II тарау. «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капиталының есебі
2.1 «Байсерке Агро» ЖШС-нің есептік саясатына сипаттама
«Байсерке» агрокешені оңтүстік астанадан 15шақырым жердегі Алматы облысының, Іле ауданында, Байсерке ауылы, Д.Қонаев көшесі №1-де орналас- қан, 19,1га жері бар. «Байсерке АГРО» 2001жылы 7желтоқсан күні құрылып, ұнтарту, жарма және макарон өнімдерінің ассортиментін кеңінен өндіретін ірі тауар өндіруші ретінде Қазақстан және ТМД елдерінде кеңінен танылды. «Байсерке АГРО» ЖШС негізгі қызметі ауылшаруашылығы шикізаттарын қабылдау, тазалау, кептіру, қайта өндіру, сақтау және қайта қорытып олардан халық тұтынатын тағам түрлерін (ұн, жарма, макарон тағамдары) және үй жануарларына арналған жем дайындайды. Сонымен қатар қойма үй-жайларын жалға береді.
Агрокешеннің Қазақстан, ТМД және алыс шетелдерге азық-түлік жіберу үшін қолайлы автокөлік кіретін және теміржолдары бар. Осы қазіргі уақытта кәсіпорында мына төмендегідей цехтар мен өндірістер жұмыс істейді:
-тәулігіне 120т өнім өндіретін диірмен;
-тәулігіне 5т макарон шығаратын цех;
-тәулігіне қуаты 100т күрделі құрама жем зауыты;
-механикаландырылған мұнара;
-өнімділігі тәулігіне 80т жарма цехы;
-қуаттылығы жылына 70000т жүгері сорттау зауыты;
-жүгері сабағын кептіруге арналған СКП-24;
-австриялық «PITKUS» кептіргіші;
-«Целинная 30» кептіргіші;
-жанар-жағар май қоймасы (ГСМ).
Ұн тарту өндірісі. «Байсерке АГРО» ЖШС Солтүстік Қазақстаннан жеткізілген азық-түлік бидайынан алынатын үш түрлі сорттан жоғары дәрежеде тартылған бидай ұнын шығарады. Диірменнің ай сайын шығаратын өнімі 3500т құрайды. Сорттарды тарту кезінде шығарылатын сорттар саны қатаң шектетіледі. Әр бір сортқа мемлекеттік стандарттарды және уақытша техникалық жағдайларда реттейтін көптеген көрсеткіштер орнатылған. Бұл шикізаттарды аймақтық пайдалануға және өнімдердің сапасын тиісінше дәрежеде ұстауға мүмкіндіктер береді.
Ұн тарту кешенінде өндірілген ұндар, оның сапасын үнемі және жоғары сапада ұстап тұру үшін күнделікті бақылауды қажет етеді. Диірмендегі барлық технологиялық процесті бақылау және өнім сапасын технологиялық бақылау туралы Ережеге сәйкес және зертхана жұмыстары жөніндегі нұсқаулықты «Диірмендерде технологиялық процестер енгізу және ұйымдастыру» Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
«Байсерке АГРО» ЖШС-де астықтың сапасына және оның өнімдерінен жасалған азық-түліктерді тексеруді жүзеге асыратын өндірістік-техникалық зертхана бар. Зертхана 2003 жылы «НАЦЭКС» ААҚ Алматы филиалында аттестацияланудан өтті. Зертханада оның қызмет істеуіне қажетті барлық жағдайлар бар.
Макарон шығару өндірісі. «Байсерке АГРО» ЖШС Италияндық «La Parnigiana» жабдығында ұнның жоғарғы сорттарынан макарон тағамдарын дайындайды. Айлық өнімділігі-150 тонна. Макарон бұйымдарын дайындау кезінде пайдаланылатын шикізаттар нормативтік-техникалық құжаттарға, медикобиологиялық талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкес.
«Байсерке АГРО» ЖШС макарон бұйымдары В тобының, 1-класына жатқызылады. Өнімдер Мемлекеттік стандарттың 875-92 талаптарына сәйкес санитарлық нормалармен рецептураларды және технологиялық нұсқаулықтар- ды сақтай отырып белгіленген тәртіппен дайындалады. Органолептикалық көрсеткіштер бойынша макарон бұйымдары «В» тобының талаптарына сәйкес келеді: біртүсті, ұнның сортына сәйкес, сырты жылтыр, формасы атауына сәй- кес келеді. Фабрика әртүрлі үлгідегі 10 түрлі макарондар шығарады.
Аралас жем өндірісі. «Байсерке АГРО» ЖШС аралас жем зауыты қүрамында құнарлылығы тиімді, күрделі, біртекті құрамынан тұратын тазаланған және үгітілген әртүрлі жем өнімдерін шығарады. Аралас жем цехында аралас жемге белокпен витаминдер қосылмайды, сол себепті өнімнің өзіндік құны азаяды. Аралас жемнің талап етуіне қарай шашатын түрі шығарылады. Ай сайынғы өнімділігі 3000т құрайды.
Жарма өндірісі. Қазақстанда жарманы шығаратын 2-кәсіпорын бар және оның біреуі «Байсерке АГРО» ЖШС. Аралас жарманы гүлдің қабығын, ішінара жемістің және ұрықтың қабықтарын тазалау арқылы арпа жармасын тегістеп және жылтырату арқылы алынады. «Байсерке АГРО» ЖШС жарма зауыты жарманың 2түрін шығарады.
Қойма үй-жайлары. «Байсерке АГРО» ЖШС бір-бірімен жалғасқан 65000т механикаландырылған қоймалық үй-жайлары бар. Өндіріс және азық-түлік өнімдерін қабылдау, сақтау, жүктердің барлық түрлерін жіберу және жеткізумен қатар барлық жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар қызмет көрсетеді.
«Байсерке АГРО» ЖШС-ның негізгі тұтынатын шикізаттары – арпа мен бидай. Бидайды көбінесе Солтүстік Қазақстаннан тұтынады, соның бірі – Ақмола облысы, Ақкөл бекеті; Көкшетау қаласы. Ал арпаны Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Алтын емел ауылынан және де жеке шаруашылық қожалықтарынан тұтынады. Сөйтіп, арпа және бидайдан - ұн, кеспе, жарма, кебек, аралас жем өнімдерін өндіреді.
«Байсерке АГРО» ЖШС-ның ірі тұтынушылары: ЖШС «Қараой», ЖШС БК «Монтажник», ЖШС «Асар сүт», ЖШС «Астық», ЖШС ХБК «Ақсай», СПК «Балхашский», ЖШС «Катюша» және Алматы облысы тұрғындары, тек қана Алматы облысы ғана емес сонымен қатар ТМД елдерінен де тұтынушылар бар, атап айтқанда: Өзбекстаннан ОРТЧП «ГУЗАЛ ДИЕР ЯНГИ АРЫК», КОМП «UNISEL TRADING S.A». Ауғаныстаннан «Rajabi Trading Limited», «RAHMANIAN LTD» фирмалары. Тәжікстаннан ЖШС «Пиров» ХН, ЖШС «Баракат».
2.2 «Байсерке Агро» ЖШС-нің меншікті капитал есебін ұйымдастыру
Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құралу көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар (келіп түсулер), жалгерлік міндеттемелер, баланс пассивінің бірінші бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер резервтері, 1997 жылы құрылған баланс пассивінің екінші бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары. БЕС-2 сәйкес 1998 жылдың балансында меншікті капиталға жарғылық капитал, қосымша төленбеген капитал, резервті капитал және бөлінбеген капитал (жабылмаған зиян) кіреді.
«Байсерке АГРО» ЖШС өз шаруашылық қызметін 2001 жылы бастады. Ол кезде жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру үшін 100 айлық есептік көр- сеткіш мөлшерінде меншікті капиталы болуы міндет болатын. Бұл мекемені бір құрылтайшы арқылы 226 500 000 теңгеге сатып алып, 775 айлық есептік көрсеткішпен өз шаруашылық қызметін бастаған.
Кесте 3. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы жарғылық капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар.
№
|
Операциялар мазмұны
|
Дебиттелетін шот
|
Кредиттелетін шот
|
1
|
Үлес қосушылар мен салымшылардың акционерлік қоғамның жарғылық қорына
қосқан үлесінің сомасы
|
5110
|
5020,5010
|
2
|
Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының қосқан пайлар және басқадай үлестер есебінен құрылуы (қалыптасуы)
|
2710-2730
2410
1310
1320,1330,1350
1060
1030,1010
|
5030
|
3
|
Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының акционерлердің шығып кетуі себебінен азаюы
|
5030
|
2710-2730
2410
1310 1320,1330,1350
1060
1030,1010
|
4
|
Кәсіпорынның өзінің акцияларының айналымнан шығарылғандарының құнына
|
5020,5010
|
Қайтарып
алынған
капитал
|
5
|
Серіктестіктердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды
|
5030
|
1030,1010
|
6
|
Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және басқа да салымшылардың акционерлік қоғам жарғылық қорына қосуға тиісті қарыздары
|
5110
|
5020,5010
|
7
|
Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың оң курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты өсуі
|
5110
|
6250
|
8
|
Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың теріс курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты кемуі
|
7430
|
5110
|
9
|
Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың ақшалай түрде қосқан үлес сомаларының келіп түсуі
|
1030,1010
|
5110
|
10
|
Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың акционерлік қоғамға материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар түрінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы
|
2710-2730
2410
1310
1320,1330,1350
|
5110
|
11
|
Акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған өзінің акцияларының құнына
|
Қайтарып алынған капитал
|
1030,1010
|
12
|
Сатылып алынған акциялардың сатып алу және атаулы құнының арасындағы айырмашылығының сатып алынған уақытында көрсетілуі:
-егер акциялар өзінің атаулы құнынан
төмен бағаға сатылып алынса;
-егер акциялар өзінің атаулы құнынан
жоғары бағаға сатылып алынса;
|
Қайтарып алынған капитал
5510
|
5510
Қайтарып алынған капитал
|
13
|
Өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылған акциялардың айырма сомасы
|
1280,1030,1010
|
Қайтарып алынған капитал
|
14
|
Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуі
|
2410
|
5420
|
15
|
Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты оларға бұрын есептеліп жинақталған тозу құнының өсуі
|
5410
|
2420
|
16
|
Негізгі құралдарды пайдалануына қарай қайта бағалау сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны
|
5410
|
5510
|
17
|
Инвесторлардың,серіктестіктердің активтерін қайта бағалаудың салдарынан еншілес немесе тәуелді серіктестіктердің таза активтеріндегі үлесінің өзгеруіне байланысты бастапқы инвестиция құнының азаюына
|
5440
|
2210
|
18
|
Қайта бағалаудың нәтижесінде алын- ған ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының бастапқы құны сомасының өсуі
|
1110-1150
|
5440
|
19
|
Бұрын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бастапқы құнының өскен сомасына бағасының кемуі
|
5440
|
1150
|
20
|
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды есептен шығарған уақыттағы, олардың бұрын қайта бағалаған сомасы
|
5440
|
6210
|
«Байсерке Агро» ЖШС-ның резервтік капиталы баланста көрсетілмеген, өйткені мекеме шаруашылық қызметін бастар алдында көп мөлшерде қарыз- данып, қазірге дейін сол қарыздарын төлеп келеді.
Кесте 4. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы резервтік капитал шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№
|
Операциялар
Мазмұны
|
Дебеттелетін шот
|
Кредитте-летін шот
|
1
|
Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капитал сомасының қалыптасуы
|
5510
|
5410
|
2
|
Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капитал сомасының қалыптасуы
|
5510
|
5410
|
3
|
Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты артықшылығы бар акциялар бойынша дивидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы
|
5410
|
3390
|
4
|
Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы (өткен) жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы
|
5410
|
5510,5520
|
5
|
Ағымдағы жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы
|
5410
|
5510
|
6
|
Өткен (алдыңғы) жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы
|
5410
|
5520
|
7
|
Акционерлердің қабылдаған қаулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субъектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома
|
5410
|
5020,5010
5030
|
«Байсерке Агро» ЖШС-ның бөлінбеген пайдасы 2006жылы – 4 580 000 тг, 2007жылы – 6 113 000тг. 2006 жылы меншікті капитал баланстың 23,2%-ін құраған, 2007жылы 8,4%-ін құрады.
Кесте 5. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы бөлінбеген пайда шоты бойынша жүргізілетін операциялар.
№
|
Операциялар
Мазмұны
|
Дебитте -
летін шот
|
Кредитте-
летін шот
|
1
|
Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капиталға бөлінген сома
|
5510
|
5410
|
2
|
Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капиталға бөлінген сома
|
5510
|
5410
|
3
|
Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы
|
5410
|
5510,5520
|
4
|
Есепті кезеңнің соңында кәсіпорынның бөлінбеген табысына жатқызылатын таза табыс сомасы
|
3310
|
5510
|
5
|
Есепті кезеңнің соңында анықталған кәсіпорынның шеккен зиян сомасы
|
5510
|
3310
|
6
|
Ағымдағы жылғы шеккен зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы
|
5410
|
5510
|
7
|
Негізгі құралдардың белгіленген әдісіне сәйкес есептелген амортизация сомасының қайта бағалауға байланысты бөлінбеген табысқа жатқызылғаны
|
5420
|
5510
|
8
|
Өткен жылғы акционерлерге дивидент төленгеннен қалған бөлінбеген табыс сомасы ағымдағы жылдың бөлінбеген табысына аударылды
|
5510
|
5520
|
9
|
Кәсіпорынның өткен (алдыңғы) жылдағы жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы
|
5410
|
5520
|
10
|
Кәсіпорынның есепті жылы шеккен зиянының сомасы алдағы кезеңде өтеуге қалдырылды
|
5520
|
5510
|
11
|
Кәсіпорынның ағымдағы жылда өнімдерді (тауарларды) сатудан, қызметтерді көрсетуден,негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, құнды қағаздарды сатудан және дивидент түрінде алған табыстарының сомасына
|
6010,6210
7510,7620
|
3310
|
12
|
Кәсіпорынның ағымдағы жылда көрсеткен қызметтерінің, сондай-ақ сатқан тауарларының, негізгі құралдарының, материалдық емес активтерінің, құнды қағаздарының өзіндік құнына
|
3310
|
6020,6030
7010,7110
7211,7310
7410,7430
7470
7710
|
Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, яғни кәсіп- орындардағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының бар- лығының да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қыз- мет атқарады:
- болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
- ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;
- қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйым- ды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.
Кәсіпорындардағы бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын не- гізгі кәсіби міндеті пайдаланушыларға дұрыс есептелген бухгалтерлік-ақпа- раттық мәліметтерді уақтылы, яғни дер кезінде беру болып табылады.
«Байсерке АГРО» ЖШС-ның арнайы бухгалтерия бөлмесі бар, ол жерде төрт адам қызмет істейді: бас бухгалтер, есеп айырысу бухгалтері, материал- дық бухгалтер және кассир.
Касссирдің міндеті – шаруашылық операцияларын, яғни кассаға келіп түскен немесе кеткен қолма-қол және қолма-қолсыз ақша-қаражаттарын есеп- теу, тіркеу, сонымен қатар бухгалтерлік құжаттарды, ақпараттық мәлімет- терді сақтау.
Материалдық бухгалтер - мекемеге келіп түскен және кеткен тауарлы-материалдық қорларды (шикізат,саймандар,жанар май) және цехтар арасында тасымалданған тауарлы-материалдық қорларды есептейді.
Есеп айырысу бухгалтерінің міндеті – жұмысшылардың еңбек ақы- ларын, уақытша еңбекке жарамсыз күндері үшін және еңбек демалысына шыққандағы ақыларын есептеу.
Бас бухгалтер – мекеменің шаруашылық операцияларының қозғалысын қадағалап, ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметтерін ішкі және сыртқы пайдаланушыларға дер кезінде жеткізіп беріп отыру бас бухгалтердің кәсіби міндеті болып табылады.
Ақша-қаражаттарының есебі. Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі-бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
-
ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
-
кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
-
есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу;
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген еңбек ақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құрал- дарына қажетті шығындарды төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама орнатылған және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орна- ластыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш басатын мөр касса қызметкерінде, ал кілттің екінші данасы ар- найы ыдысқа салынып кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысында сақтала- ды. Касса қызметкері әрбір жұмыс күнінің соңында кассаны жауып күзетшіге тапсыруы қажет. Кассадағы ақшаның түгелдігіне касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді.
Кәсіпорынның кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты және ақша төлеуші заңды немесе жеке аты-жөні, қандай мақсатта және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы,жылы) жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар және тағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөр таңба (штамп) басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіп- орындар мен ұйымдардың «рұқсат етемін» деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратые басқа да құжат- тарын көрсетуді талап етуі тиіс. Сонымен қатар касса қызметкері осы көр- сетілген құжаттарда жазылған деректерді, яғни ақша алушы адамдардың аты-жөнін, құжаттарының нөмерін және ол құжаттарды кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы тиіс. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Касса- лық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжат- тарды кәсіпорындар менұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды өзгертуге, олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады.
Кесте 6. «Байсерке АГРО» ЖШС-нің кассасында мынадай операциялар жүргізіледі:
№
|
Операциялар мазмүны
|
Дебет
|
Кредит
|
1
|
Тұтынушылармен есеп айырысқанда
|
1210
1010
|
6010
1210
|
2
|
Тұтынушылар алдын-ала есеп айырысқанда
|
1010
|
3510
|
3
|
Жұмысшыларға еңбекақы төленгенде
|
3350
|
1010
|
4
|
Ұйымның қызметкерлеріне қысқа мерзімді дебиторлық қарыз берілгенде
|
1250
|
1010
|
5
|
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз қайтарылғанда
|
1010
|
1250
|
6
|
Товарлы-материалдық қорларды жеткізу үшін аванс берілгенде
|
1610
|
1010
|
7
|
Ұйымның жұмысшыларына материалдық көмек берілгенде
|
7210
|
1010
|
8
|
Товарлы-материалдық қор сатып алынғанда
|
3310
|
1010
|
Достарыңызбен бөлісу: |