163
ІV тарау
АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕЙТІН
ҚҰЖАТТАР
ДОКУМЕНТЫ, РЕГУЛИРУЮЩИЕ ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВЫЕ
ВЗАИМООТНОШЕНИЯ
1. Акт
2. Сенімхат
3. Қолхат
4. Кепілхат
5. Шарт
Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық
сипатқа ие
болады.
АКТ
Акт латын тілінің –
actum est сөзінен
actus – істелген, істелінген; ағылшын
тілінен -
act- істің немесе оқиғаның құқықтылығы,
сондай-ақ заңдық мәні бар
құжат болып табылады. Акт термині жиі
«құқықтық акт», немесе өте
кең
мағынада
«заңды құжат» ретінде
қолданылады,
яғни түрлі құқықтық
субъектілер арасында белгілі заңды нормалар нысаны бойынша экономикалық
немесе
саяси мәмілелер, шарттар бекітілген құжат. Халықаралық құқықта
«акт» термині, әдетте,
жалпы мағынада, ратификациялық грамоталарды атау
мағынасында
қолданылған, бекіту, қабылдау немесе қосылу (бірігу)
мағынасын білдірген құжат – шартқа сәйкес сақтауға жіберілетін.
АКТ
Акт – мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалатын арнайы
лауазымды тұлғалардан құрылған – комиссия мүшелерінің мекеме қызметіне
байланысты деректерді белгілейтін растама құжаты.
Қызметіне қарай актілер әртүрлі мазмұнда болады:
- материалдық-жауапкершілікті тұлға болып табылатын қызметкер жұмысын
ауыстырғанда, істерді қабылдау-өткізу
актілері жазылады;
- мекеменің қызметін немесе оның құрылымдық бөлімшесін тексергенде,
тексеру нәтижесі немесе
ревизия бойынша актілер;
- пайдалануға келмейтін құрал-жабдықтар туралы актілер;
- жаңа бұйымдардың сынақтан өткізілуі туралы актілер;
- жойылуға бөлінген құжаттар туралы актілер және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: