1. Көмірлі өлкенің өрнектері Саран қаласына 50 жыл Көмірлі өлкенің мәңгілік шежіресін жасап кеткен сырлы сөздің зергері Ғабит Мүсіреповтың әйгілі «Оянған өлке»



Дата22.02.2016
өлшемі82 Kb.
#1588
1.Көмірлі өлкенің өрнектері

Саран қаласына - 50 жыл

Көмірлі өлкенің мәңгілік шежіресін жасап кеткен сырлы сөздің зергері Ғабит Мүсіреповтың әйгілі «Оянған өлке» романында: «Қызылжар байы Никон Ушаков қазақ даласын көптөн бері көкжал бөрідей кезіп жүрген адам еді. Бар қомағайдың әдетінше көп жортты, көпке кездесті, көпті тапты. Бар байлығы қарпусыз, қаймағымен жатқан қазақ даласына қадала бастаған көп көздің алдын орап, Сарыарқаның әр қырқасына бір қазық қағып, көмірді темірге, темірді мысқа, мысты қорғасынға қосақтап, арқандап тастады. Қай қазықтың түбінен алтын шығар, қай жерден мыс сорғалар, әзір оған көзі жете бермейді, әйтеуір иісі білінген кен байлығының жиырмасыма таңба бастырып, ез атына бекіттіріп алып, Жезқазған, Нілді, Ақбүйрат, Құлжұмыр, Сасық, Сораң, Қарағанды сияқты кенді шыйырларды кесек-кесегімен қылғып келеді» деген жолдар бар. Ондағы жер атауы Сораңды бүгінде облыс жүртшылығы Саран қаласы ретінде біледі. Әйгілі Қазан төңкерісінен кейін барлық өндіріс иелігі мемлекет қарауына алынып, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап бұл өңірде қазба байлықтарды игеруге алғашқы қадамдар жасалғаны белгілі. Осы ретте Мәскеу тау-кен академиясының профессоры, КСРО мемлекеттік жоспарлау комитетінің аға ғылыми қызметкері Александр Гапеев осыдан сексен төрт жыл бұрын Қарағанды басына ғылыми саяхат жасап, бұл аймақта қара алтынның мол қорына көз жеткізген кеңестік ғалым болды. Отызыншы жылдары Қарағанды кеніші игеріле бастаған тұйта барлау жұмыстарын тоқтатпаған ғұлама ғалым Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Қарағандыда тұрды. Кейіннен зейнеткерлікке шығып, Мәскеуге бүтіндей қоныстанған шақта А.Гапеев Орталық Қазақстанда өткізген өмірі жайлы ғұмырнамалық естелік жазады.

Профессордың өз қолымен жазылған еңбек бүгінде облыстық мұрағаттар және құжаттама бөлімінде сақтаулы тұр. Бұл жазбада соғыстың алдындағы жағдай былай суреттеледі: «Қарағанды көмір бассейніңде көмір өндіру жылдан-жылға артып келеді. Тек 1933 жылы шахталар 1132700 тонна қара алтын қопарды, бұл төңкеріске дейін өңдірілген барлық көмір қорынан 33 мың тоннаға артық. Ал 1939 жылы бассейн бойынша коксті көмір алу 5100000 тоннаға жетті», дей келіп, «Қарағанды қазір Қазақстаидағы басты өндірістік қала болып табылады. Қазір қалада 150 мың адам тұрады. Бұрынғы жеркепелердің орнына төрт қабатты тас үйлер, сәулетті мектептер, әмбебап дүкендер, емханалар мен ауруханалар салына бастады» деп мақтаныш сезімін білдіреді. Бұдан әрі танымал геолог Қарағанды көмір қакбаттарының жүлгелерін тереңдеп барлаумен айналысқанын кестелі тілмен әңгімелеуге тырысқанын байқауға болады. «Ертеңінде мен Михайловкада тұратын шаруалардың жабайы тәсілмен көмір алған жыраларын барып көрдім. Ауыл шаруаларымен әңгімеден Михайловкадан оңтүстікке қарай шағын көмір ошағы жұмыс жасағанын, ал ол арадан батысқа қарай 20 шақырым жерде Саран көмір қоры барлығын ұқтым. Мен сілтеме бойынша жүріп отырып, жапан түзден әзер дегенде бұрынғы шахталардың қаусаған құрылыстарының орнын әзер іздеп таптым. Біртіндеп қажетті деректер жинала берді, енді оны жүйелеудің кезегі келді. Қарағанды шахтасынан терістікке қарай мен қатты әк үйіңділеріне кездестім. Оны мұқият аралап көріп, бұл сілемдердің білімсіз ғана батысқа қарай 35 шақырымға созылғанын аңғардым. Осылардың бәрін жер қабатының бедеріне байланысты жүйелей келіп, Михайловка мен Саран көмір қорының тұтас бір құрылымда жалғасып жатқанына көз жеткіздім», - деп жазады мәскеулік профессор.

Бұл естелік-жазбадан Саран кен қабатының өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басынан-ақ барлана бастағанына көз жеткізуге болады. 1931-1935 жылдары Саран учаскесінің бірінші прораб-геологы Н.Говорконың облыстық архивтің қызметкері Кутищеваға 1967 жылдың 28 ақпанында Мәскеуден жазған хатында мынандай жолдар бар: «Өкінішке орай меңде Қарағанды туралы зердеде қалғандардан басқа ешқандай материал жоқ. Қарағандының кіндік атасы А.Гапеев жайлы мақаламды жолдап отырмын, жергілікті басылымдарда жарық көре қалса куаныштымын. Наурыздың ортасына қарай Саран учаскесіндегі геологиялық барлау жұмыстары, жергілікті тұрғындар арасынан шыққан алғашқы қазақ жұмысшыларының бригадалары жөніндегі естелігімді жіберемін. Жаңа ғана 1930-1932 жылдары Қарағаңцы геологиялық барлау бюросының бұрынғы бас геологы Л.Бурцевпен телефон арқылы байланыстым. Ол марқұм профессор А.Гапеев тұрған пәтермен көрші тұрады. Енді сіздің сұрауыңызға жауап бере кетейін, Дмитрий Назарович Қарағанды көмір тресінің түңғыш басқарушысы К.Горбачевта ешқандай ұл болмағанын айтады».

Саран геологиялық партиясының алғашқы бастығы әрі прорабы Николай Калистратович Говорко облыстық архивте (қор 1313, тізім 1, іс 3) сақталған «Бірінші бесжылдықтағы Қарағанды геологтары» атты мақаласында былай деп жазады: «Сарандағы алғашқы геологиялық барлау ұңғыларын Долинкадағы еңбекпен түзеу лагері жүргізді. Сарандағы шағын ғана келбеу шахтадан 1930 жылы лагерь тұтқындары шаруашылық қажеттері үшін көмір өндіріп Долинкаға автокөліктермен тасымалдайды. Төңкеріске дейін және НЭП жылдарында Сарандағы көмір қабаттарын Дубовка, Волынск, Долинка ауылдарының тұрғыңдары пайдаланған. 1931 жылы шаруалардың көмір өңдірген жерінде күн мен жел кемірген көмір қалдықтары, бітелуге айналған қазан шуңқырлардың сұлбасы ғана жатты. Саран барлау учаскесінің алғашқы жұмыскерлері Спасск, Өспен тауларынан кәсіп іздеп келген қазақ көшпелілері болды. Олар ұзынқұлақтан жапан түзде геологтар шатыры орнап, күрекпен атқарған жұмысқа ұн, қант, май, шай және ақша беретінін естіп ат басын тірегендер болып шықты. Сегіз киіз үйде 15 отбасы тіршілік етті. Бұларда небары 3 құлынды бие, 2 түйе болғандықтан, колхоз деуге келмейтін. Он сегіз адамнан тұратын жұмысшы-қазақтар бригадасын Сергба Усбанов (Серікбай Оспанов) есімді жас шамасы отыздардағы, көгілдір көзді, шоқша сақалды жігіт басқарғаны күні бүгінге дейін көз алдымда.

Алғашқы кездері қазақтардың жер қазу жұмысына бейімі болмады, қайла мен күрек ыңғайларына бағынбай жатты. Еңбек енімділігі өте төмен бодды, күнделікті жүмыс жоспары жартысына жетпеді. Сондықтан қазылған жыралардың ені мен тереңдігін өсіріп жазуға тура келді. Әйтсе де екінші аптаның соңында жұмыс қарқыны шапшаңдай түсті. Диплом алдындағы тәжірибе алу кезінде мені Саран барлау учаскесінің прорабы етіп тағайындады. Қарағанды геологиялық-барлау базасы Үлкен Михайловка селосында болды. Селодағы көптеген үйлер мен қосалкы шаруашылық ғимараттары бос тұрды немесе шеберхана, кеңсе, асхана, коймалар мен барлау партиясының қызметкерлерінің түрғын үйі ретінде пайдаланылды. Селоны айнала оннан астам қазақ киіз үйлері қоршап тұрды».

1932-1935 жылдары Саран учаскесінде Соқыр өзенінің жоғарғы тұсынан Долинка селосына дейінгі аралықта терең қабаттарда іздестіру-барлау скважиналарын бұрғылау басталады. Бірақ жер қыртысының қатты болуына байланысты істен шыққан бұрғылау қоңдырғыларының айлап каңтарылуына жол беріледі. Бұрғышылар болып Майқұдық пен Тихоновкаға күштеп қоныс аударылғадар еңбек етеді. 1935 жылы шахтерлер мен бұрғышылар арасында қазақтар да көбейе түседі. 1934-1935 жылдары Дубовка шахтасындағы әйеддердің орнына Долинкадағы НКВД еңбекпен түзеу лагерінің айыптылары жіберілді. Ал геологиялық барлау мекемесі 1935 жылы Дубовкадан шығысқа қарай екі шақырым жерден қоныс тебеді. Күндізгі аптаптан, түнгі суықтан қорғану үшін жер лашықтар қазылады. Сол жылдары Саран өңірінде жұмыс істегеңдер негізінен Саратов, Астрахань облыстарынан, Еділ бойындағы Вольск қаласынан тәркіленген кулак балалары, мекеме қызметкерлері болады. 1931 жылдың тамыз айының соңында Саран учаскесінде ұзындығы 1-1,5 шақырым және тереңдігі 0,7-2,0 метрлік үш қатар барлау жыралары қазылады. Кемір қабаттарының мөлшері мен күлділігін анықтау мақсатында жырлар бойынан тереңдігі 4-6 метрлік шурфтар жүріп өтіледі. Сонымен қатар екі жерден тереңдігі 20 метрлік шурф қазылып, ағыңды су көзінің қабатына жеткенде тоқтатылады.

Сол жылдары Саран учаскесіне келген профессор А.Гапеев жыралардың бедеріне қарап Саран көмір қыртысының Қарағанды көмірімен байланысын анықтауға барынша назар аударады. Бірақ Саран өңіріңдегі көмір қорының мөлшерін, оның сапасын анықтау жөніндегі игі жұмыстар алда тұр еді. 1930 жылы КСРО геологиялық комитетінің көмір институты Қарағандыда геологиялық-барлау базасын құрады. Арада төрт жыл өткенде бұл құрылым геологиялық-барлау бюросы аталып Семей қаласындағы Қазақ Геологиялык, тресіне бағындырылады. Оның алғашқы бастығы болып Мәскеу тау-кен академиясының түлегі Д.Бурцев тағайындалады. Ол ғылыми жұмыска тақырып алғаннан кейін бұл лауазымды бұрыйғы чекист Б.Рыбьев иеленеді. Жалпы алғанда Қарағанды көмір бассейнін, оның қанаттас бөліктерін жіліктеп зерттеуде А.Гапеевтен басқа М.Русаков, Н.Касин, Г.Медоев, Ю.Жемгужинов тәрізді әйгілі ғалымдар мен геологтар да өлшеусіз үлес қосты. Олар 1930-1936 жылдар аралығында Қарағандыға келіп, геологиялық партиялар бастықтарымен бірге сайын даланы талмай шарлап, өңірдегі көмір қабаттарын зерттеуде игілікті істер тындырады. Соқыр, Тентек, Шерубай - Нұра өзендері маңындағы көмір қорының бай қабатын анықтауда отызыншы жылдары арнаулы жолдамамен келген Мәскеу, Ленинград тау-кен академияларының түлектері де асқан қажырлылықпен еңбек етеді. Олардың арасынан И.Дорохин, А.Антропов, М.Журомский, Р.Эмбах, Г.Кушев, А.Симорин, А.Любер, В.Лебедев, И.Кутейников, М.Дашко, З.Семенова тәрізді геолог-инженерлердің есімдерін ерекше атап өтуге болады. Әйткенмен 1930-1936 жылдары өңірдегі геологтар саны тым тапшы еді. Коллекторлар мамандығында көбіне техникумдардың төменгі курс студенттері, ал жұмыскерлер болып бес кластық білімі барлар еңбек етеді. Институттардың жоғарғы курс студенттері прораб немесе геолог болып, тіптен геологиялық партия бастықтарына да тағайындалады. Сол шақтарда өңірде көмір барлаушылар, геологтар, литологтар, палеонтологтар, көмір петроргафтары оңдап саналса, гидрегеолог жалғыз ғана адам болады. Ленинградтан арнайы жолдамамен келген кәсіби маман Василий Алексеевич Курдюков алғашқы күннен аймақта «су тәңірісі» атанады. Оның қарауындағы жартылай сауатты адамдармен бір мезгілде 20 бұрғылау станоктарымен жұмыс істеп су көздерінің сызба-картасын жасауына тура келеді. Өмірінің қырық жылын Сарыарқаның су байлығын зерттеп халық игілігіне жаратуда қалтқысыз қызмет еткен В.Курдюковты бүгінде кенді аймақтың тұрғындары айрықша құрмет тұтады.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда бірнеше шахталар салынынып қуатты құрылыс ұйымдары құрылған Саран кентінде жыл өткен сай тұрғын үй қоры молайып, оқу-ағарту, мәдениет мекемелерінің қатары көбейе түседі. Отандағы үшінші көмір ошағының қарыштап дамуы аймақтағы ірі кенттерді өндірісі қалаларға айналдыру міндетін алдыға тартады. Сөйтіп 1954 жылді 20 желтоқсаны күні Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Қарағанды қаласы Шахтинск ауданының Саран елді мекеніне облыстық бағыныстағы қала мәртебесін беру туралы Жарлығы жарық көреді. Осы құжатта аталмыш мекеннің бұрынғы атауын сақтап қалалық кеңестің құрамына Шахтинск ауданының Новодолинка, Шерубай-Нұра, Қарағандының Ленин ауданына қарасты Қарабас кентін қалдыру жөнінде шешім алынады. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басында Шерубай-Нұра, Тентек кенттері облыстық бағыныстағы Абай, Шахтинск қалаларына айналғаннан кейін Саран қаласының құрамына Кіші Саран, Дубовка, Байтан, Соқыр еллді мекеңдері қалдырылады. Сол жыл қала халқы 48600 адам болады. Аймақтың негізгі бағыты көмір өндіру өнеркәсібін дамыту болып белгіленеді. Сол жылы өңірде №101, 104, 105, 106, 107, 120 шахталары жұмыс жасап, кеніштерде 6270 жұмысшылар мен қызметшілер еңбек етеді. Аталмыш шахталарда көмір өндірудің жылдық көлемі 1961 жылы 3710 мың тонна болады. Шахталарды қайыра жабдықтаудың нәтижесіңде 1965 жылы қара алтын өндіру 4189 мың тоннаға жетеді. Саран кенті қала мәртебесіне ие болған жылы қаланың тұрғын үй қоры 241358 шаршы метрді құрап, оның 139645 шаршы метрі мемлекеттік сектордың қарамағына жатады. Бұл үйлердің 1739-ы тас, ал 168-і балшықтан қалғаны ағаш үйлер болады Сол жылы қалада 2 орта 5 жетіжылдық мектеп жұмыс жасап, онда 7814 шәкірт білім алады. Сонымен қатар қалада педагогикалык училище, 2 кәсіптік-техникалық училище, балалардың спорт және саз мектебі, жас техниктер станциясы жұмыс жасайды. Халық денсаулығын қорғауда 100 төсектік қалалық аурухана, санэпиденстанция, 14 медициналық пункт, 50 балаға арналған тубдиспансер қызмет көрсетеді. Осы жылы қалада 51 дукен, 11 асхана жұмыс істеп, тауар айналымының жылдық көлемін 21841,5 мың сомға жеткізеді. Қалада және қанаттас елді мекендерде 1 мәдениет үйі, 3 клуб, 3 кітапхана қалдырылып кеншілердің рухани қажеттіліктерін мінсіз өтеуге жұмылдырылады. Көмірлі аймақта алғаш рет серіктес қала мәртебесіне ие болған Саранның қалыптасу кезеңдеріндегі шежірелі сырлары осындай. Үстіміздегі жылы шаңырақ көтергеніне жарты ғасыр толатын көміршілер қаласының 50 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық ілгерілеулері жайыңдағы әңгіме желісі келер мақаланың өзегі болмақ.
Зинаида Скоба,

облыстық мұрағат және құжаттама бөлімінің қызметкері.

Ғаббас Смағұлов,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.



2.Көмірлі өлкенің өрнектері

Саран қаласына - 50 жыл

Оңтүстігінен Шерубай-Нұра, терістігінен Нұра-Соқыр озендері қаумалай ағатын тақия төбелердің аңғарынан ірге көтерген Саран қаласына қазақтың қаламының желі бар талай қабырғалы қаламгерлері ат басын тіреп өзегінен отты өлеңін өріп, көкірегінен көсем сөзін сырлағанын тарих жады ешқашанда есінен шығармайды. 1960 жылдың 20 наурызыңда көмірлі өлкеге келіп, ауылдар мен серіктес калаларды аралап шабытына шырақ жаққан белгілі әдебиетші, аударманың асқан шебері Сәйділ Талжанов облыстық «СоветтікҚарағаңды» газетіңде жарық көрген «Өлшеусіз өсу» атты тілі төгілген мақаласыңда «қара Нұрамды Бальзактың Сенасына, Гейненің Рейніне айырбастар ниетім жоқ. Тіпті асыра айтсам Әбділданың Сырдариясы мен Ғалидың Ілесіне де сипатар емеспін», -деп тебірене толғанады. Осыдан кейін араға тағы да жиырма жыл салып Сәйділ ағамыз ұлтымыздың ұлы қаламгерлері Ә.Тәжібаев, Ә.Әбішев, Т.Жароков, Н.Ғабдулин, Қ.Бекқожин, Ғ.Қайырбековтермен бірге Арка төсіндегі кеншілер қаласына қайыра оралып педагогикалық училищеде шығармашылық кеш ұйымдастырады. Қаланың сәнді ғимараттарының бірінде кітап жәрмеңкесін өткізеді. Осы сапардың нәтижесінде туған өлеңдер мен қолжазбалар бүгіңде кенді өңірдің шежіресіне қосылған тарихтың алтын парақтары деуге болады.

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Сораң елді мекенінде қызулы көмірді кешенді әдіспен игеруге алғашқы қадам жасалады. 1945 жылы жусаны мен бетегесі желкілдеген сайын далада алғашқы кеншілер үйлері бой көтереді. Келер жылы шағын елді мекенге Соқыр өзенінен ұзыңдығы 8 шақырымдық су құбыры тартылады. Бұдан әрі Саран аталған кентте құрылыс салу қарқыны артып, бірнеше жылдан кейін Теміртау қаласынан жоғары кернеулі тоқ желісі қосылады. СОКП XIX съезінің шешімдеріне сәйкес жоғары сапалы көмір қабаттары бар Қарағанды көмір бассейнін игеру жөнінде қарышты қадамдар жасалады. Осыған байланысты Саран, Шерубай-Нұра кен орындарын тездетіп игеру бағытындағы ауқымды істер басталады. Сөйтіп соғыстан кейінгі кезеңде бұл өңірден 9 жаңа шахта мен халық шаруашылығына аса кажетті бірегей кәсіпорындар салу көзделеді.

Одақтық билік тармақтарының пәрмені бойынша жұмысшы кентінен қалаға айналған Саранда 1955 жылдың 5 каңтарында облыстық партия комитетінің ұйымдастыру бюросы құрылып іске кіріседі. Сол жылдың 22 наурызында қалалық кеңестің сессиясы өтіп, атқару комитетінің мүшелері сайланады. Мұнан кейін қала коммунистерінің пленумында қалалық партия комитетінің бюро құрамы бекітіліп, партия ұйымының басшылары сайланады. Құрамыңда 62 елді мекені бар, үш поселкелік кеңес құрылады. Алайда қаланың алғашқы жылдарында басқару органдарын құруда, бюджетті қалыптастыруда елеулі қиыңдықтарға жол беріледі. Бұл жөнінде Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы Е.Тайбековке, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы П.Паномаренкоға Қарағанды облыстық обком хатшысы С.Яковлев, облатком төрағасы Ш.Қалкеновтың хабарламасыңда төмендегі жайлар көрсетіледі: «Жаңа қаланың штаттық кестесі қаладағы жұмыс ауқымы ескерілмей қызмет штаттары бесінші топқа жатқызылып отыр. Қаланың кеңес терағасында тіптен орынбасар жоқ. Қалалық білім бөлімін ұйымдастырудан бас тартылып, мектеп инспекторының бір ғана штаты берілді. Осы кезге дейін қалалық қаржы, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, байланыс бөлімдері, физкультура және спорт комитеті, прокуратура мен қалалық газет штаттары бекітілмей отыр. Қалалық кеңестің атқару комитеті әлеуметтік қамту, сақтаңдыру, көп балалы аналарға жәрдемақы төлеу, салық мәселелері жөніңде шешімдер ала алмағаңдықтан Шахтинск аймағына, Қарағанды қаласына сабылумен күн кешуде» деп жазады. Қала басшылары осы жылы КСРО көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының құрылыс министріне де хат жолдап аймақты дамытудың проблемаларын қозғап, оны шешу жолдары жөнінде нақты ұсыныстарын білдіреді.

Өңірде құрылыс ұйымдары мен жаңа шахталардың қатарға қосылуына байланысты жыл өткен сайын Саран қаласының кескін-келбеті де өзгере түседі.

Кенді өлкедегі алғашқы кеніштердің бірі - №104 шахта 1947 жылдың 1 желтоқсаныңда пайдалануға беріледі. Шахтаның алғашқы бастығы А.Немешаев жаңа кеніште еңбек етушілердің әлеуметтік жағдайларына біршама көңіл бөледі. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін ерлер мен әйелдерге арналған жатақханалар салынады. Шағын қуаттағы шахта араға үш жыл салып көмір өндірудің жоспарын асыра орындауға қол жеткізеді. 1954 жылдан бастап тәуліктік көмір өңдіру жоспарын асыра орындап, өндірісі өрлеген кеніш 1970 жылдың басыңда № 107/108 шахтаға қосылады. № 106 шахта қара алтынын алғаш рет 1948 жылы қыр төсіне көтереді. Шахтаның « В. Марианна» қабатына түсуіне байланысты 1952 жылы 8 жаңа лаваны игеруінетура келеді. Осы кеніште үш көмір өндіретін учаске жұмыс жасайды. 1964-1968 жылдары кеніш мыңдаған тонна қара алтыңды жоспарға қосымша өндіруді қамтамасыз етеді. Осындай іргелі табысы үшін № 106 шахта «Саранкөмір» тресі бойынша социалистік жарыс жеңімпазы атанады.

1952 жылдың 15 наурызында пайдалануға берілген «Соқыр» шахтасыныңда аймақты дамытуда өзіндік үлесі болды дей аламыз. Мерзімінен екі жарым ай кешігіп іске қосылса да қажырлылықпен еңбек еткен кеншілер жыл соңына дейін 9918 тонна көмірді жоспарға үстеме өндіріп, табыс тұғырына көтеріледі. Алпысыншы жылдары шахтадағы Буганин, Шербак, Минюка басқарған проходкашылар бригадалары жаңа кең қабаттарын аршуда соны биіктерден көрінеді. 1989 жылы шахта өз еңбеккерлері үшін 918 шаршы метр тұрғын үй салып, әлеуметтік кешендер санын едәуір ұлғайтады.

Өңірдегі «Дубовка» шахтасы 1953 жылдың 20 шілдесінде іске қосылады. Шахтаға осы жылдың соңғы үш айыңда 235 адам жұмысқа қабылданады. Алғашқы күні 70 тонна көмір өндірген шахта желтоқсан айыңда тәулігіне 1036 тонна қара алтын өңдіруге қол жеткізеді. Арада бір жыл өткенде шахта жылына жарты милллион тонна көмір өндіруді іске асырады.

«Ленинкөмір» тресіне қарасты №107/108 шахталар 1955 жылдың 3 мамырында қаржыландырудың ерекше жағдайына көшіріледі. Шахтаны қайыра жарақтаңдырып, жумыс күшін тұрақтаңдырудың нәтижесіңде шахта 1959 жылы жоспардан тыс 52679 тонна көмір шығаруды қамтамасыз етеді. 1966 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда проходкалау көлемі 2041 қума метрге ұлғаяды. Кеніште 1972 жылы жоспарға үстеме 67642 тонна көмір өңдірілсе, араға екі жыл салып шахтаның 5 учаскесі өңдірістік жоспарды асыра орындауды қамтамасыз етеді. 1975 жылы тәулігіне 4131 тонна қара алтын қопаруға қол жеткізген кеніш 1992 жылы жоспардан тыс 41 мың тонна көмір өңдіріп, тамаша табысқа ие болады.

1958 жылы қаңтар айында пайдалануға берілген «Ақтас» шахтасы алғашқы екі жылдың өзінде еңбек биігіне қол созып жоспарға қосымша 21 мың тонна көмір өндіруді қамтамасыз етеді. Шахта 1968 жылы оның алдыңцағы жылмен салыстырғанда тәуліктік көмір өндіру көлемін 714 тоннаға арттырады. Қызулы отын өндірудегі іргелі табыстары үшін еңбек ұжымы бірнеше рет республикалық, Одақтық жарыстардың жүлдегері атанады.

1995 жылы шахтадағы 6 проходкашылар бригадалары тұтастай алғаңда жоспар үдесінен көрінеді. 1998 жылы «Испат-Қармет» ААҚ көмір департамеитінің иелігіне кешкен кеніш «Саран» шахтасымен біріктіріледі.

Жылдық көмір өндіру қуаты 900 мың тонна болып белгіленген №120 шахта 1955 жылы пайдалануға беріледі. Арада жиырма жыл өткенде шахта қайыра реконструкцияланып жылдық көмір өндіру күші 1,5 миллион тоннаға жеткізіледі. Сөйтіп жобалық қуаты еселеп артқан шахта 1989 жылы 1 миллион 448 мың тонна қызулы отын өңдіруді қамтамасыз етеді. Осы жылдарда 85 кенші «Құрметті шахтер» белгісіне ие болып, 35 адам Кеңестер одағының ордендері мен медальдарына ие болады. Олардың ішінде Н.Абдуқалиев, Н.Агарков, А.Абросимов, М.Агофонов, С.Абелдинов, В.Ампицев тәрізді еңбек шамшырақтарының өнегелі істері шахта шежіресінде мәңгілік таңбаланып қалды. Бүгіңде аталмыш кеніш екінші өмірін бастап, көмір департаментіндегі жұлдызды шахталар санатында тұр. Осында шахта-лава тәсілімен еңбек ету урдісінің игі бастамасы бастау алып, бүгінде атақ-даңқы республикадан тыс жерлерге де кеңінен мәлім болуда. Қатарынан бірнеше жыл миллион тоннадан астам қара алтын өндіруге қол жеткізген ұйымшыл ұжымның мешін жылына белгілеп отырған межесі де биік.

Қала турғындарының жыл өткен сайын көбейе түсуіне байланысты кеншілер мекенінде турғын үй мен мәдени-әлеуметтік ғимараттар салу ісі біршама арта туседі. 1956 жылы қалада жалпы қуны 36,7 мил. сом туратын кешенді құрылыстар салу қажет болса оның тең жарымы ғана игеріледі. Осы жылы еңді ғана бауырын жазып келе жатқан қалада 3 мектеп, 2 балалар бақшасы, 1 монша, 2 дукен, емхана мен хирургия ауруханасы, автокөлік бекеті, тұрмыс үйі және фабрика-завод мектебінің ғимараты іске қосылады. Қала басшылығы тұрғын үйлердің, әлеуметтік кешендердің жетімсіздігіне байланысты одақтық министрліктерден 180 балаға арналған балабақша мен ясли, 720 орындык, 2 мектеп, нан заводы, пионерлер сарайы және денсаулық сақтау мекемелерінің бірнеше кешеңді құрылыстарын салу максатында 1957 жылға тағы да қосымша 10400 мың сом қаржы бөлуді сұрайды. Жергілікті билік органдарының бул өтініші оң шешімін тауып, қалада қурылыс салу жұмыс-тары кезінен вркен жаяды.

1959 жылдың 21 қыркүйегінде облыстық ауатком төрағасы Ш.Қалкенов Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы Д.Қонаевқа жолдаған жазба хабарламасында жаңадан құрылатын Тентек ауданына бұрын Саран қаласының қарамағында болып келген 10 шахта құрылыс ұйымдарының, 3 геологиялық барлау партиясының, 2 автокөлік кәсіпорындарының, «Қарағанды», «Қаражар» совхоздарының, 16 мектептің, 5 аурухананың, 12 балабақша мен яслидің, 2 кенттік кеңес пен 2 банктің берілетінін жазады. Сөйтіп жаңа құрылатын көмірлі ауданға 10836 тұрғыны бар 42 елді мекен өтеді. Осындай құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде Саран қаласы едәуір ықшамдалып, құрамына 11 кенттік жұмысшы ауылдары қалады. Сол жылы қала халқы қанаттас елді мекендерді қоса есептегеңде 74,7 мың болады. Сонымен қатар Саран қаласының құрамына бұрын Қарағанды қаласының Ленин ауданына бағынып келген Ақтас кенті мен Волынск мал бордақылау совхозын беру мәселесі күн тәртібіне қойылады. Мұнымен қоса Шахтинск аймағының №121 және 122 шахталарын Саранға қосу төңірегінде мәселе қозғалады. Осы өңірде 10 мыңға жуық адам тұрғандықтан Ақтаста кенттік кеңес ашу жөніңде мәселе көтеріледі.

Кеңестік кезеңде самалды Сарыарқаның төсінен уық шанышқан жас қапаның кезінде химия өңдірісі мен көмір кәсіпорындарын дамытуда айрықша маңызға ие болғаны белгілі. Мұңдағы жалпы білім беретін ондаған мектеп, 2 орта арнаулы оқу орындары, кәсіптік мектептер жас буынды білім нәрімен сусындатып белгілі бір кәсіпке бейімдеуге өлшеусіз еңбек сіңіргемін қала тұрғыңдары қашанда мақтан тұтады Қалада жылдар ұзаған сайын денсаулык, сақтау, мәдениет мекемелерінің жүйесі кеңейіп, спорт пен физкультураны дамытуда кешенд істер атқарылады. Ең соңғы жобамен салынған спорт сарайы, қалалық кітапхана кезіңде қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленеді. Еңселі еңбекті, өрелі өнерді тел емген кенші өнерпаздар 1963 жылы республикалық байқаудың лауреаты атанады. Экономикасы ерге тартқан қалада рухани игіліктерге деген құштарлық жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып, алпысыншы жылдардың ортасында қалада қоғамдық негізде жұмыс жасайтын мұражай, балалар кинотеатры, кітапханалар жүйесі өмірге келеді. Жұртшылық арасындағы мәдени шараларға ұйтқы болған 11 адам КСРО мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталады. 1964 жылы қалада 14 мектеп, 1 балабақша мен ясли, 500 орындық мәдениет үйі және 2 клуб жұмыс жасайды. Аталмыш руханият орталықтарының жүйесін кеңейту өткен ғасырдың соңғы жылдарыңда да өрістей түседі.

Алайда Кеңестік одақ ыдырап, жекешелендіру шағы басталғанда кеншілер қаласының да елеулі қиындықтарды бастан өткеруіне тура келді. Бұрынғы шығынды кәсіпорындар тоқтап, жұмыссыз қалған халықтың екі қолға бір күрек табуы қиынға соқты. Осы тұста сәнді қаланың сыры кетіп, дүйім жұрттың су мен жарықтан қағылған кездері де жиі қылаң бергені белгілі. Қиын кезеңде қала әкімі тізгінін қолына ұстаған іскер азамат Қ.Мұқатов алғашқы күннен билік күшін ең алдымен қордаланып қалған әлеуметтік проблемалардың шие болған түйіндерін шешуге арнады. Ат үстінен түспей тынымсыз тірлік қылған азапқа толы айлар ақырыңда тәтті жемісін беріп, қаладағы әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмыс жасауына берік негіз қаланады. Бір ғана 2002 жылы қалада жұмысы тоқтап тұрған 5 кәсіпорын іске қосылып, шағын және орта бизнеспен айналысушылар қатары едәуір ұлғаяды. Қала басшылығы Президент пәрменіне байланысты импортты өнімдерді алмастыру бағытында мақсатты жұмыстар атқарып келеді. Қаланың бүгінгі әкімі М.Смағүлов та аймақтағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, тұрғын үй қорын тиімді пайдалану, кәсіпорындардың қуатын уақыт талабына сай көтеру бағытыңда нақты шараларды қолға алыл отыр. Қала әкімдігі сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениет мекемелерінің жұмысына да уақыт үрдісіне сай басшылық жасап келеді деуге болады. Кейінгі жылдары аймақта тұратын соғыс ардагерлеріне, көп балалы отбасыларына, еңбек мүгедектеріне қайырымдылық көмектер жасау арнайы бағдарлама шеңберінде іске асуда.

Соңғы жылдары «Қарағаңдырезинатехника» ААҚ, «Авиком»ЖШС, «Скибус» ЖШС, «Летекс» ЖШС тәрізді кәсіпорындар импортты өнімдерді алмастыру бағытында мақсатты жұмыстарды қолға алуда. Осы ретте «Технология» ЖШС, Сабырхан кен байыту комбинаты, «Монолит» серіктестігінің өркенді істері көпшілікке кеңінен танымал. Қала аумағыңдағы «Саран» шахтасының келешегі кемел екендігіне осыдан екі жыл бұрын ат басын тіреген қазіргі республика премьер-министрі Д.Ахметов көз жеткізгенін шынайы білдіріп, қаладағы химия өндірісін бұрынғы дәуірлеу шағына жеткізу жөнінде пікір білдіргенінен көзі қарақты оқырман құлағдар деп білеміз. Сайып келгенде шаңырақ көтергеніне жарты ғасыр толып отырған Саран қаласының нарық қиындықтарын қайыспай көтеріп уақыт керуеніңде жұлдызы қайыра жанарына, бақыт тасының өрге өрмелеріне кәміл сенгіміз келеді.

Зинаида Скоба,

облыстық мұрағат

және құжаттама белімінің қызметкері,



Ғаббас Смағұлов,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет