ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ‐ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ШЫМКЕНТ ИНСТИТУТЫ
Тарих факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
Дипломдық жұмыс
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОЛАНДШАФТТАРЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА.
Сыздықбекова Ақмарал 442 – 24 тобы
аға оқытушы С. Дуйсенбаев
Шымкент - 2008
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Оңтүстік Қазақстан облысы агроландшафттарының дамуындағы
географиялық компоненттері...........................................................................5
І.1 Геологиялық түзілуі және жер бедері.......................................................5
І.2 Климат жағдайы және агроклиматтық ресурстары.................................7
І.3 Су ресурстары.............................................................................................12
І.4 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлары......................................14
ІІ. Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттары......................................18
ІІ.1 Агроландшафт туралы жалпы түсінік.....................................................18
ІІ.2 Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жерлердің
көлемі................................................................................................................20
ІІ.3 Оңтүстік Қазақстан облысының егістік ландшафттары........................27
ІІ.4 Оңтүстік Қазақстан облысының жайылым кешендері......................... 33
Қорытынды...............................................................................................................42
Әдебиет тізімі...........................................................................................................45
Кіріспе.
Қазіргі заман адамзат цивилизациясы даму барысында табиғат ресурстарын тұтынуы өте үлкен көлемге жетті. Адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға ықпалы географиялық компоненттің қуаттылығымен салыстырмалы болды. Табиғатқа мұндай ықпалдың нәтижесінде табиғи ландшафттар антропогендік факторлары ықпалында дамиды, яғни әр түрлі деңгейдегі антропогендік ландшафттар қалыптасады.
Антропогендік кешендер арасында ең көп таралған агроландшафттар. Қазіргі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысының 11 730 000 гектар жалпы жер көлемінен, 4 431 602 гектар жері (1.01.2001) ауыл шаруашылықта пайдалануда, ол жалпы облыстың жер көлемінен 37,8% құрайды. Осыдан, 1995 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша егістік жер көлемі 852 959 гектар болған, немесе облыстың ауыл шаруашылық жердің жалпы көлемінен 19,3 % құраған, ал 2005 жылдың 1 қаңтарына 758282 гектар, 17,1 %. Жалпы облыс территориясының жер көлемінен сәйкес 7,3 % және 6,5% құрайды.
Ұсынылған диплом жұмыстың негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттардың (ауыл шаруашылық ландшафттардың) пайда болуы, динамикасы мен дамуын қарастыру. Агроландшафттардың қасиеттерін жақсарту, жоғары өнім алудың және интенсификациялаудың маңызды бір жолы.
Диплом жұмысын орындауда, автор қазіргі конструктивтік географияда қолданылатын негізгі классикалық әдістерді пайдаланды, оның негізгілері: картографиялық, статистикалық, баяндама және салыстырма. Агроландшафттарға баяндама беруде жүйелі көз қарас қолданылды, яғни жасанды географиялық кешендері өзара байланысқан және өзара әрекеттегі элементтері жиынтығы түрінде қарастырылады.
Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысы зерттеуде статистикалық мәліметтерге жалпы талдау беру арқылы 5 кесте жұмыстың мазмұнына еңгізілді. Диплом жұмысын зерттеу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттар картасы жасалынды. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан облысы Жер және су ресурстары пайдалану басқармасының, Оңтүстік Қазақстан облысының гидрометеорологиялық орталықтың фондттық мәліметтеріне негізденді, Ғылыми-техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан тақырып бойынша әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе кезінде осы мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады.
Диплом жұмысының өзектілігі: Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің техникалық дақылдарды өсірудің маңызды аймағының бірі, әсіресе мақта, темекі, дәнді дақылдардан күріш, күзгі бидай, бақшалық дақылдар, ашық жердегі көкөніс, сафлор т.б. Облыстың ауыл шаруашлығы басым суғармалы, сондықтан жоғары өнім алуға мұмкіндік береді. Облыстың ауыл шаруашылығын дамытуда ірі гидротехникалық құрылыстар салынған, Шардара су қоймасы, Арыс-Түркістан каналы тағы басқа үсақ суландыру жүйелері. Мақтаарал ауданында «Достық» (бұрыңғы С.М. Киров атындағы) каналы – ауданның басты су көзі Өзбекстан Республикасы территориясынан Сырдарья өзенінен басталады. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы Қазақстан Республикасын мақта, күріш, бақшалық дақылдар, ерте көкөніс және тағы басқа ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге мұмкіндігі өте жоғары.
Агроландшафттар туралы теориялық мәселелер ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми деңгейде дами бастады. Осы мәселелер бойынша көптеген ғалымдар зерттеу жұмысарын жүргізді, сондай-ақ Ресей ғалымдары Мильков Ф.Н., Николаев В.А., Исаченко А.Г., Куракина Л.Ю. т.б. Қазақстандық ғалымдардан, Джаналиева Г.М., Чигаркин А.В., Гельдыева Г.В., Шайық О.Ш., Алимаев И.И., Бельгибаев А.Н. т.б.
І. Оңтүстік Қазақстан облысы агроландшафттарының дамуындағы географиялық компоненттері.
І.1 Геологиялық түзілуі және жер бедері.
Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының басым бөлігі Тұран плитасында орналасқан, оңтүстік-шығыста Өгем жотасы арқылы Өзбекістанмен шектеседі (облыстың ең қиыр оңтүстік-шығысында Қырғызстанмен аз ғана қашықтықта шекараласады). Батыста, Қызылқұм бойы Өзбекістанмен шекара жалғасады. Солтұстікте Бетпақдала арқылы Қарағанды облысымен шекаралас болады, ал шығыста Қаратау мен Мойынқұм бойынша Жамбыл облысымен шекара өтеді. Облыстың ортасын оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай Қаратау жотасы кесіп өтеді. Өгем және Қаратау Батыс Тянь-Шань тауларының бөліктері. Облыс шегіндегі Тұран ойпаты сазды Бетпақдала, құмды Мойынқұм мен Қызылқұм шөлдеріне және Сырдария бойы тау алды шөлейт жазыққа бөлінеді.
Бетпақдала, борпылдақ қабат-қабат орналасқан мезозой және палеоген тау жыныстарынан құрылған жазықтық, оның орташа биіктігі 300 м. Жазық үстінде басым теңіздік және континенттік палеогендік шөгінділер – құм, құмтас, саз, ұсақ жұмыр тас. Жазықтық кеңістіктер сор жерлерімен тұйық ойыстармен және ағынсыз төмен жерлермен кезектеседі [25,26].
Мойынқұм құмды шөлі Шу синеклизаның басым бөлігін алып жатыр, ол Тянь-Шань таул алды еңкіс жазықтар мен ойпаттың жазықтарына отпелі болып табылады. Мойынқұм шөлінің жер бедері негізінен эолды – төбелі (ячеистые) және тізбекті (грядовые) құм. Кейбір жерлерде эол жер бедері астынан аңғар тәріздес және ежелгі террассалар сатыларының жар сияқты қия беттер түріндегі су тектес ежелгі пішіндер көріністе болады.
Облыстың оңтүстік-батысын Қызылқұмның солтүстік-шығысы алып жатыр. Мұнда эолды құм жер бедері басым. Құмның астында ежелгі аллювиалдық қабат, ал Сырдария маңында аллювиалды-көлді қабат орналасқан. Аллювиалды және аллювиалды-көлді шөгінділерді желмен електеу есебінен эолды құм пайда болған. Құм басым бөлігінде өсімдіктермен бекітілген. Тізбекті және төбелі жер бедері қалыптасқан, кейбір жерде барханды құм төбелер кездеседі.
Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейі мен Сырдария өзенінің арасындағы облыстың территориясы, Сырдарияның аллювиалдық және оның оң салаларының аллювиалдық пен пролювиалдық шөгінділерінен пайда болған. Бұл тау алды жазықтық сайлармен тілімденген және сынық шөгінділерден құрылған. Мұнда еспе сулары салыстырмалы тұщы, ал Сырдария өзеніне қарай жылжыған сайын еспе сулар тұздалады.
Қаратау - орта биікті жотасы, оның ең биік шыңы Бессаз (Мыңжылқы) шыңы – 2176 м. Негізінен ол кембрий алды және палеозойдың дислокацияланған қабаттарынан құрылған, ал оның тау алды мезозой, палеоген және неоген жастағы горизантыльдық орналасатын шөгінділерінен қалыптасқан. Қарату 5 – 6 балдық сейсмикалық зонада орналасқан. Қазіргі тектоникалық қозғалыстар өте белсенді, мұндай белсенділік, +12 мм/жылына, Шоқпақ асуда, (перевал Чокпак) қайта геодезиялық нивелировка арқылы байқалды (Финько, 1965). Қаратау жотасы басым жерінде ассиметриялық болып келеді. Оңтүстік тау алдының үстіртті беті солтүстікке қарай жазық қырқаға айналады. Су айырық беті бор және эоцен трансгрессиялар кезінде жемірілген денудациялық жазықтық болып келеді. Қаратаудың оңтүстік жайпақ беткейдің әктасты-доломитты қабаттар дамыған учаскелердегі көтерілген жазық бетте өзендер мен жылғалардың кесіліп ойылған көлденең аңғарлары, тік беткейлі каньон тәріздес болып келеді. Жоғарыдан қарағанда осы каньондардың кейбір кесінділері тура және кескін бұрылыстар сипатты.
Облыстың оңтүстік-шығысында Батыс Тянь-Шань тауларының тізбектері орналасқан. Ең биік Сай жоталар гранитті және гранодиоритті герцин интрузияларымен тесіп шыққан палеозой шөгінді қабаттардан құрылған. Өгем жотасының кейбір жазық суайырық беттері әктастардан құрылған, ол жерде карст шұңқырлары көп кезедеседі. Қазығұрт таулары осындый тұзіліске және жер бедеріне ие.
І.2 Климат жағдайы және агроклиматтық ресурстары.
Оңтүстік Қазақстан облысы қоңыржай белдеуінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Облыстың жазықтықты аудандарының климат жағдайының ерекшелігі кескін континенттігі. Л.Н. Бабушкиннің климаттық аудандастыруы бойынша (Бабушкин, 1983) облыстың территориясы үш климаттық провинцияда орналасқан. Облыстың солтүстігі Орталық Қазақстан провинцияның Бетпақдала округінде орналасқан. А.А. Пузырева бойынша (Пузырева, 1975) облыстың бұл бөлігі Балхаш-Арал облысының Орталық Қазақстан ауданында орналасқан. Облыстың солтүстік ауданының климаттық шекаралары авторларда бір-біріне сәйкес келеді. Бұл аудан ауа температурасының үлкен жылдық ауытқуымен сипатталады, 38º шамасында (қаңтар - -10,7ºС, шілде - +27ºС) (№ 1 кестеде), мұндай ауытқу климаттың кескін континенттігіне байланысты.
№ 1. Ауаның орта айлық және жылдық температурасы (ºС).
(Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. Ленинград. 1989. бойынша, 168 б.)
№
|
Станция
|
I
|
III
|
V
|
VII
|
XI
|
XI
|
жыл
|
Темпер-ның жылдық ауытқуы
|
1
|
Тасты
|
-10,7
|
0,5
|
19,4
|
27,3
|
17,6
|
-0,6
|
9,0
|
38
|
2
|
Ащисай
|
-3,1
|
2,7
|
17,0
|
25,6
|
17,7
|
2,8
|
10,5
|
28,5
|
3
|
Түркістан
|
-5,8
|
5,3
|
20,6
|
28,3
|
19,7
|
3,1
|
12,0
|
34,1
|
4
|
Қызылқұм
|
-5,8
|
5,3
|
21,3
|
29,5
|
20,3
|
2,6
|
12,2
|
35,3
|
5
|
Шымкент
|
-2,4
|
5,6
|
18,5
|
26,2
|
19,1
|
4,9
|
12,1
|
28,6
|
6
|
Байырқұм
|
-4,1
|
6,0
|
20,8
|
27,7
|
19,0
|
3,3
|
12,2
|
31,8
|
7
|
Шардара
|
-2,1
|
6,4
|
21,1
|
28,9
|
20,5
|
5,1
|
13,4
|
31,0
|
8
|
Мақтаарал
|
-2,6
|
7,4
|
20,8
|
26,5
|
18,5
|
5,1
|
12,8
|
29,1
|
Шу өзенінен оңтүстік қарай Қаратаудың солтүстік-шығыс тау алдына дейін территория Л.Н. Бабушкин Жоңғар-Тянь-Шань провинцияның жазықтық провинция тармағының жеке Мойынқұм округі деп бөледі [22]. Ал, А.А. Пузырева оны Балхаш-Арал облысының Мойынқұм климаттық ауданы деп есептейді [41]. Мойынқұмның климат жағдайы жоғарыда көрсетілген Бетпақдаланың климаты сияқты өте континенттік болып келеді. Бірақ жауын-шашын мөлшері салыстырмалы көбірек болуына байланысты (200 мм аса) бүл аудан флора мен фауна байлау болып табылады.
Қаратау жотасын Л.Н. Бабушкин Тұран провинциясының тау алды-таулы провинция тармағының жеке климаттық округ деп есептейді. Ал, А.А. Пузырева Қаратауды Батыс Тянь-Шань және Шығыс Тянь-Шань климаттар облыстарына бөледі. Жотаның солтүстік-шығыс беткейі Солтүстік-Тянь-Шань климаттық облысының Шығыс-Қаратау климаттық ауданды, ал оңтүстік-батыс беткейі Батыс-Тянь-Шань климаттық облысының Батыс-Қаратау климаттық ауданды қалыптастырады. Қаратау таулы климатпен сипатталады, оның негізгі ерекшелігі жауын-шашын мөлшерінің 400 мм дейін көбеюі. (№ 2 кесте).
№ 2. Жауын-шашынның орташа айлық және
орташа жылдық мөлшері (мм).
(Научно-прикладной справочник по климату СССР. Выпуск 18. 1989, бойынша, 56 б.)
№
|
станция
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
V
|
VI
|
VII
|
VIII
|
IX
|
X
|
XI
|
XII
|
Жыл
|
1
|
Тасты
|
13
|
15
|
21
|
28
|
15
|
11
|
7
|
4
|
2
|
14
|
12
|
19
|
161
|
2
|
Ащисай
|
75
|
68
|
82
|
75
|
46
|
15
|
9
|
5
|
7
|
37
|
52
|
69
|
540
|
3
|
Түркістан
|
28
|
23
|
34
|
28
|
18
|
8
|
3
|
2
|
3
|
10
|
19
|
30
|
206
|
4
|
Қызылқұм
|
20
|
20
|
29
|
25
|
16
|
5
|
3
|
2
|
1
|
10
|
14
|
24
|
170
|
5
|
Шымкент
|
67
|
65
|
92
|
77
|
46
|
18
|
8
|
5
|
6
|
47
|
69
|
73
|
576
|
6
|
Байырқұм
|
32
|
28
|
37
|
38
|
20
|
5
|
4
|
2
|
2
|
13
|
19
|
32
|
232
|
7
|
Шардара
|
31
|
28
|
41
|
37
|
23
|
8
|
3
|
2
|
1
|
14
|
23
|
31
|
242
|
8
|
Мақтаарал
|
40
|
35
|
54
|
47
|
27
|
6
|
3
|
1
|
1
|
24
|
32
|
43
|
311
|
Жауын-шашын режимінің басты ерекшелігі қар жамылғысының салыстырмалы үлкен қалыңдығы 30 см дейін, ал ұзақтылығы 80 күнге дейін. Мұндай су қамтамасыз ету жағдайы суғарылмайтын егістікке жағымды болып табылады, негізінен суыққа бейімделген ауыл шаруашылық дақылдарғы, әсіресе, астық түқымдастықтарға. Жеткілікті ылғалдану әртүрлі шөптесін таулы дала дамуына жағдай түғызады, яғни таулы жайылым ретінде пайдаланылады.
Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінің термикалық режимі ауыл шаруашылыққа өте жағымды, бірақ егіншілік үшін жер бедері пішіні қолайсыз.
Облыстың оңтүстіктегі жазықтары А.А.Пузырева бойынша Қызылқұм-Қаратау маңы климаттық облысында орналасқан. Автор бұл территорияны екі климаттық ауданға бөледі, Сырдарияның сол жағысындағы жазықтықты қамтитын Шығыс-Қызылқұм климат ауданы және Сырдариядан тау алды жазықтарға дейін Сырдария маңы климат ауданы. Оңтүстікте Келес өзенінің төменгі ағысы жеке климат ауданға ажыратылады.
Бұл аймақ белсенді температуралардың жоғары мөлшерімен сипатталады. Мысалы, 4400º (+10º жоғары ауа температуралардың жиынтығы) изосызығы оңтүстік-шығыста Қазығұрт жотасының оңтүстік беткейімен, кейін солтүстік бағытта жалғасады, шамамен Төрткүл жанында батысқа бұрылады. Сондықтан, облыстың оңтүстік-батысы жылу сүйгіш ауыл шаруашылық дақылдар (жұзім, темекі, мақта т.б.) өсіретін зонада орналасқан. Термикалық жағадйы жақсы болғанымен, жауын-шашын мөлшерінің аздығы жер ресурстардың сапасы төмен болуына алып келеді, мысалы, Байырқұмда – 232 мм, Шардара – 242 мм, Мақтаарал – 311 мм. Одан қалса жауын-шашынның максимумы қысқы маусымда болады.
Облыстың тау алды жазықтары Батыс Тянь-Шань климат облысында орналасқан. Бұл аудан агроклимат жағынан өте қолайлы, бірақ жер бедері пішіні егістік дамуына кедергі болып келеді. Жауын-шашын мөлшері 400 мм ден 800 мм дейін. Жазғы маусым қатты ыстық емес (Шымкент - +26,2ºС), ал қысы жылы (Шымкент - -2,4ºС).
Агроландшафттар қалыптасуында агроклиматтық ресурстар өте маңызды роль атқарады. Оның негізгі себебі ауыл шаруашылық ландшафттарды жасау үшін термикалық ресурстарды, ылғалмен қамтамасыздандыруы, олардың режимін есепке алу қажет. Сондықтан, осы мәселелерді қарастыруда агроклиматтық аудандастыруға негізденеміз.
Онтүстік Қазақстан облысының физикалық-географиялық жағдайындағы үлкен айырмашылықтар агроклиматтық жағдайдың біркелкі болмауының себебі болып келеді.
Агроклиматтық аудандастыру негізінде - өсіп-өну (вегетациялық) кезеңдегі ылғалмен және жылумен қамтамасыз ету көрсеткіштері ретінде Селяниновтың гидротермикалық коэффициенті (ГТК) қолданылады [17]. Бұл коэффициент, температурасы + 10ºС жоғары кезеңдегі жауын-шашынның жиынтығы, осы кезендегі 10 (он) есе кішірейтілген температуралар жиынтығына бөлінген көрсеткішке тең.
Ылғалдану жағдайы бойынша облыстың территориясы үш зонаға бөлінген: өте құрғақ (ГТК=0,1 – 0,3), 1000 м биіктік дейін тау алды құрғақ (0,3 - 0,5) және таулы 1000 м жоғары (ГТК >0,5). Өте құрғақ зона жылумен қамтамасыз ету бойынша екі ауданға бөлінеді: өте құрғақ ыстық 10ºС жоғары температуралардың жиынтығы 3300 - 3900ºС және өте құрағақ өте ыстық температуралардың жиынтығы 4000 – 4600ºС тең. Құрғақ тау алды зонада температуралар жиынтығы 3300 – 4400º, ал, таулы зонада 3300º және одан да төмен. Нәтижеде, Оңтүстік Қазақстан облысы территориясында төрт агроклиматтық аудан ажыратылады (17).
Бірінші аудан. Ыстық құрғақ агроклиматтық аудан Бетпақдаланы, Мойынқұмды, Шу өзені аңғарын қамтиды. Агроклиматтық ауданға әкімшілік тарапынан Созақ ауданының жазықтық бөлігі сәйкес келеді. Климаттық ауданның климаты кескін континентті, ыстық құрғақ жаз, суық қар аз жауатын қыспен сипатталады. Аязсыз маусым орта есеппен сәуір айының екінші жартысында орнатылады, 5 – 6 айға созылады. Жауын-шашын мөлшері өте аз. Температуралар 10ºС жоғары кезеңінде жауын-шашын мөлшері 45 – 125 мм аралығында, максимумы наурыз – мамыр маусымға келеді. Қыста болатын қар жамылғысының қалыңдығы 10 – 25 см, 2 – 3 айға созылады. Ылғалдың тапшылығы егін шаруашылығын дамытуға мұмкіндік бермейді, сондықтан, бұл ауданның жер ресурстарын жайылым ретінде пайдалануға болады.
Екінші аудан, өте құрғақ және өте ыстық Сырдария өзені бойын қамтиды, батыста Қызықұм, шығыста Қаратау мен Өгем жотасының тау алды етегіне дейін. Қиыр оңтүстікте бұл ауданға Мырзашөл жатады. Бұл агроклиматтық ауданғы төмендегі әкімшілік аудандар кіреді: Мақтаарал, Шардара, Отырар аудандары, Сайрам және Қазығұрт аудандарының батыс бөліктері, Байдібек ауданының батыс және оңтүстік-батыс бөліктері, Түркістан мен Сарыағаш аудандарының оңтүстік бөліктері.
Бұл ауданда 10ºС жоғары температуралар жиынтығы 4000 – 4600ºС құрайды, ГТК=0,1 – 0,3; Қаратау жотасы, ауданға қарай суық солтүстік ауаны өткізбейді. Көктемгі үсік сәуір айының басында тоқтайды, ал бірінші күзгі үсік қазан айының бірінші жартысында пайда болады. 10ºС жоғары температуралар кезеңіндегі жауын-шашынның мөлшері 40 мм – 150 мм дейін. Әсіресе, батыс бөлігі өте құрғақ (Қызылқұмда орташа жылдық жауын-шашын мөлщері 100 – 170 мм. Қыста қар жамылғысы түрақты болмайды және қалың қабат болып жатпайды. Оңтүстік бөлігінде тұрақты қар жамылғысы қалыптаспайды. Ауыл шаруашылығы басым суғармалы, құмды аудандары жайылым ретінде пайдаланады. Ауданның оңтүстік бөлігінің топырағы мақта, жүзім т.б. жылу сүйгіш дақылдар егуге қолайлы.
Үшінші аудан, қүрғақ тау алды зонасы, Созақ, Түркістан, Байдібек, Түлкібас, Сайрам, Төлебі, Қазығұрт және Сарыағаш әкімшілік аудандарының тау алды бөліктерін қамтиды. +10ºС жоғары температуралар жиынтығы 3300º - 4400º аралығында, ГТК=0,3 – 0,5. Аязсыз кезеңінің үзақтылығы 167 – 204 күнге дейін созылады. Бұл ауданның климатына теңіз деңгейінен биіктігі, жер бедері және беткейдің экспозициясының үлкен ықпалы бар. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 – 600 мм шамасында. Температурасы + 10ºС жоғары болатын кезең бойы жауын-шашынның мөлшері 90 – 250 мм. Түрақты қар жамылғысы желтоқсан айының екінші декадасында орнатылады, 2 – 2,5 айға созылады. Ауданның агрошаруашылық маңызы суғарылмайтын жер ресурстарының көп болуы.
Төртінші аудан, Қаратау және Батыс Тянь-Шаньның жоталарын қамтиды. Бүл ауданға Созақ, Түркістан, Байдібек, Түлкібас, Қазығұрт және Төлеби аудандарының таулы бөліктері жатады. +10ºС жоғары болатын температуралырдың жиынтығы 3300º және одан да төмен, ГТК>0,5. Аязсыз кезеңінің үзақтылығы 161 күн және одан да төмен. Бұл аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген. Температурасы +10ºС жоғары болатын кезеңдегі жауын-шашын мөлшері 115 – 255 мм, ал орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 600 – 800 мм. Тұрақты қар жамылғысы жылда болады, бірақ таулы бедері болуына байланысты қар жамылғысы барлық жерде бір қалыпты болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |