Паркинсон ауруы жайлы түсінік Эпидемиологиясы



бет1/4
Дата09.04.2022
өлшемі37.68 Kb.
#456636
  1   2   3   4
№38 Тасқұл А.Ж



Тақырыбы: Паркинсон ауруы
Жоспары

  • Паркинсон ауруы жайлы түсінік

  • Эпидемиологиясы

  • Этиологиясы

  • Патогенезі

  • Клиникалық көрінісі

  • Паркинсон ауруының диагнозы

  • Дифференциалды диагноз

  • Емі

  • Паркинсон ауруы туралы болжам

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Паркинсон ауруы -қимыл қозғалыстың баяулауымен, бұлшықет ригидтілігімен және тыныштықтағы тремор (діріл) көрінедін жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларының бірі.
Эпидемиологиясы:
Ауру жер шарындағы 100000 адамның 60-140 жиілілігімен кездеседі. Жас үлкейген сайын оның жиілігі де арта түседі. Статистикаға сүйенсек паркинсонизммен 60 жасқа дейінгі адамдардың 1% ауырады. Ер адамдар әйелдерге қарағанда жиірек ауырады.
Паркинон ауруының негізінде мидағы қара субстанция (черная субстанция) нейрондарының азаюы және ондағы Леви денешігінің құрылуымен байқалады
Этиологиясы:

  • Тұқым қуалаушылық, аутосомды доминантты түрде кездеседі.

  • Жүйке жүйесінің жедел және созылмалы инфекциясынан кейін пайда болуы мүмкін (мысалы кенелік немесе басқа энцефалиттер)

  • Ми қанайналымының жедел және созылмалы бұзылыстары.

  • Жүйке жүйесінің травмасы немесе ісіктері (обыр).

  • Сонымен қатар паркинсонизм кейбір дәрілерді ұзақ тоқтатпай қабылдаудан пайда болуы мүмкін. Оған фенотиазинді топтағы дәрілер (аминазин, трифтазин), метилдофа, кейбір наркотикалық заттар жатады.

Патогенезі:
Негізгі патогенетикалық звено, экстрапиримидті жүйедегі дофамин алмасудың бұзылуы. Дофамин бұл қозғалыс актілеріне көмекші және медиаторлы функцияны атқарады, оның негізгі түзілетін орны қара субстанция (Substantia nigra). Қара субстанция қызметі бұзылған кезде, бас ми қыртысындағы экстрапирамидалық жүйенің және corpus striatum жіберген сигналдарды жұлынның алдыңғы мүйізіне жетпейді. Сонымен қатар, сол уақытта жұлын алдыңғы мүйізіне бозғылт дене (pallidum) және қара субстанцияның ингибирлеуші импульстері келіп тұрады. Нәтижесінде жұлындағы альфа және гамма мотонейрондар циркуляциясы белсеніп, альфа белсенділігі басым бола бастайды. Бұл экстрапирамидалық ригиттілікті тудырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет