Дипломатиялық және сауда қатынастарымен шектелді


Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы



бет6/10
Дата21.12.2023
өлшемі4.5 Mb.
#487379
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
№26 Кіші жүздің Ресейге қосылуы

Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы
Дж. Кэстль. “На приеме у хана Абулхаира”
  • 1731жылы10 қазанда Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе шатқалында Әбілхайыр хан мен Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді.
  • Ант бергендер Кіші жүзден шыққан қазақ билеушілерінің аз ғана тобы болатын. Бірақ осы шараның өзі Ресейдің қазақ халқын бодандық жолына түсіруіне жол ашып берді.Әбілқайыр Ресей патшасына адал болудың кепілі ретінде ұлдарының бірін Ресейге аманат жіберуге уәде етті.

  • .
  • А.Тевкелевке сәтті дипломатиялық қызметі үшін әуелі полковник, одан кейін орыс армиясының генералы әскери шені берілді.
  • Башқұрт старшинасы Т.Шайымовқа тархан атағы берілді.
  • 1734 жыл Әбілқайыр ханның ұлы Ералы бастаған елшілік Петерборда Анна Ионновнаның қабылдауында болып, Кіші жүздің Ресей бодандығына өтуін түпкілікті рәсімдеді.

«Тевкелевтiң Ордаға келуi Әбiлқайырдың ойын түгелдей ашып бердi. Ресейдiң қол астына жаңадан өтетiндерден ант алу үшiн келген шенеунiктердiң өздерiне жүктелген қызметiне сай жылы қарсы алынбағаны былай тұрсын, олар тiптi келген бойда-ақ өз өмiрлерiнен айырылып қала жаздады. Қырғыздар (қазақтар) өздерiнiң тағылық табиғи бостандығын жоғалтып алатыны жөнiнде ойланған кезде ашу-ызаға булықты, орталарына келген орыстарды көрiп, кенеттен қатты толқыды. Тевкелевтi тiптi сол жерде-ақ құрбандыққа шалып жiбере жаздады. Оны ханның өзi қорғап қалды. Бiрақ ол өзгелердiң ашу-ызаға толы толқуын баса алмады. Оның қол астындағы ержүрек жандар ешқайсысының келiсiмiнсiз шетелдiк мемлекетпен неге келiсiм жасасқаны, оған бас иiп, бағынуға өз атынан ғана емес, бүкiл орданың атынан уәде еткенi туралы ханнан есеп берудi талап еттi. Сол бiр қулыққа толы батылдық оның өз өмiрiне қауiп төндiрген болатын...»
А. И.Левшин
  • Елдің болашағын ойлаған, халқының тыныштықта бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етіп, жерінің тұтастығын сақтауға тырысқан, алдағы сан ғасырларды болжаған көреген хандарымыздың бірі Әбілқайыр болды.
  • Кіші жүздің ханы «Ресей бодандығын» қабылдаған кезде Ресей империясы өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігіне қол сұғатынын күтпеді.
  • Әбілқайыр хан далалықтардың мал жайылымдарының біртіндеп қысқаруына және Ресей бекіністерінің салынуына қарсы шықты.
  • Патша үкіметінің шынайы мақсатына көзі жеткен Әбілқайыр үш жүз қазақтарының дербестігін сақтап қалуға тырысты.
  • Ал Ресей Әбілқайырдың күшеюіне жол бермеуді көздеді. Өмірінің соңғы жылдары Әбілқайыр патша үкіметіне сенімсіздік білдірді, ел тәуелсіздігін қорғауға тырысып, отаршылдыққа қарсы шықты.
  • Әбiлқайыр хан Ресейдiң қол астына өтудi қабылдағаннан кейiн Кiшi жүз қазақтарының арасындағы беделi мен ықпалынан айырыла бастады. Оның Ресей қол астына өтуден күткен үмiтi ақталмады.
  • Ол тек Кiшi жүздiң ханы болып бекiтiлдi. Сондықтан ол өз ғұмырының соңғы күнiне дейiн патша әкiмшiлiгiне бағынбауға тырысты.
  • Оның үстiне, қазақтардың қалмақтармен, башқұрттармен және Орал казактарымен шегара аймағындағы шиеленiстi қақтығыстары тоқтатылмады.
  • Әбiлқайырдың патша үкiметiне қарсы белсендi iс-әрекеттерi оның саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқанынан кейiн ғана тоқтады.
  • 1748 жылы Әбілқайыр хан Орынбордан қайтып келе жатқан жолда (Ақтөбе облысы) Барақ сұлтанның қолынан қаза табады.
  • «Хан моласы» Торғай қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан.
  • Кiшi жүздi 1748–1786 жылдары билеген хан. Әбiлқайыр ханның үлкен ұлы.
  • 1741 жылы Хиуаны бiр жылға жуық билеп тұрды.
  • Нұралы хан патша әкімшілігі бірінші рет бекіткен қазақ ханы.
  • Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде жалақы тағайындалды. Ол өзінің ұлдарын аманат ретінде Орынборға тапсыруға міндеттенді. Нұралы ханның патша үкіметіне тәуелділігі. Оның қазақтар арасында абыройын түсірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет