Дипломдық жұмысына рецензия студенттің «Айып қорытындысын түзу»


II ТАРАУ 2.1 Айыптау қорытындысына тіркеме. Тіркеме



бет3/3
Дата16.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#139556
түріДиплом
1   2   3

II ТАРАУ

2.1 Айыптау қорытындысына тіркеме. Тіркеме
ҚІЖК-нің 279-бабында айыптау қорытындысына тіркемелер анықталған, олардың ішіңде сот мәжілісіне айыптау және қорғау жағынан шақыруға жататындардың тізімі бірінші аталған. Бұл тізімге тергеушінің пікірі бойынша сотқа шақырылуы тиіс адамдардың фамилиялары кіреді. Сондықтан да тергеуші айыптау қорытындысында сілтеме жасаған адамдардың барлығы сотқа шақырылуы тиіс;

Осы тұста артық кететін екі жағдай жайында айтпауға болмайды. Біріншісі, тізімге іс бойынша сұралған адамдардың бәрін кіргізеді. Мұндай кателікті көбіне жас, тәжірибесі жоқ тергеушілер жібереді. Берген жауаптары сотталушылардың айыпты екендігін анықтауда едәуір маңызды болып саналатын адамдарды ғана тізімге іріктеп жазуды олар үйренуі тиіс.

Ал бұл ережені дұрыс орындаған болса, екінші қателік туындайды. Тізімге көрсетулері айыпты растайтын адамдар ғана кіргізіледі. Мұндай қателікті тіптен тәжірибелі тергеушілер де кейде жіберіп қояды. Оның методологиялық негізі — тергеушіні айыптау жағына жатқызу. Бұл тұрғыдан алғанда, тізімге көрсетулері айыпталушының кінәсін жеңілдететін куәлерді кіргізу жазаңың әділдігі туралы заң талабын орындау ғана емес, адамгершіліктщ тергеуші тарапынан көрініс тапқаны болар еді.

Айыпталушылардың, куәлердің және жәбірленушілердің фамилияларының бұл тізімде қалай орналасқандығында да мән бар. Олардың орналасу реттілігі жәй техникалық, формальды мәселе емес, онда елеулі маңыз бар. Ол соттың қылмыстық істің мән-жайын тезірек, дәл ұғынуына көмектеседі. Әдетте (көп жағдайларда), сот мәжілісінде, әсіресе, күрделі істерде, азаматтар айыптау қорытындысында тіркелген реті бойынша шақырылады. Сондықтан да тергеуші оны жасағаңда процесте болатып жағдайды, қандай ретпен өтетіндігін елестете алуы керек, ондағы әрбір жауап алудың маңыздылығып салмақтап және қылмыстық іс жүргізудегі мақсатты пайымдап (ҚІЖК-нің 8-бабы) тізімде фамилияларды орын-орындарына қоюы тиіс.

Барлық жағдайларда да жарамды амалды табу мүмкін емес. Кейде сот талқылауына қатысушылар жасалған қылмыс жайында бірден дұрыс түсінік алуы үшін, қылмыстың мәнісін толығырақ ашқан, өз кінәсін мойындаған адамды тізімге бірінші жазады. Кейбір жағдайларда кінәсін мойындамаған адамды бірінші қояды, ондағы мақсат - келесі, өзінің қылмыс жасағанын мойындайтын айыпталушылардың алдыңғының түсініктемелерінің жалғандығын көрсету.

Жәбірленушілер мен куәлерді айыптау қорытындысындағы баяндалу ретіне қарай сол ретпен эпизодтар бойынша орналастырған жөн. Бірнеше эпизодтар туралы жауап беретін куелерді бірінші атаған жөн. Сарапшылар соңынан көрсетіледі. Одан кейін азаматтық талапкерлер тұрады.

Айыптау жене қорғау жағынан сот мәжілісіне шақыруға жататын адамдардың тізімінде ол адамдардың тұрған жері мен (немесе) жүрген жері, істің олар жөнінде мәліметтер бар парақтары көрсетіледі.

Айыптау қорытындысы сонымен қатар, кажетті анықтамалық материалдармен қамтамасыз етілуі керек.

Тергеудің мерзімдері туралы анықтамада әдетте, қылмыс жасалған, қылмыстық іс қозғалған, айыптау қорытындысын жасаған тергеушінің істі жүргізуге қабылдап алған, айып тағылган және алдын ала тергеудің аяқталған күндері көрсетіледі.

Таңдалған бұлтартпау шаралары туралы анықтамада әрбір айыпталушыға қатысты қандай бұлтартпау шарасы қай кезден бастап қолданылғаны туралы мәліметтер болады. Айыпталушы қамауда отырған жағдайда, анықтамада қамауға алуға санкция берілген күн ғана емес, кай күннен бастап қамауда отырғаны да көрсетіледі, себебі жаза мерзімін есептеу ұсталған күннен басталады. Тергеу кезіңде бұлтартпау шарасы өзгерген болса, анықтамада ол да көрініс табуы тиіс.

Егер заттай дәлелдемелер қылмыстық іспен бірге болмаса, заттай дәлелдемелер туралы анықтама жасалады. Бұл анықтамада ол дәлелдемелер тұрған ұйымдар немесе азаматтар көрсетіледі. Мұнда дәлелдемелердің сақтаулы орнын көрсететін істегі беттерге (хаттамаларға) міндетті түрде сілтеме жасалады. Ордендер мен медальдардың сақтаулы тұрған орнын өзінше бөлек көрсету керек.

Азаматтық талап туралы анықтамада осы іс бойынша азаматтың талапкер болып табылатын азаматтар мен ұйымдар талашың сомасы, сондай-ақ істің азаматтық талапкер деп тану туралы қаулысы бар парағы көрсетіледі. Осында азаматтық талапты қамтамасыз ету үшін ақша және құндылықтар алынғаны, мүлікке тыйым салынған, т.б. көрсетіледі. Бұл мәліметтерді келтіре отырып іс парақгарына сілтеме жасау қажет.

Іс жүргізудің шығындары туралы анықтама жасағанда қылмыстық істі тергеудің мемлекетке қымбатқа түсетінін естен шығармау керек. Қылмыстық іс жүргізу заңында ондай шығындар жайында арнайы нормалар көзделген (ҚІЖК-нің 175, 176-баптары). Мысалы, алдын ала тергеуде іс жүргізу шығындары мынадай сомалардан: жәбірленушілерге, куәлерге, олардың заңды өкілдеріне, сарапшыларға, мамандарға, тілмаштарға, куәгерлерге төленген; заттай айғақтарды сақтауға және жәнелтуге, сараптама мекемелерінде сараптама жүргізуге жұмсалған және нақты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге жұмсалған және қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген басқа да шығындардан тұрады. Бұл анықтамада барлық шығындар жайында істе бар материалдарға (атап айтқанда, қаржы органдарының хабарларына) сілтеме жасалуы тиіс.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша жасалынуы міндетті осы аталған анықтамалардан басқа тағы да бөлек шығарылған және біріктірілген істер, қысқартылған іс жүргізулер, өзіне қатысты қылмыстық ізге түсу тоқтатылған адамдар, көлемі жағынан үлкен істердің материалдарының орналасуы туралы мәліметтерді айыптау қорытындысына тіркелетін анықтамада көрсету практикада бар. Мұндай жаңа анықтамалардың пайда болуы заңды құбылыс. Ол алдын ала тергеудің сапасына қойылатын жоғары талапты да, тергеушінің өз ісіне жауапкершілігінің артқандығын да көрсетіледі. Оның қайсысы болса да істі ресімдеудегі мәдениеттің өскендігінің, процеске қатысушылардың тергеу материалдарын пайдаланып әділ де, дәлелді үкім шығаруына тергеушінің көмектесу ниетін біддіреді.

Айыптау қорытындысының мазмұны да, оның формасы - баяндалу стилі де, тілі де осындай ниетті білдіріп тұруы керек.

Қорытынды
Айып тағылғаннан кейін тергеу жалғаса береді, ал бұл кезде жинақталған дәлелдемелер айыптауды өзгерту немесе қылмыстық ізге түсуді ішінара тоқтату қажет екендігіне әкеп соғуы мүмкін (ҚІЖК-нің 210-бабы).

Айыптауды өзгертуде әр түрлі сипат болуы мүмкін: тағылған айыптың мазмұнын құрайтын нақты мән-жайларға, оны заң тұрғысынан бағалауға қатысты болуы, айыпталушының әрекеттерін саралауға ықпал етуі мүмкін. Алдын ала тергеу кезіңде айыптауды өзгерту қылмыстық жауапкершілікті жеңілдету бағытында да және ауырлық немесе нақты мән-жайлары едәуір басқаша қылмысты жасағандық үшін айып тағуды қолдану бағытында да болуы мүмкін.

ҚІЖК-нің 210-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер алдын ала тергеу жүргізу кезіңде тағылған айыпты өзгерту үшін немесе оны толықтыру үшін кажетті негіздемелер пайда болса тергеуші ҚІЖК-нің 206-бабына сәйкес, адамды айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы шығаруға және оны ҚІЖК-нің 208-209 баптарындағы тәртібінде айыпталушыға үсынуға міндетті.

Егер алдын ала тергеу барысында тағылған айыптың кейбір түстары расталмаса, тергеуші өзі қаулысымен, қылмыстьщ ізге түсудің тиісті бөлігін тоқтатады, ол жайында айыпталушыға, оның қорғаушысына, сондай-ақ прокурорға хабарлайды (ҚГЖК-нің 210-бабының 2-бөлігі).

Қылмыстық — іс жүргізу заңында "айыптаудың бір бөлігі" деген ұғымға анықтама берілмеген. Осыған байланысты ҚІЖК-нің 210-бабы 2-бөлігінің талаптарын іске асырғанда мынадай сұрақ туындайды: айыптаудың кез келген бөлігі, оның ішінде таралуымен байланысты бөлігі расталмағанда, қылмыстың саралануын өзгертпей-ақ қылмыстық ізге түсуді тоқтату туралы қаулы шығару керек пе? Заңда сонымен қатар, қылмыстық ізге түсудің қандай да бір бөлігінің қандай жағдайда тоқтатылғандығы расталмаса оның жаңа қаулыны ұсынуға әкелетіндігі көрсетілмеген. Заң әдебиетінде бұған қатысты әр түрлі ұсыныстар берілген. Бұл мәселені практикада шешудің де бірізділігі жоқ.

Айыптауға тиісті өзгертулер енгізу тәртібін анықтауға жекелеп қараудың негіздерін қылмыстық іс жүргізу заңының өзінен табуға болады, онда бұл мәселеге әр түрлі түсініктеме берілген (мысалы, ҚІЖК-нің 210-бабының 2-бөлігінде, 301-бабы).

Бұл нормаларды салыстырып талдау, "айыптауды өзгерту" ұғымына қатысты заң шығаруларда келісілмеген. Егер ҚІЖК-нің 210-бабының 2-бөлігі қылмыстық ізге түсуді оның расталмаған бөлігіне қатысты тоқтатуды міндеттесе, ҚІЖК-нің 301-бабына сәйкес айыптауды прокурордың өзгерткенін сот алдын ала тындау хаттамасында көрсетеді.

Айыптауды өзгерту жағдайын қылмыстық ізге түсуді, оның белгілі бір бөлігі бойынша тоқтатудан ажырату үшін, расталмаған айыптаудың дербестігі сияқты критерийді қабылдауға болады. Егер басқа жағдайларда бұл айыптауға қатысты дербес іс жүргізуге әбден болатын болса, қылмыстық ізге түсу тоқтатылады. Бір айыптаудың қандай да бір бөлігі ғана түсіп қалған жағдайда қылмыстық ізге түсуді тоқтату барлық уақытта бірдей қылмыстық істің қысқаруына әкеп соқпайды. Қылмыстық ізге түсу толық тоқталғанда қылмыстық ізге түсуді тоқтату және қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы бір уақытта шығарылады (ҚІЖК-нің 37-бабының 7-бөлігі).

Сонымен, егер айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулыда бір емес, бірнеше дербес айыптаулар (мысалы, ұрлық және тонау) болса және олардың біреуі расталмаса, біздің ойымызша, қылмыстық ізге түсуді айыптаудың осы бөлігі бойынша тоқтату туралы қаулы шығару керек. Егер түгелдей айыптау емес, оның бір бөлігі (мысалы, қылмыстық әрекеттің кейбір эпизодтарына қатысқандығы расталмаса) түсіп қалса, айыптау формуласына тиісті өзгерту енгізу қажет.

Қылмыстың істі қысқарту туралы қаулы шығару арқылы айыптауды жоққа шығара отырып, тергеуші қылмыстық іс жүргізу заңының тиісті нұсқауларын басшылыққа алуы тиіс және қабылдаған шешімін дәлелді ету үшін солардың біреуіне сілтеме жасайды (ҚІЖК-нің 37-бабы).

Бұрын тағылған айыпқа өзгерту енгізуді алатын болсақ, қылмыстық ізге түсуді тоқтатумен қатар, бұл мәселені айыпталушының заңды мүддесі арқылы шешу керек. Егер бұрын тағылған айыптардың біреуін алып тастау саралауды өзгертуге әкеп соқпаса не қаулының қорытынды бөлімінен оған қате кіргізілген қылмыстық заң нормаларын алып тастау ғана болса, онда қылмыстық ізге түсуді тоқтату туралы қаулымен айыпталушының танысқаны жеткілікті. Бұл ретте егер айыпталушы немесе тергеуші қажет деп санаса, тағылған айыптағы өзгертуге байланысты айыпталушыдан жауап алынуы мүмкін. Барлық қалған жағдайларда бұрын тағылған айыпқа өзгеріс енгізіп, оны ҚІЖК-нің 210-бабына сәйкес қайта ұсыну керек.

Осыған байланысты бірқатар мәселелер туындайды. Біріншіден, жаңа айып деген не? Ол бұрынғы тағылған айыпты қамти ма, әлде онда кейінгі толыктырулар мен өзгертулер ғана көрініс таба ма? Екіншіден, өзгертілген және толықтырылған айыптау арасындағы айырмашылық неде? Үшіншіден, тергеуші айыптауды өзгерткен және толықтырған барлық жағдайда айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулы, одан туыңдайтын барлық салдарларымен қайта шығарыла ма?

Бұл мәселелердің дұрыс шешім табуының маңызы зор, себебі айыптаудың алдын ала тергеу кезіңде өзгеруі жиі кездеседі.

Практикаға қарайтып болсақ, айыпты өзгерту мен толықтырудың өзара тығыз байланысты екенін көреміз. Бірақ егер айыпты толықтыру оның мазмұнын өзгертетін болса, нақты мән-жайларды немесе оған заңдық баға беруді баяндауда жіберілген қателіктер мен дәл еместіктерді түзетуге қатысты өзгерту, айыпты толықтырумен байланысты болмауы мүмкін. Бұл жағдайда тағылған айыптың нақты мән-жайы сақталады, бірақ қылмыстық заң нормаларыпың біреуін немесе бірнешеуін алып тастауға, оларды қосуға немесе біреуін өзгертуге байланысты олардың заңдық саралануы өзгереді. Жаңа мән-жайлардың айқындалуы жаңа қылмыс үшін айыптауға, бір қылмыстағы айыпты екінші қылмыстағы айыппен алмастыруға әкеп соғуы мүмкін. Немесе бұрынғы айыптау айыпталушының жаңа әрекеттеріне қосылып, бұрын тағылған фактілермен жиынтықта, саралаушы белгі ретінде біртұтас қылмыс құрауы немесе бірнеше рет қайталанғандықты беруі мүмкін. Бұрын тағылған айыпқа, сонымен қатар, таңылып отырған қылмыстың өзгертусіз қалатын құрамының негізгі элементтерін сипаттайтын нақты белгілеріне жататып мән-жайларға қатысты түзетулер енгізілуі мүмкін. Айыптауға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер бұрып тағылған айыптағы саралауға әсер етуі мүмкін, не ол сол қалпында қалады. Саралау өзгергенде айыптау ауырырақ жағына да, жеңілірек жағына да өзгеруі мүмкін.

Айыпты өзгертудің және толықтырудың жоғарыңа аталған қай жағдайында тергеуші айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы шығаруға міндетті.

Біздің ойымызша, бұл мәселені шешкенде тағылған айыптың барлық мүмкін болатын өзгертулері мен толықтыруларын екі негізгі топқа бөлу керек:

—саралаудың өзгеруіне әкеп соғатыңдар;

—оның тек нақты фабуласына жататындар.

Тағылған айыпқа бірінші топқа жататын өзгертулер мен толықтырулар енгізгенде, ауырлау немесе жеңілдеу заңның қолданылатындығына қарамастан, барлық жағдайларда айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы шығару керек. Бұл жағдайлардың кез келгенінде айыпталушы сол кезеңге қарай өзіне берілген құқықты жүзеге асыруға мүмкіндік алуы керек, ол үшін енгізілген өзгертулердің нәтижесінде тағылған жаңа айып, оның жағдайын нашарлататын болса да немесе жеңілірек қылмыс туралы заңның қолданылуы қарастырылған немесе айып жеңілдетілген болса да, айыпталушы оларды білуге тиіс. Жаңа саралау жеңілдеу қылмысты көздеген жағдайда да айыпталушыны қорғану құқығынан айыруға болмайды. Мысалы, айыпталушы денсаулыққа зақым келтіргенін мүлде жоққа шығарады, ал оның әрекетін саралауды ҚК-нің 103-бабынан (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) ҚК-нің 104-бабына (денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру) өзгерту, айыпталушы енді қарсылық білдірмейді, ңайта айып тағудың қажеті жоқ деген түсінік бермеуі тиіс.

Екінші топты, яғни тағылған айыпты саралауға әсер етпейтін, тек оның нақты жағына ғана жататын өзгертулер мен толықтыруларды алатын болсақ, онда жаңа қаулы шығару мәселесі өзгертулер мен толықтырулардың қаншалықты маңызды екендігіне қарай шешіледі. Бұл жерде, біздің пікірімізше ҚІЖК-нің 301-бабында белгіленген өлшемді алдын ала тергеуге де әбден колдануға болады. Алдын ала тындауда айыпты өзгерту сияқты, тергеушінің айыпты өзгертуі немесе толықтыруы да, айыпталушының нақты жағдайын нашарлатуға да, оның қорғану құқығын бүзуға да тиіс емес. Сонымен, егер өзгертулер мен тольщтырулар бұл құқықтарды іске асыру үшін маңызды болса, айыпты қайта тағу керек.

Кейде маңыздылар қатарына тек таңылған іс-әрекет құрамына ықпал ететін өзгертулер ғана жатқызылады. Мұндай түсіндірмемен келісуге болмайды. Айыпталу-шыға таңылған қылмыс құрамының негізгі белгілері мен бұрын тағылған айыптың негізгі мазмұны сақталғанда, өзгертулер айыпталушыға қорғану кезіңде керек болады, сондықтан ол білуге тиісті мән-жайларға қатысты болады. Мысалы, ұрланғанның мөлшерін айқындау немесе ұрлаудың жаңа эпизодтарын кіргізу (немесе біреуін екіншісімен алмастыру) заңдық баяндауды өзгертпейді бірақ айыпталушының тағылған айыптан қорғану құқығы тұрғысынан алғанда маңызды, себебі оның жауапкершілік дәрежесін күшейтуі мүмкін.

Айыпталушының жағдайының нашарлап кету мүмкіндігі айыпты толықтырудың немесе өзгертудің маңыздылығын анықтайтын бірден-бір белгі емес. Кейбір жағдайларда мұндай мүмкіндік оған қауіп төндірмейді, бірақ айыптаудың фабуласын өзгерту айыпталушы міндетті түрде білуге тиіс мән-жайларды да қамтиды. Олардың қатарына бірінші кезекте, қылмыс жасалған жер мен уақыт жатады, олар көп жағдайларда қылмыс құрамын саралаушы белгілер болып табылмайды. Бірақ айыпталушыға оған Шымкентте немесе Семейде іс-әрекет жасағаны үшін айып тағылғанының бөрі бір емес. Жасалған қылмыстың орны мен уақыты алиби ұсыну мүмкіндігімен тіке байланысты, ал қылмысты жасау тәсілі туралы мәліметтерді анықтау, бұл адамның қылмыс жасағанына күдік тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда тергеуші кайта айып тағуға міндетті. Сонымен айыптаудың баяндалуы оған, айыпталушының қорғану құқығын жүзеге асыруы тұрғысынан маңызды мән-жайларды кіргізуге байланысты өзгертілген немесе толықтырылған барлық жағдайларда, олардың заңдық бағалауға және іс-әрекетті саралауға ықпал ететін-етпейтіндігіне қарамастан, тергеуші айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы қаулыға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуі және ҚІЖК-нің 209-бабының талаптарын орыңдауы тиіс.

Осы баяндалғандарға қатысты алсақ, ісін прокурор қосымша тергеу жүргізу үшін тергеушіге қайтарған адамдарға жаңа айып тағу мәселесі де шешімін табуы керек. Егер қосымша тергеу жүргізудің нәтижесінде іс-әрекеттің саралануы өзгерсе не айыпталушыңан жауап алынып, айыптың баяндалуына маңызды өзгерту енгізілсе, айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы шығарылуы тиіс. Басқа жағдайларға ондай қажеттілік туындамайды. Айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы, өр уақытта, бұрынғы тағылған айыптың орнына шығу керек пе, әлде кейбір жағдайларда, онымен бірге шығуы керек пе деген сұраққа заңда тікелей нүсқау жоқ. Айыпты толықтыру өзінше бөлек қылмыс үшін айып тағумен немесе айыпқа жаңа дербес эпизодтарды кіргізумен байланысты болады. Былай қарағанда, бұрын тағылған айыппен қоса айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы шығарумен шектелуге болатын сияқты. Бірақ мұңдай тәртіпке жол беруге болмайды. Жаңа қаулыда барлық айыптаулар, оның ішінде жаңа эпизодтар мен мән-жайлар ғана емес, қылмыстық заңның өзгеріске ұшырамаған нормалары бойынша бұрын тағылған айыптар баяндалуға тиіс. Мұны мына жағдаймен түсіндіруге болады: бір істе бір адамды айыптаушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы бірнеше қаулының болуы оның өзін не үшін айыптайтындығын білу құқығын жүзеге асыруына жағдай тудырмайды, тағылған айыптан қорғануын қиындатады, тергеу бөлімі бастығының, айыптау қорытындысын бекіткен прокурордың және соттың бағдарын бұзады. Сондықтан да жаңа қаулыда айыпталушыға тағылған фактілер түгел қамтылуға тиіс, ол ҚІЖК-нің 206 және 209-баптарыпың талаптарына қатаң сәйкестікпен шығарылуы және үсынылуы керек. Бұл ретте бұрын тағылған айыпты өзгерткеңдіктен немесе толықтырғандықтан шығарылған жаңа қаулыға, оны шығаруға негіз болған өзгертулерге сілтеме жасалынуы тиіс. Мұндай дәлелдеме айыпталушыға, оның қорғаушысына, тергеу бөлімінің бастығына, прокурорға және сотқа жаңа айып тағудың себептерін түсіндіреді, олардың дәлелділігін талдауды жеңілдетеді.

Егер айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту туралы жаңа қаулы бұрынғы тағылған айып толықтай алынып, бұл бөлікке қатысты қылмыстық ізге түсу тоқталған жағдайда шығарылса, онда бұрынғы қаулының өзгертілгені көрсетілмейді, (мысалы, айыпталушының ұрлықка қатысқандығы расталмады, бірақ тінтіген кезде атылатын кару табылады, сол себеші оған қаруды заңсыз сақтағаны үшін айып тағылады).

Айыптауды өзгертудің және толықтырудың қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртібінен басқа, заң әдебиетінде алғашқы айыптан кейбір фактілерді (эпизодтарды, әрекеттерді) немесе қате қолданылған нормаларды (оның бөліктерін, тармақтарын) алып тастаған жағдайда, сондай-ақ іс-әрекеттің саралануын (сол нақты белгілерде немесе белгілі бір фактілерді алып тастағандықтан) санкциясы жеңілдеу заңға өзгерткенде, олардың "қарапайым" процедурасы ұсынылады. Кейбір ғалымдар мұндай жағдайда айыптауды өзгерту туралы заңда көзделмеген арнайы қаулыны шығарумен, кейін оның көшірмесін айыпталушыға тапсырумен шектелуді ұсынады.

Бірақ мұндай ұсыныста, біздің ойымызша қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген тәртіппен салыстырғанда артықшылық жоқ. Айыпталушыны өзі не үшін айыпталатындығын білу ғана емес, өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме беру құқығынан айыратын (ҚІЖК-нің 69-бабы) бұл тәртіп, тергеуші алдында туындайтын міндеттерді де еш жеңілдетпейді, себебі ол арнайы дәлелд қаулы шығаруға; оны айыпталушыға үсынуға және бәлкім, түсініктеме бергісі келсе, одан жауап алуға тиіс.

Бұрын тағылған айыпты өзгерту тәртібін жеңілдету, көзделген заңнан шегіну, біздің ойымызша, заңдылықты нығайту талаптарына жауап бермейді және айыпталушы ретінде жауапқа тартудың дәлелділігін арттырмайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Брайнин Я.М.Уголовный закон и его применение. —М., 1967. -С.165

2. Зуйков Г.Г. Использование данных о способе совершения преступлений для раскрытия убийств. Вопросы борьбы с убийствами.М., 1969. - С. 79-80.

3. Карнеева Л.М. Тактические приемы допроса обвиняемых. Груды ВШМВД СССР. - N32. - М., 1971. - С. 171-180.

4. Ратинов А.Р. Психологические основы расследования преступлений: диссертация на соискания ученой степени доктора юридических наук. Т. 2. — М., 1969. — С. 566). 22

5. Ларин А.М. Работы следователя с доказательствами. - М., 1966.-С.10-11.

6. Бюллетень Верховного Суда РСФСР. - 1967. - №2. - С.8-9.



7. Фаткулмен Ф. Изменение обвинения. М., 1971. - С.66-67.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет