Дипломдық ЖҰмыс 5В071100 «Геодезия және картография» мамандығы Алматы 2022


Теміржол көлігі объектілері орналастырылған жер телімдерін



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата30.11.2022
өлшемі3.02 Mb.
#466088
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
БАК2022 Бердәулет Аққайың

2.6 Теміржол көлігі объектілері орналастырылған жер телімдерін 
мемлекеттік кадастрлік есепке отырғызудың ерекшеліктері 
 
ҚР мемлекеттік жер кадастрында темір жолдар мемлекеттік біртұтас 
кәсіпорындарынан, осы кәсіпорындадың өндірістік қызметін орындау үшін 
пайдаланылатын, жер телімдерін мемлекеттік кадастрлік есепке қоюдан негізсіз 
бас тарту жөніндегі сұрақтар туралы жүгінулер саны артты. 
ҚР Жер кодексі жарық көргеннен кейін, «кесіп беру жолағы» аталымы тек, 
ішінде темір жолының топырақтық төсемімен орын алынған, жер телімдері 
қалыптасып жатқан, сондай-ақ, темір жол бекеттері, су өткізу және нығайту 
құрылғылары, қорғау және нығайту орман отырғызулары, байланыс желілері, 
электр қамтамасыз ету құрылғылары, өндірістік-техникалық және темір жол 
көлігінің басқа да ғимараттарын орналастыруға арналған оларға іргелес жер 
телімдері, нақты территориялар (территориялық аймақтар) атауы құрамында 
қолданыла алады. 
Көлік жерлерінде темір жолдар кесу жолақтарын орнату мен пайдалану 
тәртібі ҚР Үкіметімен анықталады. 
Қоныстану жерлеріне (соның ішінде, темір жолдарын кесу жолақтары) 
инженерлік және көліктік инфрақұрылымдардың территориялық аймақтарының 
шекаралары мен қала құрылыс тәртіптері Жер пайдалану мен құрылыс салу 
Ережелерімен анықталады. 


Басқа категория жерлерінде темір жолдарын кесу жолақтарының болуы 
Жер кодексімен қарастырылмағандықтан, кесу жолақтары территорияларынан, 
су нысандарымен орын алынған, жер телімдері (су қорының жерлері) 
шығартылуы керек. 
3 Астана-40 бекеттері арасындағы теміржол маңындағы дала 
жұмыстарын өткізу тәртібі 
 
Теміржол кешені–облыстың көлік кешенінің ең маңызды бөлігі. Əкімшілік 
тұрғыдан Астана станциясының темір жолдары «Ұлттық Компания 
«Қазақстан темір жолы» Акционерлік қоғамына кіреді. 
6 Cурет – Астана бекетінің спутниктен көрінісі 
Дипломдық жұмыста Астана станциясы мен 40-станция аралығындағы 
теміржол учаскесін жер учаскесінің кадастрлік есепке қою жұмыстары кешені 
сипаттамасы көрсетілген. 



Cурет – 40-бекеттің спутниктен көрінісі 
Астана 
станциясы 
Ақмола 
облысын 
Қазақстанның 
орталығы 
болғандықтан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, 
Шығыс Қазақстан облыстарымен байланыстырады. 
Темір жол учаскесі Астана қаласында орналасқан, жер төсемінің деңгей 
айырмасы 20 см-ден аспайды. Зерттелетін теміржол телімі ұзындығы 1,5 км (8- 
сурет). 

Cурет – Астана станциясы темір жол телімі схемасы 
Заманауи өлшеу құрылғылары мен нақты геодезиялық әдістермен 
мекеннің «цифрлануын» жүргізетін, сандық кеңістіктік деректерді жартылай 
автоматты режимде алуына мүмкіндік беретін арнайы құрастырылған далалық 
өлшеулер әдістерін қолдану түсірме жұмыстарын орындау уақытын қысқартады. 
Астана станциясы темір жол телімін кадастрлық есепке қою үшін далалық 
геодезиялық іздеулер жүргізілді. Жұмыстар барысында темір жол осінен 
бөлінген алаптың шекаралары, бұрылу нүктелерінің үйлестірілуі анықталды
техникалық сипаттау жүргізіліп, бөлінген алап жер телімі мен аралас жер 
пайдалану туралы жерге орналастыру және құқықтық ақпарат жиналды. Бірінші 
кезеңде далалық жұмыстарға дайындақ жүргізілді: жұмыс 


аймағы бастапқы деректер ретінде қызмет ететін мемлекеттік геодезиялық желі 
пунктілерінің бар-жоқтығына тексерілді, объекті аймағында бұрын өткізілген 
жұмыстардың сараптамасы жүргізілді – темір жол бөлінген алабымен шекара- 
лас жер телімін бөлу бойынша жерге орналастыру жұмыстары жүргізілгендігі 
анықталды. Екінші кезеңде алынған зерттеу нәтижелері негізінде тапсырысшы 
берген техникалық тапсырмаға сәйкес іздеу жұмыстарын жүргізу әдістемесі 
жасалды. Дала жұмыстары GPS-өлшеулер ұйымдастыру барысында қиындық 
туғызатын бастапқы пунктілерді іздеп табудан басталды. Бұл қиындық қажетті 
бастапқы пунктілерді жоғалту және олардың сыртқы келбетін құрту немесе 
олады оңай ғана көріп табу мүмкінсіздігінен туындайды. 
Қажетті пунктілерді навигациондық режимде іздеуге тура келеді. Ал біздің 
қолымызда GPS Trimble R3 болғандықтан, қосымша GPS навигаторлар көмегі 
қажет емес. Ізделіп жатқан пунктінің координаталарын енгізіп, «нүктеге 
навигация» тапсырмасын таңдау жеткілікті, экранда сол нүктеге дейінгі бағыт 
пен қашықтықты көрсететін нұсқар пайда болады (9-сурет) [2]. 
9 Cурет – МГЖ пунктілерін іздеп табу үшін нүкте навигациясы режимін 
қолдану 
Триангуляция пунктісі табылғаннан кейін оған негізгі GPS қабылдағыш 
орнатылады. Содан соң спутниктердің қажетті саны жиналып «Базадағы 
түсірме» режимі іске қосылды (10-сурет). 
Өлшемдер жасау процесі барысында негізгі қабылдағыш штатив 
көмегімен геодезиялық негіз пунктісінде орналасады. 
Жылжымалы қабылдағыш, ровер, контроллермен бірге белгіге бекітіліп
анықталушы нүктелер бойынша орын ауыстырады. Қабылдағыш антеннасы да 
кіріктірілген көпіршікті тегістікті өлшейтін аспап көмегімен нүктелерде 
орталыққа дәлденетін белгіге бекітілетін болды. 


Спутниктердің жеткілікті саны анықталғаннан кейін «кейінгі өңдеумен 
кинематика» режиміндегі түсірме іске қосылды. 
Бұл режимде жұмыс барысында анықталушы нүктенің координаталарын 
алу үшін 15 секунд ішінде сол нүктеде қабылдағыш белгісін орнату жеткілікті. 
Далалық бағдарламалық жасақтамада қосымша жалғастыру алу үшін 
«өлшенген тірек пункті» функциясы бар. Бұл режимде өлшемдер спутниктердің 
көрінуіне байланысты 20-30 минут аралығында жүргізіледі. 
Жұмыстарды орындау барысында қабылдағыш-ровер анықталушы 
нүктелер мен пунктілер бойынша орын ауыстырады. Ені бойынша бөлінген алап 
темір жол төсемі осінен екі жаққа 50 метрдей. Уақытша межелік белгілердің 
саны темір жол трассасы бөлінген алабының туралығына байланысты 
анықталады. Белгілердің координаталары жұмыс аймағына жақын орналасқан 
мемлекеттік геодезиялық желі пунктілерінен фазалық бір жиілікті Trimble 3 GPS 
қабылдағыштары көмегімен анқталды. Сол тірек пунктілерінде өлшеулер 40 
минут аясында «жылдам статика» түсірме режимінде өткізілді, 
10 
Cурет – Recon контроллерінде базаны қосу 
белгіні пунктіде орнату ыңғайлылығы үшін үштаған қызмет етті. Алынған 
түсірме деректері кейінгі өңдеу мақсатымен Trimble Geomatics Office арнайы 
бағдарламалық жасақтамасына жүктелінді [3]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет