Дипломдық ЖҰмыс 5B070200 «Автоматтандыру жəне басқару» мамандығы Алматы 2022



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата17.02.2024
өлшемі3.32 Mb.
#492260
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ДР ТАУ

1.2 АРЖ құрудағы жалпы принциптер 
 
Ғылым мен техниканың дамуы, технологиялық үрдістердің күрделенуі 
шығрылатын өнімдерге қойылатын талаптардың жоғарлануы автоматты 
басқару жүйелерін құруда қазіргі таңға сай математикалық əдістерді 
пайдалануды қажет етеді. 
Қазіргі кезде обьекті теңдеуі мен сыртқы əсерлер белгілі деп алынатын 
детерминді əдісті автоматты басқару жүйесін сараптау мен синтездеуде 
пайдалану, тек жүйенің жұмыс істеу күйін алдын-ала бағалау үшін ғана қажет 
бола алатындығы дау туғызбайтыны анық. 


12 
Автоматты басқару жүйесін (АБЖ) құру үшін маман ең алдымен 
басқарылатын обьектінің математикалық моделін тұрғыза білу керек. Ал бұл 
есепті экспериментті жəне аналитикалық жолдармен шешуге болады. 
Кез келген өндірісте қондырғыда технологиялық процестің бірқалыпты 
жүруі белгілі бір дəреженің, қызмет алгоритмінің орындалуына байланысты 
болады.Осы кезмет алгоритмін орындау үшін белгілі бір сыртқы команданы 
орындайтын құрылғыны, не машинаны басқару обьектісі дейді. 
Технологиялық процесті жүргізу үшін басқару обьектісіне əсер ететін 
тиімді ықпалды тиімді ықпалды басқару дейді. Егер бұл басқару адамның 
қатысуынсыз жүзеге асса оны автоматты, ал адамның қатысуымен болса 
қолмен басқару деп атайды. Технологиялық процесті берілген қызмет 
алгоритмі бойынша өткізу мақсатында обьектіге сырттан берілетін арнайы 
нұсқаулар жиынтығын басқару алгоритмі деп атайды. 
Басқару обьектісіне баскару алгоритміне сəйкес əсер ететін кез-келген 
техникалық курылғы автоматты басқару құрылғысы деп аталады. 
Бір-бірімен байланысты жəне басқару алгоритміне сəйкес өзара 
əрекеттесе жұмыс жасайтын автоматты басқару құрылғысы мен басқару 
обьектісінің жиынтығы автоматты басқару жүйесі деп аталады. 
Автоматты жүйе өзара байланысқан жəне белгілі бір қызмет атқаратын 
дербес 
конструкциялық 
элементтерден 
тұрады, 
оларды 
автоматика 
элементтері,түзетуші, қабылдаушы, жоспарлаушы, түрлендіруші жəне 
атқарушы деп ажыратады[3]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет