Тік ішектің хирургиялық аурулары
Тік ішек (rectum) тоқ, немесе жуан ішектің жамбас қуысында орналасқан ең соңғы (дистальді) бөлігі болып есептеледі. Оның ұзындығы орта есеппен 15-17 см тең. Тік ішектің орналасуына қарай негізгі екі бөлімін ажыратуға болады: а) жамбас қуысында орналасатын және б) бұтаралық бөлімдері.
Тік ішекті зерттеу тәсілдері.
1. Anus айналасын көзбен шолып көру. Бұл тәсілмен аталмыш аймақтағы өзгерістерді, қабыну белгілерін (ісіктену, қызару т. с.с.) немесе басқадай патологиялық өзгерістерді анықтайды.
2. Тік ішекті саусақпен зерттеу. Қолга резеңке қолғап киіп зерттеуші сұқ саусағын тік ішекке енгізіп, саусақ жеткен жер аралығын зерттейді. Бұл зерттеу қарапайымдылығына қарамай тік ішек ауруларының диагнозын анықтаудағы маңызы ерекше.
3. Ректоромано - және аноскопия. Тік ішекті арнайы аспаптар, ано-
және ректороманоскоптың көмектерімен тікелей көзбен көріп зерттеу.
4. Колоноскопия. Тік және, қажет болса, ток (жуан) ішектің барлық бөліктерін (соқыр ішекке дейін) арнайы аспаппен (фиброколоноскоп) зерттеу.
Геморрой
Геморрой (көтеу, нaimorrhois) деп тік ішектің каверноздық денешіктерінің біртіндеп кеңеюімен сипатталатын ауруын айтады. Геморрой тік ішектің жиі кездесетін ауруы. Ол ересек адамдардың 10%-14%-да байқалады
Этиологиясы мен патогенезі. Бұл проблема бүгінгі таңда толық шешілді деп айтуға болмайды. Геморройдың пайда болуын түсіндіруге бағытталған бірнеше көзқарастар бар. Кейбір авторлар геморрой көк тамыр жүйесінің туа біткен жетіспеушілігінің нәтижесі деп түсіңдірсе, екіншілері - ол артқы қысқышта өтетін тік ішеr көктамырларында қанның қалыпты ағу процесінің бұзылу себебінен қанның тоқыраулануынан туады дейді
Келесі бір ғалымдар геморрой механикалық факгорлардың әсерлерінен, атап айтсақ іш қату немёсе атқаратын жұмысының жағдайы көп қимылдауды қажет етпейтін, көбінесе, креслода отырып істеумен байланысты болуынан, әлде жүктілік болу кезіңде көктамырлардың жатырмен қысылуынан т.с.с. себептерден туады деген пікір айтады
Зерттеушілердің үшінші тобы геморрой алкогольдік ішімдіктер мен аса өткір, ащы тағам түрлерін мөлшерден тыс, көп қолданғандықтан немесе инфекциялық агенттердің (колит, ге.морройдалдық көктамырлардың флебиті т.б.) әсерінен туатынын айтады
. Осылармен қатар, геморройдың пайла болуын түсіндіруге арналған нейрогендік, эндокриндік, аллергиялық теориялар да бар.
Аталған бірнеше теорияларға қарамай, бүгінгі таңда-геморрой ауруының пайда болуында екі фактор негізгі себеп ретінде танылып отыр. Біріншісі, адам организмінде осы ауруға деген бейімділік факторлердің болуы. Олардың қатарына туа біткен даму аномалиялары, тұқым қуалайтын қасиеттер, жүктілік, тұрмыс және қызмет (отырып істеумен байланысты) ерекшеліктері. Екіншісі аурудың пайда болуына тікелей әсері бар немесе іш қуысындағы қысымды жоғарылатушы факторлер. Олар: физикалық күштенуді қажет ететін ауыр жұмыс, ұзақ мерзімге созылған жөтел (бронхит, туберкулез ауруларында), әртүрлі себепті іш қату, простата безінің аденомасында болат
Артқы өтістің сызаты (аналдық сызат) – дефекация кезінде жəне одан кейінгі айқын ауыру сезімімен, кейде нəжісте аз мөлшерде қанның болуымен көрініс
табатын артқы өтістік аймақ терісінің көлденең дефекті. Артқы өтіс пен тік ішектен қан кетулер артқы өтістің сызатын, геморрой, дивертикулез, ангиодисплазиялар, ішектің қабыну ауруларында, ісіктер мен ишемиялық колит кезінде дамиды.
ын күшену құбылыстары т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |