Яғни кіріс дегеніміз -белгілі бір мекеменің немесе кәсіпорының күнделікті өндірістен түсетін пайдасы болып табылады. Табыс



Дата18.05.2022
өлшемі32.73 Kb.
#457040

1.1 КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ МӘНІ
Кірістер - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы. Яғни кіріс дегеніміз -белгілі бір мекеменің немесе кәсіпорының күнделікті өндірістен түсетін пайдасы болып табылады.
Табыс - дайын өнімдерден сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісімшартта анықталады.
Кіріс түрлері:

  • дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;

  • қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

  • дивиденттер, роялтилер және пайыз түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатады.

Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес.
Шығыстар дегеніміз - осы өндірістен өнім, яғни пайда алу үшін жұмсалған шығындары және де ол өндіріске қажетті қүрал - жабдықтары, материалдар мен шикізатқа, т.б. жұмсалынатан қаржылай активтері болып табылады.
Кірістер мен шығыстар туралы есептілік мекеменің қаржы шаруашылық қызметінің қорытындыларын көрсетеді және келесі мақсаттар үшін қолданылады:

  • Инвесторлар мен кредиторларға қажетті ақпараттарды дайындайды;

  • Ақшалай ағымның өзгерісін болжайды.



Алынған табыстар түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

Негізгі қызметтен алынған табыстары деп - кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндіріс шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады.
Кәсіпорындармен үйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары деп – кәсіпкердің нақтылы негізгі қызметінен басқа жұмыстарды орындауы барысында тапқан табыстары жатады.
Негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметінен алынған табыстарының қосындысы жалпы жиынтық табысты береді және ол №7 Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес стандартқа сай есептелінеді.

Өнімді өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстары болады.


Кезең шығыстарына мыналар жатады:

  • жалпы және әкімшілік шығыстары;

  • пайыз бойынша шығыстар;

  • тауар—материалдық қорларды сату бойынша шығыстар.

Жалпы және әкімшілік шығыс. Шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік—шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстары жатады.
Пайыз бойынша шығысқа - банк несиесі жэне жалға беру бойынша төленетін пайыздар жатады.
Ал үстеме шығыстарға негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды.
Барлық кірістер кредитінде есептеліп, дебетінде жабылады.


Ал шығыстар дебетінде есептеліп кредитінде жабылады.
Табыстар, пайдалар, шығыстар және шығындар шоттарының ерекшеліктері – олар қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері жайында есеп беру шоттары болып табылады. Оларды уақытша шоттар деп атайды, себеі мәліметтерді тек ағымдағы кезең үшін ғана жинақтауда қолданылады. Әдетте бір жыл болып келетін әр есепті кезеңнің соңында олардың қалдықтары келесі кезеңге ауыстырылады немесе жабылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде кэсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің негізігі мақсаты пайда алу болып табылады. Әрбір мекеменің, кәсіпорынның жэне фирманың табыстары мен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет