Логопедиялық тексерудің принциптері. Логопедиялық тексерудің мақсаты. Логопедиялық тексеру мынадай бағытта жүргізіледі:1. Тұтығудың себептері мен түрін анықтау (түрі, дәрежесі, ілеспелі қимыл-қозғалыстың болуы, болмауы, логофобия, тұтығудың барысы).2. Баланың сөйлеу жылдамдығын анықтау (баяулығы, шапшаңдығы, секіріс түріндегісі).3. Ата-анасымен әңгіме барысында баланың сол қолымен істеуімен тиым салғаны, оның қолымен істеуге үйретуі туралы мағлұмат алуыға болады.4. Көңіл бөлудің бұзылуын тексеру5. Баланың сөйлеу тілі мен жалпы дамуының тарихын білу: оның алғашқы сөзі қашан пайда болды, қай уақытта сөйлей бастады, одан әрі дамуы қалай болды т.б.6. Баланың айналасындағы сөйлеу ортасын білу: жақындарының ішінде сөйлеу кемістігі бар адамдар бар ма, жанұясын да екі тілде сөйлейтіндер бар ма, айналасындағылардың сөйлеу жылдамдығы қандай, тұтығатын үлкен немесе балалармен (байланыс) қарым-қатынаста болды ма т.б. анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |