында пайдаланылады.
Машат өзені - Арыс өзенінің сол жақ саласы, бастауын 2500м биіктіктен алады. Өзеннің ұзындығы 75 км. су жинайтын ауданы 579км Өзеннің жоғарғы жақ бөлігіндегі аңғары құзды болып келеді. Бастаудан 25 км қашықтықта Ү тәріздес өзен аңғары тереңдігі 150-200 м. болатын тік жартасты каньонға айналады. Жартастар желден мүжілген әртүрлі жыныстар мен әк тастардан құралған. Бастаудан 45 км. оң жақтан Дәубаба өзені қосылғаннан кейін каньон біртіндеп кеңейе бастайды да, төменгі ағыс бөлігінде 100-150 км болады.
Келес өзені шамамен 1800 м. биіктіктегі Қаржантау жотасының солтүстік-батыс баурайларынан бастау алады. Өзеннің ұзындығы - 236 км., бассейнінің ауданы — 3310 км2. Өзен бастауының жоғарғы жағындағы жер бедері қыратты болып келеді. Таулы бөлігіндегі өзеннің аңғары кең болып келеді және төмен қарай одан әрі кеңейе түсіп 1,5 км-ге дейін жетеді. Өзен аңғарының жағалаулары жазық. Өзен арнасы тау аңғарынан шыққаннан кейін ағысын күшейтеді. Нәтижесінде арна жағасының опырылуына апарып соқтыратын күшті эрозиялар болады.
Өзен аңғарының өн бойын үш террасаға бөлуге болады. Олар сарғыш-сұрғылт түсті саздақтан, құмдақтан, малта тастар мен конгломераттардан тұрады.
Жайылма алқабын су тасыған кезеңде су басып қалады. Кейбір жылдары судың деңгейі 1 м және де одан да жоғары биіктікке көтеріледі. Өзен жайылмасы негізінен малта тасты, саздақты және құмайтты болып келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы көлдерге бай емес. Олар негізінен облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар өте түзды және саяз болып келеді. Жазық аймақтарда артезиан сулары бар. Ол сулардан минералды сулар шығады, оны емдік бағытта пайдаланады. Сарыағаш курортындағы минералды су
Облыста су қорына өзен және көлдерден басқа - жер асты сулары да жатады. Жер асты сулары халық шаруашылығына пайдаланады. Артезиан суы шөлдегі аймақтар үшін егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына тиімді. Елді мекендер ол суларды негізгі ауыз су ретінде пайдаланады.
1-кесте
Облыс территориясындағы ірі өзендер.
№
|
Өзендер
|
Ұзындығы
|
Су жинау
алабының көлемі км2
|
Бастау
биіктігі, м.
|
Жылдық
орташа шығыны
м3/с
|
Қорек-тенуі
|
Негізгі салалары
|
1
|
Арыс
|
378
|
14530
|
3500
|
40,2
|
Жаңбыр,жерасты суы
|
Боралдай, Қараүңгір, Машат, Ақсу, Бадам
|
2
|
Келес
|
23,6
|
3310
|
1800
|
5,9
|
Қар, жерасты суы
|
Ұя, Қаржан, Аңырақ, Көкпақ.
|
3
|
Ақсу
|
133
|
766
|
4042
|
4,02
|
Қар суы, жаңбыр, жерасты суы
|
Балаақсу, Бұғылтұр, жаңбырлы-сай.
|
4
|
Бадам
|
138
|
4380
|
2700
|
4,51
|
Жаңбыр, жерасты суы
|
Ермек-бадам, Ленгір, Сайрамсу, Текесу.
|
5
|
Сайрам
|
76
|
1010
|
3400
|
2,2
|
Жаңбыр, жерасты суы
|
Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу.
|
6
|
Машат
|
75
|
579
|
2500
|
2,1
|
Қар, жерасты суы
|
Дәубаба.
|
7
|
Қантағы
|
102
|
1210
|
1460
|
1,8
|
Қар, жерасты суы
|
Біресек.
|
Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік жерін шөлдер алып жатыр. Шөлді жердің ерекшелігі жауын-шашынның өте аз мөлшері (жылына 300 мм-ден жоғары емес) және жазының ыстық (шілде айының температурасы +30° жоғары) болып келуі өсімдіктердің өсіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Шөлдік зонада өсімдік дала аймағындай қаулап шықпайды, сирек, селдір өседі. Бұл судың тапшы болуына байланысты болады. Шөлді жерлерде өсімдік алдымен құмды төбешіктердің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі. Ағаш текті өсімдіктерден сексеуіл, жүзген, қияқ, құмқараған, селеу өседі. Шөлді аймақта өсетін өсімдіктер табиғаттың қатаң жағдайына бейімделген. Олардың бойындағы ылғалды тікенді қабыршаққа айналған жапырақтары немесе түктері сақтайды.
Ең үлкен массив Қызылқұм территориясында өсімдік жамылғысы жартылай, облыстың оңтүстік бөлігін алып жатыр. Мұнда жусан, сораң, еркек шөп, жантақ, күйреуік, бүйірген, сексеуіл. Сырдария аңғарында жиде, жыңғыл, шеңгел, жал тау етегінде бетеге, жусан, таулы өңірде бұта, жеміс ағаштары, арша, ырғай және тағы басқа өсімдіктер өседі.
Облыс аймағында грек жаңғағы сақталған. Облыста ксерофитті сирек ормандар кездеседі. Өзен аңғарларында кездесетін орман-тоғайлар әлі де болса бар. Батыс Тянь-Шань тауларында, Өгем шатқалдарында, Талас Алатауында ксерофитті сирек ормандар кездеседі. Бұл негізінен арша, бұталар, шөптесін өсімдіктерден тұрады. Шөлді жерлерде сексеуіл өседі. Мұның қара және ақсексеуіл деген түрі болады. Ақсексеуіл әсіресе, құмды аудандарда кең тараған. Шөлде жусанның көптеген түрлері бар. Мұнда басқа ешқандай облыста өспейтін жусанның дермене деген түрі медицинада пайдаланылады. Облыстың Өгем, Піскем, Талас Алатауы жоталарының белдеуінде май қарағай жаңғақ ормандары, бүталар, шалғындар өседі.
Топырақ өте күрделі табиғи түзіліс. Топырақтың пайда болуы тау жыныстарының бөлшектеніп, қопсуынан басталады. Топырақтың түзілуіне, оның қасиетіне түрлі факторлар әсер етеді. Табиғатта жылу мен суықтың, ылғал мен тірі жәндіктердің әрекетінен үгілген тау жыныстарының үстіне өсімдіктер өсе бастайды. Күзге қарай қураған шөп, өсімдік, ағаш жапырақтары, шіріген бүтақтардан топыраққа органикалық зат беріледі. Органикалық қалдық заттарды бактериялар шірітіп, жаңа затқа - қара шірікке айналдырады.
Солтүстік шөлді аймақта (Бетпақ-дала) негізінен қарашірігі 1% қоңыр және сүр қоңыр топырақты атырап болып келеді. Оңтүстікке қарай шөлді аймақ тау беткейі аймағына ауысады. Оларды қара шірінді 3-4% құрайды. Бұл жерлердің топырағы сұр, қоңыр, қызыл шалғынды далалық болып келеді.
Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт зоналарында құмды және құмдақты топырақ таралған. Көп жерлердің топырағы сортаң топырақ. Қызылқұм және Мойынқұм топырақтарында бар-жоғы қарашірік 1% - дан да төмендеу келеді. Жер асты суларының минералды тұздары жоғары көтерілуіне байланысты және су ресурстарын дұрыс пайдаланбау себебінен топырақ құрамында тұзды аймақ пайда болады. Бұл әсіресе, Шу өзенінің төменгі саласында айқын білінеді, бұл жерлерде топырақ беті 1-1,5% көлемінде жұқа тұз қабаттарымен көмкерілген. Сырдария, Арыс, Шу өзендерінің аңғарларында өзендердің су режимдерінің әсерінен құралған шалғынды-аллювиальді топырақтар таралған.
Оңтүстік Қазақстанда топырақ жамылғысы биіктік белдеулік бойынша жақсы байқалады. Бұл аудандарда топырақ жамылғысының белдеулік шекарасы мұндағы табиғат зоналарымен абсолюттік биіктікте, орграфиялық ерекшеліктеріне және ылғал алып келетін территориясында топырақ биіктігі белдеулік бойынша бөлінеді:
1. Тау алды және тау етегіндегі шөлейтті сүр қоңыр топырақ белдеуі.
2. Таудың құрғақ шалғынды қоңыр топырақ белдеуі.
3. Биік тауда альпілік және суьальпілік тау шалғынды топырақ белдеуі. Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аудандарында сортаңдар кездеседі. Ең
төменгі вертикальдық белдеу Тянь-Шань жазықтық ашық қоңыр топырақ таралған. Бұлар Қазақстан бойынша аз таралған. Бұл топырақта қара шірік 0,7-1,5%. Қоңыр топырақ Қаратаудың етегінде, Талас Алатауының етегінде таралған. Осы топырақ 600-700 м. абсолюттік биіктікке дейін жетеді. Мұның құрамында органикалық заттар, қара шіріндісі жоғары болып келеді. Мұндай топырақтар егін егуде бағалы, құнарлы болып келеді. Талас Алатауының батыс бөлігінде, Өгем, Піскем жоталарында сұр топырақтар, қоңыр топырақтар кездеседі.
Адам тіршілігінде топырақтың атқаратын қызметі мен маңызы өте зор. Топырақтың құнарлы қабаты ұлттың байлығы болып табылады. Топырақ тозып кетпес үшін үнемі байытып, оның құнарлылығын арттырып отыру ертеңгі ұрпағымыз үшін өте қажет, Топырақты эрозияға ұшыраудан сақтау үшін ағаш отырғызып, ауыспалы егін егу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |