ХVІІІ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ШИРЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Қазақ-орыс қарым-қатынасы
- Қазақ-орыс қатынасы XVI ғасырдан бастау алады. Негізінен олар дипломатиялық және сауда қатынастарымен шектелді.
- XVI ғасырда Орта жүз қазақтарының көпес Строгановтармен сауда байланыстары болғаны белгілі.
- Строгановтар – орыс көпестері, Ермактың Батыс Сібірге жасаған жорығында шешуші рөл атқарған. XVI ғасырда Оралда зауыттардың негізін қалаған. Строгановтар қазақтармен сауда-саттықты жандандырып отырған.
- Ресей қазақ хандарының ойраттармен күресін, әскери күштерді біріктіру және қазақ мемлекеттілігін сақтау жолындағы күрес жағдайын өз мақсатына шебер пайдаланды.
- Тәуке хан билеген кезеңде Қазақ хандығының Ресеймен жақындасуы басталады.
- 1686-1693 жылдар аралығында Тәуке хан орыс жеріне бес рет елші жіберді.
- Орыс патшасы І Петр (1672–1725) Қазақстанды Азияға шығатын «кілт пен қақпа» деп таныды.
- Қазақ хандығының Ресеймен байланысының белсене түсуі XVIII ғасырдың алғашқы отыз жылдығымен тұстас келеді. Оған екі жақ та мүдделі болды. Қазақ билеушілері көбіне солтүстік көршілерімен сауда-саттық байланысын нығайтуға тырысты. Олардың тарапынан Жоңғар мемлекетіне әскери-саяси қарсы тұру үшін Ресеймен әскери одақ құруға бірнеше рет талпыныс жасалды.
- 1716 жылы Қайып хан Ресейге жоңғарға қарсы күш біріктіруге өтініш жасаған.
- Осындай ұсыныстар Кіші жүз ханы Әбілқайыр тарапынан да болды.
- Алайда Ресей Швециямен ұзаққа созылған ауыр соғысты бастан кешіп жатқандықтан, дала билеушілерінің ұсыныстарын қарауға мұршасы болмады.
Ресей империясының Қазақстанды өз ықпалына алу себептері
- ХVІІІ ғ. 30-жылдарында Ресей үшін дипломатиялық байланыстарды нығайтуға қолайлы жағдайлар қалыптасты. Ресей Қазақстанды өзінің геосаяси ықпал ететін аймағына қосып алуды көздеді.
Достарыңызбен бөлісу: |