Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы : «Қазақстан республикасының президенті мемлекет басшысы»


ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР



бет3/5
Дата25.02.2016
өлшемі400 Kb.
#22244
түріДиплом
1   2   3   4   5

2.2.ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛГІ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНДАР
Конституцияға сәйкес Президент Әкімшілікті қалыптасты-рады. Әкімшілік Президенттің стратегиялық ұстанымдарын қамтамасыз етуі тиіс. Президенттің әкімшілік құрылымы осы-нысымен ерекшеленеді.

Президент Конституцияға сәйкес Қауіпсіздік Кеңесін (ҚК), Жоғарғы Сот Кеңесін және өзге консультативті-кеңесші органдар құрады. Қауіпсіздік Кеңесі туралы Ереже 1996 жылғы 8 желтоқсан-да Президент Жарлығымен бекітілді. Ол қорғаныс қабілетін және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың, құқықта-ры мен бостандықтарын, тәуелсіздікті және республиканың аумақтық тұтастығын қорғау саласында бірыңғай саясат жүргізу үшін құрылды. Оның міндетіне: мемлекеттік мүдделерді, оның негізгі бағыттарын белгілеу, оны жүзеге асырып, қорғау; ұлттық қауіпсіздікке төнетін ішкі және сыртқы қауіп-қатерді анықтап, оның жолын кесу, Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасын, ұсыныс, нұсқауларын әзірлеу кіреді. Қауіпсіздік Кеңесі пәрменді құрылымдардың, орталық және жергілікті атқару органдарының қызметін үйлестіреді, сондай-ақ заң жобаларын талдайды, өз құзыреті шегінде нормативтік құжаттардың орын-далуын бақылайды. ҚК отырыстары Президенттің төрағалығы-мен өтеді. ҚК құрамына құқық қорғау органдарының, Сыртқы істер министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Төтенше жағдай-лар жөніндегі мемлекеттік комитеттің басшылары кіреді.

Өзге консультативті-кеңесші органдардың ішінде Қазақстан Халықтары Ассамблеясының алатын орны ерекше1.

Ассамблеяның қызметі мынадай міндеттерге: елде ұлтара-лық келісім мен тұрақтылықты сақтауға, барлық ұлттардың өкілдері арасында достық қарым-қатынасты дамытуға әсер ететін мемлекеттік саясатты жүргізу жөнінде ұсыныстар әзір-леуге, олардың рухани-мәдени гүлденуіне және тепе-теңдік принципі негізінде дамуына ықпал етуге; азаматтардың өрке-ниетті және демократиялық нормаларға сүйенген саяси мәде-ниетін қалыптастыруға; коғамда туған әлеуметтік қайшылық,-тарды шешу үшін бәтуалық, жолды іздестіруге бағытталған2.

Конституция Мемлекеттік хатшы лауазымын қарастырған. Президенттің Жарлығымен Мемлекеттік хатшының мәртебесі мен өкілеттігі белгіленді. Мемлекеттік хатшыны Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Ол Прези-дентке есеп береді және оның бақылауында болады. Ол әлеуметтік-экономикалық, аймақтық, және құқыктық саясат-тың негізгі бағыттары бойынша; мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіммен жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде; республиканың ішкі саяси стратегиясы және Президенттің (СІМ-мен бірлесіп) халыкаралық бастамасын жүзеге асыру жөнінде Президентке ұсыныстар әзірлейді. Ол Президенттің әр түрлі тапсырмасын орындайды, кадр саясатын әзірлеуге және басқаларына қатысады.

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Президенті – «Нұр Отан» партиясының төрағасы.
Президент Назарбаев Н.Ә. Конституциялық реформаларға сәйкес «Нұр Отан» партиясының төрағасы болып сайланды. 2008 жылы 17 қаңтарда Республика Президенті– «Нұр Отан» ХДП төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда Елбасымыз, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отанның» дамуындағы жаңа белес басталғандығын жария етті. Бұл отырыс партияның 2007 жылғы 18 тамыздағы Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауынан кейін алғаш өткен ірі саяси оқиға болды. Конституцияға сәйкес Үкімет «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыруға жауап береді. Осыған орай Үкімет партияның 008–2012 жылдарға арналған халықтық тұғырнамасын жүзеге асырудың жоспарын ұсынды. Осы жоспар партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында талқыланып қабылданды.

Қазақстанның Европадағы Қауіпсіздік және ынтымақ– тастық ұйымына төраға баолып сайлануы еліміздің және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық дәрежедегі беделінің жаңа сатыға көтерілгендігінің белгісі болып табылады.

Конституциялық реформаларға сәйкес 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің сайлауында «Нұр Отан» партиясы басым көпшілік дауысты жеңіп алып, Парламент Мәжілісіндегі депутаттық орындарға түгелдей ие болды.

Партия биліктің партиясынан билеуші партияға айналды. Еліміз Президенттік республикадан Президенттік– Парламенттік республикаға бетбұрыс жасады. Бұдан былай «Нұр Отан» партиясы еліміздегі барлық мәселелерге жауапты. Партияның сайлауалды тұғырнамасында еліміздің алдағы бесжылдық дамуының негіздері ұсынылған болатын. Партия сайлауда жеңіске жетіп, Президентпен бірлесе отырып Үкіметті жасақтады. Үкімет бұдан былай Президентпен қатар Парламент Мәжілісінің де алдында жауапты.

Конституциялық реформалар бойынша саяси партия– лардың рөлі ерекше күшейді.

Біріншіден, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестік– терді мемлекеттің қаржыландыруына болмайды деген норма алып тасталынды. Бұдан бұлай Парламент Мәжілісі сайлауында жеңіске жетіп, депутаттық мандатқа ие болған саяси партияның қызметі мемлекеттік қаржыландыруға жатады.

Екіншіден, Президенттің өз өкілеттігін атқару кезінде саяси партияға мүшелігін тоқтата тұрады деген Конституцияның 43–бабының 2–тармағы алынып таста– лынды. Бұдан былай Президеттің саяси партияны тікелей өзі басқаруына құқығы бар.

Үшіншіден, Мәжіліс депутаттарын сайлау тек прапорци– оналдық жүйе бойынша немесе саяси партиялар тізімдерін сайлау арқылы жүреді.

Төртіншіден, Парламент Мәжілісінде көпшілік орын алған саяси партия өз мүшелері қатарынан Премьер–Министр кандидатурасын, Үкімет мүшелерін ұсына алады.

Бесіншіден, Парламенттік көпшілік партияси үкіметтің жұмысы үшін жауапты болады да, ал Үкімет болса сайлауда жеңіп шыққан саяси партияның немесе коалицияның бағдарламасын жүзеге асыратын болады.

Алтыншыдан, саяси партиялардың Мәжілістегі фракциясы құрылып, ол фракциямен Президеттің өзі консуьтациялар жасап отырады. Сондай–ақ мәслихаттарда да саяси партиялардың фракциялары құрылады.

Жетіншіден, саяси және идеологиялық әралуандылық сақтала береді немесе бір саяси партияның биліктегі үстемдігіне жол берілмейді. Парламенттен әртүрлі партия– лардың орын алуына құқықтық жағдай жасалды.

Осының бәрі де саяси партиялардың Конституциялық мәртебесін және рөлін нығайтуға бағытталған. Әлеуметтік практикада саяси партиялардың рөлін көтеруге өркениет– тіктің көрінісі болып табылатындығын ұмытпаған жөн. Біздің еліміз де сол бағытпен дамып келеді.

Еліміздің жетекші саяси партиясы «Нұр Отан» аз жылдардың ішінде үлкен жолдан өтті. 1999 жыл 1 наурызда «Отан» Республикалық саяси партиясыныі І съезі өтті. Съезге төрт жүзден астам делегат қатысты. Съезд делегаттары Елбасы Н.Ә.Назарбаевты бірауыздан «Отан» Республикалық саяси партиясының Төрағасы етіп сайлады. 2006 жыл 22 желтоқсанда астаналық Бейбітшілік және келісім сарайында «Отан» РСП ның кезектен тыс Х схезі өтті. Съезде партияның аты «Нұр Отан» Халықтық–Демократиялық партиясы» деп өзгертілді.

Кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті–партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлеп партия мен ел алдында тұрған келелі жеті міндеттерді айқындап берді.

Жеті бағыттың біріншісі «Нұр Отанның» бес жылға арналған тиімді сайлауалды тұғырнамасын қамтамасыз етуге арналған. Осы міндеттің негізгі өзегі әрбір қазақстандықтың әл–ауқаты мен өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік блоктарды жүзеге асыру болып табылады.

Негізгі әлеуметтік нормативтер–төменгі күнкөріс деңгейін, еңбекақының, зейнетақы төлемдерінің, жәрдем– ақылардың төменгі мөлшерін өсіруді жалғастыруды қажет деген міндет қойылған. Нақты айтқанда партия қазақстан– дықтар мүддесін ең басты қорғаушысы болып, Үкіметтен сайлауалды тұғырнаманың әр бөлімінің орындалуын талап етуге құқылы.

2007 жылы қаңтар, қазан айларында Республика бойынша орташа жалақы 50 820 теңгені құрды. Ең төменгі жалақы 2008 жылы 10 515 теңгеге артты.

2008 жылы базалық зейнетақы 17 870 теңгені құрайды. Мұғалімдер мен дәрігерлердің, бюджет саласының қызмет– керлерінің жалақысын 2012 жылға қарай екі еседен артық көтеру қарастырылған. 2008 жылдан бастап алғаш рет бюджет қызметкерлеріне жылына бір рет бір лауазымдық жалақы қосымша төленеді.

Білім беруге 2008 жылы 170 350 млн. теңге немесе 2007 жылғыдан 7,8 пайыз артық бөлінеді.

2008 жылы медицинаға 146 728 млн. теңге бөлініп, ол 2007 жылғыдан 41,3 пайыз артық болады.

Ғылымға 2008 жылы 19 538 млн. теңге бөлінеді. 2007 жылы ғылымға 17 026 млн. теңге бөлінген. 2012 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 13 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Таяудағы бес жылда елімізде кемінде 9 млн. шаршы метр үй салу көзделеді. 2012 жылға дейін 50 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып кемінде 2,5 млн. адам баспаналы болады.

Екінші басым бағытта Парламент қабырғасында заң шығарушылық қызметті әрі қарай дамыту іс–әрекетіне көңіл бөлінген. Қазіргі кезде біздің дамуымызға серпінді алға басуды қамтамасыз ететін жаңа буынның заңдары қажеттілігі туралы айтылған. Әсіресе бұл экономиканың индустриалық–инновациялық секторы үшін аса маңызды екені көрсетілген. Сонымен қатар заң шығарушылық қызмет әрқашанда халықтың әлеуметтік мүдделерін ескеруге тиіс екендігі мақсат етіп қойылған. Бірқатар заңдарды дайындауға, ал барларына өзгертулер енгізу қажеттілігі көрсетілген. Сондай–ақ 2008 жылы конституциялық реформаның барлық қағидаттарын заңдық деңгейде түбегейлі бекіту қажет делінген. Бұл жұмыстан заңнамасын жетілдіруге, Парламенттегі және мәслихаттағы партиялық фракциясының, Есеп комитетінің өкілеттігін ұлғайтуға, жергілікті өзін өзі басқаруды құруға, саяси партияларды қаржыландыру тетіктеріне, сот–құқықтық жүйені реформа– лауға, сондай–ақ мемлекеттің өмірлік қызметі үшін маңызды басқа да мәселелерге қатысты болмақ.

Елбасының айтуынша, Үкімет тиісті заң жобаларын әзірлеуді тездетуі керек. Партия Үкіметпен үнемі консуль– тациялар өткізіп, заң жобаларын бірлесе зерттеуі керек және қажет болған жағдайда жеткіліксіз әзірленген заң жобаларын олар Парламентке түспей тұрып кері қайтаруы керек делінген.

Ал Парламент Үкімет мүшелерін қатыстыра отырып заң жобаларын сын тұрғысынан қарауды жүзеге асыруға тиіс. Заңдардың сапалы болуы үшін ол сындар өте қатал әрі қатты болуы керек деп көрсетілген.

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен 2008 жылы:



  • «Парламенттік фракциялар туралы» Заң жобасын әзірлеу;

  • «Үш тұғырлы тіл» Бағдарламасының жобасын әзірлеу;

  • «Нұр Отан» ХДП–ның ұлтаралық және конфессия– аралық келісімнің қазақстандық моделін насихат– таудың 2008–2010 жылдарға арналған Бағдарламасын қабылдау;

  • «Қазақстан халықтар Ассамблеясы туралы» Заңын қабылдау;

  • «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының жаңа редакциясын қабылдау;

  • Партияның 2009–2012 жылдарға арналған патриоттық тәрбие беру Бағдарламасын қабылдау;

  • Жастар саясатының 2008–2012 жылдарға арналған Бағдарламасын қабылдау;

  • жол полициясындағы сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу бойынша кешенді шараларды әзірлеуді және тағы басқа заң жобаларын ұсынады.

Партияның жергілікті жердегі жасалатын жұмыстарына Елбасы сөзінің үшінші басым бағыты арналған. Партияның филиалдары жұмысының тиімділігін арттыру қажет.

Конституциялық реформада және Елбасының сөзіңде мәслихаттардың жергілікті өзін–өзі басқарудың және жергілікті проблеманы шешудің ықпалды органы ретіндегі жұмысының белсенділігін арттыру қажеттілігі анықталған. Осыған орай мәслихаттардың рөлін көтеру «Нұр Отан! партиясымен бірлесе отырып жұмыс жасауға да байланысты екендігін көрсете кеткен жөн.

Осы жылдың басында «Нұр Отан» партиясының қатарында 741 мыңнан астам мүше болды. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 70 мыңнан аса, Алматы облысында 72,5 мыңнан аса, Қарағанды облысында 82,5 мыңнан аса, Жамбыл облысында 62 мыңға жуық, Шығыс Қазақстан облысында 58 мыңнан аса, Астана қаласында 24 мыңға жуық партия мүшелері бар. Барлығы 9 600 ден аса бастауыш партия ұйымдары қызмет етеді. Партия мүшелерінің: 28,3 пайызы білім, ғылым, мәдениет саласында; 20 пайызы экономика және қызмет көрсету саласында; 8 пайызы денсаулық сақтау саласында; 6,2 пайызы студенттер болып табылады.

Партия қатарындағылардың: 26,6 пайызы 30 жасқа дейінгілер; 52,4 пайызы 30–50 жастағылар; 21 пайызы 50 жастан асқандар.

Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясының фракциясы құрылған. Мәжіліс фракциясында Әлеуметтік кеңес, Экономиканы әртараптандыру жөніндегі кеңес және Мәслихаттармен және азаматтық қоғам институттарымен байланыс жөнінде кеңес құрылып қызмет етуде.

Төртінші шақырылымдағы ҚР Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП Фракциясы 2007 жығы төрт айлық жұмысы барысында біршама заң шығару жұмыстарын атқарып, 21 заң жобасын қарастырды.

Парламент «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасын Заңын қабылдап, Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға жіберді. Заң жобасын қарастыру барысында фракцияның күш–жігерімен әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз етуге бюджеттен 546,1 млрд. теңге сомасында қаржы бөлу бекітілді. Бұл 2007 жылғы қаржыдан 17,5 пайызға (81,4 млрд. теңгеге) артық.

Фракцияның ұсынысымен 2008 жылғы республикалық бюджетке келесі бағыттар бойынша қосымша қаржы бөлінді: республика аймақтарын ауыз суымен қамтамасыз етуге–5 млрд. теңге; денсаулық сақтауға–6 млрд. теңге; білім беруге, соның ішінде мектепке дейінгі балаларға білім беруге–5 млрд. теңге; күн көрістің ең төменгі мөлшерін жоғарлатуға–8,7 млрд. теңге бөлінді.

Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 22–2 бабына сәйкес мәсли– хаттардағы депутаттық фракциялар құрылады. Фракция саяси партияның мәслихаттағы депутаттарының ұйымдасқан тобы болып табылады. Фракцияға ең кемі мәслихаттың бес депутаты кіруі тиіс. Депутаттық фракцияны тіркеу мәслихат сессиясында жүреді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Регла– ментінің 18–бөлімі депутаттық фракцияның қызметін реттейді.

«Нұр Отан» ХДП Жарғысының 7.3.–7.7. тармақтары Парламент Мәжілісіндегі және жергілікті өкілді орган– дардағы партия фракцияларының құрылуы мен олардың партияның басшы органдары арасындағы қарым–қатынас– ының механизмін жан–жақты ашып берген.

Еліміздің Конституциясына, «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңға, партияның жарғысына, облыстық мәслихаттың регламентіне сәйкес партияның облыстық мәслихаттағы фракциясы құрылды. Осындай фракциялар қалалық және аудандық мәслихаттарда да құрылып қызмет етуде.

Облыстағы барлық қалалық және аудандық мәслихат– тарда «Нұр Отан» партиясының фракциялары құрылып, олардың басшылары сайланып, жауапты хатшылары тағайындалған.

Партияның фракциялары қоғамдық–саяси өмірдегі жаңа институт болғандықтан әлі де тәжрібе жинақтау үстінде. Дегенмен өз міндеттерін орындау мақсатында үлкен жұмыстар атқаруда.

Облысымыздағы «Нұр Отан» партиясы қатарында Президентіміздің салиқалы саясатын орындауға атсалысып жатқан 70 мың мүшесі бар. Біздің облыстық мәслихаттың 50 депутатының 45 немесе 90 пайыздан астамы партия мүшелері. Қалаларда және аудандарда депутаттардың негізгі басым бөлігі нұротандықтар. Облыстағы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының абсалютті басым бөлігін негізі «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Мұның өзі партияның саясатын мәслихаттар арқылы жүзеге асыруға толық жағдай жасайды.

Көп мәселелер мәслихаттардағы партияның фракция– ларының қызметіне де байланысты. Қазірдің өзінде облыстық мәслихаттағы партия фракциясы, қалалар мен аудандардағы фракциялары өзін оңды жағынан танытып отыр. Мысалы, өткен жылдың соңында облыстық мәслихаттағы партия фракциясы өз отырысында «Тұрғын үй» мен «Таза су» бағдарламасы бойынша халық қалауларының алдында арнайы департаменттердің басшылары есеп бергеніне облыс– ымыздың ғана емес республикалық та бұқаралық ақпарат құралдары ерекше көңіл бөліп, мақалаларын жариялаған болатын.

«Нұр Отан» Халықтық–Демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатындағы депутатық фракциясы туралы типтік Ережесі», «Нұр Отан» Халықтық–Демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатындағы фракциясының жұмыс регламенті Оңтүстік Қазақстанның облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» Халықтық–Демократиялық партиясы депутаттық фракция– сының және партияның облыстық филиалының біріккен жоспары қабылданып, жұмыс істеу үстінде.

Елбасы партияның өңірлік филиалдары жергілікті жерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты үйымдастырылған күресті өрістетуі керек екендігін жария етті. Осы бағытқа байланысты партия лас қолды шенеу– ніктерді қызметтен алуды және жазалауды жария түрде жүзеге асыруы керек. Партия осы күрестің алдынғы шебінде болуы тиіс.

Мемлекет басшысы былай деп көрсеткен: «Түрлі дәрежедегі кейбір мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік қызметті өз бизнесімен қоса атқара жүріп және соңғысына жан-жақты көмек көрсете отырып, жағдайын жап–жақсы жасап алған. Жекелеген шенеуніктер қарапайым адамдардың мұң–мұқтаждарына құрметпен қарамайды, қызмет бабын теріс пайдаланады. Олардың арасында «Нұр Отан» партиясының мүшелері де кездеседі. Жұртшылық оны біледі. Мұндай шенеуніктерді қатаң жазалау қажет».

Елбасы мақсаты партияның «Сыбайлас жемқорлыққа он мәрте күйрете соққы» атты арнайы бағдарламасын қабылдау туралы тапсырма берді. Осы бағдарламада осынау әлеуметтік кеселге қарсы күрестің нақты және кешенді шаралары көрініс табады.

Партия мәслихаттардағы депутаттар арқылы жергілікті бюджеттердің жұмсалуын бақылауға алуға тиістілігіне шақырды. Бүгінде жергілікті жерлерде қаражат бар екенін барлықтарымызға мәлім, олар адамдардың ең ділгер әлеуметтік мұқтаждарына бағытталуына тиісті. Бірақ іс жүзінде жағдайдың оңды болмауына кейбір оқиғалар керісінше септігін тигізуде.

Партия төрағасының тапсырмаларын орындай отырып Республикалық, облыстық, қалалық және аудандық партия филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығы болатын қоғамдық кеңестер құрылды. Бұл кеңестерде азаматтардың сыбайлас жемқорлық, парақорлық жөніндегі арыз–шағымдар қаралып тиісті шешімдер қабылданады.

Төртінші бағыт елді жеделдете дамыту мақсатында қоғамды жұмылдыру міндетіне арналған. Бұл жерде Президент «партия қазақстандық қоғамды жұмылдыру рөлін өзіне алуға тиіс» деп анық және нақты тапсырма берді. Бірақ Елбасы өз сөзінде «Қазір бұл жұмысты тек Президент қана жүргізуде» деп атап көрсетті. Елбасының бұл сөзі бізге үлкен міндеттер жүктейді. Сонымен бірге онда осы мақсаттар үшін тұрақты іс–қимылдар жасайтын жұмыс органы жоқ. Ол партия болуға тиіс деп атап кетті.

Бұл сала бойынша не істелуі керек екені партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынд көрсетілгн, яғни–басқа партиялармен, оның ішінде оппозиция өкілдерімен де, қоғамдық бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен де кең ауқымды жұмыс істеу талап етіледі.

«Нұр Отан» партиясының активінде қазірдің өзінде осы бағытта, яғни саяси әріптестіктің жалпыұлттық инфра– құрылымын құру бағытында белгілі бір табыстар бар екенін байқамау мүмкін емес. Мәселен, Парламент мәжілісіндегі партия фракциясының жанынан Мәслихаттармен және азаматтық қоғам институттарымен байланыс жөніндегі кеңес құрылды. Сонымен бірге, партия өзінің жұмысын өткен жылдың қараша айында бастаған Парламент Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палата құруға бастамашы болғаны белгілі. Мүшелері республикамызға белгілі және көпшілік құрметіне бөленіп жүрген қоғам және саяси қайраткерлер болып табылатын Қоғамдық палата заң жобаларына қоғамдық сараптама жүргізетін тиімді тетік болып қана қоймай, сондай–ақ, даму бағыттарында еліміз және қоғам үшін көптеген маңызды мәселелерде топтастырушы көзқарас танытатын алаң бола алады ғой деген сенім бар. Осыған орай біздің облыстық мәслихаттағы партия фракциясы жанынан Мәслихаттармен және азаматтық қоғам институттарымен байланыс жөнінде кеңес туралы Ереженің жобасы дайын– далып, жақында қабылданбақ.

«Нұр Отан» мақсаткер жастарды партия жұмысына қатысуға қазіргіден де белсендірек тартуы тиіс екендігіне Елбасы сөзінің бесінші басым міндеті арналған.

Қазіргі танда Елімізде жастар саясатының негіздері қаланған. Мемлекеттік жастар саясаты туралы заң және Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы жасалып әрекет үстінде.

Облыстық партияның «Жас Отан» жастар қанатында қазіргі кезде 20 мыңнан астам мүшелері бар. Тек қана М.Әуезов атындағы ОҚМУ–да 8 мыңнан астам жас– отаншылар білім алуда. Партияның орталық аппаратына былтырғы жылы біздің облыстан 150 «Жас Отан» мүшелерін партиялық резервке тіркеу үшін ұсынылды. Өткен жылдың соңында «Жас Отан» жастар қанатының облыстық бірінші форумы өтті.

Тұтастай алғанда, партия жастарды өз қатарына тартуға, жастар проблемаларын, оның ішінде ауыл жастарының проблемаларын шешуге, патриоттық жұмыстарды нығайтуға бағытталған өзінің жастар қанатының іс–қимыл стратегиясын жасауда.

Партиялық қызмет жастар мен азаматтар үшін саяси мектеп және болашаққа баспалдақ болуы тиіс деп ойлаймын.

Партиялық қызметке дайындықтары жоғары партия мүшелерін жылжыту маңызды деген партия төрағаның ұсынысы өте орынды.

Елбасы сөзінің алтыншы басымдығы–партияның ұйымдастырушылық, кадрлық, идеологиялық тұрғыдан күшейіп, саяси менеджменттің заманалық үлгісін енгізу қажеттілігіне арналған.

Елбасының бұл тапсырмасының рөлі ерекше. Егер осы бағыттағы Президентің тапсырмалары жүзеге асса, онда партия еліміздің нағыз жетекші саяси күшіне айналады.

Президент сөзінде «Нұр Отанның» стратегиялық шешімдер жасаудың орталығына айналуы керек екендігі» нақтылап көрсетілді. Бұдан партияның сараптама және зерттеу жұмыстарын күшейтуді жалғастыру қажет деген міндеттер туындайды.

Кадр саясатында «тікелей ұтқыр» қағидатын жүргізу туралы айта келіп, Елбасы кемінде 2–3 жыл жұмыс істеген партия қызметкерлерін орталық аппаратқа жоғарылату және партияның резервінде тіркелген азаматтарды мемлекеттік қызметтерге жолдама беру туралы айтты.

Осы орайда Елбасы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан жастарға ерекше назар аударады.

Облыста қырыққа жуық қоғамдық жастар ұйымдары бар. Солардың ішінде «Қазақстан студенттер Альянсы», «Студенттік құрылыс жасақтары», «Жасыл Ел жасақтары», «Студенттік өзін–өзі басқару» жүйесі, «Студенттік кіші Ассамблеясы» сияқты ұйымдар өздерін танытып келеді.

«Қазақстан студенттері Альянсы» облыстық ұйымы 2005 жылдың сәуірінен бастап құрылды және өз құрамында 3200–ден астам студентті қамтиды. Жақында ғана Шымкентте Қазақстан Студенттер Альянсының кезекті Республикалық форумы болып өтті. Қазақстан Студенттер Альянсының жастар қозғалысы студент құқығын қорғау мақсатында «Қалың қалай студент?», «Жемқорлықты таптаймыз», «Бұл біздің туымыз», «Бұл біздің Әнұран», «Нашақорлыққа жоқ дейік» сияқты көптеген іс–шаралар өткізді.

Құрамында 500 студенті бар 30 студенттік құрылыс жасақтары «Нұрсәт» шағын ауданында құрылыс жұмыстарын жалғастырып, атқарылған жұмыстардың көлеміне қарай студенттердің орташа 25–30 мың теңгеден жалақы алды. Ал «Жасыл Ел» жасақтарына келетін болсақ, көктемнен бастап сенбіліктерге қатысып, Бадам өзені бойын тазалады. «Менің қалам–таза қала» атты оннан аса қалалық акциялар өткізді. Ескерткіштерді қорғау күніне орай экологиялық акцияға қатысып, тарихи және мәдени ескерткіштерді тазалады және Абай атындағы саябақты ретке келтірді.

Алтыншы басымдық–партияны ұйымдастырушылық, кадрлық, идеологиялық тұрғыдан күшейтіп, саяси менедж– менттің заманалық үлгісін енгізу қажеттігіне арналған.

Облыстық партия ұйымы бүгінгі күні аймағымыздағы ұйымдастыру–партиялық және идеологиялық жұмыстардың қуатты құралына айналып отыр. Соңғы 3 жылда өткен сайлаулардың талдау нәтижелелері партияның күрделі міндеттердің үдесінен шыға алатындығын көрсетті. Еліміздің болашағы партияны материалдық, кадрлік және идеоло– гиялық тұрғыдан одан әрі нығайтуды талап етеді. Партия стратегиялық шешімдер қабылдаудың орталығына айналуда. Партияның сараптама және зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Елбасы өз сөзінде партия қызметкерлерінің мансаптық тұрғыдан көтерілуіне және олардың біліктілігін жоғары– латуға, әсіресе, жергілікті жерлердегі партия кадрлерін жоғарлатудың механизмін жасақтауы керек екенін атап өтті. Сондай–ақ партияның бағдарламасы мен бағыттарын көпшілікке терең түсіндіріп бере алатын танымал саясат– керлердің тобын қалыптастыру керектігін көрсетті. Осыған орай Елбасы кадрларды қалыптастыруда «Тікелей ұтқұр» саясат жүргізу керек екендігіне назар аударды. Президент партияның жергілікті филиалдарында 2–3 жыл жақсы істеген қызметкерлерді орталық аппаратқа, одан әрі конкурстық рәсімдерді сақтай отырып, мемлекеттік органдарға жұмыс істеуге жылжытудың тетіктерін жасауы тапсырды. Мұндай жұмыстар «Партияның кадрлік резерві» бағдарламасы бойынша қолға алынды.

Партия жанынан құрылған Парламентаризм инсти– тутына партиялық оқуды ұйымдастыру, партия активінің біліктілігін көтеруді жолға қою жөнінде тапсырмалар берілді.

Партия қатарында болу қоғамда мақтаныш пен құрметтің негізіне айналуы керек. Осыған сәйкес партия мүшелерінің жауапкершілігін жоғарылату қажет. Партия қатарына өту, партияның мақсаттарын бөлісетіндікті, оларды жүзеге асыруға белсенді қатысуды «Нұр Отанның» беделін көтеруге ұмтылысты сөзбен емес, іспен дәлелдуді талап етеді. Осы арқылы әрбір партия мүшесі мемлекетіміздің нығаюы мен халықтың игілігінің өсуіне өз үлесін қосады.

2008 жылы 1 ақпанда өткен партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде облыстық партия ұйымы төрағасы, облыс әкімі Н.С.Әшімов мынандай ұсыныстар айтты.


  1. Болжау қызметін атқаратын ақпараттық–талдау орта– лығын құру. Мұндай орталық жедел және шынайы ақпарат алу үшін қажет. Бұл орталық біріншіден, жедел және шынайы ақпарат алу арқылы дұрыс қорытынды жасауға негіз береді. Екіншіден, экономикалық және қоғамдық–саяси саладағы келеңсіздіктерді дер кезінде көруге мүмкіндік береді.

  2. Облыстық партия ұйымдарында партия кадрларын оқыту, қайта даярлау, барлық денгейдегі мәслихат депутаттарын оқыту, жас партия мүшелерінің саяси білімін көтеру мен тәрбиелеу мақсатында білім беру Орталығын құру. Н.С.Әшімовтың пікірінше бұндай орталық, «Партияның кадрлық резерві» атты Президенттік бағдарламаны жүзеге асырудың кепілі болып, идеологиялық, әдістемелік сипаттағы саяси әдебиеттер шығаруға қол жеткізеді.

  3. Облысымызда білім беріп жатқан беделді бірқатар жоғарғы оқу–орындарымен ғалым–қоғамтанушылардың, саясаттанушылардың студенттер мен халықаралық саясат мамандарының мол қорының болуы, олармен өзара іс–қимыл жүйесін құру идеясына жетелейді.

Мұндай жағдай партия құрылысының өзекті проблема– лары туралы лекция оқу, студенттерді тәжирбиеден өткізу, ғылыми шағын еңбектер мен монографиялар жазу, диссер– тациялар қоғау тәрізді міндеттерді атқарып, облыстық партия ұйымының жұмысын ғылыми негізде дамытуға негіздер қалар еді.

Жетінші бағыты бойынша Қазақстанда ұлтаралық келісімді жетілдіруге президентіміз ерекше назар аударды. Біздің республикада 130, облысымызда 100–ден аса ұлттар мен ұлыс өкілдері тұрады.

Ұлттық ерекшелігіне қарамастан, әр азаматқа теңдей мүмкіндікті кепілдендіретін құқықтық база құрылды. Соны– мен қатар, еліміздің этномәдени көпқырлылығын сақтау мен дамытудың қажетті алғышарттары қамтамасыз етілді. Тәуелсіз даму кезеңдерінде ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың өз елімізге ғана тән үлгісі қалыптасты. Біздің үлгіміздің құрылымы қарапайым. Оның маңызды элементі этностық радикализмнің, ұлттық белгісі бойынша қысым көрсетудің, діни төзімсіздік пен экстремизмнің кез келген көрінісін қағидатты тұрғыдан қабылдамау және қатаң түрде жолын кесу болды.

Парламенттік көпшіліктің жалпыұлттық партиясы бола отырып, «Нұр Отан» партиясы ұлтаралық қатынастың барлық мәселелері бойынша өзінің нақты ұстанымында иелік етіп, ұлтаралық келісім мен діни толеранттылық ісіне өз үлесін белсенді түрде қосып келеді.

Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ерекше рөлі туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл шын мәнінде он жылдан астам уақыттан бері өзінің басты міндеті–ұлтаралық қатынастарды үйлестіру үшін барлық этностық топтардың мүддесін сәйкестендіретін қызметті табысты жүзеге асырып келе жатқан ғажайып құрылым болып отыр.

Конституциялық реформаларға сәйкес Ассамблеяның мәртебесі айтарлықтай жоғарылады.



Біріншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің Конституциялық мәртебесіне ие болды. Еліміздегі 130–ұлт пен ұлыстардың өкілдерінің ынтымағы мен бірлігеін, достығы мен туыстығын арттыру жолындағы ҚХА–ның алдына жаңа міндеттер қойылды.

Екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы Парламент Мәжілісінің 9 депутатын сайлады. Олар елімізде ұлтаралық келісім мен татулықты сақтау мен дамытудың негізгі кепілдігінің бірі болуы тиіс.

Үшіншіден, КХА өкілдері Мәжіліспен қатар Сенатта да бола алады. Елбасы бұл мәселені өзі тағайындайтын 15 депутат арқылы шеше алады.

Ұлт мәселесінен бүкіл қоғам тысқары қалмауы тиіс екендігі кім–кімге де түсінікті болса керек. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарының өзі ұлтаралық қатынас тақырыбын жариялау немесе көрсету ісіне барынша жауап– кершілікпен қарауы қажет. Өйткені, бүгінде БАҚ–қоғамдық пікір қалыптастырудың қуатты факторы. Демек, өзінің ықпалы арқылы олар қоғамды ұлттық белгісі бойынша аса бір жеңілдікпен алауыз етуге немесе топтастыруға қабілетті. Мысал үшін айтсақ, жақында орын алған жан–жалдар іс жүзінде таза тұрмыстық сипатта болатын. Міне, сондықтан олар көп уақыт өтпей өз шешімдерін тапты. Маловодный– дағы, Маятастағы жанжалдар ұлтаралық сипат алмай, өршіп кетпей тұрғанда тоқтатылды.

Елбасы өз сөзінде ««Нұр Отан» діни радикализм, саяи экстремизм секілді іріткі салғыш құбылыстарға қатысты әркез қағидатты ұстаным көрсетіп отыруы тиіс. Бұл кереғар құбылыстардың жолын кесуге бағытталған заңнамаларды жетілдіру бойынша шаралар ұсынып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуі керек» деп атап өтті.

Еліміз үшін аса қауіпті мәселе діни экстремизмнің белең алуы және осы жолда көптеген азаматтарымыздың, әсіресе, жастардың түрмелерге түсіп, жазаға ұшырауы. Діни экстремизм өмір сүріп отырған Конститутциялық және қоғамдық құрылысты күшпен өзгертуге, діндер мен ұлттар арасындағы ашық қақтығыстарды ұйымдастыруды міндет етіп қойған ағым. Елімізде осындай бағыттағы 12 шетелдік діни және саяси ұйымдардың қызметі сот бойынша тиым салынған. Солардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі «Хизбут–Тахрир» ұйымы. Бұл ұйымның қызметі Республиканың біршама облыстарында кездесіп отыр.

Діни экстремистік ұйымдар әсіресе, жастар арасында қатты жұмыс істеуде. Олардың ықпалына түскен жастардың бір тобы сотталып та кетті. Олар түрмелерде отырып та өз насихаттарын жүргізіп, қылмыскерлердің өзін аз уақытта өз қатарына тартып алып жатқаны туралы хабарлар да бар. Мұның бәрі «Хизбут–Тахрир» ұйымының мүшелерінің терең дайындықтан өткендігін, өз ісіне сенімділігінің батыл– дығынын арқасында екендігін мойындамауға болмайды. Осының бәрі де жастардың нағыз адасуы. Бұл ұйымның қауіптілігі де осында.

Еліміздегі діни экстремизмді болдырмау және оның алдын алу үшін шешуші қадамдар жасау керек. Олардың ішінде ең алдымен мынадай жұмыстарды атқарған жөн:

- тез арада дін жөніндегі жаңа заңды қабылдау, сол заң арқылы бүкіл діни бірлестіктерді қайта тіркеу;

- тіркеуге дейін діни бірлестіктің қандай дінге, конфе– ссияға жататындығын сараптау;

- діни бірлестіктерді олардың жоғары тұрған ең кемі Республикалық және шетелдік орталықтарының келісім– імен тіркеу;

- діни бірлестіктердің қызметінің ішкі мазмұнын анықтай– тын зерттеулер мен мониторингтарды үнемі жүргізіп отыру және осындай қызметтерді атқара алатын сарап– шылардың үлкен тобын дайындау, оларға жоғары дәрежеде еңбек ақы төлеу. Себебі осы сараптамалардың еліміздің қауіпсіздігі үшін ролі зор екендігін түсіну қажет;

- оқу орындарында имандылық сабақтарын өткізу, діндердің тарихын оқыту, соның ішінде экстремистік бағыттағы діни ағымдардың қызметінің қауіптілігін көрсететін сабақтарды ендіру.

Діни экстремизмнің алдын алатындай мүмкіндіктерді жасау мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып қалуы тиіс.

Қорыта айтқанда партия төрағасы, Елбасының сөзінде келтірілген жеті басым бағыттар халық пен партия мүшелерінің алдына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Осы міндеттердің үдесінен шығуға барлық мүмкіндіктер бар. Елбасы тапсырмаларының ойдағыдай жүзеге асатындығына сенім мол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет