Криминалистика техникасының түсінігі және жалпы қағидасы



бет1/4
Дата28.04.2023
өлшемі29.3 Kb.
#472975
  1   2   3   4
Криминалистика техникасы


Халел Досмухамедов атындагы Атырау университеті


Криминалистика техникасының түсінігі және жалпы қағидасы
Факультеті: Юриспруденция
Орындаған: Махсотов Әділет
Тексерген: Хамметова Жанаргуль Асылбековна

Атырау, 2021


ЖОСПАР


Кіріспе 3
1. Криминалистикалық техниканың пәні мен түсінігі 4
2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары. 5
3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалык құралдары. 6
7
Қорытынды 8
Әдебиеттер: 9



Кіріспе


“Криминалистік техника” термині жалпы екі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы, криминалистика ғылымының бөлімі ретінде болса, екінші жағынан — техникалық құралдар жиынтығы.
Криминалистік техника — бұл ғылыми жағдайлар жүйесін құрайтын және олардың негізі бойынша қылмысты ашу мен тергеуге қажетті дәлелдемелерді жинауға, зерттеуге және пайдалануға арналған техникалық-криминалистік құрал-жабдықтар, әдістер мен тәсілдерді құрамына қосатын криминалистиканың бөлімі.
Техникалық-криминалистік құралдарға қылмыс іздерін табуға,жинауға, зерттеп бағалауға керекті түрлі приборлар, аппаратуралар, құрал-саймандар, жабдықтар мен материалдар және т.б. жатады.
Қазіргі кезде криминалистік техника жүйесіне келесі салалар кіреді:
криминалистік техниканың жалпы теориясы;
криминалистік фотосурет, дыбыс және бейне жазу;
криминалистік ізтану (трасология);
криминалистік қарутану (баллистика);
криминалистік құжаттану;
адамның сыртқы бейнесі жайлы криминалистік ілім (габитоскопия);
криминалистік тіркеу (есепке алу).
Сонымен қатар, соңғы уақытта криминалистік техниканың басқада салалары қалыптасуда олар: криминалистік одоролоя, вокалография мен фоноскопия (иіс, дауыс пен дыбыс іздері туралы ілімдер), мөлтек нысандарды (микрообъект), материалдарды, заттар мен жабдықтарды криминалистік зерттеу т с.с.
Криминалистиканың бөлімі болғандықтан, криминалистік техниканың құрамына өзіндік жеке криминалистік құралдар мен техника-криминалистік тәсілдер мен әдістер кіреді. Соңғысының мазмұны, техникалық құрал-жабдықтарды қылмысты тергеу барысында қолданудың криминалистік міндеттерін шешу жолының және техникалық құрал-жабдықтармен жұмыс жүргізу ережелері мен операциялардың жүйесі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет