Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары



бет1/2
Дата03.09.2023
өлшемі27.55 Kb.
#476432
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2
А паратты -коммуникативтік технологияларды олдану РУП


ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ








Бекітемін
Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары
______________ М.Б. Бижігітов
20_____ж. "____" ___________



ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану
Мамандық : 01140500 -Дене тәрбиесі және спорт
Біліктілік: 4S01140501 – Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Оқыту нысаны күндізгі


Негізгі орта білім базасында
Жалпы сағат саны 72

Әзірлеуші ___________ Бухамбаева Мақпал Ахтайқызы


___________ Сырымбетова Жанна Калиевна
№3 «Информатика» кафедра отырысында қаралды
27.08.2021 жыл № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________ Бюлюкеева Гулим Маратовна
Жоспар оқу-әдістемелік кеңес отырысында қарастырылып, мақұлданды
31.08.2021 жыл № 1 хаттама

Түсіндірме жазба





Пән/модуль сипаттамасы:

Жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» және 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленген.
" Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану " пәнін оқу мақсаты білім алушылардың оқуы мен жұмысында компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларын қамтамасыз ету болып табылады. Білім алушыларға пайдалану үшін ең жақсы қосымшаларды анықтау барысында саналы түрде таңдау жасау мүмкіндігі берілу керек. Бағдарламаның басқа мақсаты білім алушыларға ақпараттық технологияларды пайдалану саласында терең білім беруді және бағдарламалық құралдар ғылыми, коммерциялық, инженерлік және мәдени дамуды қолдау үшін пайдаланылатынын түсіндіруді қамтамасыз ету болып табылады.

Қалыптастырылатын құзіреттілік:

Негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;
2) білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;
3) талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
4) білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;
5) білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;
6) білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;
7) есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;
8) қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;
9) тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;
10) әр түрлі білім саласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;
11) ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;
12) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану пәнінің жұмыс бағдарламасының жалпы сағат көлемі - 72 сағатты құрайды.





Пререквизиттер:

математика, физика, информатика


Постреквизиттер:

Компьютерлерді, шеткері және коммуникациялық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету



Оқытуға қажетті құралдар, жабдықтар:

Оқу кабинеті мен кабинеттің жұмыс орындарының жабдықтары: оқытушының жұмыс орны, оқушы жиһазының жиынтығы, плакаттар, стендтер, оқу және анықтамалық әдебиеттер, нормативтік – техникалық құжаттама; Оқытудың техникалық құралдары: дербес компьютерлер, бағдарламалық қамтамасыз ету, аудио-бейне жазбалар, бейнефильмдер, мультимедиялық жабдықтар. Жұмыс орындарын жабдықтау және технологиялық жабдықтау: дербес компьютерлер, шеткері құрылғылар, бағдарламалық қамтамасыз ету, мультимедиялық жабдықтар.



Оқытушының байланыс ақпараты:

Бухамбаева Мақпал Ахтайқызы

тел.: 87073839592

е-mail: cool.makpal@mail.ru





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет