19
Cурет – MapInfo-да растрлік төсемді жүктеу
Түрлі құжаттарды қолдану қажеттілігі жоғары болғандықтан өндірістік
қызметте құжаттарды дайындауды автоматтандыру алғышарты пайда болды.
Құжаттарды дайындау мен шығарудың автоматтандырылған түрінде
қызметкерлердің еңбегі сапасы мен өнімділігі бірнеше есеге артады, шығын
материалдарына өнімсіз жұмсау азаяды, құжаттардың
кешенденген есебін
жүргізу, жұмыс технологиясын оңтайландыру, деректер базасын жүргізу және
құжаттаманың электрондық көшірмесін сақтау мүмкіндігі туындайды.
20
Cурет – MapInfo программасында кескінді тіркеу
Сонымен қатар, жерге орналастыру ақпаратын өңдеуді автоматтандыру
барысында қағаз тасымалдаушылар бетіне қалыптастыру мақсатымен ақпарат
шығару мүмкіндігі бар электрондық-ақпараттық технологиялар бойынша
жұмыстар жүргізіліп жатыр [7].
Осылайша, қағаз тасымалдаушы бетінде
электрондық-сандық жер-
кадастрлік ақпаратты қайталайды, ал электрондық картаға жер телімдері туралы
графикалық және семантикалық деректер, кадастрлік ақпарат енгізіледі. Карта
бірте-бірте толығырақ және жан-жақты болып келе жатыр.
Межелеу құжаттарын автоматтандырылған дайындау үшін көбінесе
деректер базасын жүргізумен байланысты түрлі программалық өнімдер
қолданылады.
Аталмыш құжаттарды дайындауда «ГеоТерр»
ЖШС мамандары
дайындаған GetInfo программалық модулі қызмет етеді. (21-сурет) Бұл модуль
игеру мен қолдануда өте оңай – қажетті жер телімін оған MapInfo графикалық
терезесінде басу арқылы таңдап, GetInfo модулін ашудың өзі жетікілікті, одан әрі
координаталар каталогын қарау және сызбалардың келтірулерін жөндеу
мүмкіндігі ұсынылады (22,23-сурет) [8].
21
Cурет – GetInfo модулінде жерге орналастыру ісін дайындау
Бұрылу нүктелері көп жер телімінің сипаттамасын жасау қажеттілігі туған
жағдайда GetInfo қосымшасында *.cvr форматында координаталрды
электрондық түрде экспорттау мүмкіндігі бар (18-сурет), кейін ол координаталар
Автоматтандырылған кадастр программалық кешеніне Objectland негізіндегі
кадастрлік карта модуліне импортталады. Бұл мәліметтерді
МЖР-не енгізуде
ыңғайлылық пен шапшаңдық қамтамасыз етіп, оператор тарапынан қателіктер
мүмкіндігін болдырмайды. GetInfo қосымшасы
қатысымен дайындалған құжаттарда барлық қажетті ақпарат орналасқан, олар
өте ыңғайлы әрі ықшамды.
Жерге орналастыру құжаттамасын рәсімдеудің соңғы талаптарын ескере
отырып, шығару үлгілерін жөндеу мүмкіндігі бар.
Хабарлама, қолхат, акт және сол сияқты
қосымша құжаттар қалыпты
мәтіндік редакторда даярланады. Бұл мақсаттарда әдетте екі программалық
кешен Microsoft Word және OpenOffice қолданылады. Microsoft Word
программасы мәтіндік редакторлар рыногінде көшбасшылардың бірі болып
табылады. Ресейде мәтінді өңдеу мақсатында осы программа ең кең қолданыста.
Программаның мүмкіндіктері өте көп, ол мүмкіндіктерді рәсімдеу
жұмыстарының кез-келген түрінде қолдануға болады. Олардың барлығын атап
өту мүмкін емес.
Мекемеде бұл программа құжаттар үлгілерін өңдеуде, GetInfo
программасынан шығару құралы ретінде
және еркін мәтін дайындауда
қолданылады. Программа шрифтердің көптеген түріне қызмет көрсете алады,
кестелерді сала және өңдей алады, кез-келген сападағы графикалық объектілерді
пайдалана алады.
22
Cурет – GetInfo модулінде жер телімі сипаттамасын жасау
Басып шығару кезінде құжат типографиялыққа ұқсас қасиетке ие, деректер
базасында пайдаланушы тек қажетті жолдарын толтырып құжатты басып
шығаруға жіберетіндей үлгілер мен түрлі құжаттардың қаптаған саны сақталған.
Құжат форматы стандартқа сай. OpenOffice мәтіндік редакторы Microsoft Word-
қа қарағанда азырақ мүмкіндіктер ұсынады, бірақ үйренуге оңай әрі тегін.
Аталған мәтіндік редакторлар көмегімен жерге орналастыруды
ұйымдастыру жұмыстары барысында кез-келген
мәтіндік құжаттарды
дайындауға болады. Жерге орналастыру жұмыстарының осы түрінің
автоматтандырылуы практикалық түрде қажет, себебі ол өнімділік пен еңбек
сапасын арттырады, жерге орналастыру жұмыстарындағы қиындықтарды
азайтады. Ақпаратты компакт-дискілер мен флеш-жинақтаушы құрылғыларғы
жүктеу Windows 7операциялық жүйесі шараларымен жүргізіледі.
Мекеменің
жеке компьютерлері желіге біріктірілген, бұл пайдаланушылардың жоғары
жылдамдықта деректер алмасуына септігін тигізеді [9].
23 Cуре – CVR форматында жер телімі координаталарын экспорттау
Достарыңызбен бөлісу: