Дизартрия ауруының жалпы сипаттамасы, түрлері. Дизартрия- сөйлеу аппаратының иннервациясының жеткіліксіздігінің салдарынан сөйлеу тілінің дыбыс айтуының бұзылуы. Дизартрияда негізгі кемістік дыбыс айту мен сөйлеу тілінің просодикалық жағының орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуына байланысты бұзылуы болып табылады.Дизартрия гректің artron - мүшелеу, бөлшек, dis - бұзылу сөздерінен шыққан. Дизартрияның негізгі белгілеріне (симптомдарына) дыбыс айтуы мен дауысының, артикуляциялық моторикасының, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының бұзылуы жатады. Дизартрияда дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады дизартрияның келесі түрлерін қосады: сопақша ми дизартриясы (бульбарлы), жалған сопақша ми дизартриясы (псевдобульбарлы), мишық, ми қыртысы дизартриясы, ми қыртысы асты немесе экстрапирадалды дизартриясы.
Достарыңызбен бөлісу: |