Сабақ түрі: жаңа сабақ Көрнекіліктер: айна, артикуляциялық жаттығулардың суреті, гүлдер



Дата22.05.2023
өлшемі17.56 Kb.
#474089
түріСабақ
«С» дыбысын сөйлемде машықтандыру


Күні:17.03.2023ж
Тақырыбы :«С» дыбысын сөйлемде машықтандыру
Мақсаты:«С» дыбысын сөйлемде анық айтуға дағдыландыру
Міндеті:
А) Түзету- білімділік:«С» дыбысын сөйлемде анық айтуға үйрету
Ә) Түзету-дамытушылық: ойын тапсырмалары арқылы ойлау, қабылдау, зейінін дамыту,артикуляциялық жаттығуларды жасау арқылы дыбысты дұрыс айтуға үйрету.
Б) Түзету-тәрбиелік: тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: айна, артикуляциялық жаттығулардың суреті, гүлдер

Іс-әрекет кезеңі

Логопедтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсің бе?
Көңіл-күйің қалай?
Жылдың қай мезгілі?

Сәлеметсізбе!
Жақсы.
Оқушының жауаптары.

Негізгі бөлім:

Жұмбақ жасыру арқылы қай дыбыспен жұмыс жасауды жалғастыратынымызды есіне түсіру
.Сыртылдайды күнімен,
Сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен. (Сағат)


Мұрны пұшық,
Көзі қысық,
Өзі пысық
Бұл не? Мысық
1. «С» дыбысына арналған артикуляциялық жаттығуларды жасаймыз. Айнаға қарап жаттығуымызды еске түсірейік. Менің соңымнан қайтала, бәріміз бірге орындайық! Артикуляциялық жаттығуларды орындау:

  • «Жымию»

  • «Түтікше»

  • «Кесе»

  • «Тіс тазалау»

  • «Футбол»

  • «Бұзық тілді жазалау»

  • 2.Ерінге арналған жаттығулар:

  • 1. Ұртын үрлеу.

  • 2. Ернін созу "у", "о"

  • 3. Жымияды " и"

  • 4. Қасын көтеру "Ой" (таң қалу)

  • 5. Көзін қатты жұму

  • 6. Дем алу және тыныс шығару: са – со – су - сы.




  • 3. «С» дыбысын сөйлемде айтқызу.


  • Сара сабақтан келді.

  • Самал сан шаруа тындырды.

  • Сайра самаурынға салатын сексеуілді сындырды.

  • Самал сазан балық қуырды,

  • Сара сары сиырды сауды.


Жаттығуларды айнаға қарап логопед соңынан қайталайды
Логопед соңынан дұрыс қайталау.

Сергіту сәті:

Бойды бүкпей тік ұста
Жай сол қолды сол жаққа,
Жай оң қолды оң жаққа,
Осылай бір байқа да,
Он шақты рет қайтала.

Қайталап ,орындайды

Түзету ойыны: «Кім тапқыр?»

«С» дыбысы бар аңдар: қасқыр, арыстан, жолбарыс
«С» дыбысы бар кісі аттары: Сымбат, Самат, Асылай, Қасым

Тапсырманы орындайды.

Рефлексия:

Өздеріне ұнаған гүл арқылы көңіл-күйіңді білдір.

Ұнаған гүлін таңдайды

Қорытынды:

Бүгін қай дыбысқа арналған сөйлемдер айттық?
Осы дыбысты айтқан кезде тіліміздің қалпы қалай тұрады?
Сабақ аяқталды!
Сау бол!

Оқушының жауаптары.

Сау болыңыз!





Конец формы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет